kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сырым Датұлының туғанына 275 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сырым Датұлының туғанына 275 жыл

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сырым Датұлының туғанына 275 жыл»

Жалпы білім беретін Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешені







Сырым Датұлының туғанына 275 жыл


тарихи танымдық кеш


Өткізген: мектеп кітапханашысы

Утарбаева Гулжанат Гусмановна



2016-2017 оқу жылы





Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған

«Батыр өмірі – ел тарихы» тарихи танымдық кеш



Мақсаты: Қазақ ұлтының азаттығы үшін күрескен кемеңгер, қара тілдің дүлділі, қазаққа белгілі алып тұлғаның бірі Сырым Датұлының еліне істеген қасиетін, өсиет етіп кеткен ұлағатты сөздерінің тәрбиелік маңызын жас оқырмандарға өнеге ету, насихаттау.


Көрнекілігі: кітап көрме, слайд


«Батыр өмірі – ел тарихы» атты тарихи танымдық кеш 3 бөлімнен тұрады:


1 бөлім «Көсем де шешен қайран ер» өмірбаяны

2 бөлім «Сырымның сырлы сөздері» сұрақ-жауап

3 бөлім «Сырым Датұлы - тарихи тұлға» кітап көрме


1 бөлім «Көсем де шешен қайран ер» өмірбаяны

Ұлты үшін ұланғайыр іс тындырып, ұлы тұлғаға айналған қазақ халқының ғана емес, өзге елдің де назарын өзіні аударған ұлы істердің ұйтқысы болған Сырым Датұлы ірі тарихи тұлғалардың бірі. Сырым – елдің елдігі мен еркіндігі үшін түн қатып, түсі қашқан нағыз батыр, алқалы топты аузына қаратқан білгір, шешен болған адам. Сырымның туған жері БҚО, Сырым ауданы, Жетікөл ауылы. Сырым – бозбала кезінде-ақ терең ақыл-ой иесі, кемеңгерлігімен көзге түсіп, құлаққа ілінеді. Ер жете келіп, өзінің бойынан көсемдік дарынды, шешендік өнерін, қылдай қиянатсыздығын, әділдігін шығарып халыққа кеңінен танымал болған. Оның асыл толғамдары, мінсіз айшықты ойлары, шабытқа толы сөздері баршаның аузына ілініп, елге тарайды.

Сырым – жақынын жараламай, алысын қараламай, ел татулығын сақтаған адам. Сырымның киелі аузынан шыққан жүйелі сөзі оны ел назарына ерте іліктірген.

Бірде Алдияр би: - Қарадан хан болдың

Айырдан нар болдың

Жоқтан бар болдың

Көнеден дәурен озды.

Көндей қамқа тозды

Атадан ұл озды

Анадан қыз озды, - деп оның алдына шығып, бағасына оздыра сөйлейді. Сонда Сырым:

- Қарадан хан болсам,

Халқым қалаған болар,

Айырдан нар болсам,

Атам жараған болар.

Көнеден дәурен озса,

Жасы жеткен болар.

Көндей қамқа тозса,

Дәурені өткен болар

Атадан ұл озса,

Ер жеткені болар.

Анадан қыз озса,

Еркелегені болар – деп жауап беріпті. Осы бір шағын үзіндіден-ақ Сырымның шалынды, жүйрік шабытты шешен болғандығын аңғарамыз. Сырым жиырма жасында би атанып, Байбақты руына басшы болды.

Жаңбырмен жер көгереді,

Батамен ел көгереді – дегендей данагөй Малайсары Сырымға: - «Балам, ар,-намыс ел алдындағы борыш, осы үшеуін мұрат тұт. Сонда саған ел ереді, сені көсем тұтады – деп, Алла сүйенішің болсын, алдын жазық болсын деп бата беріпті.

Оқушы: - Өткеніміз қалың тоң боп қатталады,

Ұрпақтардың санасында жатталады.

XV ғасырдан сонау кезден,

Қазақ деген ұлы халық басталады.


Елімізде талай батыр, хандар болған,

Әділетпен басқарған солар ғана...

Жәнібек пен Керейден соң көп хан болған,

Ішінде орны ерекше -Абылай дана.


Жер-суынан, ығысып, шетте қалып,

Ресейге қосылады біздің халық.

Сырым, Қасым, Исатай, Махамбеттер

Қалың қолды көтереді соған налып.


Жүргізуші: Кіші жүздін дәл сол кездегі саяси, әлуметтік жағдайы өте ауыр еді. Қазақ елін Ресей патша үкіметі құлақ кесті құл етуге тырысты. Жайықтан өтуге, балық аулап, мал жаюға тиым салып, айыптыларды жазалап отырды. Кіші жүз шаруашылығына елеулі нұқсан келтіріп, халықтың ашу-ызысын туғызды.

Жерлес ақын Қадыр Мырза Әлидің «Сырым Датұлы» атты арнау өлеңін мектебіміздің жас маманы, машықкер Айтжанова Фариза оқып береді.

Оқушы: - Сөгілді көбе, төгілді күбі-бал қымыз,

Сиынары бар да, сүйінері жоқ халқымыз.

Еділсіз қалды, егінсіз қалды еліміз,

Жайықсыз қалды, жайлаусыз қалды халқымыз.

Қай ұлың төзбек?

Жайылым көзден отаршыл,

Шүйгінін қарпып, билігін тартып алғасын.

Жүргізуші: - Патшалық Ресейдің қазақ жеріндегі отарлау саясатына қарсы Сырым батыр бастаған-халықтық көтеріліс 1783 жылдың күзінде басталды. Сырым Датұлы халықты көтергенде екі міндетті жүзеге асыруды көздеді. 1-ші халықты шет ел езгісінен құтқарып, ұлттық мемлекетті қалпына келтіру; 2-ші Жайықтың оң жақ бетіне-ежелгі ата мекенді қайтарып, жер мәселесін шешу еді.

Өзің ең қаршадайдан сөз бастаған

Деп едің бірлік болса тозбас далам.

Емес ең сөз бастаған шешен ғана

Ешкімде артық сіре санамас-ау,

Қолбасшы, кемеңгерім десем, баба.


Кітапханашы: - Енді осы Сырым бастаған көтеріліс үш кезеңнен тұрады.

1-ші кезең 1783-1784 жылы, бұл жылдары Сырым батыр орыстардың қазақ жұртына жасаған озбырлығына тойтарыс берді. Патша әкімшілігі әскерлеріне қазақ ауылдарына ойран салуға тйым салды, шекара 5-6 жыл тынышталды.

Көтерілістің 2-ші кезеңі 1785-1790 жылдарды қамтиды. Осы аралықта Сырым патша үкіметіне сатылып халықтың мұң-мұқтажын ұмытқан хан мен оның төңірегіндегі сұлтандарды ел басқарудан аластатып, хандық билікті жоюды, билікті халық қолына беуді көздейді.

3-ші кезең 1790-1797 жылдар аралығы еді. Сырым мен оның жақтастары Ресейге ашықтан-ашық соғыс жариялап бостандық пен тәуелсіздік туы астында қан-төгіс майдан азабын бастан кешті. Ресей сияқты алпуыт империяның күшті армиясына дала сарбаздарының әлсіз қаруы; оған қоса бірнеше дүркін қайталанған жұт халықты жүдетті, қазақтардың күнделікті тіршілігін мешеулікке ұшыратты. Нәтижесінде 14 жылға созылған Сырым бастаған халықтық қозғалыс жеңілмеді, бірақ тұншықты.

Жүргізуші : Сырым – қазақ халқының азаттығы үшін билерге қарсы күрескен айбынды батыр. Ол қазақ халқының патриоты халық батыры, ол – өмір бойы елінің Бостандығын көкседі. Сырым өз елінің намысы үшін ерлікпен күресіп-құрбан болудан ардақты қасиеті жоқ екенін өз өмірі үлгісімен көрсетті. 1802 жылы Сырым батыр Хиуа жерінде жауларының қатыгездігінің құрбаны болды. Сырым баба өлсе де, оның есімі, жақсы ісі өлген жоқ. Ол болашақ ұрпаққа азаттық ісін жалғастыруды өсиет етіп тапсырды.

7 сынып оқушылары Досмаева Құралай К.Хабиқызы «Сырым ата, ұйқыңнан оян бүгін», Болатова Мөлдір Е.Баймұхановтың «Сырым» атты өлеңін оқыды.

Оқушы: Шақырып жатыр бүгін аруақты,

-Абылай, Бөгенбай деп, Датұлы деп.

Еске алып ақындарды, батырларды,

Ұрпағын қайта аруақ шақырғанды.

-Өзіңнің туған елің, батыр бабам,

Сырым деп өшпейтұғын атыңды алды.

Ездікке, елсіздікке бұрылмаған,

Халық үшін жан ұшырып шырылдаған

Өзіңе бүгінге күн бас иеміз,

Айналып қасиетіңнен Сырым бабам.

А.Сұлтанов



2 бөлім «Сырымның сырлы сөздері» сұрақ-жауап


  1. Сырым өмір сүрген жылдары? (1742-1802жж)


  1. Сырымның туған жері? (Жетікөл ауылы)


  1. Сырымның би атанып байбақты руына басшы болғандағы жасы

(20 жасында)

  1. Сырымның шын аты кім? (Сырлыбай)

  2. Сырым неше ағайынды? (12 ағайынды)

  3. Сырым Датұлы қай жерде, қай жылы дүниеден озды?

(1802 жылы Хиуа жерінде)

  1. Ресейдің отарлау саясатына қарсы Сырым бастаған халықтық көтеріліс қашан басталды, неше жылға созылды?

(Ұлттық езгіге қарсы алғашқы ұлт-азаттық көтеріліс 1783 жылы басталып 14 жылға созылды. 1797 жылы аяқталды)

  1. Нұралыға Сырым бір кез келгенде амандаспай жүре беріпті. Нұралы: -Батыр қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау!- депті. Сонда Сырымның берген жауабы?

(Хан тасып жүрген жоқпын, қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін депті)

  1. Бала би шешен бірде Сырымға : - Ат пен ер қандай жерде , не үшін шабады деп сұрапты?

(Сонда Сырымның жауабы: -Ат шабысына қарай, ер намысына қарай шабады,-деп жауап беріпті)

  1. Үргеніш шешен «Сөз анасы не? Су анасы не? Жол анасы не? деп сауал қойыпты.

(Сөз анасы – құлақ , су анасы – бұлақ,жол анасы – тұяқ, -деп жауап беріпті )

  1. Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, Нұралы хан баланы шақырып алып - Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала есің неден кетіп еді?! – дейді. Сырымның берген жауабы қандай?

(Тақсыр, даланың оты олжа, суы нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық депті)

  1. Үргеніш шешен сөз айтыстырғанда - сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы жеңді ме? – деп сұрапты. Сырым жауабы:

(Сырымның айтқанын тыңдамай, сөзін соға берген адам Сырымды күнде жеңеді- депті)







3 бөлім «Сырым Датұлы - тарихи тұлға» кітап көрме


Дәйек сөз:

Екі дүниеде де ырзықтас,

Ұлым деп сүйсе батырын.

Ел иесі, жер иесі ұмытпас,

Байбақты Сырым Датұлын.

С.Сатанов

Көрмеге қойылған басылымдар:


  1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. – 580 бет + 32 бет түрлі-түсті суретті жапсырма.


  1. Жыр өзегі Жымпиты. Орал, 2006ж. – 320 б.



  1. Дала даналары. Құраст. ұжымы: Е. Әбен, Е. Дүйсенбайұлы, И. Тасмағамбетов, А.Құдабаев. – Алматы: Қазақстан даму институты. 2001. 640 б.



  1. Ақбай Жайсаң.

Сырым елі. – Орал, 2007. – 184 б.

  1. Сырым елінің сыршылдары. Орал, «Дастан» БПК ААҚ баспаханасы, 2003. – 63 бет.

  2. Китаров К.С.

Сырым батыр ұрпақтары. Орал, 2007. – 159 бет.

  1. Менің кіші Отаным. Сырым ауданының жер-су атаулары және тарихи орындары. «Шұғыла Принт» баспаханасы, 2015. – 112 бет.



  1. Дала кемеңгері немесе Сырым туралы сыр. «СӨЗСТАН» баспасы, 1992. – 70 бет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Сырым Датұлының туғанына 275 жыл

Автор: Утарбаева Гулжанат Гусмановна

Дата: 15.03.2017

Номер свидетельства: 400417

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Д?ниетанымы тере?,т?сігі ерен,білім-білігі кемел Сырым батыр"
    ["seo_title"] => string(61) "duniietanymytierientusighiierienbilimbilighikiemielsyrymbatyr"
    ["file_id"] => string(6) "311746"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459251117"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) ""Мен патриотпын" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(31) "mien_patriotpyn_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "438117"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1510316456"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "1916 жыл?ы ?лт – азатты? к?теріліс"
    ["seo_title"] => string(38) "1916-zhylg-y-u-lt-azattyk-kotierilis-1"
    ["file_id"] => string(6) "248749"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446783660"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Та?ырыбы: «А??АН Ж?ЛДЫЗ» (сыныптан тыс іс-шара) "
    ["seo_title"] => string(48) "tak-yryby-ak-k-an-zhu-ldyz-synyptan-tys-is-shara"
    ["file_id"] => string(6) "170170"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423503974"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Жанайдар Мусин прозасында?ы ту?ан жер суреттері"
    ["seo_title"] => string(47) "zhanaidarmusinprozasyndagytuganzhiersuriettieri"
    ["file_id"] => string(6) "292923"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455373352"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства