kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыр ман сымбат (өзін-өзі тану пәні)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:-Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан – дүниесінің үндестігі, сезім мен ой тазалығы, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру

Міндеттері:

–  оқушыларды адамның ішкі жан дүниесіне үңіле білуге, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйрету;       

– оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге, сыр мен сымбатты бағалай білуге тәрбиелеу;

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5 т-ны сақтау)

Тыныштық сәті  :

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла – бойларыңа толғанын сезініңдер.ал енді көздеріңді ашыңдар.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы тексеру

3. Әңгімелесу.

* Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

* Сымбаты мен ішкі жан дүниесі сай адамды қалай атайды?

* «Әр адам ісімен көрікті» дегенді қалай түсінесіздер?

* Сұлулық деген сөзді басқа сөзбен қалай айтуға болады?

* Сыр мен сымбаттың үйлесімі дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Дәйексөз:

Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен, жақсылығымен үндестікте болуы керек, сонда адам рухани да, табиғи да сау болады.                                                                    Г.Құрманбай

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыр ман сымбат (өзін-өзі тану пәні)»

  • Өзін-өзі тану сабақ жоспары

  • Сабақтың тақырыбы: Сыр ман сымбат

  • Құндылық: Сүйіспеншілік

  • Қасиеттер: Мейірімділік

Сабақтың мақсаты:-Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан – дүниесінің үндестігі, сезім мен ой тазалығы, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру

Міндеттері:

– оқушыларды адамның ішкі жан дүниесіне үңіле білуге, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйрету;

– оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге, сыр мен сымбатты бағалай білуге тәрбиелеу;

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5 т-ны сақтау)

Тыныштық сәті :

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла – бойларыңа толғанын сезініңдер.ал енді көздеріңді ашыңдар.

Ресурс

тар:

(құрал

дар,

мәліметтер)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы тексеру

3. Әңгімелесу.

* Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

* Сымбаты мен ішкі жан дүниесі сай адамды қалай атайды?

* «Әр адам ісімен көрікті» дегенді қалай түсінесіздер?

* Сұлулық деген сөзді басқа сөзбен қалай айтуға болады?

* Сыр мен сымбаттың үйлесімі дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз:

Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен, жақсылығымен үндестікте болуы керек, сонда адам рухани да, табиғи да сау болады.                                                                    Г.Құрманбай


5.Оқу ақпараты.

Осыдағы пікірге сәйекс сыртқы сұлулық пен ішкі сезім сұлулығы туралы ой қорыту.

6. Мәтінмен жұмыс. М. Әуезов «Тоғжан аулында» әңгімесін оқып, талдау.

* Тоғжанның сымбатына ақылы сай екендігі неден байқалады?


7.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс:Адамның сұлулығы оның жақсылығында екендігінде назар аударылады. «Жан әлемің жарық болса жарады, -» деген өлең жолдарын өз сөздерімен түсіндіру тапсырылады. Ойларыңды дәптерге түсіріңдер.

Жан әлемің сұлу ма?!

Айна сенің көрсетеді сыртыңды,

Киіміңді, сымбатынды, сұрқынды.

Сырт байқағыш жан әлемің сұлу ма?

Сол бұзбай ма, шырайлылау шырқынды.

Жан әлемің жарық болса жарады,

Жан – жағына қарар едің саналы.

Өзін – өзі танымаған адамды

Өзгелердің тануы да шамалы.


Топпен ән айту.Қыз сыны

Сөзі: Қ.Қазыбеков

Әні: М.Омаровтікі

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.

Иықтан шашың төгіліп жерге,

Күмісті шашбау жарасып белге.

Қиылып қасың,қарақат көзің,

Жүректі баурап оятар сезім.

Тал бойың нәзік, қызғалдақ гүлдей,

Дидарың нұрлы шуақты күндей.

Жанарып қайта жаңғырып көнем,

Ләззат алар көрген жан сенен

Көркіңнен сенің айналдым еркем,

Халқыңның салтын сақтаған көркем.


8.Үй тапсырмасы.

Сыр мен сымбат туралы ойларыңды дәптерге сурет ретінде түсіріп келу, бата жаттау


9.Соңғы тыныштық сәті.(Тыныштық....бар жерде,тыныштық.....бүкіл әлемде)

(Баяу күй ойнайды)
* Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Сыр ман сымбат (өзін-өзі тану пәні)

Автор: Есімбекова Назгүл

Дата: 09.03.2017

Номер свидетельства: 398744


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства