Сабақтың мақсаты: Түстерді қайталау, кемпірқосақты қалай салатынын, оны қандай түстерге бояйтынын айта алуға үйрету. Пәндік: түстерді ажырата алу, кемпірқосақты қалай салатынын, оны қандай түстерге бояйтынын айта алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру. Тұлғалық: қоршаған ортаға қызығу, оны аялау, қорғау керектігін түсіну, сұлулыққа талпыну.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Ғажайып түстер"»
Ғажайып түстер
Сабақтың мақсаты: Түстерді қайталау, кемпірқосақты қалай салатынын, оны қандай түстерге бояйтынын айта алуға үйрету. Пәндік: түстерді ажырата алу, кемпірқосақты қалай салатынын, оны қандай түстерге бояйтынын айта алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру. Тұлғалық: қоршаған ортаға қызығу, оны аялау, қорғау керектігін түсіну, сұлулыққа талпыну. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Cабақтың барысы: Үй тапсырмасы бойынша сұралады. Сұрақтар: Өткен сабақтағы жаңа сөздер. Сол сөздермен сөйлем құраңыз. Қандай тақпақ өттік? Жатқа айтыңыз. Тақпақ не туралы? Сен ненің суретін саласың? Оны қандай түспен бояйсың? Үй жұмысы сұралып, оқушылардың жауаптары тыңдалған соң, жаңа сабақты түсіндіру басталады.
1. 1-ші кезең. "Қызығушылықты ояту" Оқушылар үш топқа бөлініп отырғызылады. Әр топта 4 баладан. бірінші әр топқа өздері білетін қазақша түстердің атын жазуға тапсырма беріледі. Әр топ біріге отырып, бір ақ қағазға түстерді тізіп жазады, сосын кезек-кезек оқиды, қайталанса ештеңе етпейді, сөздердің дұрыс дыбысталуына мән беру керек. Сосын осы аталған түстердің ішінен мұғалім қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін түсті бояу қарындашпен белгілеуге тапсырма береді. Бұны әр оқушы өзі орындайды. Мұғалім алдын-ала дайындап қойған қағазда түстердің ретін көрсетеді, оқушылар қатесі болса түзейді. -Бұл түстерді не үшін салдық? Бұл жеті түс ненің түсі деп ойлайсыңдар? Оқушылар "радуга" деп жауап береді. -иә, дұрыс, яғни оның қазақша атауы кемпірқосақ. Бұл жаңа сөз бірнеше рет топпен, жекелей қайталанады, себебі, ол ұзақ, күрделі сөз. -кемпірқосақ қашан шығады? -ол неден пайда болады? оқушылар өз білгендерін ортаға салады. Орысша да айтуларына болады. Мұғалім осы жерде аздап осы мәліметті толықтырып кетсе болады. Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Кемпірқосақ — су тамшыларындағы сәуленің сынуының, шағылысуының, дифракциялануының нәтижесінде пайда болатын құбылыс. Бұл бұлттың Күнге қарама-қарсы жағында пайда болатын әр түсті бояулы доға, кейде ол екі немесе бірнеше қосақталған доғалардан тұрады. Кемпірқосақтың сыртқы иіні қызыл түске, ішкі иіні күлгін түске боялған, ал олардың аралығында спектрдің басқа түсті бояулары орналасады. Кемпірқосақ жаңбыр жауғаннан кейін пайда болады. Ең бірінші жаңбыр жауады сосын кемпірқосақ пайда болады да ашық сары көк сондай түстерге болялады. Сосын 20 минуттан кейін немесе одан көп уақыттан кейін жоқ болып кетеді!
Әр топқа ақ қағаз беріледі. Оларға жеті доға салуға тапсырма беріледі. Балаларға сұрақ қойылады -Бұл не? -дуга,дұрыс, енді осы сөздің қазақша атауын кітаптан қарап оқимыз, қайталаймыз. -доға, деп оқушылар қайталайды. Енді осы іс-әрекетін қазақша сөйлеммен жазуға тырысамыз. Сен не салдың? деген сұраққа жауап жазамыз. екі оқушы бірігіп жазады. мысалы: Мен доға салдым. Мен жеті доға салдым. әр жұп өз сөйлемдерін оқиды. Енді әр топқа осы доғаларды басында белгілеген түстерімен бояу ұсынылады. Енді осы әрекеттерін сөйлем түрінде жазулары керек. Жеті доғаны жеті түске бояймын. Олар: қызыл, қызғыл сары, т.с.с. -Мұғалім барлық топқа сұрақ қояды: -Не шықты?Бұл не? -Бұл-кемпірқосақ. Енді үш топтың ішінен бір топ жаңағы жазылған сөйлемдерді топтастырып мәтін құрайды. Екінші топ кітапта жазылған үлгі бойынша сөйлейді. Кемпірқосақтың бірінші түсі- қызыл т.с.с Үшінші топ: Қандай түске бояйсың? сұрағына жауап дайындайды. бірінші доғаны қызыл түске бояймын.т.с.с барлық топ сөйлеп болған соң, сергіту сәті жасалады. Ойын ойналады Рұқсат етілмейтін түстер ойыны Алдымен мені мұқият тыңдаңыздар. Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жуаптарын баған бойына жазып отырасыздар және де бұл ойынның барысында мына 1 ережені сақтауымыз керек: 1. . Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды, тек соңғы сұрақта қайталауға болады. Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық. Сұрақтар: 1. Ағаштың түсі қандай? 2. Аспан түсі қандай? 3. Жапырақтың түсі қандай? 4. Күзде жапырақтың түсі қандай болады? 5. Күннің түсі қандай болады? 6. Қардың түсі қандай? 7. Теңіздің түсі қандай? 8. Қемпірқосақтың түсі қандай? Жауаптары: 1. Жасыл; 2. Көгілдір; 3. қызғылт сары; 4. Сары; 5. Қызыл; 6. ақ 7. көк 8. сабақтағы 7 түс айтылады; 3 кезеңде оқушыларға ақ қағазға бүгінгі өткен жаңа сөздерді жазу ұсынылады. Сосын сол жаңа сөздермен сөз тіркесін жазуы керек. Сосын бір сөйлем жазады. Уақыт қалмаса мұғалім жинап алады, қалса оушылар оқиды.
Сабақ соңында оқушылар мына сұрақтарға жауап береді. Сен не саласың? Сен қалай саласың? Саған қандай түстер керек? Осы үш сұрақты диалог түрінде сөйлесіп айтады. Ол 1-ші тапсырмамен салыстырылады.
Сосын әр топ өздерінің салған кемпірқосақтарының суретін тақтаға іледі, барлығы бірге "кемпірқосақ қандай әдемі" деген сөйлемді оқиды. Үйге тапсырма. жаңа сөздерді жаттау, мәтінді мазмұндау.