kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Білім к?зі-кітапта"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:   Білім к?зі - кітапта

1.     Кіріспе

2.     Кітап-рухани байлы?ымыз.

3.     Кітап – білім б?ла?ы  (о?ы?ан кітап ж?нінде мазм?нын айту)

4.     Ма?ал-с?з м?йегі (ма?алды жал?астыру)

5.     ?ле?-с?зді? патшасы (а?ын-жазушыларды? білім,кітап ж?нінде ?ле?дерін м?нерлеп о?у )

6.     Ж?мба?тарды шешу.

7.     Білім к?зі-кітапта ( с?ра?тар?а жауап беру )

8.     Ойлан, тап (кітапхана с?зіне с?з ??рау )

9.     ?ортынды. К?рініс «Кітап ескірмейді»

 К?рнекіліктері:  Кітап-білім б?ла?ы, білім ?мір шыра?ы.

                                                                       Халы? даналы?ы.

Арты? білім кітапта,ерінбей о?ып к?руге.

                                                                 Абай.

?рбір адамны? е? жа?ын досы-кітап болуы тиіс.

                                                                М. ?уезов

Кітаптар суреті, кітап к?рмесі.

« Білім к?зі- кітапта»

4 сынып о?ушыларымен ?ткізілетін сынып са?аты.

Ж?ргізуші: Б?гінгі «Білім к?зі - кітапта» т?рбие са?атымызды? ма?саты о?ушыларды? кітап о?у?а деген ынтасын арттырып, білімділікке т?рбиелеу. Кітапты с?йе білуге ж?не ?адірлеуге баулу.

Кіріспе:

Кітап (араб.: ‎ – жазба) — мерзімсіз баспас?з басылымы; к?ркем-?деби, ?о?амды?-саяси, ?ылыми-практикалы? мазм?нда?ы туынды.Кітапты? ал?аш?ы т?рлері ежелгі Шы?ыс елдерінде, Грекияда, Римде ?ыш текшелеріне, та?та тастар?а сына жазуымен жазылды. Бізді? заманымыздан б?рын?ы 25-?асырда Мысырда ?ыш текшелерді? орнына ?амыс (папирус) ?олданылды. Бізді? заманымыздан б?рын?ы 7-?асырда ?амыс?а кітап жазу ісі Грекия мен Римде ке? ?ріс алды. Осы?ан байланысты кітапты к?шіріп жазу?а машы?тан?ан к?шірушілер мен ?олжазбаны к?ркемдеуші суретшілер пайда болды. [1]Бізді? заманымыздан б?рын?ы 2-?асырда ?амысты? орнына тері жар?а? ?олданыла бастады. Ежелгі Рим м?дениеті мен ?ылымы ?кілдеріні? туындылары жар?а? кітаптар?а жазылып таралды. 105 ж. ?ытай шебері Цай Лунь ?а?азды ойлап тауып, 13-?асырда ?а?аз жасау ?нері Шы?ыстан Батыс?а тарай бастады. Осы?ан орай, Еуропада ?олжазба кітап ?ауырт ?ркендеп, т?рліше ?ріптер, бас та?ырыптар (айдарлар) ?олданыла бастады. Кітап м??абалары алтын, к?міс, т.б. металмен ?рнектелді. 15-?асырды? ортасында неміс ?нертап?ышы Иоганн Гутенбергті? баспа ?алыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы ??йма ?аріппен ??йылатын баспа кітап пайда болды. Осы заман?ы кітап — м??аба?а д?птерлер т?рінде ?зара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі ?лгісінде жасалады.

Ж?ргізуші: Армысыздар, о?ушылар, ?стаздар!

Б?гінгі «білім к?зі –кітапта» т?рбие са?атын Ахмет Байт?рсын ?лыны? ?здері?е таныс ?ле?імен бастайын.

Балалар,б?л жол басы даналы??а,

Келі?дер, т?сіп бай?ап,?аралы? та,

Б?л жолмен бара жат?ан ?зі?дей к?п.

Соларды к?ре т?ра,?алалы? па?!

Даналы?-?шпес жары?,кетпес байлы?,

Ж?рі?дер,іздеп тауып алалы? та?

( Осы кезде кітап бейнесін мойнына ілген о?ушы кіреді )

Кітап: Б?рекелді! Мы? рахмет Ахмет атамыз?а. Балалар,мен сіздерге ?лкен  ?уанышпен келдім ж?не дос болып ?айтатыныма сенімдімін!

Ж?ргізуші: ?ош келді?із, ?ымбатты досымыз-кітап.Жо?ары шы?ы?ыз.               

( кітапты т?рге отыр?ызу)

Ж?ргізуші: Балалар, мен б?гінгі т?рбие са?атымызды ж?мба? айтудан бастаймын.

1.     ?ндемес серік,а?ылы берік.( кітап)

2.     ?абат-?абат ?аттама,а?ылы? болса аттама.( кітап)

3.     Бір ?ажап бар,тілі жо?,с?йлесем  десе? міні жо?.( кітап)

( О?ушылар ж?мба?ты шешеді)

Ж?ргізуші: ??рметті балалар,мен ж?мба?пен тегін бастап т?р?ан жо?пын.Б?гінгі ??гімемізді? ?зі кітап ж?нінде болма?.Кім біледі,балалар! «Кітап» деген с?з ?айдан шы??ан.?андай ма?ына береді.

Кітап: Мен ?зім жауап берейін бе?

Ж?ргізущі: Жо?,балалар жауап берсін.

1-о?ушы: Кітап-арабты? « жазу» деген с?зі.Кітап рухани ?азына,?мір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,о?у-т?рбие ??ралы.Ал?аш?ы кітап жазу ??пиясын тек дінбасылар мен монахтар ?ана білген.Сонды?тан д?ние ж?зіндегі т???ыш кітаптар еврей тілінде «Таурат»,?ытай тілінде «Конфуция», парсы тілінде «Авеста», грек тілінде «Інжіл», араб тілінде «??ран» шы??ан.

2-О?ушы: Ал?аш?ы кітап баспасы а?аштан жасалды.Ксилография ?алыбы ХІ ?асырда пайда бол?ан.Европада т???ыш рет ХV ?асырда неміс ?нер тап?ышы Гутенберг баспа станогын жасап шы?арды.Русте т???ыш басылымды 1564 жылы М?скеуде Иван  Федоров пен Петр Мстиславец басып шы?арды.

3-О?ушы: ?аза? кітап баспасы Ресейге ?осыл?ан со? ?алыптасты.Біра? араб тілінде ІХ ?асырда жазыл?ан « О?ызнама», ХІ ?асырда Ж?сіп Баласа??нны? «??тты білік» кітаптары болды. 1800 жылы ?аза?ша кітаптар шы?арыла бастады.

( Балалар,кітапты? пайда болу тарихын айтады)

Кітап. Ой,б?рекелді! ?здері? мені? тарихымды жа?сы біледі екенсі?дер.Міне,мен осылай ?мірге келдім. Мені? атыма сай ішкі м?німде ?згерді.Мен сендерге а?ын а?а-апалары?ны? к??іл к?йін, ішкі сезімін жеткіземін.

Ж?ргізуші: О?ушылар кітап ж?нінде та?па? айтады.

1-    О?ушы : Кітап! 

Сен адамзатты? жа?ын досы!

Келмейді сені о?ымай к??іл хошы.

Ел м??ы,?мір сыры,а?ын жыры

Басыл?ан та?ба болып ?зі?де осы.

2-о?ушы:

Кітап-мені? рухани астанам,

?олыма ал?аш «?ліппе» алып баста?ам

Кітап о?ып, жан д?нием байыды

Шабытты жыр тудыратын,жас ?алам!

Кітап-мені? асыл,жа??т сырласым,

Бір ?зі?е айтат??ын жыр басым

Жалы?паймын,жалы?паймын о?у?а

Т?ндер келіп, т?тті ?й?ымды ?рласын.

3-о?ушы: Кітап

А?ылды? с?нбейт??ын шамшыра?ы

Білімні? сар?ылмайтын бал б?ла?ы

Аш?анда ?ткен к?нмен беттері?ді,

Келер к?н к?з алдыма кеп т?рады.

1       о?ушы: Т?рады басын ??рап ?ріп неден

Бастал?ан білім басы ?ліппеден

?араса? шал?ар те?із,т?псіз м?хит

О?ыса? кітап сырын ашып неден.

5-о?ушы: Т?лекті т?рбиелер кітап-мектеп

?седі сол кітаптан б?та? к?ктеп

Молайтып а?ылы?ды сан еселеп

Береді білім н?рін кітап к?птеп

6-о?ушы:                               

Кітапты о?ымайды сыйлама?ан

Білімге жанын жанып ?инама?ан

?сірген кімні? болсын ой-?рісін

Сол кітап бек а?ылшы к?нде ма?ан.

