Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын, қазақ тілінің аса көркем, өте бай екендігін түсіндіру. Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстауға баулу. Сахна мәдениетіне баулу.
Әдісі: әдеби монтаж, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: қанатты сөздер.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тілім- тірлігімнің тынысы.»
Тақырыбы: Тілім- тірлігімнің тынысы.
Мақсаты: Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын, қазақ тілінің аса көркем, өте бай екендігін түсіндіру. Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстауға баулу. Сахна мәдениетіне баулу.
Әдісі: әдеби монтаж, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: қанатты сөздер.
Түрі: сайыс.
Барысы:
І жүргізуші: Армысыздар, ардақты жиналған қауым! Тіл мерекесі құтты болсын!
ІІ жүргізуші: Тіл мерекесіне 2-3-4 сыныпоқушылары даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
І жүргізуші: Мемлекетіміз – тәуелсіздік, ана тіліміз – мемлекеттік мәртебе алып халқымызды үлкен қуанышқа бөледі.
ІІ жүргізуші: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін!
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
І жүргізуші: Қуан халқым! Күшіне енді Тіл Заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады.
Ер елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.
1 – оқушы: Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп тірілді елім.
Аралыммен, арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау – парызым бүгін менің.
2 – оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
ІІ жүргізуші: Осы тұста тіл туралы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың айтқан дана сөзіне құлақ түрейік.
3 – оқушы. Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен? Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол – білім. Ол шетел тіліне орап сөйлесе, тіпті жақсы. Бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін тұншықтырып тастаса, ол – кешірілмес күнә.
І жүргізуші: Иә, тіл қай елде, қай ұлтта болмасын қадірлі де құдіретті, қандай ұлттың болмасын, кісілік келбетін танытуда тілден артық күш бар ма? Тіл – уақыт деген өзеннің өткелі, ол бізді өткен бабаларымыздың мекеніне бастап әкеледі.
ІІ жүргізуші: Қай халықтың болмасын тілі - өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз.
7 – оқушы: «Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталмаса, кейін қиынға соғады. Айналаңдағы адамдарға , өзің өскен ортаның табиғаты мен халқының мәдениетіне, дәстүріне деген көзқарас та туған тіліңді білуден басталады». Ш. Айтматов
8 – оқушы: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі – жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына.» Ж. Аймауытов.
9 – оқушы: Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.» Б. Момышұлы.
10 – оқушы: Білімділіктің ең басты факторы – туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады. « Г. Гегель
11 – оқушы: «Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім сенсің. Сені мен мақтан етемін.» Р. Ғамзатов
12 - оқушы: Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде,
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен,
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
13 – оқушы: Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.
І жүргізуші: Қазақ тілінің әсемдігі, байлығы, мағынасының түпсіз тереңдігі шешендік сөздерден айқын көрініс табады.
ІІ жүргізуші: Олай болса, 3-4 сынып оқушыларының «Шешендік өнер» кезеңіне дайындаған көріністерін тамашалайық.
І жүргізуші: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, сөз мәйегі- мақал-мәтелдер. Біздің оқушыларымыз Тіл туралы мақал-мәтелдерді қаншалықты біледі екен?
ІІ жүргізуші: Келесі кезекті мақалшыларға берейік.
І жүргізуші: Енді біздің оқушыларымыздың мемлекеттік тілде алып жатқан білімдерінің куәсі болыңыздар.
ІІ жүргізуші: Бұл кезең «Кім көп біледі?» деп аталады.
І топ.
1. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды? (1991 ж 16 желтоқсан)
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
3. Шоқанның әжесі кім? (Айғаным)
4. Ұлттық тағамдарды атаңдар.
5. Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
6. ХХХ жазғы Лондон олимпиадасында біздің спортшылар неше алтын алды? (7 алтын)
ІІ топ.
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989 ж 22 қыркүйек)
2. Қазақ даласының жарық жұлдызы болған Шоқан Уәлиханов қай тілдерді меңгерген? (араб, парсы, орыс)
3. Алғашқы «Әліппе» оқулығын жасаған кім? (А. Байтұрсынұлы)
4. Ұлттық киімдерді атаңдар.
5. Қазақ даласында ең алғаш мектеп ашып, білім нұрын шашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
6. ХХХ жазғы Лондон олимпидасында Қазақстандық спортшылар жалпы саны неше медаль иеленді? (13)
І жүргізуші: Шыр етіп жерге түскеннен құлағымызға сіңірген Ана тілімізді қанша мәрте мақтасақ та, әуелетіп әнге қосып, дүбірлете жырласақ та артық болмас.
ІІ жүргізуші: Тіліміздің мәртебесін асқақтата жырлаған ақындар бізде де аз емес.
І жүргізуші: Ендеше, сол ақындардың өлеңдерімен мына отырған көпшілікті таныстырып өтейік.
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар! «Тілім – тірлігімнің тынысы» тақырыбына даярлаған мерекелік бағдарламамыз осымен аяқталды. Ден қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.