Осы ?дептілік ережесін са?тау керек. Б?гінгі заман адамы сегіз ?ырлы, бір сырлы болып ?суі керек.
«?семпаз болма ?рнеге,
?нерпаз болса? ар?алан.
Сен де бір кірпіш д?ниеге
Кетігін тап та бар ?алан»деп Абай атамыз айт?андай кішіге мейрімді, досына ?айырымды, е?бекс?йгіш, шыншыл да ?ам?ор болса? ?се келе ата- ана?ны?, Отаны?ны? ма?танышы боласы?.
Адам болатын бала-барлы? жа?сы ?асиеттерді ?йреніп, жаман мінез, жаман ?деттерден аула? болу?а тырысуы керек. Ендеше ?депті, а?ылды балаларды? ?андай болуы керек екенін мына ?ле?дерден ты?дайы?.
М??алім: Ал енді балалар, кезекті ма?ал- м?телдерге берейік.
«Жа?сыдан ?йрен,
Жаманнан жирен» деген ма?алды ?алай т?сінесі?дер?
О?ушылар хормен:
Аула? ж?ріп жаман ?ылы?, ?деттен,
?йренеміз жа?сы мінез ?дептен.
?дептілік жайлы ма?ал- м?телдер айту.
?депті бала- арлы бала,
?депсіз бала- сорлы бала.
?дептілік белгісі,
Иіліп с?лем бергені.
Ашу- д?шпан, а?ыл- дос,
А?ылы?а а?ыл ?ос.
Сіз деген- ?деп,
Біз деген- к?мек.
?лы? болса?- кішік бол.
Кішіден ізет- ?лкеннен ??рмет
?депті бала ата- анасын ма?татар,
?депсіз бала ата- анасын ?а?сатар.
Жа?сы адам ай мен к?ндей
?лемге бірдей.
?депті бала кездессе,с?лем берер бас иіп,
?депсіз бала жолы?са, ?те шы?ар кекиіп.
С?ра?- жауап: «Сен ма?ан, мен са?ан»
Мектептен ?йге ?арай ж?гіріп келе жат?аны?да алды?нан бір ?лкен кісі шы?ты. Сен не істер еді??
?зі?нен ?лкен кісілер ??гімелесіп отыр?ан кезде сен не істеуі? керек?
?лкен кісілермен ?алай с?йлесу керек?
?йге ?она? келгенде бала не істеу керек?
?дептілікті бізге кім ?йретеді?
М??алім: «?деп» деп «?дептілік» деп ?андай мінез бен іс- ?рекетті айтамыз?
1-о?ушы: ?дептілік деп ?лкенді сыйлауды, достарды, айналада?ы адамдарды ??рметтеуді айтамыз. ?депті адам бас?адан сыйласым к?тпей- а? алдымен ?зі бас?аны ??рметтеп, арда?тай біледі, к?пшілікке ?зіні? ?дептілігін к?рсетеді.
2-о?ушы:
Сонымен ?дептілік дегеніміз ?деп, ізет, инабат, сыйласым, ??рмет, ?ам?орлы? деген с?здерді білдіреді екен. Та?ы да бір айтатын жа?дай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- ?дептілік. Кейде кешірмейтін мінез ??лы?тар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез т?зеу керек.
Жас- к?ріге сіз деген
Жа?сы ?лгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ?л мен ?ызбенен.
К?рініс:Байлы? пен а?ыл
Ізеттілік, ?дептілік, адамгершілік ж?ніндегі с?ра?- жауап
Сыйлап ?лкен а?аны
С?лем берген баланы
Кім дейміз?
?депті екен б?л дейміз.
Кітап, д?птер, ?аламы
Кір шалма?ан баланы
Кім дейміз?
??ыпты екен б?л дейміз.
Таудай биік талабы
Жа?сы о?итын баланы
Кім дейміз?
?лгілі екен б?л дейміз.
?дептілік с?зін топтастыру.
М??алім: Балалар, б?гін біз сіздермен ?дептілік жайлы білдік. ?р адам ?зін кез-келген жа?дайды кез-келген жерде т?ртіпті ?стап, ?депті де ?демі с?йлей білуі керек екен. ?депті адам жаманды?ты жа?сылы??а баурап, ?зіні? а?ылдылы?ын таныта білуі керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тәрбие сағатының тақырыбы:Әдепті бала- арлы бала Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
1- оқушы
Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің.
2- оқушы
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
3- оқушы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
4- оқушы
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
5-оқушы
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.
6-оқушы
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын
Салыр салақ болмағын.
7-оқушы
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
8- оқушы
Атам маған қашан да,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
9- оқушы
Өзгелерден өзімді,
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді,
Желпінгенім жоқ әлі.
10- оқушы
Атам маған қашан да,
әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
11- оқушы
Қалдыратын ұятқа,
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
12- оқушы
Ізетті бала
Ерлан қандай елгезек,
Берді ағайға жол кезек:
-Ағай ғафу етіңіз!
Алға қарай өтіңіз.
— Оқасы жоқ, ұланым,
Ізетіңмен ұнадың.
Деп ағай да Ерланды
Жақсы көріп нұрланды.
Ән: «Не деу керек?»
«Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
Үлкендердің алдын-
Кішкене баланы-
Құстарды-
Қыз баланы-
Сабақтан-
Үйге жүгіріп-
Үлкен кісіні-
Оқу –құралдарын-
Сыныпта айғайлауға-
10.Ысқыруға-
11.Құстың ұясын-
Не істеу керек?
— Үлкендерді сыйлау керек
— Ата- аналардың тілін алу керек
— Тәртіпті болу керек
— Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек
— Сабақты жақсы оқу керек
Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.
«Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Оқушылар хормен:
Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез әдептен.
Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту.
Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Ашу- дұшпан, ақыл- дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Сіз деген- әдеп,
Біз деген- көмек.
Ұлық болсаң- кішік бол.
Кішіден ізет- үлкеннен құрмет
Әдепті бала ата- анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.
Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.
Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
Сұрақ- жауап: «Сен маған, мен саған»
Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?
1-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
2-оқушы:
Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.
Жас- кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.
Көрініс:Байлық пен ақыл
Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ- жауап
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз.
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.
Әдептілік сөзін топтастыру.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.