kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: «А??АН Ж?ЛДЫЗ» (сыныптан тыс іс-шара)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «А??ан ж?лдыз»

Ма?саты:

?аза? хал?ыны? біртуар перзенті Шо?ан У?лихановты? ?мірі мен ?скен ортасы, т?рбиесі жайлы тере?ірек танысу;

Шо?ан ?мірін ?лгі ете отырып, ?здерін саналылы??а , е?бекс?йгіштікке, ?з елін, отбасын с?йе білуге т?рбиелеу.

К?рнекілік: кітап  к?рмесі, слайд – шоу, Шо?ан сал?ан суреттері.

Барысы:

1. ?йымдастыру кезе?і

2. М??алімні? кіріспе с?зі.

Т?рехан:

         ?р уа?ытты? ?р кезе?інде халы?ты? біртуар данышпандары д?ниеге келген. Ондай дана перзенттер бірт?тас бір тарихи кезе?дегі халы?ты? м?дени ?лшеміне, рухани биігіне айналып отыр?ан. Сондай адамдарды? бірі – ХІХ ?асырда ?мір с?рген, кейінгі ?рпа??а рухани-?леуметтік м?ра ?алдыр?ан, ?лем мойында?ан дана ?алым  - Шо?ан У?лиханов.

Аяулым:

А??ан ж?лдыз атаныпсы?,
Жан бабам!
?асырлардан ?асырлар?а сам?а?ан.
Сор?алапсы? ?ара??ыда т???иы?,
Там?андай - а? ?арышта?ы та?бадан.
Асыл бабам,
А??ан ж?лдыз атан?ан,
А??ан ж?лдыз,
Лапылда?ын от - арман,
А??ан ж?лдыз,
А?ып ?ткен найза?ай,
Саналарды? са?ыныш тауын ?опар?ан, - деп а?ын Еркеш Ибра?им жырла?андай хал?ымызды? ойшылы, ?лтты? ма?танышымыз Шо?ан У?лихановты? ?ыс?а да саналы ??мырында артына ?алдыр?ан сан ?ырлы ?ылыми е?бектері туралы ке?інен ма?л?мат беріп, елі, хал?ы ?шін істеген игі істерін ма?тан, ?лгі ету ма?сатында  ж?не Шо?ан У?лихановты? ту?анына 180 жыл толуына арнал?ан  «А??АН Ж?ЛДЫЗ» атты кешке ?ош келді?іздер! ( баяу к?й орындалады)

 1-о?ушы:

?лемді шолып ой к?збен,

Тере?ге с??гіп бойла?ан.

?ай?ыны жазып бойды езген,

Тол?ан?ан ?р кез ойлы адам.

Тарихшы  елді зерттеген,

 Сапармен барып ?аш?ар?а!

2-о?ушы:

Тауларын кезіп Тянь-Шань,

Манасын жаз?ан ?ыр?ызды?.

 Жете алмай кеткен сан ?ыран

На? ж?лдыз еді б?л бізді?.

Жо??арды? батыс сілемін,

Мекендеп ?ал?ан м??гілік.

Ту?ан жер жауып кілемін,

«Алтынемел» т?р жа??ырып.

3-о?ушы:

?ылым о?ып, білгенше,

Тыным, тынышты? таппа?ан.

 Д?ние кезіп к?ргенше

Рахат іздеп жатпа?ан.

??йры?ты ж?лдыз секілді

Туды да к?п т?рмады.

К?рген, білген ?кінді

Мін та?ар жан болмады.

Т?рехан:

        Ия, ?аза? сахарасында «??йры?ты ж?лдыз » атан?ан Шо?ан У?лиханов есімі м??гі ?мытылмайды. Шо?анны? таланты телегей те?із, оны? ?алымды? ?рістері ?лан-байта? биіктерге серпілтіп жатады.

4-о?ушы:

     Шо?ан 1835 жылды? ?араша айында ?азіргі ?останай облысыны? ??см?рын бекетінде ту?ан. ?кесі Шы??ыс У?лихан?лы сол жерде а?а с?лтан бол?ан. ?з атасы У?ли де хан бол?ан. Ар?ы атасы ?аза?ты? ?лы ханы Абылай, Шо?ан оны? ш?бересі. Шо?анны? балалы? ша?ы Сырымбет тауыны? баурайында ?ткен.

Сахналы? к?рініс №1. «Бала?а ат ?ою»

Аяулым:

«Тектіден текті туар ?айталанбас...» дегендей ?аза?ты? ?лы ?алымы, зертеушісі, географ-саяхатшы  -  Шо?ан У?лихановты? жеті атасына к?з ж?гіртсек:

Шо?ан У?лиханов (Мухаммед?анафия)

Шы??ыс У?ли?лы – а?а с?лтан

У?лихан – хан

Абылай (?білманс?р) – ж?здерді? басын ?ос?ан хан

?білфаиз – Б??ара ханы

Есім – хан

Ж?нібек – ?аза? ханды?ын ??рушы

Жошы – хан

Шы??ысхан – ?лемді билеуші хан.

6 – о?ушы:

  Шо?анны? та?ы бір інісі- Ма?ы (Ма?ажан)У?лиханов(1844-1923) суретші бол?ан. Петербургтегі к?ркем?нерпаздар академиясыны? шеберханасында суретшілік ?ызметін ат?ар?ан. Ма?ы Петербургте 11 жыл т?р?ан. ?аза?станны? ата?ты суретшісі  Шота У?лиханов Ма?ыны? немересі.

 

7- о?ушы:

Шо?ан орта ж?з ханы Абылайды? ш?бересі. Біз Абылай ханды а?ылын, айбарын хал?ыны? азатты?ы жолында ж?мса?ан ?лы к?рескер ж?не санда?ан шай?астарда батырлы?ымен талайды та? ?алдыр?ан ерж?рек жауынгер ретінде жа?сы білеміз.

8-о?ушы:

Шо?анны? ?жесі – Ай?аным. Ай?аным немересі Шо?анды 5-6 жасынан ертегі, ?иссаларды ты?датты, с?лулы?ты ?астерлеуге, таби?атты с?юге о?у?а ынтасын арттыру?а к??іл аудар?ан.

9- о?ушы:

Шо?анны? ?йелі – Айсары. Шо?ан ?лгеннен кейін ?аза?ты? ?ме?герлік ??рпымен ?зіне тетелес інісі Жа?ып?а ?осылады. Айсары Жа?ыптан Раби?а есімді ?ызды болады.

Т?рехан:

«Жеті ж?ртты? тілін білуге тиісті» хан т??ымы бол?анды?тан, ауыл мектебінде о?ып, арабша хат таны?ан Шо?ан араб, ша?атай тілдерін ме?гереді.

Сахналы? к?рініс №2. «Шо?анны? балалы? ша?ы»

Аяулым:

Ар?ада жер жетпейді Бурабай?а,
Б?ленген б?йра сыпса? ?ара?ай?а.
Кербез с?лу К?кшетау Ар?ада?ы,
Ертеде ?оныс бол?ан Абылай?а.
Шо?анны? ата - бабаларына ?оныс бол?ан жер К?кшетау елі.
?н: «Ойжайлау»  орындайтын Н?ржанова Дильназ.

Т?рехан:

1847-1853 жылдары оны ?кесі сол кезде Сібірдегі е? та?даулы о?у орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Онда ?скери саба?тар?а ?оса жалпы ж?не Ресей жа?рафиясы мен тарихы, батыс, орыс ?дебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері ж?рген.

Сахналы? к?рініс №3. «Кадет корпусына келуі»

Аяулым:

?аза?тын к?гінде,

?лемні? т?рінде,

Жар?ырап, жайна?ан

Ж?лдыздай к?рінді  деп а?ын жырла?андай тарихшы, публицист, лингвист, географ, археолог, этнограф, саяхатшы Шо?ан У?лиханов ту?ан хал?ы ?шін к?п е?бек етті, оны? салт-д?ст?рін, ?дет-??рпын, дінін,тілін ж?не т?рмысты? ерекшеліктерін зерттеді.Бір с?збен айтса?, Шо?ан – ??лама.

10- о?ушы:

Шо?ан – суретші. Шо?аннан ?ал?ан м?раны? бірі бейнелеу ?неріндегі зерттеулері. Б?л е?бектер оны? ?нерді? осы саласында?ы ?аза?ты? т???ыш профессионал суретшісі бол?анын д?лелдейді. Ол негізінен портрет, пейзаж ж?не халы?ты? т?рмыс салтын бейнелеумен айналыс?ан. Одан 150 – дей сурет ?ал?ан.

11- о?ушы:

Шо?ан – ?дебиетші.Ш. Ш. У?лиханов — ?аза? ж?не ?ыр?ыз халы?тарыны? бай ?дебиет ?орын т???ыш зерттеуші екендігі де ерекше. Оны? е?бектері:«?аза?ты? халы? поэзиясыны? ?лгілері туралы», «Орта ж?з ?аза?тарыны? а?ыз- ертегілері», «18-?асырды? батырлары туралы тарихи а?ыздар», «Едіге мен То?тамыс туралы а?ыз», «Едіге», «Шона батыр», «Манас» жырын т???ыш зерттеуі ж?не оны? «К?кетай ханны? асы» деген ?лкен бір б?лімін орысша?а аударуы т. б.

12 - о?ушы:

Шо?ан – саяхатшы. 1856 жылы М.М. Хоментовский бас?ар?ан ?скери ?ылыми экспедиция?а ?атысып, ?ыр?ыз елін жете зерттеп, Ысты? к?л айма?ыны? картасын жасасады. ?ыр?ыздар мен ?лы ж?з ?аза?тарыны? тарихы, этнографиясы жайлы м?ліметтер жинайды, ауыз ?дебиетіні? н?с?аларын жазып алады.

13-о?ушы: Шо?ан – саяхатшы.П.П.Семенов-Тянь-Шанский ?зіні? Жетісу бойында?ы зерттеулерін ж?ргізген кезде Шо?ан пікіріне ?немі ден ?ойып, а?ылдасып отыр?ан. Ысты?к?л сапарында біраз жерлерді бірге арала?ан. Семенов-Тянь-Шанскийді? ?сынуымен 1857 жылы 27 а?панда Шо?ан Орыс География ?о?амыны? толы? м?шелігіне сайланады. Б?л орыс ?о?амы зиялыларыны?, орыс ?ылымыны? жас ?алым е?бектерін зор ба?ала?анды?ы, ?ылым мен м?дениетке ?ос?ан ?лесін мойында?анды?ы екеніні? д?лелі.

Слайд –шоу к?рсетіледі.(Шо?ан сал?ан суреттер)

Сахналы? к?рініс №4. «Генерал мен Шо?ан»

Т?рехан:

Дарын?а ба? тілеп,

Айтылып а? тілек,

?ылымны? шы?ында ол,

?анатын жо?ары ?а?ты - деп Шо?анды ?аза? хал?ыны? ?ана емес, жалпы ?аламны?  азаматы ретінде таниды. Келесі кезекті Шо?ан туралы айт?ан ?лы ??ламаларды? естеліктерінен ?зінділерге берелік.

14 – о?ушы:

Шо?ан – саяхатшы.?аш?арияда Шо?ан 1858 жылды? 1 октябрінен 1859 жылды? март айыны? ортасына дейін бол?ан кезде б?л айма?ты — ?аш?ар ?аласы мен Алты ша?ар елін тере? зерттейді. Ол кезде алты ша?ар деп солт?стіктен Тянь-Шань, о?т?стіктен К?н-Лунь тауы ?оршап т?р?ан ?аш?ар, А?су, Учтурфан, Янысар, Жаркент, Хотан ?алаларын айтады екен. ?о?ан ханыны? ?аш?арда?ы сауда консулы, ?рі саяси резиденті, егде тарт?ан ресми адаммен Шо?анны? сыйлас, ??рметтес болуы сапар н?тижелеріні? ?німді де пайдалы болуына ед?уір ж?рдемдескен.

15- о?ушы:

Шо?ан – ?о?ам ?айраткері. 1863-64 жылдары Шо?ан Омбы?а барып, Сібір ?аза?тары ?шін жасалып жат?ан сот реформасын дайындау ісіне ?атысып, б?л реформаны? елге тиімді, пайдалы болу жа?ынан ?арастырады. Осы кезде Шо?ан "Сот реформасы туралы жазбалар" атты ?зіні? ата?ты е?бегін жазды. Ал саяси реформа сол экономикалы? реформаларды ж?зеге асыруды? ??ралы есебінде ж?ргізілмек, ?йткені ?рбір адам ж?не б?кіл адам баласы ?зіні? ?рлеу жолында т?пкілікті бір ма?сат?а ?мтылады. Ол ма?сат – ?зіні? т?рмысын жа?сарту.

16 – о?ушы:

"Бізден жасы кіші болса да, ?зімізбен салыстыр?анда, ол ?лкен сы?ылды еді де, біздер о?ан ?ара?анда бала т?різді едік, ?зіні? бізден арты? білетіндігін не біздерден білімі жа?ынан жо?арлылы?ын білдіруге тырыспаса да, жай ??гімені? ?зінде - а?, оны? біліміні? бізден арты?ты?ы танылып ?алатын. Жалпы жолдастарына, соны? ішінде ма?ан, ол еріксіз "Еуропа?а аш?ан терезе" сы?ылды болды" Г. И. Потанин.

17 –о?ушы:

«Шо?ан т?л?асы таусылмайтын сыр?а бай, ?ажайып т?л?а ?ой. Кейде ?зі?мен ?зі? болып ой кешіп отыр?анда, Шо?ан ?мірде рас болды дегенге сені?кіремейтінім рас. Келте ??мырына соншалы?ты мол е?бекті ?алай ?ана сыйдыр?ан десе?ізші?...» Ш.Айтматов

18 – о?ушы:

«Шы??ысты? с?йген ?лы Шо?ан еді,

 Империя – патша ж?рты т?мам к?рді.

 ?нері топтан ас?ан жігіт еді,

С?м та?дыр сапар жолда ?аза берді », - деп жырлады А?ан сері.

Аяулым:

Нау?асы ме?дегендіктен Петербургтен елге орал?ан Шо?ан ту?ан хал?ыны? екі жа?ты ?анауда езілгенін к?ріп, 1862 жыл?ы сайлауда Атбасар округыны? а?а с?лтаны болу?а талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу ?шін а?а с?лтан бол?ым келді.С?йтіп ж?ргенде ескі ?кпе ауруы ?айта ?озып, Шо?ан 1865 жылды? с?уірінде ?айтыс болады. Оны? с?йегі Алтынемел тауыны? баурайында?ы К?шен то?ан деген жерге ?ойылады.

Т?рехан:

Шо?анны? ?мірі – е? ?лгілі ?мір. Ол не бары 30 жас?а келіп ?айтыс болды. Сонды?тан да шы?ыстанушылар оны? ?мірін а??ан ж?лдызбен, жары? ж?лдызбен, дала ж?лдызымен те?еп келеді. Шо?ан – ?асырлар?а ?ызмет ететін ?лы т?л?а.

Сахналы? к?рініс №6. «Шы??ыс пен Потанин»

Аяулым:

?азіргі к?нде ?лтты? ?ылым академиясыны? Тарих, Археология  ж?не  Этнография  институтына, Республикамызды? бірнеше  мектептері мен Алматыда?ы №12 ?аза? орта мектебіне, ке?шарлар?а, ауыл-селолар?а, к?шелерге Ш.У?лиханов есімі берілген. «Шо?аны бар ел – шо?ты?ы биік ел».

19-о?ушы:

1969 жылы биіктігі 8 метр, т??ыры габбрс тасынан ?рілген, ?лтты? ?ылым академия ?имаратыны? бас корпусына ?аратып орналастырыл?ан Шо?ан ескерткіші ?оладан ??йылды. Ал Іле Алатауыны? солт?стік беткейіндегі биіктігі 4234 метрлік шы??а да ?лы ?алым есімі берілді.

20-о?ушы:

1985 ж елімізде ?лы ?алымны? ту?анына 150 жыл толу мерекесі ке?інен аталып ?тті. ?нер иелері Шо?ан бейнесін сомдап, т?л?аландырды. Соны? ішінде ?білхан ?астеевті? «Шо?ан У?лиханов» атты акварельдік картинасын б?ліп атау?а болады. Содай-а? М.Аманжолов, ?.Оспанов, ?.?жиев, М.Зулф?харовтар шы?армашылы?ынан Шо?ан У?лиханов та?ырыбы ке? орын алады.

21-о?ушы:

 Театр сахнасында Шо?ан ролін т?л?ала?ан актерлерден Ж.Шанинні? 1955-1957 жылдар аралы?ында?ы ізденістері мен Н.Жант?рин жаса?ан Шо?анны? парасатты да пайымды, а?ылды да зерек, сымбатты да сыпайы дос?а таза,д?шпан?а ымырасыз кейпін аны? бере білген.

