Әңгiмелеу . Аңыз Тәңірісі сұлулықтың марал деген... О. Ақша қар жапқан аппақ қапталға қайқаң қағып ай мүйізді ақмарал шыға келді.Жай келмеді,секіріп билеп,орғып ойнап шыға келді.Басын әсте жерге салмай,әманда асқақ та тәкаппар ұстайтын кербез аң бұл жолы да маңғаз қасқайып тұра қалған.Аппақ қар бетінде бітім болмысы ,бар келбеті анық нақышталып,сізге қасқайып қарсы қарап тұрған оғаш жекеленген бұғыны шаңырақтанған ақ мүйізі сан салалы бұғыны қызықтамауыңыз, таңданбауыңыз тіпті де мүмкін емес.Бұғының осы тұрысын сіз айналайын табиғаттың жалқы туар арда аруына болар ма едіңіз әлде шалқар әлем көгінде орнатылған табиғат ананың өз ескерткішіне теңер ме едіңіз ? Сөйтер едіңіз .Өйткені көңілінің көгі бар әрбір жанның марал десе елең етері рас.Бірақ ақ мүйізді түз тағысы ғана емес, өзіне де беймәлім, әлде бір тылсым сұлулықтың қиял елестері және рас. Қазақ жұрты бұғы- маралды сұлулықтың тәңірісі санапты. Сұлу болсын деп қыз есімін Марал, Ақмарал қоятыны бұған дәлел. Әңгімені талдау үшін мына төмендегі сұрақтарға жауап береміз. 1.Автор маралдың сұлулығын қалай сипаттайды? 2.Табиғи сұлулықты қалай сақтап қалуға болады? 3.Табиғатты аялай білу,қорғай білу туралы не айтасыздар? Шығармашылық жұмыс:Топтық жұмыс. 1-топ: Сұлу табиғат көрінісінің суретін салу Жылдың төрт мезгілінің суретін салу. 2-топ: «Сұлулықпен сырласу» сахналау. Сахналаған мәтінді талдау. Топпен ән айту. «Алтыным» әнін орындау. Әні:Ә.Бейсеуовтікі. Сөзі: Н.Әлімқұловтікі Алтыным. Теңіз болып толқыдың да ,шалқыдың. Айдыныңда шағалам боп қалқыдың Гүлім болып жайнап өскен жайлауда, Самал болып аймаладың,Алтыным,Алтыным. Бірге өткіздік талай күнді бал-шырын, Сымбатыңа ,сөздеріңе балқыдым. Бұлбұл болып көңілімде сайрадың, Жұлдыз болып жарқырадың Алтыным,Алтыным. Үйге тапсырма: Сұлу Күләш Қ. Бұғыбаева өлеңін мәнерлеп оқу. Соңғы тыныштық сәті. Мұғалімнің сөзі: Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. Рахмет. |