Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағатының тақырыбы: "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен"»
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Мақсаты: Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету.
Міндеттері: Жақсы, жаман туралы түсінік беру. Жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар; плакаттар, суреттер.
Жоспары:
1.а) Ұйымдастыру.
Ә)Шаттық шеңбері.
Б)Дәйексөз«Жақсы болу – өз қолыңда»
2.«Не деу керек?»өлеңі.«Жаттығу –ойлану»
3.Әдептілік әліппесі.
4.Көрініс.
5.Ақылдың кені.
6.Суреттермен жұмыс.
7.Мақал-мәтелдер айту.
8.Қорытынды.
1.Ұйымдастыру жұмысы.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Бұл өлең жолдарында не туралы айтылған? ( Балалардың жауаптаы тыңдалады ).
Біз бүгін «жақсы деген не?» , «жаман деген не?» сұрақтары төңірегінде жақсы әрекеттер жасау, жақсыдан үйрену, жаманнан жирену адамды айналасын зор қуанышқа бөлеп, бақытқа жетелейтіні туралы айтамыз.
Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді.
Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар. Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады.
Сендерге адамның қандай қасиеттері ұнамайды. Дұрыс айтасыңдар, әдепсіздік, қайырымсыздық, қызғаншақтық, ашушаңдық – адамға жат қасиеттер. Осы екі қасиеттің бірінен аулақ болып, бірін бойымызға сіңіру керектігі жөніне Е. Өтетілеуовтың «Әдептілік әлемі» өлеңінен үйренейік.
Қарсы ал ерте көзін,
Төсегіңді жина өзің,
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.
Пышақты ұста оң қолмен
Шанышқыны сол қолмен
Нанды үгітпе, қадірлі,
Қабағымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр салақ болмағын.
Салма аузыңа инені
Үзбе жұлқып түймені.
Ашуланбай долданып,
Жауап бергін ойланып,
Құр бекерге қылтима
Болмашыға бұлтима.
Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме,
Мақста қоймай алдыңа,
Қыдырып көп қаңғырма.
Сыйлап үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні,
Сақтап көше тәртібін,
Сфетофордың ал тілін
Әдет қыл бұл ісіңді
Тазалап жүр тісіңді.
Тағы қандай жақсы әдеттерді білесіңдер,
Қандай жаман әрекеттерден қашық жүргеніміз дұрыс.
Абай «Бес асыл іс, бес дұшпан»
Адам болам десеңіз.
Бес асыл іс Бес дұшпан
Талап, Терең ой Өсек. Өтірік. Мақтаншақ,
Еңбек, Қанағат, Еріншек бекер мал шашпақ.
Рахым.
Ә. Табылдиев «Әдепті сөз» әңгімесін оқып түсіндіремін.
Көрініс. «Әдеп».
Ә. Дүйсенбиев. «Не деу керек?»
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек?- Рахмет,
Балалар жүр көшеде,
Естіледі айқай-шу
Сенде шықтың көршіңді
Қағып кеттің байқамай
Не деу керек?- Кешірші,
Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың
Көшенің сол шетінде,
Кезікті бір танысың,
Не деу керек?
-Салеметсіз бе?
Балалардың тәрбиелеуге пайдаланатын қағидалар.
Ә.Асылбеков. «Әдептілік әліппесі»
Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда-
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің-
Сәлемдесіп, қол берем.
Атам маған әманда
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Атам менің әманда
Әділетті бол деген
Ата сөзі санамда
Жүрем тура жолменен.
Қалдыратын ұятқа-
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа-
Тек шындықты көздеймін.
Көрініс. «Нағыз адам»
Ақылдың кені
Адамның кісілік қасиеттері мінез-құлықтары әдептілік әліппесі жайлы ұлы адамдардың сөздерінен.
Әлемнің көріпкел ойшылы атанған Әл-Фараби бабамызда мінез-құлыққа қатысты мынадай өсиеттер қалдырған екен. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күшті болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады».
Мажан ақын әдептілік басшысы ұлттық тәрбиеден басталатынын айтады. «Әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» дейді.
«Адамға ынсап ,әділет, мейірім – үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады» - деген Шәкәрім Құдайбердиевтің ақыл сөзі ар – ожданның тек ұялу ғана емес, мейірімділік пен адалдықты,шыншылдықты, қанағатты қажет ететінін айтса керек.
Абай; Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек; әуелін надандық, екіншісі – еріншектік , үшіншісі – зұлымдық.
Қорқыт;Әр адамның құдайы – оның ары.
Осыны есіңнен шығарма.
Мейірімді болу жеткіліксіз,
Оған қоса тағы әдепті болу керек.
Өзімшілдік – тірі пенденің орсанзор кемістігі.
Қарапайымдылық –ең тәуір ғана нәрсе емес , сонымен бірге ең ізгі нәрсе де.
Ғұмыр бойы бақытты боллғың келсе, адал адам бол.
Мақал-мәтел.
1.Жақсы бала – ата –анасын мақтатар,
Жаман бала – ата-анасын қақсатар.
2.Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
3.Әдептілік белгісі
Иіліп сәлем бергені.
4.Бітер істің басына
Жақсы келер қасына.
5.Жақсы адам елдің көркі,
Жауқазын гүл жердің көркі.
6.Жақсыменен сөйлессең ашыларсың,
Жаманменен сөйлессең басыларсың.
7.Адам болар баланың,
Кісіменен ісі бар.
Адам болар баланың,
Кісіменен несі бар.
Н. Айтов. Алтын сөз.
Қорытынды.Балалар бүгінгі сабағымызда біз өз бойымызға жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман әдеттерден аулақ болуды үйрендік.Олай болса , әрқашан жақсыны үйреніп, жаманнан жиренетін болайық.