22-о?ушы:

 Шо?ан жайлы ал?аш?ы фильм 1957 жылы т?сірілген. 1985 жылы Асан?лі ?шімовты? жетекшілігімен «Шо?ан У?лиханов» атты 4 сериялы телевизиялы? к?ркемфильм жасап шы?арылды. Онда Шо?анны? 12 жасынын ?міріні? со?ына дейінгі та?дыры ?амтыл?ан. Шо?ан роліндегі Са?и ?шімовты? таланты айдан аны? к?рінді.

23 - о?ушы:

 ?.М?сірепов былай дейді: «Тілегім келер к?нге ны? бас?ан ?адамымызбен Шо?анны? Шо?анды?ы, ?лыны? ?лылы?ын ?лкен ма?танышпен жыр етіп отырмын. ?лы перзентін басына ас?а?тата к?терген халы?ты? ?ана шо?ты?ы биіктей т?сетінін ?мытпса? деймін! Шо?аны бар ел – шо?ты?ы биік ел».

Аяулым:

Бейнелеу ?неріні? ?зге т?рлерінен г?рі салыстырмалы ал?анда м?сіндеу ?нерінде Шо?ан образы айтулы д?режеде ?з шешімін тап?ан. Мысалы: Шо?ан У?лихановты? Алматыда?ы ескерткіші.

Т?рехан:

 ?ымбатты о?ушылар, ?стаздар ж?не ?адірменді ?она?тар! Мектебімізде ?здері?ізбен бірге ??лама ?алым Шо?ан У?лиханов?а арнал?ан кеште біз Шо?анды ?ыр-сырынан таныды? деп білеміз. Шо?ан- демократ ?алым, дін зерттеуші, ?дебиет зерттеуші, барлаушы, суретші, полиглот, к?й зерттеуші, географ, тарихшы, ???ы?ты зеттеуші, этнограф ?алым, саяхатшы,

?н «Ту?ан жер» орындайтын Н?рболат пен Ба?дат

М??алімні? ?орытынды с?зі: Ия, айта берсек, Шо?ан таусылмайтын жыр, сар?ылмайтын сыр. Хал?ымызды? ?лы перзенті, ?з еліні? те?дігі мен ?рлеп дамуы, елдік д?режесі туралы армандап кетсе, ?рпа?тары  сол армандарды б?гінгі та?да ж?зеге асырып, егеменді еліміз д?ниеж?зілік ?ркениетті елдерді? ?атарында т?р?анын ма?танышпен айта аламыз. Елімізді? шо?ты?ы биіктей т?ссін, Шо?андай жастар ар?ылы к?ркейіп, г?лдене берсін!

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «А??АН Ж?ЛДЫЗ» (сыныптан тыс іс-шара) »

Астана қаласы Білім басқармасы

№14 мектеп - гимназиясы











Тақырыбы: «АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ»

(сыныптан тыс іс-шара)



Өткізген география пәні мұғалімі:Ергалиева Н.У









Астана 2015

Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арналған

«Аққан жұлдыз» атты кеш

"Сүйер ұлың болса,

Сен де сүй.

Сүйінерге жарар ол"

(Абай.)

Тақырыбы: «Аққан жұлдыз»

Мақсаты:

Қазақ халқының біртуар перзенті Шоқан Уәлихановтың өмірі мен өскен ортасы, тәрбиесі жайлы тереңірек танысу;

Шоқан өмірін үлгі ете отырып, өздерін саналылыққа , еңбексүйгіштікке, өз елін, отбасын сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: кітап көрмесі, слайд – шоу, Шоқан салған суреттері.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Төрехан:

Әр уақыттың әр кезеңінде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген. Ондай дана перзенттер біртұтас бір тарихи кезеңдегі халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отырған. Сондай адамдардың бірі – ХІХ ғасырда өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым - Шоқан Уәлиханов.

Аяулым:

Аққан жұлдыз атаныпсың,
Жан бабам!
Ғасырлардан ғасырларға самғаған.
Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,
Тамғандай - ақ ғарыштағы таңбадан.
Асыл бабам,
Аққан жұлдыз атанған,
Аққан жұлдыз,
Лапылдағын от - арман,
Аққан жұлдыз,
Ағып өткен найзағай,
Саналардың сағыныш тауын қопарған, - деп ақын Еркеш Ибраһим жырлағандай халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан, үлгі ету мақсатында және Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арналған «АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ» атты кешке қош келдіңіздер! ( баяу күй орындалады)

1-оқушы:

Әлемді шолып ой көзбен,

Тереңге сүңгіп бойлаған.

