kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Сөздің көркі – мақал» мақал - мәтелдер сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

 6-7 сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс жұмыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Сөздің көркі – мақал» мақал - мәтелдер сайысы»

Астана қаласы әкімдігінің

“№1 Арнайы мектеп - интернаты” КММ

Қазақ тілі қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Смаилова Лаззат Эгликовна


«Сөздің көркі – мақал» мақал - мәтелдер сайысы

Мақсаты:  оқушылардың мақал - мәтелдер туралы білімін тереңдету,    салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау,машықтарын қалыптастыру;                                                                                                           

Тәрбиелік: оқушыларды ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең  ұғуға тәрбиелеу;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлей білу шеберлігін дамыту, сөз саптау қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар мен сайысқа қатысушы сайыскерлер.  

Бүгінгі «Сөздің көркі – мақал» сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

  • Мақал - мәтел ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтелдің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.

1-жүргізуші:

  • Мақал – мәтел ғасыр шежіресі. Онда халықтың тарихи оның әлеуметтік тіршілігі , ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтел ой дәлдігімен, тереңдігімен , ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойы тәжірибесі қорытылады. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлік танытқан.

2-жүргізуші:

Ақыл - көркі бойларына жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызға біз қазір

Сайыскерлерді таныстырып өтейік!

Ал, енді бүгінгі сайысқа қатысатын сайыскерлермен таныс болайық!

(Ортаға сайысқа қатысушы оқушылар шығады)

1-жүргізуші:

Әділдік болмаса егер шығар алға,

Бұл дүние жақсылардан қалар ада,

Әділқазы алқасына сеніп тұрмыз,

Мықтыларға берер деп әділ баға, - дей келе әділқазылар алқасын таныстырып кетейік.

1.

2.

3.

2-жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыздың шартымен таныс болайық. Сайыс үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңде ұпайы аз оқушылар ойыннан шығып отырады.

1-жүргізуші:

Шын жүйріктер сыналады жарыста ,

Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?!

Сонымен, оқушылар, іске сәт!

Жұлдыздарың жансын!

2-жүргізуші:

1 кезең «Жүйрік болсаң, озып көр»

Шарты: Бұл кезеңде сайыскерлер бір минут ішінде мақал-мәтелдерді айтудан жарысқа түседі.

1-жүргізуші:

1 кезең қорытындысын айтуға сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

2-жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен,- дей отыра келесі «Жалғасын тап » кезеңін бастайық.

Бұл кезеңде сайыскерлерге 3 мақалдан беріледі, әр сайыскер сол 3 мақалдың жалғасын табуы керек.

1.Отан - елдің анасы, ...............(ел – ердің анасы.)

2.Туған жердей жер болмас,................... (туған елдей ел болмас.)

3.Отанды сүю –...................................... (от басынан басталады.)

4.Отан оттан да .................... (ыстық.)

5.Ел іші –...................... (алтын бесік.)

6.Пәлен жерде алтын бар,......................(өз жеріңдей қайда бар.)

7.Туған жердің қадірін..........................( шетте жүрсең білерсің.)

8.Отан үшін күрес – ........................(ерге тиген үлес)

9. Оқусыз білім жоқ, ....................(білімсіз күнің жоқ.)

10.Тіліңмен жүгірме,........................(біліммен жүгір.)

11.Кітап – алтын .......................(қазына.)

12.Ғылым – теңіз,...........................( білім – қайық.)

13.Көп оқыған білмейді, ................................(көп тоқыған біледі.)

14.Оқымаған бір бала, ....................................(оқыса екі бала.)

15.Оқу – білім бұлағы,.........................(білім - өнер шырағы.)

16.Оқу – білім азығы, білім – ...............................(ырыс қазығы.)

17.Кітап – ғылым -.................................(тілсіз мұғалім.)

18.Білімі жоқ ұл – ............................(жұпары жоқ гүл.)

19.Кісінің көркі киім емес – ....................................(білім.)

20.Білегіңе сенбе, ...........................(біліміңе сен.)

21.Білім арзан, ................................(білу қымбат.)

22.Еңбегі жоқ ғалым – ...............................(ыстығы жоқ жалын.)

23.Ұстазы жақсының...........................( ұстамы жақсы.)

24.Ұстазыңды ұлы .....................(әкеңдей сыйла.)

25.Артық өнер...................... (бас жояды.)

26.Асыл – таста,..........................( өнер – жаста.)

27.Ғалым – болсаң,................................. (елге мәлім боларсың.)

28.Бай болмасаң, ..........................(болма, білім – өнерге сай бол.)

29. Өнерлінің қолы алтын,...................................(өлеңшінің сөзі алтын.)

30.Қына тасқа бітеді,............................................(білім басқа бітеді.)

31.Гүл өссе –........................ (жердің көркі,)

Қыз өссе –......................... (елдің көркі.)

32.Жас келсе іске, ......................................(кәрі келсе асқа.)

33.Көз қорқақ, ..............................(қол батыр.)

34.Саусағы ұзын........................(биші болады,)

Құлағы ұзын .........................(күйші болады.)

35.Адам аласы ішінде,...................................( мал аласы сыртында.)

36.Адам туа ...................(жаман болмайды,)

Жүре..........................( жаман болады.)

37.Жақсы адам .......................(тауып сөйлейді,)

Жаман адам ........................(қауіп сөйлейді.)

38.Өз үйім, ........................(өлең төсегім.)

39.Көп жабылса, ......................................(жоқ табылады.)

40.Басқа бәле....................( тілден.)

41.Ине көзінен .....................(сынады),

шешен сөзінен ...................(сынады.)

42.Дос жылатып .............(айтар,)

дұшпан күлдіртіп................( айтар.)

1-жүргізуші:

Әділқазылар алқасы 2 кезең бойынша бағаларыңызды берсеңіздер.

3 кезең . «Зерек болсаң, зерделе»

Шарты: Бұл кезеңде сайыскерлер бірнеше мақалдың ішінен кез-келген мақалды таңдап алып, мағынасын түсіндіреді

1.Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

2.Жаңадан дос тапсаң да, ескі досыңды ұмытпа.

3.Жер құтты болса, мал сүтті болады.

4.Судың басы - бұлақ,

Сөздің басы – құлақ.

5.Ащы еңбектен тәтті нан.

6.Бейнетсіз рақат жоқ.

7.Жалқаулық аздырады,

Еңбек оздырады.

8.Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

9. Қолы қимылдағанның аузы қимылдар.

10.Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

11.Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.

12.Байлық байлық емес,

Денсаулық - байлық.

2-жүргізуші:

Әділқазылар алқасы 3 кезең бойынша сайыскерлердің ұпай

санын есептеп , жеңімпаздарды анықтағанша шағын концерттік бағдарламаны тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:

Бірі үшін бәрі бірдей қиналған,

Кішіге ізет, үлкендерді сыйлаған.

Осындай оқушылар бар бізде

Өнерлілер жиналған

2-жүргізуші:

Әншілік өнер дарыған ұлдарымызды

шақырамыз ортаға

1-жүргізуші:

Кең өлке барма қазақ даласындай

Ал дара барма, қазақ даласындай.

Қазақтың ән мен күйін асқақтатқан

Бар ма екен күйші баласы данасындай.

2 - жүргізуші:

« Қобыз – қазақтың қасиеті дүниесі, өзің тарта алмасаң да қастерлей біл» , - деп Бауыржан атамыз айтқандай келесі кезекті күйге берейік.

Жақсылықова Камила 6 «В» сынып оқушысы

1 – жүргізуші:

Ал енді сайысымызды қорытындылау сөзін әділқазылар алқасына береміз.

2-жүргізуші:

Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады.

Бұның қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі

Болса егер көңіл жақын таңдады.

Көңіл бөліп бұл сайысқа ,

Келгендерге көп рахмет.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Сөздің көркі – мақал» мақал - мәтелдер сайысы

Автор: Смаилова Лаззат Эгликовна

Дата: 18.02.2020

Номер свидетельства: 540169

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Сен ?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рін білесі? бе? "
    ["seo_title"] => string(49) "sien-k-azak-khalk-ynyn-salt-d-sturin-biliesin-bie"
    ["file_id"] => string(6) "187889"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426594860"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Ма?ал- с?зді? м?йегі" сайыс саба?"
    ["seo_title"] => string(28) "makalsozdinmiieghisaiyssabak"
    ["file_id"] => string(6) "256025"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448033523"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Сыныптан тыс іс-шара "Ма?ал-с?зді? м?йегі""
    ["seo_title"] => string(36) "synyptantysissharamakalsozdinmiieghi"
    ["file_id"] => string(6) "304721"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457781757"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "" ?кем , анам ж?не мен - отбасымыз о?ырман" отбасылы? сайыс"
    ["seo_title"] => string(47) "kiemanamzhniemienotbasymyzokyrmanotbasylyksaiys"
    ["file_id"] => string(6) "314076"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459605708"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "«Тіл тірегіміз со?ып т?р?ан ж?регіміз» сайыс-саба?"
    ["seo_title"] => string(47) "tiltirieghimizsogypturganzhurieghimizsaiyssabak"
    ["file_id"] => string(6) "260744"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448993544"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства