Просмотр содержимого документа
«Тарихи интеллектуалды? танымды? саба?»
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі
Тақырыбы: «Ерлік-елге мұра,тарихқа куә»
атты тарихи интеллектуалды сайыс
Өткізген:Жолмухамбетова Венера Жумашевна
Тарих пәнінің оқытушысы
1013000 Механоөңдеу, өлшеуіш-бақылау приборлары және машина жасау автоматикасы
І курс, МК-15 топ
2015/2016 оқу жылы
Күні: 08.04.2016ж. Тобы: МК-15 топ (Ікурс)
Сабақтың тақырыбы:«Ерлік-елге мұра,тарихқа куә» атты тарихи интеллектуалды сайыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік/Ғылым, білімге жетелейтін ХХІ ғасыр идеалы білімді жас ұрпақ қалыптастыру. Оқушылардың тарих сабағыннан алған білімдерін тиянақтап, тарихи танымдылығын арттыру. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік жолындағы қиыншылықтарымен, тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі қол жеткізген үлкен табыстармен таныстыру.
Дамытушылық/ Бабалардың ерлік рухын сезіндіру, азаматтық тәрбие беру арқылы тарихты оқып – үйренуге және ұлттық намыс қалыптастыру. Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік/ Оқушыларды Отанын, тілін, жерін сүюге, ұлттық салт-дәстүрмен ұлттық рухқа және патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақ түрі:Сайыс сабақ
Типі: «Ерлік-елге мұра,тарихқа куә» атты тарихи интеллектуалды сайыс.
Сабақтың әдісі:сұрақ – жауап, топпен және жеке жұмыс.
Сабақ көрнекілігі:Интерактивті тақта, слайдтар, шарлар, үлестірме қағаздар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география.
Күтілетін нәтиже:
а) Қазақ елінің тарихын терең білу;
ә) Тарихи тұлғаларды үлгі тұту;
б) Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу;
в) Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптастыру;
г) Алған білімдерін сараптай, талдай, отырып және болашақты бағдарлай алады;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп оларды үш топқа бөліп отырғызу.
Оқытушы: Армысыздар құрметті де қадірлі біздің қонақтар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Биылғы жыл еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекеттің яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл,Ұлы Отан соғысына 70жыл,Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20жыл, ҚР-ң Конституциясына 20жыл сияқты атаулы мерекелер өткізілуде.
Отан, туған жер, атамекен, елім, деген жүрек тебірентіп сезімді оятатын, қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы шежіресін білу-әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. «Ерлік елге мұра - тарихқа куә» тақырыбы аясында өтетін тарихи интеллектуалды танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер!
Ендеше, біз сайымызды бастамас бұрын елімізде өткен атаулы мерекелерге арнап «Астана» атты ән орындасақ деймін әділқазы алқасымен бәріміз бірге...(айтылады)
Бұл білім сайысына 18 оқушы (6-6дан) үш топқа бөлініп отырады. Жеребе тастау арқылы әр топқа атау беріледі. Ендеше әр топтан 1 оқушы шығып, топ атауын таңдасын. Таныстырып өтейін: «Хандар әулеті » , «Билер билігі», «Ұрпақтар бірлігі» топтары. Олар өздерінің осы уақытқа дейінгі алған білімдерін ортаға салмақшы.
«Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.
Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Олай болса,біз топ басшыларын тағайындап алайық!
І топ –«Хандар әулеті » Топ басшысы – Абай
ІІ топ- «Билер билігі» Топ басшысы – Жадыра
ІІІ топ -«Ұрпақтар бірлігі» Топ басшысы – Айгерім
Олай болса, сайысымыздың әділ бағасын беретін келген қонақтардан тағайындайық! (таныстырып өтті)
Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін: І)Таныстыру (Сәлемдесу топтармен таныстыру 5 ұпайдан қойылады) ІІ) Қанат қақты кезеңі. (Топ басшыларының сайысы.3 минут ішінде 10 сұраққа жауап береді)
ІІІ)«Тарихи көмбе» ( Тарихта кездесетін сөздердің мағынасын ашу. Әр жауапқа 5 ұпайдан қойылады)
ІV)«Шарықтау кезеңі» Семантикалық кесте. Дұрыс жауапты тауып сәйкестендір;
V) «Бұл кімнің сөзі» (Әр топқа төрт сұрақтан қойылады.Әр жауапқа 1 ұпайдан) VI)«Бес жолды өлең» стратегиясы. «Еңселі елім» тақырыбына арналған оқушылардың жылы лебіздері. (Әр өлең шумағына 5ұпай беріледі)
Олай болса, жоспармен таныссақ сайысты бастайық!
І-кезең.Таныстыру (Сәлемдесу топтармен таныстыру 5 ұпайдан қойылады) ІІ-кезең «Қанат қақты» (Топ басшыларының сайысы. 3 минут ішінде 10 сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.)
I-топ басшысына
1. IX-X ғасырларда «қазақ» атауы әлеуметтік мағынада қолданылған жер?
(Шығыс Дешті Қыпшақта)
2. «Алаш» сөзі шамамен қай ғасырларда алғаш рет айтылады?
(IX-X ғ.ғ)
3. Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалым?
(Ш.Уәлиханов)
4. XIII ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы?
(Еркін адамдар)
5. Қазақ халқының құрамына енген ру тайпалар өздерінің ең-таңбаларын салған жартас?(Таңбалы Нұра)
6. «Қазақ» сөзі этникалық мағынға ие бола бастаған ғасыр?
(ХIV ғасыр)
7. Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кеткен хандық?
(Әбілхайыр хандығы)
8. Қазақ хандығының құрылған уақыты туралы мәлемет беретін тарихи шығарма?
(«Тарих-и-Рашиди»)
9. Қазақ хандығының алғашқы территориясы?
(Шу мен Талас өзендерінің маңы)
10. XV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының негізгі қарсыласы?
(Жүніс хан)
II-топ басшысына
1.Қазақ хандығында 1538-1580 жж. билік құрған хан?
(Хақназар хан)
2.Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдарды Хақназар ханды өлтірген жыл?
(1580)
3.Қастаспай дос болып өзара көмектесу жөнінде ант беріскен шарт жасасқан хан (Хақназар, II Абдаллах)
4.Есім ханның билік құрған жылдары? (1598-1628)
5.XVII ғасырдың басында қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан?
(Есім ,Тұрсын)
6. XVII ғ екінші жартысында қазақ хандығынын астанасы? (Түркістан)
7.1628-1652 хан тағына отырған Есімханның баласы: (Жәңгір)
8. Орбұлақ шайқасы болған жыл? (1643)
9. Тәуке ханның билік құрған жылдары? (1680-1715)
10. Тәуке хан үш жүздің басын қосып құрылтай өткізілген жер? (Күлтөбе)
III-топ басшысы
1.1628-1652жылдары билеген ханды ата?(Жәңгір хан)
2. XVғ. 50-70ж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адамдар саны?(200мың)
3. Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы?(Есен бұға)
4. «Жеті жарғы» жасауға атсалысқан билер? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
5. Батыр қонтайшы бастаған Жоңғар хандығы қашан құрылды? (1635)
6. XV ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығына енген қалалар (Созақ, Сығанақ, Сауран)
7. XVғ.бас кезінде Қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан? (Мұхаммед Шайбани)
8. Қасым тұсында біраз жыл қазақ хандығының астанасы болған қала? (Сарайшық)
9. Тәуке ханның заңдар жинағы?(«Жеті жарғы»)
10.Есімханның әскербасы болған жырау (Жиембет жырау)
III-кезең«Тарихи көмбе» (Тарихта кездесетін сөздердің мағынасын ашу. Әр жауапқа 5 ұпай қойылады)
Басқақтар– алым-салық жинаушылардың бір түрі Ақсүйек – Шыңғыс тұқымынан шыққан адамдар Тотемизм –алғашқы адамдардың шығу жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылысына қалыптасқан сенім, әдет-ғұрып, салт-сана Тағар – әскери салығы Жабғу – оғыздардың билеушісінің титулы Диаспора – өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ Репрессия – түп тамырымен жою, басып, жаншу жазалау шарасы Гуньмо – үйсіндердің билеушісінің титулы Иқта– сыйлыққа берілетін жер Түменбасы – мыңбасы, жүзбасы және онбасыны тағайындайтын ру басшысы. Наиб – жастай сайланған хандарға ақыл беретін кеңесшісі Этнография – әлем халықтарының құрамын,шығу тегін, қоныстануын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылым.