Қайғыны жазып бойды езген,

Толғанған әр кез ойлы адам.

Тарихшы елді зерттеген,

Сапармен барып Қашқарға!

2-оқушы:

Тауларын кезіп Тянь-Шань,

Манасын жазған қырғыздың.

Жете алмай кеткен сан қыран

Нақ жұлдыз еді бұл біздің.

Жоңғардың батыс сілемін,

Мекендеп қалған мәңгілік.

Туған жер жауып кілемін,

«Алтынемел» тұр жаңғырып.

3-оқушы:

Ғылым оқып, білгенше,

Тыным, тыныштық таппаған.

Дүние кезіп көргенше

Рахат іздеп жатпаған.

Құйрықты жұлдыз секілді

Туды да көп тұрмады.

Көрген, білген өкінді

Мін тағар жан болмады.

Төрехан:

Ия, қазақ сахарасында «құйрықты жұлдыз » атанған Шоқан Уәлиханов есімі мәңгі ұмытылмайды. Шоқанның таланты телегей теңіз, оның ғалымдық өрістері ұлан-байтақ биіктерге серпілтіп жатады.

4-оқушы:

Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Өз атасы Уәли де хан болған. Арғы атасы қазақтың ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен.

Сахналық көрініс №1. «Балаға ат қою»

Аяулым:

«Тектіден текті туар қайталанбас...» дегендей қазақтың ұлы ғалымы, зертеушісі, географ-саяхатшы - Шоқан Уәлихановтың жеті атасына көз жүгіртсек:

Шоқан Уәлиханов (Мухаммедқанафия)

Шыңғыс Уәлиұлы – аға сұлтан

Уәлихан – хан

Абылай (Әбілмансұр) – жүздердің басын қосқан хан

Әбілфаиз – Бұқара ханы

Есім – хан

Жәнібек – қазақ хандығын құрушы

Жошы – хан

Шыңғысхан – әлемді билеуші хан.

6 – оқушы:

Шоқанның тағы бір інісі- Мақы (Мақажан)Уәлиханов(1844-1923) суретші болған. Петербургтегі көркемөнерпаздар академиясының шеберханасында суретшілік қызметін атқарған. Мақы Петербургте 11 жыл тұрған. Қазақстанның атақты суретшісі Шота Уәлиханов Мақының немересі.


7- оқушы:

Шоқан орта жүз ханы Абылайдың шөбересі. Біз Абылай ханды ақылын, айбарын халқының азаттығы жолында жұмсаған ұлы күрескер және сандаған шайқастарда батырлығымен талайды таң қалдырған ержүрек жауынгер ретінде жақсы білеміз.

8-оқушы:

Шоқанның әжесі – Айғаным. Айғаным немересі Шоқанды 5-6 жасынан ертегі, қиссаларды тыңдатты, сұлулықты қастерлеуге, табиғатты сүюге оқуға ынтасын арттыруға көңіл аударған.

9- оқушы:

Шоқанның әйелі – Айсары. Шоқан өлгеннен кейін қазақтың әмеңгерлік ғұрпымен өзіне тетелес інісі Жақыпқа қосылады. Айсары Жақыптан Рабиға есімді қызды болады.

Төрехан:

«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді.

Сахналық көрініс №2. «Шоқанның балалық шағы»

Аяулым:

Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсаң қарағайға.
Кербез сұлу Көкшетау Арқадағы,
Ертеде қоныс болған Абылайға.
Шоқанның ата - бабаларына қоныс болған жер Көкшетау елі.
Ән: «Ойжайлау» орындайтын Нұржанова Дильназ.

Төрехан:

1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген.

Сахналық көрініс №3. «Кадет корпусына келуі»

Аяулым:

Қазақтын көгінде,

Әлемнің төрінде,

Жарқырап, жайнаған

Жұлдыздай көрінді деп ақын жырлағандай тарихшы, публицист, лингвист, географ, археолог, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлиханов туған халқы үшін көп еңбек етті, оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дінін,тілін және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттеді.Бір сөзбен айтсақ, Шоқан – ғұлама.

10- оқушы:

Шоқан – суретші. Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150 – дей сурет қалған.

11- оқушы:

Шоқан – әдебиетші.Ш. Ш. Уәлиханов — қазақ және қырғыз халықтарының бай әдебиет қорын тұңғыш зерттеуші екендігі де ерекше. Оның еңбектері:«Қазақтың халық поэзиясының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз- ертегілері», «18-ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз», «Едіге», «Шона батыр», «Манас» жырын тұңғыш зерттеуі және оның «Көкетай ханның асы» деген үлкен бір бөлімін орысшаға аударуы т. б.

12 - оқушы:

Шоқан – саяхатшы. 1856 жылы М.М. Хоментовский басқарған әскери ғылыми экспедицияға қатысып, қырғыз елін жете зерттеп, Ыстық көл аймағының картасын жасасады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады.

13-оқушы: Шоқан – саяхатшы.П.П.Семенов-Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізген кезде Шоқан пікіріне үнемі ден қойып, ақылдасып отырған. Ыстықкөл сапарында біраз жерлерді бірге аралаған. Семенов-Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 27 ақпанда Шоқан Орыс География қоғамының толық мүшелігіне сайланады. Бұл орыс қоғамы зиялыларының, орыс ғылымының жас ғалым еңбектерін зор бағалағандығы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін мойындағандығы екенінің дәлелі.

Слайд –шоу көрсетіледі.(Шоқан салған суреттер)

Сахналық көрініс №4. «Генерал мен Шоқан»

Төрехан:

Дарынға бақ тілеп,

Айтылып ақ тілек,

Ғылымның шыңында ол,

Қанатын жоғары қақты - деп Шоқанды қазақ халқының ғана емес, жалпы ғаламның азаматы ретінде таниды. Келесі кезекті Шоқан туралы айтқан ұлы ғұламалардың естеліктерінен үзінділерге берелік.

14 – оқушы:

Шоқан – саяхатшы.Қашғарияда Шоқан 1858 жылдың 1 октябрінен 1859 жылдың март айының ортасына дейін болған кезде бұл аймақты — Қашғар қаласы мен Алты шаһар елін терең зерттейді. Ол кезде алты шаһар деп солтүстіктен Тянь-Шань, оңтүстіктен Күн-Лунь тауы қоршап тұрған Қашғар, Ақсу, Учтурфан, Янысар, Жаркент, Хотан қалаларын айтады екен. Қоқан ханының Қашғардағы сауда консулы, әрі саяси резиденті, егде тартқан ресми адаммен Шоқанның сыйлас, құрметтес болуы сапар нәтижелерінің өнімді де пайдалы болуына едәуір жәрдемдескен.

15- оқушы:

Шоқан – қоғам қайраткері. 1863-64 жылдары Шоқан Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысып, бұл реформаның елге тиімді, пайдалы болу жағынан қарастырады. Осы кезде Шоқан "Сот реформасы туралы жазбалар" атты өзінің атақты еңбегін жазды. Ал саяси реформа сол экономикалық реформаларды жүзеге асырудың құралы есебінде жүргізілмек, өйткені әрбір адам және бүкіл адам баласы өзінің өрлеу жолында түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол мақсат – өзінің тұрмысын жақсарту.

16 – оқушы:

"Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде - ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды" Г. И. Потанин.

17 –оқушы:

«Шоқан тұлғасы таусылмайтын сырға бай, ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып ой кешіп отырғанда, Шоқан өмірде рас болды дегенге сеніңкіремейтінім рас. Келте ғұмырына соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші?...» Ш.Айтматов

18 – оқушы:

«Шыңғыстың сүйген ұлы Шоқан еді,

Империя – патша жұрты тәмам көрді.

Өнері топтан асқан жігіт еді,

Сұм тағдыр сапар жолда қаза берді », - деп жырлады Ақан сері.

Аяулым:

Науқасы меңдегендіктен Петербургтен елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді.Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшен тоған деген жерге қойылады.

Төрехан:

Шоқанның өмірі – ең үлгілі өмір. Ол не бары 30 жасқа келіп қайтыс болды. Сондықтан да шығыстанушылар оның өмірін аққан жұлдызбен, жарық жұлдызбен, дала жұлдызымен теңеп келеді. Шоқан – ғасырларға қызмет ететін ұлы тұлға.

Сахналық көрініс №6. «Шыңғыс пен Потанин»

Аяулым:

Қазіргі күнде Ұлттық Ғылым академиясының Тарих, Археология және Этнография институтына, Республикамыздың бірнеше мектептері мен Алматыдағы №12 қазақ орта мектебіне, кеңшарларға, ауыл-селоларға, көшелерге Ш.Уәлиханов есімі берілген. «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел».

19-оқушы:

1969 жылы биіктігі 8 метр, тұғыры габбрс тасынан өрілген, Ұлттық Ғылым академия ғимаратының бас корпусына қаратып орналастырылған Шоқан ескерткіші қоладан құйылды. Ал Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі биіктігі 4234 метрлік шыңға да ұлы ғалым есімі берілді.

20-оқушы:

1985 ж елімізде ұлы ғалымның туғанына 150 жыл толу мерекесі кеңінен аталып өтті. Өнер иелері Шоқан бейнесін сомдап, тұлғаландырды. Соның ішінде Әбілхан Қастеевтің «Шоқан Уәлиханов» атты акварельдік картинасын бөліп атауға болады. Содай-ақ М.Аманжолов, Қ.Оспанов, Ү.Әжиев, М.Зулфұхаровтар шығармашылығынан Шоқан Уәлиханов тақырыбы кең орын алады.

21-оқушы:

Театр сахнасында Шоқан ролін тұлғалаған актерлерден Ж.Шаниннің 1955-1957 жылдар аралығындағы ізденістері мен Н.Жантөрин жасаған Шоқанның парасатты да пайымды, ақылды да зерек, сымбатты да сыпайы досқа таза,дұшпанға ымырасыз кейпін анық бере білген.

22-оқушы:

Шоқан жайлы алғашқы фильм 1957 жылы түсірілген. 1985 жылы Асанәлі Әшімовтың жетекшілігімен «Шоқан Уәлиханов» атты 4 сериялы телевизиялық көркемфильм жасап шығарылды. Онда Шоқанның 12 жасынын өмірінің соңына дейінгі тағдыры қамтылған. Шоқан роліндегі Сағи Әшімовтың таланты айдан анық көрінді.

23 - оқушы:

Ғ.Мүсірепов былай дейді: «Тілегім келер күнге нық басқан қадамымызбен Шоқанның Шоқандығы, Ұлының ұлылығын үлкен мақтанышпен жыр етіп отырмын. Ұлы перзентін басына асқақтата көтерген халықтың ғана шоқтығы биіктей түсетінін ұмытпсақ деймін! Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел».

Аяулым:

Бейнелеу өнерінің өзге түрлерінен гөрі салыстырмалы алғанда мүсіндеу өнерінде Шоқан образы айтулы дәрежеде өз шешімін тапқан. Мысалы: Шоқан Уәлихановтың Алматыдағы ескерткіші.

Төрехан:

Қымбатты оқушылар, Ұстаздар және қадірменді қонақтар! Мектебімізде өздеріңізбен бірге ғұлама ғалым Шоқан Уәлихановқа арналған кеште біз Шоқанды қыр-сырынан таныдық деп білеміз. Шоқан- демократ ғалым, дін зерттеуші, әдебиет зерттеуші, барлаушы, суретші, полиглот, күй зерттеуші, географ, тарихшы, құқықты зеттеуші, этнограф ғалым, саяхатшы,

Ән «Туған жер» орындайтын Нұрболат пен Бағдат

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ия, айта берсек, Шоқан таусылмайтын жыр, сарқылмайтын сыр. Халқымыздың ұлы перзенті, өз елінің теңдігі мен өрлеп дамуы, елдік дәрежесі туралы армандап кетсе, ұрпақтары сол армандарды бүгінгі таңда жүзеге асырып, егеменді еліміз дүниежүзілік өркениетті елдердің қатарында тұрғанын мақтанышпен айта аламыз. Еліміздің шоқтығы биіктей түссін, Шоқандай жастар арқылы көркейіп, гүлдене берсін!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Та?ырыбы: «А??АН Ж?ЛДЫЗ» (сыныптан тыс іс-шара)

Автор: Ергалиева Нагима Уткелбаевна

Дата: 09.02.2015

Номер свидетельства: 170170


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства