Сабақтың тақырыбы: Теңге Сабақтың мақсаты: Ақша бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; топта ондықтан аттап кестелік қосу және азайту білімін жалпылау және бекіту; Оқушылардың логикалық ойлауын, ауызша есептеу дағдыларын,танымдық,шығармашылық белсенділігін арттыру; Пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру, шапшандыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу Сабақтың типі: жаңа білімді дамыту Сабақтың түрі: аралас Пән аралық байланыс: сауат ашу, құрастыру Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, ой-қозғау, интерактивті тақтамен жұмыс, шығармашылық ізденіс, деңгейлік тапсырмалар. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта көмегімен түрлі тапсырмалар, сызбалар Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың психологиялық көңіл-күйін көтеру. Біз қандаймыз, қандаймыз. Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз. Ренжуді біз білмейміз. Қуанасың сен де, қуанамын мен де, Арайлап атқан күнге Үлкенгенде сіз, кішіге де сіз, Баршаңызға құрметпен бас иеміз Әже сандықшасының құлыптарын ашуға көмектесу. Әженің әр құлыбында тапсырмалар бар.Сол тапсырманы дұрыс орындасақ , құлыптың кілттері ашылып отырады. 1- тапсырма II.Өткенді пысықтау. Сұрақ –жауап -Теңге дегеніміз не? -Ұлттық валюта күнін ата? -Ақшада кімдер бейнеленген? -Абылай хан атамыз туралы не білесіңдер? -Ақшаның құны қалай артады, қалай кемиді? -Әр ұлт ақшасы қалай аталады? 2- тапсырма 3.Оқулықпен жұмыс Монеталардың суреті берілген. Оларды ата. Құрамын анықта.
Неше бірліктен тұрады? 1 2 5 10 20 Әр әмиянда неше монетадан? Әр әмиянда неше теңгеден? 3 3 2 4 3 8
4.Ойын «Жоғалған санды тап» 1....3.....5 4...6...8 7 ,8 ...10 2...4...6
5.Геометриялық пішіндерді ата. Құрастыру заттар.Үй , машина, шырша
Сергіту сәті Оңға , оңға түзу тұр. Солға, солға түзу тұр. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым, Жоғары ,төмен қарайық, Орнымызды табайық.
6. Сөз есеп шығару. Серіктің 5 теңгесі болды, анасы оған тағы 2 теңге берді. Серікте барлығы неше теңге болды? Ал, енді осы есепке кері есеп құрастырайық. Серікте барлығы 7 теңге болды. Ол 5 теңгесін анасына берді. Серікте неше теңге қалды? 7- 5 - 2
7.Сандарды тура және кері санау. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 0 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0 Мына сандардың көршісін тап . 5 3 8 9
8. Логикалық есептер шығару. Ауызша - Құста неше аяқ? 2 - Ботада аяқ нешеу? 4 - Бір қолда неше саусақ? 5 -Екі қолда барлығы неше саусақ? 10
9. ≥ - ≤ Сандарды салыстыру. 5 8 9 6 10 2 4 4
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | е | п | н | й | ш | қ | а | м | ү | д | ы |
Қорытындылау . Мақал құра. Балаларды мақтап жұлдызша таратып беру.
|