ІV-кезең.«Шарықтау кезеңі» Семантикалық кесте. Дұрыс жауапты тауып сәйкестендір.
1
Жәнібек пен Керей
Тұсы Тұсында Қазақ хандығындағы халық саны миллионға жетті
2
Бұрындық хан
Өзін Өзін қазақ және қалмақ ханымын деп санаған
3
Қасым хан
Сәтті Сәтті жүргізген сыртқы саясаты нәтижесінде Ташкент қаласы
200 ж 200 жылға Қазақ хандығының құрамына енді.
4
Тақыр хан
«Жеті « Жеті жарғының» авторы
5
Хақназар хан
«Көш « Көшпелі өзбектер» мемлекетінен бөлініп шықты.
6
Шығай хан
1480- 1480-1511 ж. Хандық етті
7
Тәуекел хан
Жетіс Жетісуға қашып барып Моғолстан қолына қарсы қырғыздармен одақ жасас ты.
8
Есім хан
1643 1643ж. Жоңғардың 50 мың әскерін жеңді.
9
Жәңгір хан
80 жа 80 жасында хан тағына отырды.
10
Тәуке хан
42 ж 42 жыл хандық құрды. Қазақ хандығын қалпына келтірді.
V-кезең. «Бұл кімнің сөзі...» (Әр топқа төрт сұрақтан қойылады.Әр жауапқа 1 ұпайдан)
1. «Сақ, Сармат, Үйсіндердің келбеттері андроновтықтарға ұқсас», - деп жазған антрополог кім? (О.Смағұлов)
2. «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен, кескін кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған», -деп жазған академик? (Алексеев .В.П)
3. «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе жекке шығып, қылышпен , найзамен соғысады, нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі» (Геродот)
4. «Сақ жауынгерлері ер жүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп , ұрысқа араласады». (Ктесий)
5. «Томирис , әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ»: (Помпей Трог)
6. «Парсы патшасы әр елден келген салт аттылардың ат жарысын ұйымдастырады. Жарыс жолының ұзындығы бес шақырымнан астам болып белгіленеді.» (Ксенофонт)
7. «Батыс түрік қағанатында жібек саудасының дамығандығын жазған қытай тарихшысы»: (Сюань Цзянь)
8. «Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ» ,- деп жазған ғұлама: М.Қашқари
9. “Қазақ жүздерінің құрылу себебі , қазақтар көшіп- қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған”,- деп жазған кім? Ш.Уәлиханов
10. “Өзбек ұлысында үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі, ержүректері қазақтар” екені жайлы жазған кім? Рузбихан
11. “Тарихты білмей, өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау – қиын”, деп айтқан кім? Әбу Насыр Әл- Фараби
12. «Моңғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір сүрген керейлеркүшті дамыған ел. Олар тек Шыңғыс хан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған»,- деп жазды: Рашид ад-Дин
VI-кезең. «Бес жолды өлең» стратегиясы. «Еңселі елім» тақырыбына арналған оқушылардың жылы лебіздері.(өздерінің дайындаған өлеңдерін әр топ оқиды.Әр жауапқа 5ұпай беріледі)
Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділ қазылар алқасына сөз береміз!!!
Ойынды қорындылап, жеңіске жеткен топты марапаттау! Жеңімпаз топ ұпай сандары арқылы анықталадлы.
Әділқазылар алқасы бағасын бағалағанша әсем әуенге кезекті береміз!
Құлап түріп тыңдайық!
Осымен, «Ерлік-елге мұра,тарихқа куә» атты тарихи интеллектуалды сайысымызды аяқтаймыз!