Береговая ЖББОМ-інде 2016 жылдың 25 қарашасында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына - 25 жұлдызды күн» акциясына орай «Жаһандық бастамалар» сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара дөңгелек үстел түрінде 6-7 сынып оқушыларының аралығында өткізілді. Ойын өткізу формасы тұлғалық сапасын ашуға көмектеседі, балалардың өзара түсіністік ахуалын қалыптастыруға, шығармашылық танытуға ықпал етеді.
Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстанның жаһандық бастамаларымен таныстыру, Отанға деген құрметтерін арттыру. Балалардың Қазақстан туралы білімдерін бекіту.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар Отан, Қазақстан, Елбасы туралы өз ойларын ортаға салды. Және де Қазақстан Республикасының кешегі өткен күні мен бүгінгі күніне,болашақ күніне көз жүгіртіп, ойларын ортаға салып сараланды. Елбасымыздың сарабдал саясатына тоқталып, биылғы жылымыздың ерекшелігі туралы сөз қозғап, жетістіктерін айта отырды.Елордамыз Астананың жетістіктері мен алдағы ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесінің алдағы жоспарларына тоқталып өтті. Оқушылар бір-біріне үлкен жетістіктер тілеп, өз Отанының патриоты болуға әрдайым дайын болуға шақырды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Дамытушылық: Шәкірт жүрегінде Қазақстанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, туған жеріне, елін құрметтеу. Олармен бірге «Туған жер», «Ана тілі», «Мемлекеттік тіл», «Ел тарихы» , «Елімнің отаншыл адамдары» тақырыптарына ой толғау. Сабақтыц барысы:
Мұғалімнің сөзі:
Ата-бабаларымыз аңсаган азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе— соны ертеңге жеткізу. Келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау.
Н.Ә. Назарбаев.
Менің елім — менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардын ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жакты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.
Қазіргі ауқытта елімізді әлемдегі барлық ел таниды, танып қана қоймай еліміздің жетістіктеріне қызғанышпен қызыға қарайды. Біз осындай тәуелсіз, бірлік, бейбітшілік орнаған елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.
Бүгін бізде – «Қазақстан- бейбітшілік орталығы» тақырыбында сыр шертейік!
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!»- деп сыбырлаған.
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
М. Мақатаев
- Енді, Отан дегеніміз не? Осы тұрғысынан Отан , Қазақстан ұғмдарына тереңірек тоқталсақ.
Ернар : Әр адамда Отан бар. Отан, туған жер, атамекен – біз туып – өскен жер. Менің Отаным –Қазақстан Республикасы. Менің кіші Отаным – кіндік қаны тамаған жерім.Меніңше, өз Отанын, туған жерін сүймейтін адам жоқ. Отан – кең мағыналы, қасиетті ұғым. Отанымыз туралы, оның тарихы, салт – дәстүрі, тілі өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз керек.
Оқушылардың жауабы:
- туып – өскен жер,
- адамның кіші Отаны да болады. Ол – үйі, ауылы, мектебі, достары.
- Отанды сүйе білген адам бақытты.
- Отанды сүю отбасынан басталады.
- Ұлы адамдар сүйікті Отанына тамаша өлеңдер,әндер арнаған.
Мадина: Қазір әлемдегі жағдай аса жылдамдықпен өзгеруде және болып жатқан оқиғалар - жаһандық экономикалық құлдырау, мемлекетаралық қайшылықтар, этникаралық және конфессияаралық қатынастардың ушығуы ғаламшар тұрғындарының жүрегіне ертеңгі күнге деген сенімсіздікті ұялатады. Жер шары күнделікті еш жазығы жоқ жандардың төгілген қаны мен олардың қайғысынан теңселіп тұрғандай. Бүгінгі әлемге көз жүгіртсең, шынымен де ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен кемелдігін түсінесің. Қазіргі орын алып жатқан үдерістерді ол 2014 жылы қарашада өзінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын: «Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады».
Катя: Қазіргі уақытта әлемдік қоғамдастыққа нақты іс-әрекеттер алгоритмін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Атап айтқанда, осы жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының жалпы пікірсайысында Елбасы БҰҰ аясында халықаралық терроризмге қарсы іс-әрекеттің бірыңғай әлемдік желісін құруды ұсынды. «Бұл міндетті іске асыру үшін БҰҰ терроризммен күрес жөніндегі жалпыға бірдей құжатын әзірлеп, қабылдауы қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Амина: Сонымен қатар Н. Назарбаев соғыс, қақтығыс, терроризм себептеріне алдымен баса назар аударады және әлемге барлық ұлттардың әлемдік инфрақұрылымға, ресурстарға, нарықтарға қолжетімдігінің әділ жағдайлары, сондай-ақ адамзат дамуына жалпыға бірдей жауапкершілік негізінде жаңа даму трендін беруді ұсынды. «Адамзат соғыстың, қақтығыстың алдын алу, салдарын еңсеру сияқты мазмұны ескірген әрекеттерден оларды мәнсіз ететін жаңа даму стратегиясына көшуі тиіс», - деп атап өтті ҚР Президенті.
Мұғалім: Біз патриот болу үшін не істеуіміз керек? Патриоттық сезім қалай қалыптасады?
Дамир:
Патриоттық сезім әрбір адамға отбасындағы тәлім-тәрбиеден, мектепте алған білімінен бастау алады. Патриот болам деген азамат ең алдымен, өзінің ана тілін жетік меңгеруі керек. Біз жастайымыздан өз тарихымызды, мәдениетімізді, өнерімізді, спортымызды дәріптей білсек, олардың санамызға сіңдіре білсек, патриоттық сезім пайда болады. Патриоттық дегеніміз әрбір адамның күнделікті ісінен де көрініс табады. Қалай? Мысалға, мектеп пен жоғары оқу орынында жақсы оқып, өз қабілетімен жұмыс тауып, отбасын құрып, өзі тұратын мемлекетке деген адалдығын көрсету де патриоттыққа жатады.
Самат: Біздің мемлекетіміздің сындарлы саясаты барлық жастарды патриоттыққа үндеп отыр. Қалай? Мысалға, мемлекет: «Сен осы елдің азаматысың! Әрқашан осы елдің қорғауында боласың! Сен осы мемлекетті дамытуға атсалысуың керек! Сен осы мемлекеттің болашағына жұмыс істеуің керек!» деген саясат жүргізіп отыр. Қазіргі кезде қазақстандықтар әлемнің қай қиырына барып, білім алғысы келсе – барлық мүмкіндіктер бар. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасымен қаншама мыңдаған жастарымыз шетелдердің ең үздік деген жоғары оқуы орындарында оқып жатыр. Ал, Қазақстанда қалып оқығысы келетіндерге мемлекеттік гранттар, несиелер беріледі. Оқуын жақсы аяқтаған адам жақсы жұмысқа тұруға да мүмкіндік алады. Осыдан кейін: «Елім маған осынша көмек көрсетті. Ал өзім Еліме не беремін?» деп ойлануы керек. Яғни, өз елінің мүддесіне аянбай қызмет ететін жастар – шынайы патриоттар. «Әрқайсысымыз да, бәріміз бірдей еліміздің болашағы үшін жауаптымыз. Біздің міндетіміз – сапалы білім алып, өз ісіміздің нағыз маманы болу, Отанымыздың игілігі үшін өмір сүру, еңбек ету!»
Мұғалім:
Қай мемлекет үшін де өз тәуелсіздігі өте қымбат. Егемендік - көптеген ұлттар мен халықтардың мәңгілік асқақ арманы да, мақсаты да болды. Егемендік үшін әлі де күресіп жатқан халықтар бар. Бабаларымыз да «Егемен болмай ел болмас, етектен кескен жең болмас» деп, осынау ұлан-ғайыр даланы иемденген халқының тәуелсіз ел болып, өзгелермен терезесі тең, жеке мемлекет болғанын армандап өтті. Халқымыздың бақытына орай еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тереңнен зерделей білетін саясатының, келешекті болжай білетін көрегендігінің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан егемендікке қол жеткізді. Бұл айтуға жеңіл, атқаруға келгенде ғасырлық салмағы бар іс болды.
Айман:
ЭКСПО 2017 ж
Тұғыры көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді болашақ ұрпақтың еншісінде. Ата-бабаларымыздың аңсап келген «Мәңгілік ел» болу өсиетін қазақ халқының маңдайына біткен көрегендігі мен даналығы, әрбір ісін халқы үшін жасап отырған «Елін сүйген,елі сүйген» елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасы. Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оның жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатындағы мемлекеттің бірі болуының өзі Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» мен Елбасы салған сындарлы сара жолымен жүріп келе жатқан және «Қазақстан – 2030 стратегиясының» бүгінгі күнде мерзімінен бұрын орындалып, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының конференциясының өтілуі, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының өтілуі, ЕXPO-2017 көрмесінің ұтып алуы бұл қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін дәлелдеді.
Мұғалім:Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың қолында.Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.Болашақты жалғастырушы – біздерміз.
Қорытынды сөз
Қазір әлем назары — Қазақстанда! Ел беделіне нұқсан келтіретін қандайда бір әрекетке жол бермеу — әрбір азаматтың парызы.
Қазақстан өз алдына экономикалык, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне аяқ басу мақсатын қойып отыр. Ел бірлігі мен Елбасының жүргізіп отырған көрегендік саясатының арқасында алдағы кезенде де үлкен жетістіктерге қол жеткізеріміз анық.
Қазақстан мемлекеті мен халқымыз үшін қажырлы қызмет атқарып жүрген, әлемдік қауіпсіздік үшін ізгі бастамалар көтерген, беделді алпауыт елдердің ұстанымына оң ықпал еткен ірі саяси тұлғамыз бар. Ол — сарабдал саясатты ұстанған көреген көшбасшы, Қазақ елін дүние жүзіне танытқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сезімен аяқтағым келеді:
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің коркеюі жолында Жан теріңмен еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенінді ұмытпа!»
Қазақстанның болашағы – сендер.
Қазақстанның адал азаматы, елдің тірегі болатындарыңа мен сенемін.
- Отанымыз тыныштыққа, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын!
«Жаһандық бастамалар»
сыныптан тыс іс-шарасына талдау
Береговая ЖББОМ-інде 2016 жылдың 25 қарашасында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына - 25 жұлдызды күн» акциясына орай «Жаһандық бастамалар» сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара дөңгелек үстел түрінде 6-7 сынып оқушыларының аралығында өткізілді. Ойын өткізу формасы тұлғалық сапасын ашуға көмектеседі, балалардың өзара түсіністік ахуалын қалыптастыруға, шығармашылық танытуға ықпал етеді.
Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстанның жаһандық бастамаларымен таныстыру, Отанға деген құрметтерін арттыру. Балалардың Қазақстан туралы білімдерін бекіту.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар Отан, Қазақстан, Елбасы туралы өз ойларын ортаға салды. Және де Қазақстан Республикасының кешегі өткен күні мен бүгінгі күніне,болашақ күніне көз жүгіртіп, ойларын ортаға салып сараланды. Елбасымыздың сарабдал саясатына тоқталып, биылғы жылымыздың ерекшелігі туралы сөз қозғап, жетістіктерін айта отырды.Елордамыз Астананың жетістіктері мен алдағы ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесінің алдағы жоспарларына тоқталып өтті. Оқушылар бір-біріне үлкен жетістіктер тілеп, өз Отанының патриоты болуға әрдайым дайын болуға шақырды.