Ж?ргізуші:

Рахмет балалар!

Ж?ргізуші: Жа?а айт?ан ?ле? жолдарында біз не туралы жырлады?.

-?рине кітап туралы.Егер кітап болмаса,сен рухани бай болмас еді?.

Олай болса, балалар!Кітап –білім б?ла?ы б?лімі.

Дейді о?ушылар «кітап-білім б?ла?ы»

Кітапхана-сол кітаптар т?ра?ы.

К?п ?йреніп,к?п о?ы?ан баланы?

Аны?та?ы білімпаз боп шы?ары.

Ендеше балалар ?зі о?ы?ан кітаптарынан т?сінік

Ж?ргізуші: Рахмет балалар!

Дана хал?ымызды? к?не де,к?ркем м?дени м?расы ма?ал мен м?тел с?здер.Ма?ал-с?з м?йегі б?лімі. Мен сендерге ма?алды? бірінші жартысын айтамын,сендер ма?алды ая?таулары? керек.

1-о?ушы?а:

1. Е?бекті? наны т?тті (жал?ауды? жаны т?тті)

2. Ерте т?р?ан жігітті? ырысы арты?.(ерте ?йелді? бір ісі арты?)

3. О?у-білім азы?ы ( білім- ырыс ?азы?ы)

4. О?у-инемен (??ды? ?аз?андай)

5. Бірлік болмай (тірлік болмас)

2-о?ушы?а:

1. Білекті бірді жы?ады(білімді мы?ды жы?ады)

2. Жа?сыдан ?йрен( жаманнан жирен)

3. Т?ртеу т?гел болса,(т?бедегі келеді )

4. Е?бек-ерлікке (жеткізеді)

5. А?ылды ?ария ( а?ып жат?ан дария)

Ж?ргізуші: Рахмет балалар!

Ж?ргізуші:Тіліміз д?ние ж?зіндегі е? с?здік ?оры бай, бейнелі де бедерлі,к?ркемде кестелі тілдерді? бірі. « ?ткірді? ж?зі,кестені? бізі,?рнегін сендей сала алмас» деп ?лы Абай атамыз та?ыр?ап та?зым еткен осы тіліміз.Келесі б?ліміміз «?ле?- с?зді? патшасы». Олай болса, а?ын жазушыларды? білім,?ылым ж?нінде ?ле?дер дайындап келген балалар?а берейік.

1.     Абай ??нанбаевты? ?ле?і «?семпаз болма ?рнеге»

2.     Ыбырай Алтынсарин « ?нер-білім бар ж?рттар»

Ж?ргізуші: Рахмет балалар!

Ж?ргізуші: Келесі б?лімі ж?мба?тар шешу. 

1-о?ушы.

1. Болсада к?кте мекені

Кездеспейді екеуі ( Ай мен к?н)

2.     Санды?ым бар ?згеше

?олыма алып ж?ремін

Ішін ашып а?тарып,

?мір сырын білемін ( Кітап)

3.     ?рамыз ол бай??сты  тая?пен де,

Тебеміз с?ті т?ссе ая?пенде

Томпа?дап ж?гіреді ?р?ан сайын,

Басынан сипамайды аяп пенде.(доп)

4.     Бірде ора?,бірде доп,

Бірде барда,бірде жо?.( Ай )

2-о?ушы:

1. К?ннен к?зін алмайды,

Мойны біра? талмайды ( К?нба?ыс )

2.     Белі б?кір,алыс?а т?кір ( мылты? )

1.     Жа?анда бір н?рсе бар аузы жабы?,

Ашылар мезгілінде бауырын жазып.

Ішінде толып жат?ан ?азынасы бар

?орек ?ып пайдаланалар тамам халык ( Кітап )

2.     Бір ??тыда екі т?рлі су жатады,

?айнатса? м?з боп ?атады ( Ж?мырт?а )

Ж?ргізуші: Рахмет балалар!

Ж?ргізуші: Келесі кезе?іміз « Білім к?зі-кітапта» С?ра?тар?а жауап беру

?ойылатын с?ра?тар.

1-о?ушы?а:

1. ?лы Отан со?ысында ерлік к?рсеткен ?аза?ты? батыр ?ыздарын ата.

( ?лия Молда??лова, М?нш?к М?метова )

2. Бірінші маусым ?андай мереке ( балаларды ?ор?ау к?ні )

3. ?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік ?н?раныны? авторларын ата

 ( с?зі: Ж?мекен Н?жм?диновтікі. ?ні: Ш?мші ?алдая?овтікі )

4. ?аза?ты? ?ш биін ата ( Т?ле би, ?азыбек би, ?йтеке би )

5. « Кел балалар о?ылы?» ?ле?іні? авторы кім.( Ы. Алтынсарин )

6.Абайды? шын аты кім? ( Ибра?им )

2-о?ушы?а:

1. 22 ?ырк?йек ?андай мереке? ( Тілдер мерекесі)

2. ?аза?стан Мемлекетіні? Р?міздерін ата. ( Ту, Елта?ба,?н?ран )

3.Жыл атауынан ??р ?ал?ан жануар ( Т?йе )

4. Абайды? жыл мезгілдеріне байланысты  ?андай ?ле?дерін білесі?.           

( ?ыс, жаз,жаз?ыт?ры,?арашамен, желто?сан,сол бір екі ай)

5. ?аза?ты? ?андай ?лтты? ойындарын білесі?, атап бер.                                         ( К?кпар,то?ыз??мала?,?ыз ?уу,те?ге алу )

6. ?аза?стан Республикасыны? астанасы ?ай ?ала? ( Астана )

Ж?ргізуші: Рахмет балалар!

Ж?ргізуші: Рахмет балалар!

Келесі б?лім балалар « Ойлан, тап» Кітапхана с?зіне с?з ??рау. Кітап, тап, ана, тана, пана, тапа, ат, ах, апа.

Ж?ргізуші: Рахмет балалар!

Кітап. Б?рекелді балалар! Барша ?лемді ?лан- ?айыр білімімен та??алдыр?ан ??ламалар балалы? бал?ын ша?ынан, ?міріні? со?ына дейін кітаппен дос бол?ан.Мені бас?а елдердегі жанашыр достарым к?тіп жатыр. Енді солар?а бет алма?пын.

Балалар! А?ылына а?ы с?рамайтын асыл ?азына- кітаппен досты?тары? ?зілмесін. ?р?ашан ж?здері?із жар?ын болсын, жолдары?ыз да??ыл болсын! Ал,жа?сы балалар. ( Кітап кетіп ?алады )

Ж?ргізуші: ?ымбатты о?ушылар!

Кітап сендерді м??гі сенімді достары?, серіктері? болсын. Кітап ?адірін білетін жа?сы балалар к?бейе берсін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Білім к?зі-кітапта"»

Тақырыбы:   Білім көзі - кітапта



1.     Кіріспе

2.     Кітап-рухани байлығымыз.

3.     Кітап – білім бұлағы  (оқыған кітап жөнінде мазмұнын айту)

4.     Мақал-сөз мәйегі (мақалды жалғастыру)

5.     Өлең-сөздің патшасы (ақын-жазушылардың білім,кітап жөнінде өлеңдерін мәнерлеп оқу )

6.     Жұмбақтарды шешу.

7.     Білім көзі-кітапта ( сұрақтарға жауап беру )

8.     Ойлан, тап (кітапхана сөзіне сөз құрау )

9.     Қортынды. Көрініс «Кітап ескірмейді»

 

 Көрнекіліктері:  Кітап-білім бұлағы, білім өмір шырағы.

                                                                       Халық даналығы.

Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге.

                                                                 Абай.

Әрбір адамның ең жақын досы-кітап болуы тиіс.

                                                                М. Әуезов

Кітаптар суреті, кітап көрмесі.

 

 

« Білім көзі- кітапта»

 

4 сынып оқушыларымен өткізілетін сынып сағаты.

Жүргізуші: Бүгінгі «Білім көзі - кітапта» тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, білімділікке тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге және қадірлеуге баулу.

 



Кіріспе:

 

Кітап (араб.: ‎ – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды. [1]Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды. 105 ж. қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тауып, 13-ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді. 15-ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды. Осы заманғы кітап — мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалады.

 

Жүргізуші: Армысыздар, оқушылар, ұстаздар!

Бүгінгі «білім көзі –кітапта» тәрбие сағатын Ахмет Байтұрсын ұлының өздеріңе таныс өлеңімен бастайын.

Балалар,бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп байқап,қаралық та,

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.

Соларды көре тұра,қалалық па?!

Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық,

Жүріңдер,іздеп тауып алалық та?

( Осы кезде кітап бейнесін мойнына ілген оқушы кіреді )

 

Кітап: Бәрекелді! Мың рахмет Ахмет атамызға. Балалар,мен сіздерге үлкен  қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенімдімін!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз-кітап.Жоғары шығыңыз.               

( кітапты төрге отырғызу)

Жүргізуші: Балалар, мен бүгінгі тәрбие сағатымызды жұмбақ айтудан бастаймын.

1.     Үндемес серік,ақылы берік.( кітап)

2.     Қабат-қабат қаттама,ақылың болса аттама.( кітап)

3.     Бір ғажап бар,тілі жоқ,сөйлесем  десең міні жоқ.( кітап)

( Оқушылар жұмбақты шешеді)

Жүргізуші: Құрметті балалар,мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын.Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ.Кім біледі,балалар! «Кітап» деген сөз қайдан шыққан.Қандай мағына береді.

Кітап: Мен өзім жауап берейін бе?

Жүргізущі: Жоқ,балалар жауап берсін.

1-оқушы: Кітап-арабтың « жазу» деген сөзі.Кітап рухани қазына,өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,оқу-тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген.Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей тілінде «Таурат»,қытай тілінде «Конфуция», парсы тілінде «Авеста», грек тілінде «Інжіл», араб тілінде «Құран» шыққан.

2-Оқушы: Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.Ксилография қалыбы ХІ ғасырда пайда болған.Европада тұңғыш рет ХV ғасырда неміс өнер тапқышы Гутенберг баспа станогын жасап шығарды.Русте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван  Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.

3-Оқушы: Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған « Оғызнама», ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітаптары болды. 1800 жылы қазақша кітаптар шығарыла бастады.

( Балалар,кітаптың пайда болу тарихын айтады)

Кітап. Ой,бәрекелді! Өздерің менің тарихымды жақсы біледі екенсіңдер.Міне ,мен осылай өмірге келдім. Менің атыма сай ішкі мәнімде өзгерді.Мен сендерге ақын аға-апаларыңның көңіл күйін, ішкі сезімін жеткіземін.

Жүргізуші: Оқушылар кітап жөнінде тақпақ айтады.

1-    Оқушы : Кітап! 

Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы,өмір сыры,ақын жыры

Басылған таңба болып өзіңде осы.

2-оқушы:

Кітап-менің рухани астанам,

Қолыма алғаш «әліппе» алып бастағам

Кітап оқып, жан дүнием байыды

Шабытты жыр тудыратын,жас қалам!

 

Кітап-менің асыл,жақұт сырласым,

Бір өзіңе айтатұғын жыр басым

Жалықпаймын,жалықпаймын оқуға

Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын.

3-оқушы: Кітап

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы

Ашқанда өткен күнмен беттеріңді,

Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

1       оқушы: Тұрады басын құрап әріп неден

Басталған білім басы әліппеден

Қарасақ шалқар теңіз,түпсіз мұхит

Оқысаң кітап сырын ашып неден.

5-оқушы: Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп

Молайтып ақылыңды сан еселеп

Береді білім нәрін кітап көптеп

6-оқушы:                               

Кітапты оқымайды сыйламаған

Білімге жанын жанып қинамаған

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Жүргізуші:

Рахмет балалар!

Жүргізуші: Жаңа айтқан өлең жолдарында біз не туралы жырладық.

-Әрине кітап туралы.Егер кітап болмаса,сен рухани бай болмас едің.

Олай болса, балалар!Кітап –білім бұлағы бөлімі.

Дейді оқушылар «кітап-білім бұлағы»

Кітапхана-сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп,көп оқыған баланың

Анықтағы білімпаз боп шығары.

Ендеше балалар өзі оқыған кітаптарынан түсінік

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Дана халқымыздың көне де,көркем мәдени мұрасы мақал мен мәтел сөздер.Мақал-сөз мәйегі бөлімі. Мен сендерге мақалдың бірінші жартысын айтамын,сендер мақалды аяқтауларың керек.

1-оқушыға:

1. Еңбектің наны тәтті (жалқаудың жаны тәтті)

2. Ерте тұрған жігіттің ырысы артық.(ерте әйелдің бір ісі артық)

3. Оқу-білім азығы ( білім- ырыс қазығы)

4. Оқу-инемен (құдық қазғандай)

5. Бірлік болмай (тірлік болмас)

2-оқушыға:

1. Білекті бірді жығады(білімді мыңды жығады)

2. Жақсыдан үйрен( жаманнан жирен)

3. Төртеу түгел болса,(төбедегі келеді )

4. Еңбек-ерлікке (жеткізеді)

5. Ақылды қария ( ағып жатқан дария)

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші:Тіліміз дүние жүзіндегі ең сөздік қоры бай, бейнелі де бедерлі,көркемде кестелі тілдердің бірі. « Өткірдің жүзі,кестенің бізі,өрнегін сендей сала алмас» деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен осы тіліміз.Келесі бөліміміз «Өлең- сөздің патшасы». Олай болса, ақын жазушылардың білім,ғылым жөнінде өлеңдер дайындап келген балаларға берейік.

1.     Абай Құнанбаевтың өлеңі «Әсемпаз болма әрнеге»

2.     Ыбырай Алтынсарин « Өнер-білім бар жұрттар»

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші: Келесі бөлімі жұмбақтар шешу. 

1-оқушы.

1. Болсада көкте мекені

Кездеспейді екеуі ( Ай мен күн)

2.     Сандығым бар өзгеше

Қолыма алып жүремін

Ішін ашып ақтарып,

Өмір сырын білемін ( Кітап)

3.     Ұрамыз ол байғұсты  таяқпен де,

Тебеміз сәті түссе аяқпенде

Томпаңдап жүгіреді ұрған сайын,

Басынан сипамайды аяп пенде.(доп)

4.     Бірде орақ,бірде доп,

Бірде барда,бірде жоқ.( Ай )

2-оқушы:

1. Күннен көзін алмайды,

Мойны бірақ талмайды ( Күнбағыс )

2.     Белі бүкір,алысқа түкір ( мылтық )

1.     Жаһанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде бауырын жазып.

Ішінде толып жатқан қазынасы бар

Қорек қып пайдаланалар тамам халык ( Кітап )

2.     Бір құтыда екі түрлі су жатады,

Қайнатсаң мұз боп қатады ( Жұмыртқа )

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші: Келесі кезеңіміз « Білім көзі-кітапта» Сұрақтарға жауап беру

Қойылатын сұрақтар.

1-оқушыға:

1. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарын ата.

( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова )

2. Бірінші маусым қандай мереке ( балаларды қорғау күні )

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторларын ата

 ( сөзі: Жұмекен Нәжмәдиновтікі. Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі )

4. Қазақтың үш биін ата ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би )

5. « Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы кім.( Ы. Алтынсарин )

6.Абайдың шын аты кім? ( Ибраһим )

2-оқушыға:

1. 22 қыркүйек қандай мереке? ( Тілдер мерекесі)

2. Қазақстан Мемлекетінің Рәміздерін ата. ( Ту, Елтаңба,Әнұран )

3.Жыл атауынан құр қалған жануар ( Түйе )

4. Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты  қандай өлеңдерін білесің.           

( қыс, жаз,жазғытұры,қарашамен, желтоқсан,сол бір екі ай)

5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің, атап бер.                                         ( Көкпар,тоғызқұмалақ,қыз қуу,теңге алу )

6. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? ( Астана )

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Келесі бөлім балалар « Ойлан, тап» Кітапхана сөзіне сөз құрау. Кітап, тап, ана, тана, пана, тапа, ат, ах, апа.

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Кітап. Бәрекелді балалар! Барша әлемді ұлан- ғайыр білімімен таңқалдырған ғұламалар балалық балғын шағынан, өмірінің соңына дейін кітаппен дос болған.Мені басқа елдердегі жанашыр достарым күтіп жатыр. Енді соларға бет алмақпын.

Балалар! Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына- кітаппен достықтарың үзілмесін. Әрқашан жүздеріңіз жарқын болсын, жолдарыңыз даңғыл болсын! Ал,жақсы балалар. ( Кітап кетіп қалады )

Жүргізуші: Қымбатты оқушылар!

Кітап сендерді мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Т?рбие са?аты "Білім к?зі-кітапта"

Автор: Нурбикенова Асемгуль Жанабаевна

Дата: 06.02.2016

Номер свидетельства: 289374


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства