К?кшетау ?аласында?ы № 17 орта мектепті? ?аза? тілі п?ні м??алімі
2016 жыл – жалпы ?аза?стан, соны? ішінде А?мола облысы ?шін де айтулы мерекелерге толы болма?. Осындай елеулі датаны? бірі – К?кшетау ??ірінен туып шы??ан белгілі журналист, жазушы Жанайдар Мусинні? 80 жылды? мерейтойы. ?зіні? «?амшыны? сабындай» дерлік ?ыс?а ?ана саналы ??мырында ту?ан хал?ы ?шін елеулі е?бек сі?іріп, рухани мол м?ра ?алдыр?ан Жанайдар Баймырза?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ын б?гінгі жас ?рпа? жадында жа??ыртып, орынды насихаттау – б?гінгі буын, біздерді? парызымыз деп білемін. Сонды?тан да, шы?армашыл т?л?аны? шы?армаларында?ы ту?ан жер суреттері, онда?ы отаншылды? рух туралы ?алам тартып, талдау жасауды ж?н к?рдік.
К?гілдір таулар ішінде
К?рінген кербез ол бірі.
Жасыма, достар жасыма,
Е?бегі белгі басына.
Ол жазды атын ?лместей,
К?кшені? к?ркем тасына[1,2 б.], -
деп ?аза?станны? Халы? жазушысы К?кімбек Салы?ов жырла?анындай, К?кшені? к?ркем тасына ?лмес туындылары ар?ылы атын жазып кеткен Жанайдар Мусин шы?армашылы?ы оны? ту?ан жеріні? к?ркем тауларымен м??гілік т?тасып кеткендей. Біз ма?аламызда жазушыны? К?кшетауды? ?ажайып таби?атын ар?ау еткен келісті шы?армаларында?ы к?ркем пейзаждарды ?арастырма?пыз. М?ндай к?ркем айшы?тар жазушыны? барлы? туындыларында ?ріліп отыр?анымен, «А? ала?», «Жер шо?ты?ы К?кшетау», «Ту?ан ?йді? т?тіні» туындыларында жиі ?шырасатынды?ын к?реміз. ?аламгер ?шін ту?ан жеріні? ?рбір жыл мезгілі ?зінше с?лу, онда?ы ?рбір ?имыл-?рекет, тысыр еткен дыбыс та етене жа?ын. Жазушы ?зін ту?ан жер таби?атыны? тамыршысы ретінде сезінетіндей. С?зімізге жазушы шы?армасынан алын?ан ?зінді ар?ылы д?лел іздейік: «Бойы? ?йрене келе орман ішіні? тылсым тынысынан к?п жайды а??арамыз. ?уеде ?лп еткен жел жо?, к?нде м?лгіген ?нсіз орманны? ?зінен де ?ажап дыбыс, ??гіме-сыбыс еститіні? ха?. Тек к?зі?ді тігіп ?арап, ??ла?ы?ды т?ріп ты?дап, ??ынар к?йге бейімделе бер. Бір-бірімен б?талары ?оян-?олты? ?ауышып, жапыра?тары с?йіскен а? ?айындар мен к?ре? ?ара?айлар арасында жасыл к?мбезді? астында демі?ді ішіне тартып, т?ра ?алшы. Сансыз тілде с?йлеген ?р ?илы н?зік ?ндер баурап бара жат?анын сезбей де ?аласы?. Ты?ыр-ты?ыр, сыбдыр-сыбдыр, тыс-тыс, то?-то? еткен ж?мба? дыбыстар, сырлы дыбыстар. Т?ра ?алып ты?дайсы?. Алпауыт біреу а?ашты? басына ?рмелеп шы?ып бара жат?андай сы?ыр-сы?ыр ете ?ал?ан б?талар ?ай т?ста екен деп ?лде бір жа??а б?рыла ?арайсы?. ?лде кімді ?ркітіп алмайын, дыбыс иесін шошытып жібермейін дегендей, ая?ы?ды мысы? ж?ріспен, еппен, санап басасы?. ?р ?адамы? сайын жа?алы? аш?андай ?лденеге та?данасы?. ?нсіз жылжисы?, ?нсіз естисі?, ?нсіз к?рсінесі?.!»[2, 13 б.].
Жанайдар Мусин шы?армаларын о?ы?ан кез келген адам, оны? ішінде К?кшетау?а келіп к?рмеген, ?зге ?лкені? т?р?ыны жазушы суреттеуіндегі ?ажайып таби?ат?а сырттай ?ашы? болып, бір к?руге ынты?ары с?зсіз.
К?птеген ?аза? жазушылары ту?ан жерде балалы? ша?ын ?ткізгенімен, ?скен со? тіршілік ?амымен к?бінесе сол кездегі ел астанасы Алматы?а немесе ?зге ?лкен ?алалар?а т?ра?тап, алыстан жазса, Жанайдар Мусинні? олардан ерекшелігі – кіндік ?аны там?ан К?кшетау ?лкесінде т?рып, ж?мыс бабымен, демалыс с?ттерінде, немесе ??рметті ?она?тарды ?арсы алып, аралату барысында жылды? т?рт мезгілінде таби?атпен, онда?ы адамдармен біте ?айнасып, т?тасып кеткендігі болса керек. Жазушы ?зі к?нделікті ку? болып ж?рген таби?ат ?алпы, оны? ерекшеліктерін сол ?алпында баяндап берсе де, б?л жаз?андары шынайы шы?ып, о?ырманды баурап ?кетеді. Б??ан мысалды «Жер шо?ты?ы К?кшетау» туындысынан іздеп к?релік: «Алды?нан жар? етіп А? ала? шы?а келеді. Таби?атты? тамаша тартуыны? бірі деп осы ала?ды айт. Оны? ?ажабы – айры?ша мироклиматында.
Метеорологиялы? зерттеулер н?тижесіне ?ара?анда, б?л жерді? микроклиматы Бурабайды? бас?а жерлерімен салыстыр?анда ж?мса?ыра?, жылыра? екен. Ал желді? жылдамды?ы мен ауаны? ыл?алды?ы біршама т?мен. Б?л – оны жартастар, ?ара?айлы ?алы? орман айнала ?оршап т?р?анды?тан болса керек. А? ала??а к?н с?улесі де мол ??йылады. ?алымдарды? д?лелдеуі бойынша, м?нда жарты са?аттай тыны??ан адамны? организімінде ?ажайып жасару ?сері сезіледі екен.
А? ала??а келген адам айналада?ы к?рініске бей-жай ?арай алмайды. Алтын к?нні? с?улесіне шомыл?ан аума?ты ала?ны? келбеті – ?айталанбас суреттерді? бірі. Б?йра тол?ындары жа?аны со?ып, Бурабай к?лі жатыр ?ол созым жерде. К?міс к?лден А? ала?ды, ала?нан к?лді ?ыз?ан?андай болып, екеуіні? арасын б?ліп, ?демі ?ара?айлар ?атар т?зей сыбырласып ?ал?ан. Оны? солт?стік ж?не терістік батысын к?мкерген К?кше т?к?ппарларына к?к аспан?а иы?ын артып т?р. Б?л к?рініс – б?лттарды? ?ркенінде кеме ж?зіп бара жат?андай ?сер етеді» [3, 192 б.]. Б?л Бурабайда?ы А? ала?ны? ?азіргі Абылай хан ала?ы туралы айтыл?ан жолдар.
Жазушы ?з шы?армаларында тек жала? баяндаулармен ?ана шектелмей, ішкі монологтар мен, диалогтар?а да ке?інен орын беріп отырады. К?кшетау ??іріндегі таулар мен суларды? (?зендер мен к?лдер, б?ла?тарды?) к?ркем галереясын жаса?ан жазушы К?кшетау ?аласыны? солт?стік жа?ында шал?ып жат?ан т?р?ан ?опа к?лі жайлы былайша тербейді: «Желке т?сы жасыл ??ра?, к?к ?амыспен к?мкерілген ?опа – м?лдірімді а?са?ан, тол?ынымды к?ксеген, сыбдырымды са?ын?ан жан?а ?адірсіз кезіге кетпейін дегендей. Б??па тауыны? табанында д?п-д??гелек шар айнадай ?ана болып бой тас алады, б??ып жатыр» [3, 13 б.].
Жазушыны? ту?ан таби?атты? жаз?ы тынысын шабыттана суреттеулері «Ту?ан ?йді? т?тіні» романында да жиі ?шырасып жатады. О?ып к?рсе?із, ?зі?ізді? де басы?ыздан ?ткен, ж?рекке тым жа?ын да жылы сезім суреттері екендігіне к?з жеткізе т?сері?із аны?: «Та?ерте? ояна келсем, ?йдін іші жап-жары?. Ай?ара ашылып ?ал?ан жармалы терезеден к?зім т?сіп кетті. Жап-жасыл орман-ба?ты? ортасында г?лзар ну?а малын?ан бір ?йде жат?аныма та? ?алдым. Ж?гіріп тыс?а шы?сам, керемет к?рініс к?з с?ріндіреді, неше т?рлі хош иіс м?рын жарады. ?ол созым жердегі шыр?ала?да?ан а? ?айы?ны? т?гілме к?к жапыра?тарыны? арасынан б?л - б?л сайрап, ??ла??а жа?ымды ?нді т?рлендіріп ??й?ылжытады-ай келіп.
Ту?ан жеріні? к?ркем таби?атын жала? суреттеп ?ана ?оймай, оны? шы?у тарихын, ?азіргі жай-к?йін де орнымен баяндай отырып, жазушы болаша? ?рпа??а ?лкен аманат ж?ктетіп отыр?андай да болады. Себебі, жазушы б?л шы?армаларын жаз?ан т?ста, К?кшетау ??ірі т?тастай дерлік орыстанып бара жат?ан болатын. Сол себепті де Жанайдар Баймырза?лы ту?ан жер таби?атын келер ?рпа?ты? жадында ?алай да жа??ыртуды к?здеген сия?ты. М?ны біз «Жер шо?ты?ы К?кшетау» кітабында?ы ?артбай ?арияны? Т?я??а айт?ан с?здерінен а??арамыз. «К?бірлеп т?р?ан ?артбайды? ойын кейде а??ал с?йлейтін Т?я?ты? бір с?зі б?ліп жіберді:
- Ей, шыра?, осы сен бая?ы заманнан бері халы?ты? ?анына сі?іп ?ал?ан жер атына жа?а айдар та?а беретіні? ?алай? Мен ес ілгелі Ыбырай ту?ан жерден Орлиногорскі деген жа?а тау пайда болыпты дегенді естігем де, к?ргем де жо?.
- К?рмегені ?алай? ?зі?із манадан бері ?арап т?рсыз ?ой, анау тау?а. Орлиногорскіміз сол ?ой. Т?бінде Орлиногорск лесхозы бар.
- ?, солай ма? Ендеше, біліп ?ой. Орлиногорск тауды? аты емес, орман шаруашылы?ыны? аты. Тау – Жал?ызтау. Ежелден басынан б?ркітті? ?ясы ?зілмей, тау ?ырандарыны? ?рімі ?рбіп отыр?ан со?, жергілікті халы? оны Б?ркітті деп те атап кеткен. Орлиногорскі? – соны? сола?ай аудармасы. Біра? сіз бен біз сия?ттылар жер, су, ?зен, к?л, тау аттарынан жа?ылыспас болар» [4, 64-65 б.б.]. Міне, осылайша, жазушы т?ны?ы лайланып, жыл ?ткен сайын жат тілмен был?анып бара жат?ан атамекеніні? таби?и атауларына жанашырлы?пен ?арау?а ша?ырады. Бізді?ше, жалпы «Жер шо?ты?ы К?кшетау» атты кітабыны? жазылу ма?саты жалпы осы бол?ан шы?ар деп ойлаймыз.
А?ынны? інісі Шахма Баймырза?лы а?асы туралы былай деп тол?ан?ан екен: «Жанайдар ту?ан ?лкесі – к?рікті К?кшетау жайын ?з е?бегіне ар?ау ете білді. О?ан «Жер шо?ты?ы К?кшетау» атты деректі кітабы д?лел. Б?л е?бегінде автор К?кшетау ??іріні? с?лу таби?атын, оны? ар?ы-бергідегі ?нер адамдарымен ?оса ?ріп береді.»[5, 2 б.].
Жанайдар Мусинні? шы?армашыл т?л?а ретінде ?мір с?рген кезе?і негізінен ?ызыл империяны? ?стемдігі ж?ріп, ?аза? руханияты К?кше ?лкесінде ?а?ажу к?рген т?с?а тап келді. Жазушыны? ?з шы?армаларында ту?ан жеріні? ?р с?йемін ерекше м??ияттап жазуынан, «б?л жерді? байыр?ы иесі біз, м?ндай осындай тарих бол?ан, оны ?мыту?а болмайды» деген ?арсылы?ты ойды да а??ар?андаймыз.
К?кшетау ?аласынан шы?ып, к?ншы?ыс?а ?арай жетпіс-сексен ша?ырымдай жол ж?ргеннен кейін ж?ма?ты? есігін аш?андай, ынтызар к??ілі?із жа?а ?ана сол ?апталдан айнадай жар?ырап, шал?ып жат?ан Шаба? к?ліндей тол?ып кетеді. К??ілі?ді ??й?ылжытатын, тілі?ді сайрататын, сергек к??ілге себездеп т?рлі ой тастататын К?кше б?л. Сауса? ?шы тиер-тиместен-а? к?мбірлеп ?оя беретін ?кілі домбырадай с?лулы? сырына, хал?ы?ны? жырына ?андыратын да сенсі?. Т?ла бойы? т?н?ан тарих!
Міне, асы?а басып, А?ылбай асуына к?терілдік. Екі ?апталдан да ?олды? саласындай сы?сып ?ара?айлы к?гілжім орман алыстан аю ж?нденіп ?йысып т?р. Табанын к?кпе?бек к?лді? м?лдір суы жу?ан к?гілдір таулар с?лай созылып, жон ар?асын к?н с?улесіне тосып, ра?аттана ?ыздырынып жатыр. Ара-арасынан ж?п-ж?мыр шы? тастар ??зартады. О?ан ?ашы? бол?ан ару ?ара?айлар сыла?дап жан-жа?ынан еркелей сы??ырлап, ??зарт шы?ны? омырауын аймалап, ма?дайынан иіскеуге ?мтыл?андай.
Енді бірде к?містері к?нмен ша?ылыс?ан та?ияларында ?кілері ?пілдеп ??кей бір с?лу ?ыздар сахна?а жан-жа?тан ?аптап шы?а келгендей ?демі ?серге б?ленесі?»[4, 7 б.].
Жазушыны? ш?райлы тілі о?ырман?а т?сінікті де жаты?, ?рі орынсыз эпитеттер мен те?еулерді ?аптатпастан, ?арапайым, к?нделікті естіп, айтып ж?рген халы?ты? тіл ар?ылы к?ркемдеп, суреттеп бере білгендігімен ерекше. К?семс?з жанры жазушы?а ерекше жа?ынды?ынан да болса керек, Жанайдар Мусин шы?армаларынан журналист тіліне т?н ?ш?ырлы?ты да а??ару ?иын емес. Б?л с?зімізге д?лелді белгілі ?о?ам ?айраткері Болат Жан?діловті? мына пікірімен д?йектейік: «Жанайдар Мусинні? шы?армашылы?ы ж?нінде жазушылар оны ?дебиетке газет ж?мысы ар?ылы келді деп ба?алайды. ?рине, Жанайдарды? біртуар к?рнекті журналист екені б?рімізге белгілі. Дегенмен, жазушылы? ?асиет, ?мірді? барлы? б?ге-шігесін тап басып, тани білгіштік ?асиет адамны? ?з жаратылысымен бірге бітетін ?асиет деп санауымыз керек. Осы т?р?ыдан алып ?ара?анда, Жанайдар Мусин ж?зден озып ж?йрік шы??ан, мы?нан озып т?лпар шы??ан на?ыз тума талант иесі. Ж?ке? е? алдымен ?аза? публицистикасында ?шпес із ?алдыр?ан ?аламгер. Оны? ?аламынан туында?ан ?андай очерк, ?андай шы?арма болмасын, Сарыар?аны? сыр самалындай есіп т?ратын жылы леп ту?ан елді? топыра?ына, ту?ан елді? таби?атына, оны? адамдарына, я?ни ?з замандастарына деген зор с?йспеншілік сезім..Сонды?тан да ол еш?ашан ?з ??ндылы?ын, мазм?нын жойма? емес»[6, 80 б.].
Ал жазушыны? бауыры Шахма Баймырза?лы а?асыны? К?кшетау жайлы эссе е?бегі жайлы ?з пікірін былай деп баяндайды: ««Жер шо?ты?ы К?кшетау» деп аталатын публицистикалы? кітабы басынан ая?ына дейін т?нып т?р?ан тарих. Ол б?л кітабында К?кше еліні? тарихын, К?кше жеріні? тамылжы?ан таби?атын жыр?а ?осты. С?йтіп елімізді, жерімізді осы кітабы ар?ылы жат ж?рт?а танытты.» [7, 4 б.].
?орытындылай айт?анда, Жанайдар Мусин шы?армалары – ту?ан ?лкемізді? к?ркем суреті, с?збен жаз?ан пейзажы деп білеміз. Жазушыны? ??нды шы?армалары ?лі де талай буын ?рпа?ты К?кшеге деген махаббат?а, ?ызы?ушылы??а ?мтылдыра берері аны?. Ма?аламызды жазушы Т?леген ?ажыбаевты? мына с?здерімен ая?тама?пыз: «…Оны? артында ?лмес м?ралары, ??гіме, повесть, романдары ?алды, ?мыта алмас ?рпа?ы бар, е? бастысы ысты?ына ?ртеніп, суы?ына м?зда?ан, с?йтіп ж?ріп беделді биікке к?теріп кеткен «К?кшетауы» оны? шы?армашылы? талантты ?ауымы, біздер бар. Ал біздер Ж?ке?ді жиі-жиі еске аламыз, алып ?ана ?оймай ?ибрат ?негесін ?рпа?тан-?рпа??а аманат етіп ?алдыра береміз.» [ 45, 4]
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жанайдар Мусин прозасында?ы ту?ан жер суреттері»
ЖАНАЙДАР МУСИН ПРОЗАСЫНДАҒЫ
ТУҒАН ЖЕР СУРЕТТЕРІ
Мұқанова Гүлмира Бірімжанқызы
Көкшетау қаласындағы № 17 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі
2016 жыл – жалпы Қазақстан, соның ішінде Ақмола облысы үшін де айтулы мерекелерге толы болмақ. Осындай елеулі датаның бірі – Көкшетау өңірінен туып шыққан белгілі журналист, жазушы Жанайдар Мусиннің 80 жылдық мерейтойы. Өзінің «қамшының сабындай» дерлік қысқа ғана саналы ғұмырында туған халқы үшін елеулі еңбек сіңіріп, рухани мол мұра қалдырған Жанайдар Баймырзаұлының өмірі мен шығармашылығын бүгінгі жас ұрпақ жадында жаңғыртып, орынды насихаттау – бүгінгі буын, біздердің парызымыз деп білемін. Сондықтан да, шығармашыл тұлғаның шығармаларындағы туған жер суреттері, ондағы отаншылдық рух туралы қалам тартып, талдау жасауды жөн көрдік.
Көгілдір таулар ішінде
Көрінген кербез ол бірі.
Жасыма, достар жасыма,
Еңбегі белгі басына.
Ол жазды атын өлместей,
Көкшенің көркем тасына[1,2 б.], -
деп Қазақстанның Халық жазушысы Кәкімбек Салықов жырлағанындай, Көкшенің көркем тасына өлмес туындылары арқылы атын жазып кеткен Жанайдар Мусин шығармашылығы оның туған жерінің көркем тауларымен мәңгілік тұтасып кеткендей. Біз мақаламызда жазушының Көкшетаудың ғажайып табиғатын арқау еткен келісті шығармаларындағы көркем пейзаждарды қарастырмақпыз. Мұндай көркем айшықтар жазушының барлық туындыларында өріліп отырғанымен, «Ақ алаң», «Жер шоқтығы Көкшетау», «Туған үйдің түтіні» туындыларында жиі ұшырасатындығын көреміз. Қаламгер үшін туған жерінің әрбір жыл мезгілі өзінше сұлу, ондағы әрбір қимыл-әрекет, тысыр еткен дыбыс та етене жақын. Жазушы өзін туған жер табиғатының тамыршысы ретінде сезінетіндей. Сөзімізге жазушы шығармасынан алынған үзінді арқылы дәлел іздейік: «Бойың үйрене келе орман ішінің тылсым тынысынан көп жайды аңғарамыз. Әуеде үлп еткен жел жоқ, күнде мүлгіген үнсіз орманның өзінен де ғажап дыбыс, әңгіме-сыбыс еститінің хақ. Тек көзіңді тігіп қарап, құлағыңды түріп тыңдап, ұғынар күйге бейімделе бер. Бір-бірімен бұталары қоян-қолтық қауышып, жапырақтары сүйіскен ақ қайындар мен күрең қарағайлар арасында жасыл күмбездің астында деміңді ішіне тартып, тұра қалшы. Сансыз тілде сөйлеген әр қилы нәзік үндер баурап бара жатқанын сезбей де қаласың. Тықыр-тықыр, сыбдыр-сыбдыр, тыс-тыс, тоқ-тоқ еткен жұмбақ дыбыстар, сырлы дыбыстар. Тұра қалып тыңдайсың. Алпауыт біреу ағаштың басына өрмелеп шығып бара жатқандай сықыр-сықыр ете қалған бұталар қай тұста екен деп әлде бір жаққа бұрыла қарайсың. Әлде кімді үркітіп алмайын, дыбыс иесін шошытып жібермейін дегендей, аяғыңды мысық жүріспен, еппен, санап басасың. Әр қадамың сайын жаңалық ашқандай әлденеге таңданасың. Үнсіз жылжисың, үнсіз естисің, үнсіз күрсінесің...!»[2, 13 б.].
Жанайдар Мусин шығармаларын оқыған кез келген адам, оның ішінде Көкшетауға келіп көрмеген, өзге өлкенің тұрғыны жазушы суреттеуіндегі ғажайып табиғатқа сырттай ғашық болып, бір көруге ынтығары сөзсіз.
Көптеген қазақ жазушылары туған жерде балалық шағын өткізгенімен, өскен соң тіршілік қамымен көбінесе сол кездегі ел астанасы Алматыға немесе өзге үлкен қалаларға тұрақтап, алыстан жазса, Жанайдар Мусиннің олардан ерекшелігі – кіндік қаны тамған Көкшетау өлкесінде тұрып, жұмыс бабымен, демалыс сәттерінде, немесе құрметті қонақтарды қарсы алып, аралату барысында жылдың төрт мезгілінде табиғатпен, ондағы адамдармен біте қайнасып, тұтасып кеткендігі болса керек. Жазушы өзі күнделікті куә болып жүрген табиғат қалпы, оның ерекшеліктерін сол қалпында баяндап берсе де, бұл жазғандары шынайы шығып, оқырманды баурап әкетеді. Бұған мысалды «Жер шоқтығы Көкшетау» туындысынан іздеп көрелік: «Алдыңнан жарқ етіп Ақ алаң шыға келеді. Табиғаттың тамаша тартуының бірі деп осы алаңды айт. Оның ғажабы – айрықша мироклиматында.
Метеорологиялық зерттеулер нәтижесіне қарағанда, бұл жердің микроклиматы Бурабайдың басқа жерлерімен салыстырғанда жұмсағырақ, жылырақ екен. Ал желдің жылдамдығы мен ауаның ылғалдығы біршама төмен. Бұл – оны жартастар, қарағайлы қалың орман айнала қоршап тұрғандықтан болса керек. Ақ алаңға күн сәулесі де мол құйылады. Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, мұнда жарты сағаттай тыныққан адамның организімінде ғажайып жасару әсері сезіледі екен.
Ақ алаңға келген адам айналадағы көрініске бей-жай қарай алмайды. Алтын күннің сәулесіне шомылған аумақты алаңның келбеті – қайталанбас суреттердің бірі. Бұйра толқындары жағаны соғып, Бурабай көлі жатыр қол созым жерде. Күміс көлден Ақ алаңды, алаңнан көлді қызғанғандай болып, екеуінің арасын бөліп, әдемі қарағайлар қатар түзей сыбырласып қалған. Оның солтүстік және терістік батысын көмкерген Көкше тәкәппарларына көк аспанға иығын артып тұр. Бұл көрініс – бұлттардың өркенінде кеме жүзіп бара жатқандай әсер етеді» [3, 192 б.]. Бұл Бурабайдағы Ақ алаңның қазіргі Абылай хан алаңы туралы айтылған жолдар.
Жазушы өз шығармаларында тек жалаң баяндаулармен ғана шектелмей, ішкі монологтар мен, диалогтарға да кеңінен орын беріп отырады. Көкшетау өңіріндегі таулар мен сулардың (өзендер мен көлдер, бұлақтардың) көркем галереясын жасаған жазушы Көкшетау қаласының солтүстік жағында шалқып жатқан тұрған Қопа көлі жайлы былайша тербейді: «Желке тұсы жасыл құрақ, көк қамыспен көмкерілген Қопа – мөлдірімді аңсаған, толқынымды көксеген, сыбдырымды сағынған жанға қадірсіз кезіге кетпейін дегендей. Бұқпа тауының табанында дөп-дөңгелек шар айнадай ғана болып бой тас алады, бұғып жатыр» [3, 13 б.].
Жазушының туған табиғаттың жазғы тынысын шабыттана суреттеулері «Туған үйдің түтіні» романында да жиі ұшырасып жатады. Оқып көрсеңіз, өзіңіздің де басыңыздан өткен, жүрекке тым жақын да жылы сезім суреттері екендігіне көз жеткізе түсеріңіз анық: «Таңертең ояна келсем, үйдін іші жап-жарық. Айқара ашылып қалған жармалы терезеден көзім түсіп кетті. Жап-жасыл орман-бақтың ортасында гүлзар нуға малынған бір үйде жатқаныма таң қалдым. Жүгіріп тысқа шықсам, керемет көрініс көз сүріндіреді, неше түрлі хош иіс мұрын жарады. Қол созым жердегі шырғалаңдаған ақ қайыңның төгілме көк жапырақтарының арасынан бұл - бұл сайрап, құлаққа жағымды үнді түрлендіріп құйқылжытады-ай келіп.
Тамсандырған әдемі әуезге жақыннан құлақ тосқан қандай ғанибет. Бұлбұл құсы сайраған әлгі ақ қайыңға қарай аяғымыздың ұшымен басып келеміз»[3, 20 б.].
Туған жерінің көркем табиғатын жалаң суреттеп қана қоймай, оның шығу тарихын, қазіргі жай-күйін де орнымен баяндай отырып, жазушы болашақ ұрпаққа үлкен аманат жүктетіп отырғандай да болады. Себебі, жазушы бұл шығармаларын жазған тұста, Көкшетау өңірі тұтастай дерлік орыстанып бара жатқан болатын. Сол себепті де Жанайдар Баймырзаұлы туған жер табиғатын келер ұрпақтың жадында қалай да жаңғыртуды көздеген сияқты. Мұны біз «Жер шоқтығы Көкшетау» кітабындағы Қартбай қарияның Тұяққа айтқан сөздерінен аңғарамыз. «Күбірлеп тұрған Қартбайдың ойын кейде аңғал сөйлейтін Тұяқтың бір сөзі бөліп жіберді:
- Ей, шырақ, осы сен баяғы заманнан бері халықтың қанына сіңіп қалған жер атына жаңа айдар таға беретінің қалай? Мен ес ілгелі Ыбырай туған жерден Орлиногорскі деген жаңа тау пайда болыпты дегенді естігем де, көргем де жоқ.
- Көрмегені қалай? Өзіңіз манадан бері қарап тұрсыз ғой, анау тауға. Орлиногорскіміз сол ғой. Түбінде Орлиногорск лесхозы бар.
- Ә, солай ма? Ендеше, біліп қой. Орлиногорск таудың аты емес, орман шаруашылығының аты. Тау – Жалғызтау. Ежелден басынан бүркіттің ұясы үзілмей, тау қырандарының үрімі өрбіп отырған соң, жергілікті халық оны Бүркітті деп те атап кеткен. Орлиногорскің – соның солақай аудармасы. Бірақ сіз бен біз сияқттылар жер, су, өзен, көл, тау аттарынан жаңылыспас болар» [4, 64-65 б.б.]. Міне, осылайша, жазушы тұнығы лайланып, жыл өткен сайын жат тілмен былғанып бара жатқан атамекенінің табиғи атауларына жанашырлықпен қарауға шақырады. Біздіңше, жалпы «Жер шоқтығы Көкшетау» атты кітабының жазылу мақсаты жалпы осы болған шығар деп ойлаймыз.
Ақынның інісі Шахма Баймырзаұлы ағасы туралы былай деп толғанған екен: «Жанайдар туған өлкесі – көрікті Көкшетау жайын өз еңбегіне арқау ете білді. Оған «Жер шоқтығы Көкшетау» атты деректі кітабы дәлел. Бұл еңбегінде автор Көкшетау өңірінің сұлу табиғатын, оның арғы-бергідегі өнер адамдарымен қоса өріп береді.»[5, 2 б.].
Жанайдар Мусиннің шығармашыл тұлға ретінде өмір сүрген кезеңі негізінен қызыл империяның үстемдігі жүріп, қазақ руханияты Көкше өлкесінде қағажу көрген тұсқа тап келді. Жазушының өз шығармаларында туған жерінің әр сүйемін ерекше мұқияттап жазуынан, «бұл жердің байырғы иесі біз, мұндай осындай тарих болған, оны ұмытуға болмайды» деген қарсылықты ойды да аңғарғандаймыз.
Жазушының бейнелі тілімен кестеленген Көкше табиғатын оның өзімен бірге толқып, бірге сүйсініп, аралап келе жатқандай сезімге бөленетініміз анық: «Иә, Көкшетау – тұнып тұрған сыр, сөйлеп тұрған сурет. Бірінен-бірі асқан көгілдір таулар өз аясына мөлдіреген сексен көлді ұялатып, текше -текше тастарды қиялатып, ұлы Табиғат өз өнерін айдай әлемге сиқырлы бояумен паш еткендей.
Көкшетау қаласынан шығып, күншығысқа қарай жетпіс-сексен шақырымдай жол жүргеннен кейін жұмақтың есігін ашқандай, ынтызар көңіліңіз жаңа ғана сол қапталдан айнадай жарқырап, шалқып жатқан Шабақ көліндей толқып кетеді. Көңіліңді құйқылжытатын, тіліңді сайрататын, сергек көңілге себездеп түрлі ой тастататын Көкше бұл. Саусақ ұшы тиер-тиместен-ақ күмбірлеп қоя беретін үкілі домбырадай сұлулық сырына, халқыңның жырына қандыратын да сенсің. Тұла бойың тұнған тарих!
Міне, асыға басып, Ақылбай асуына көтерілдік. Екі қапталдан да қолдың саласындай сыңсып қарағайлы көгілжім орман алыстан аю жүнденіп ұйысып тұр. Табанын көкпеңбек көлдің мөлдір суы жуған көгілдір таулар сұлай созылып, жон арқасын күн сәулесіне тосып, рақаттана қыздырынып жатыр. Ара-арасынан жұп-жұмыр шың тастар құзартады. Оған ғашық болған ару қарағайлар сылаңдап жан-жағынан еркелей сыңғырлап, құзарт шыңның омырауын аймалап, маңдайынан иіскеуге ұмтылғандай...
Енді бірде күмістері күнмен шағылысқан тақияларында үкілері үпілдеп өңкей бір сұлу қыздар сахнаға жан-жақтан қаптап шыға келгендей әдемі әсерге бөленесің»[4, 7 б.].
Жазушының шұрайлы тілі оқырманға түсінікті де жатық, әрі орынсыз эпитеттер мен теңеулерді қаптатпастан, қарапайым, күнделікті естіп, айтып жүрген халықтық тіл арқылы көркемдеп, суреттеп бере білгендігімен ерекше. Көсемсөз жанры жазушыға ерекше жақындығынан да болса керек, Жанайдар Мусин шығармаларынан журналист тіліне тән ұшқырлықты да аңғару қиын емес. Бұл сөзімізге дәлелді белгілі қоғам қайраткері Болат Жанәділовтің мына пікірімен дәйектейік: «Жанайдар Мусиннің шығармашылығы жөнінде жазушылар оны әдебиетке газет жұмысы арқылы келді деп бағалайды. Әрине, Жанайдардың біртуар көрнекті журналист екені бәрімізге белгілі. Дегенмен, жазушылық қасиет, өмірдің барлық бүге-шігесін тап басып, тани білгіштік қасиет адамның өз жаратылысымен бірге бітетін қасиет деп санауымыз керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Жанайдар Мусин жүзден озып жүйрік шыққан, мыңнан озып тұлпар шыққан нағыз тума талант иесі. Жәкең ең алдымен қазақ публицистикасында өшпес із қалдырған қаламгер. Оның қаламынан туындаған қандай очерк, қандай шығарма болмасын, Сарыарқаның сыр самалындай есіп тұратын жылы леп туған елдің топырағына, туған елдің табиғатына, оның адамдарына, яғни өз замандастарына деген зор сүйспеншілік сезім. ...Сондықтан да ол ешқашан өз құндылығын, мазмұнын жоймақ емес»[6, 80 б.].
Ал жазушының бауыры Шахма Баймырзаұлы ағасының Көкшетау жайлы эссе еңбегі жайлы өз пікірін былай деп баяндайды: ««Жер шоқтығы Көкшетау» деп аталатын публицистикалық кітабы басынан аяғына дейін тұнып тұрған тарих. Ол бұл кітабында Көкше елінің тарихын, Көкше жерінің тамылжыған табиғатын жырға қосты. Сөйтіп елімізді, жерімізді осы кітабы арқылы жат жұртқа танытты.» [7, 4 б.].
Қорытындылай айтқанда, Жанайдар Мусин шығармалары – туған өлкеміздің көркем суреті, сөзбен жазған пейзажы деп білеміз. Жазушының құнды шығармалары әлі де талай буын ұрпақты Көкшеге деген махаббатқа, қызығушылыққа ұмтылдыра берері анық. Мақаламызды жазушы Төлеген Қажыбаевтың мына сөздерімен аяқтамақпыз: «…Оның артында өлмес мұралары, әңгіме, повесть, романдары қалды, ұмыта алмас ұрпағы бар, ең бастысы ыстығына өртеніп, суығына мұздаған, сөйтіп жүріп беделді биікке көтеріп кеткен «Көкшетауы» оның шығармашылық талантты қауымы, біздер бар. Ал біздер Жәкеңді жиі-жиі еске аламыз, алып қана қоймай ғибрат өнегесін ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдыра береміз.» [ 45, 4]
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Салықов К. Көкшенің көркем тасына (өлең). // «Көкшетау»–1991 13 қараша.
2. Мусин Ж. Ақ алаң (роман)–Алматы: Жазушы, 1977 ж.– 271 б
3. Мусин Ж. Туған үйдің түтіні(роман)–Алматы: Жазушы, 1983 – 216 б.
4. Мусин Ж. Жер шоқтығы Көкшетау.– Алматы: Жалын, 1989 –216 б.