kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сен ?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рін білесі? бе?

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Ма?саты:

 Б?гінгі ?рпа?ты? ?дет-??рып, салт-д?ст?рлерін біліп тануына жа?дай жасау, салт-д?ст?рлерді? т?рбиелік м?нін ашу. ?зге ?лт ?кілдері арасында ?аза? тіліні? м?ртебесін к?тере отырып, мемлекетке деген, мемлекеттік тілге деген с?йіспеншіліктерін ояту.

К?рнекіліктері:

  1. На?ыл с?здер, ма?алдар жазыл?ан плакаттар.
  2. Шарлар, интерактивті та?та, ?лтты? киімдер, сайыс кезе?деріне арнал?ан ?осымша материалдар.

Барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і.

1. Аудиторияны даярлау.

    ?н?раным –жан ?раным,

    Айтар ?нім – с?йлер с?зім.

    Ту?ан жерім – са?ынарым,

    М??гі ба?и шыр?алады,

    Республика ?н?раны.

2. Мемлекеттік ?н?ранны? орындалуы.

Кіріспе б?лім:

К?й ойнап т?рады.

1- ж?ргізуші:      - ??рметті ?она?тар!  Сіздер б?гінгі «Сен ?аза?ты? салт-д?ст?рлерін білесі? бе?» атты ойын-сайысына келіп отырсыздар. ?ткізіп отыр?ан ойын-сайысымыз келе жат?ан Т?уелсіздігімізді? 20-жылды? мерей тойына арналады. Мерекеміз ??тты болсын!

2- ж?ргізуші:      - Туыл?ан со? адам боп,

                              Білімсізден жаман жо?.

                              Ел д?ст?рін білмесе?,

                              Ж?рт айтады надан деп.

                              Ата-бабам арда?ты,

                              Жаманды??а бармапты.

                              Арда? т?тып ?лкенді,         

                              Ата жолын жал?апты.

1- ж?ргізуші:      - ?аза? хал?ы салт-д?ст?рге ?те бай ел. Б?л оны? м?дениетті, ?рі т?рбиелі ел екендігіні? ай?а?ы. Салт-д?ст?рлі ел – мы?ты, ?рі т?бі берік ел. Бізді? хал?ымыз ?з ?рпа?тарына ?асырдан ?асыр?а ?лт ?асиетін салт-д?ст?рмен, ?депті ырым,тыйыммен т?рбиелеп, ?ла?атты ?л, инабатты ?ыз ?сірген.

 

2- ж?ргізуші: Адамны? с?ні – ?нер, білім, а?ылы,

                      Жерді? с?ні – жеміс, ?нім, да?ылы,

                      С?зді? с?ні – ?негесі, на?ылы,

                      Пікірді? с?ні – е? пайдалысы, ма??лы, -   

                    деп ата – бабамыздан келе жат?ан салт – д?ст?рімізді бойымыз?а сі?іріп, білімді, а?ылды, парасатты, елімізді с?йетін ?рпа? болып ?сіп келе жат?ан, ту?ан тіліміз – ана тілін ??рметтейтін б?гінгі сайыс?а ?атысатын командаларды ?ошеметтеп орта?а ша?ырайы?.

 

  ІІ. Негізгі б?лім.

 

1- ж?ргізуші:      - Сайысымыз?а 8 - сынып о?ушылары ?атыс?алы отыр. Мемлекеттік тілді білу – ?ркімні? міндетті парызы дей отырып, б?гінгі сайысымызды? жоспарымен таныстырып ?тейік.

                            Жоспар:

  1. Командаларды? ?зін –?зі таныстыруы (эмблемалары)
  2. «С?з тап?ан?а ?ол?а жо?» (?ріптерге байланысты с?ра?тар?а жауап)
  3. «С?зді? к?ркі - ма?ал» (ма?ал-м?телдер сайысы)
  4. «?нерпаз болса?.» ?й тапсырмасы (?з ?нерлерін к?рсету)
  5. «Салт – д?ст?рді к?рсету» (1 – «Т?сау кесер», 2-«Бесікке салу»,

  3-«?ыз ?зату»).

  1. «Сен білесі? бе?» капитандар сайысы

 ?р ж?ргізілген кезе? шарттары т?сіндіріліп, ?р команданы ?діл?азылар ба?алап отырады.

2- ж?ргізуші:      - ??рметті ?она?тар! Б?гінгі сайысымызды?              ?діл?азыларымен таныстыруды р??сат еті?іздер.

         Ба?тыбаева Д.А. - директорды? о?у ісі ж?ніндегі орынбасары

         Табулдинова Г.Е. - директорды? т?рбие ісі ж?ніндегі орынбасары

         Еркибаева Н.Г. - директорды? т?рбие ісі ж?ніндегі орынбасары

1- ж?ргізуші:  Сайысымызды? бет ашарын бастайы?,

                       К?рерменді бір серпілтіп тастайы?.

                       Таныстырсын сайыскерлер ?здерін,

                       ?неріне ду ?ол со?ып ?остайы?, - деп, кезекті сайыс?а ?атысушы командалар?а берейік.

І кезе?. Таныстыру.

І команда: «Жас ?лан»

    ?алы?тап к?кте жас ?ыран,

    ?шудан ешбір талма?ан.

    Шартарапты шарла?ан,

    Біз боламыз– «Жас ?лан».

ІІ команда: «К?кбайра?»

    Ата - д?ст?р салтында,

    С?лем беру жалпы?а

    Тобымыз бізді? - «К?кбайра?».

    ?за? ?мір тілейміз,

    ?аза?стан хал?ына.  

ІІІ команда: «?ыран»

    ?анша жасты? ?аныменен,

    Егемендік алды? біз.

    «?аза?стан» ?нін шыр?ап,

    Ала??а да, барды? біз.

    Біз боламыз ?айсар ?ыран,

    Желбіретер к?к туды.

2- ж?ргізуші:    О?ушылар, келі?дер,

                          ?ліппені к?рі?дер.

                          ?ріптерді таны?дар,

                          Б?рін жаттап алы?дар.

                          Онда ?ызы? ойын бар, о?ан к??іл ?ойы?дар.

                          Ойла?дар да, ойна?дар,

                          ?ызы?ына тойма?дар.

                          Б?рін ?арап шы?ы?дар,

                          ?ріп сырын ??ы?дар.

               «С?з тап?ан?а ?ол?а жо?» кезе?ін бастаймыз. Б?л кезе?де о?ушылар

               та?да?ан ?ріптерден басталатын с?збен с?ра?тар?а жауап береді.

 І команда (А, С, О, Б, Ж)

  1. Сен б?гін нешеде т?рды??
  2. Досы?ны? аты кім?
  3. Сен ?ай ?алада т?расы??
  4. Жасы? нешеде?
  5. ?андай жемістерді ?натасы??
  6. ?андай а?ын – жазушыларды білесі??
  7. Бір сан есімді ата.
  8. ?ке? ?айдан келді?
  9. ?аза?стан ?андай мемлекет?
  10. Са?ан ?андай сыйлы? ?найды?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сен ?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рін білесі? бе? »

Мақсаты:

Бүгінгі ұрпақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін біліп тануына жағдай жасау, салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу. Өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінің мәртебесін көтере отырып, мемлекетке деген, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Көрнекіліктері:

  1. Нақыл сөздер, мақалдар жазылған плакаттар.

  2. Шарлар, интерактивті тақта, ұлттық киімдер, сайыс кезеңдеріне арналған қосымша материалдар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Аудиторияны даярлау.

Әнұраным –жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

2. Мемлекеттік әнұранның орындалуы.


Кіріспе бөлім:

Күй ойнап тұрады.

1- жүргізуші: - Құрметті қонақтар! Сіздер бүгінгі «Сен қазақтың салт-дәстүрлерін білесің бе?» атты ойын-сайысына келіп отырсыздар. Өткізіп отырған ойын-сайысымыз келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 20-жылдық мерей тойына арналады. Мерекеміз құтты болсын!

2- жүргізуші: - Туылған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабам ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.


1- жүргізуші: - Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Салт-дәстүрлі ел – мықты, әрі түбі берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, әдепті ырым,тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.


2- жүргізуші: Адамның сәні – өнер, білім, ақылы,

Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы,

Сөздің сәні – өнегесі, нақылы,

Пікірдің сәні – ең пайдалысы, мақұлы, -

деп ата – бабамыздан келе жатқан салт – дәстүрімізді бойымызға сіңіріп, білімді, ақылды, парасатты, елімізді сүйетін ұрпақ болып өсіп келе жатқан, туған тіліміз – ана тілін құрметтейтін бүгінгі сайысқа қатысатын командаларды қошеметтеп ортаға шақырайық.


ІІ. Негізгі бөлім.


1- жүргізуші: - Сайысымызға 8 - сынып оқушылары қатысқалы отыр. Мемлекеттік тілді білу – әркімнің міндетті парызы дей отырып, бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейік.

Жоспар:

  1. Командалардың өзін –өзі таныстыруы (эмблемалары)

  2. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (әріптерге байланысты сұрақтарға жауап)

  3. «Сөздің көркі - мақал» (мақал-мәтелдер сайысы)

  4. «Өнерпаз болсаң ...» үй тапсырмасы (өз өнерлерін көрсету)

  5. «Салт – дәстүрді көрсету» (1 – «Тұсау кесер», 2-«Бесікке салу»,

3-«Қыз ұзату»).

  1. «Сен білесің бе?» капитандар сайысы

Әр жүргізілген кезең шарттары түсіндіріліп, әр команданы әділқазылар бағалап отырады.


2- жүргізуші: - Құрметті қонақтар! Бүгінгі сайысымыздың әділқазыларымен таныстыруды рұқсат етіңіздер.

Бақтыбаева Д.А. - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Табулдинова Г.Е. - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Еркибаева Н.Г. - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


1- жүргізуші: Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық, - деп, кезекті сайысқа қатысушы командаларға берейік.



І кезең. Таныстыру.

І команда: «Жас ұлан»

Қалықтап көкте жас қыран,

Ұшудан ешбір талмаған.

Шартарапты шарлаған,

Біз боламыз– «Жас ұлан».


ІІ команда: «Көкбайрақ»

Ата - дәстүр салтында,

Сәлем беру жалпыға

Тобымыз біздің - «Көкбайрақ».

Ұзақ өмір тілейміз,

Қазақстан халқына.

ІІІ команда: «Қыран»

Қанша жастың қаныменен,

Егемендік алдық біз.

«Қазақстан» әнін шырқап,

Алаңға да, бардық біз.

Біз боламыз қайсар қыран,

Желбіретер көк туды.


2- жүргізуші: Оқушылар, келіңдер,

Әліппені көріңдер.

Әріптерді таныңдар,

Бәрін жаттап алыңдар.

Онда қызық ойын бар, оған көңіл қойыңдар.

Ойлаңдар да, ойнаңдар,

Қызығына тоймаңдар.

Бәрін қарап шығыңдар,

Әріп сырын ұғыңдар.

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде оқушылар

таңдаған әріптерден басталатын сөзбен сұрақтарға жауап береді.

І команда (А, С, О, Б, Ж)

  1. Сен бүгін нешеде тұрдың?

  2. Досыңның аты кім?

  3. Сен қай қалада тұрасың?

  4. Жасың нешеде?

  5. Қандай жемістерді ұнатасың?

  6. Қандай ақын – жазушыларды білесің?

  7. Бір сан есімді ата.

  8. Әкең қайдан келді?

  9. Қазақстан қандай мемлекет?

  10. Саған қандай сыйлық ұнайды?


ІІ команда (М, Қ, Т, Е, С)

  1. Сенің атың кім?

  2. Сенің досың қай қалада тұрады?

  3. Анаңның жасы нешеде?

  4. Қазақ тілі пәні ұнай ма?

  5. Саған не ұнайды?

  6. Қазақстан қандай мемлекет?

  7. Бір сын есімді ата.

  8. Мектеп мұғалімдері қандай?

  9. Қандай әншілерді білесің?

  10. Сыныпта неше оқушы бар?


ІІІ команда (Д, Ш, А, Б, Н)

  1. Театрға кіммен барасың?

  2. Ағаң қайда тұрады?

  3. Досың неше жаста?

  4. Сүйікті ісің қандай?

  5. Сенің әкеңе не ұнайды?

  6. Сен қайдан келдің?

  7. Бір зат есімді ата.

  8. Сен қандайсың?

  9. Сен кім болғың келеді?

  10. Алматы қандай қала?



1- жүргізуші: - Жарайсыңдар! Енді келесі сайыс кезеңі – «Сөздің көркі - мақал» деп аталады. Шарты: интерактивті тақтада берілген сөзге, суретке байланысты мақал-мәтелдер айту.


2- жүргізуші: Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық.

Келесі кезең «Өнерпаз болсаң ...». Бұл кезеңде оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.

1- жүргізуші: Қабыл ал, қазақ халқы күйімізді,

Ашамыз әсем күй мен сырымызды.

Күйіміз аз да болса, көптей көріп.

Соғайық шын көңілмен қолымызды.

«Жас ұлан» командасынан - күй, қабыл алыңыздар!

2- жүргізуші: Сұлулық бар бұл бидің қимылында,

Саздылық бар, қазақтың ән - жырында.

Тамашалап балалардың өнерін,

Қол соғыңдар, кәнеки, барлығың да!

Бұралып қыздар біздің билегенде,

Қазақтың асқақ әнін тербегенде,

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,

Құрбылар, айтыңдаршы қандай пенде.

«Көкбайрақ» командасынан - би, қабыл алыңыздар!


1- жүргізуші: Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

Қазағым өлең десе елеңдеген,

Қара өлең үлкендерден мұра деген.

Шығушы сайыскерлер қауымынан,

Жырлайды мәнермен бір өлең.

«Қыран» командасынан - мәнерлеп өлең оқу, қабыл алыңыздар!

2- жүргізуші: Той, думан – қазағымның салтанаты,

Қазақтың шашу тартар ата – салты.

Бүгінгі мерекеде оянады,

Әркімнің дәстүрге деген махаббаты.


1- жүргізуші: - Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыстық салт-дәстүрлер, әлеуметтік салт-дәстүрлер болып үшке бөлінеді.


2 - жүргізуші: - Шілдехана – жаңа туған нәресте құрметіне жасалған той. Қуанышты хабар жеткізуші «Сүйінші! Сүйінші» деп келеді.


1- жүргізуші: - Бесікке салу – халқымыз үшін елеулі дәстүр. Тағы да осындай сияқты салт-дәстүрлер көп.

2- жүргізуші: - Енді біздің сайыскерлеріміз салт-дәстүрлерді қалай білетіндерін байқаймыз. «Салт-дәстүрді көрсету» кезеңі бойынша командалар дайындаған презентацияларын қорғайды.

(1 – «Тұсау кесер», 2-«Бесікке салу», 3-«Қыз ұзату»)


1-жүргізуші: Алтыншы сайыс - «Сен білесің бе?». Бұл сайысқа әр команданың капитандары қатысады. Олар интерактивті тақта арқылы берілген тоғыз ұяшықтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұпайлар жинайды.

5

15

10

15

10

5

10

5

15



Жоғарыдағы 5 ұпайдың сұрағы: Қазақша ай аттарын атаңдар.

Жоғарыдағы 15 ұпайдың сұрағы: Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесіңдер?

Жоғарыдағы 10 ұпайдың сұрағы: Қазақстан Республикасының мерекелерін атаңдар.

Ортадағы 5 ұпайдың сұрағы: Алдымызда келе жатқан қандай мереке?

Ортадағы 10 ұпайдың сұрағы: Тәуелсіздігімізді біз қашан қабылдадық?

Ортадағы 15 ұпайдың сұрағы: Қазақтың ойын түрлерін атап беріңдер. Төмендегі 5 ұпайдың сұрағы: Тәуелсіздікке биыл неше жыл толады?

Төмендегі 15 ұпайдың сұрағы: Ұлттық киімдердің түрлерін білесіңдер ме?

Төмендегі 10 ұпайдың сұрағы: Жеті атаны ата.


ІІІ. Қорытындылау кезеңі.


2- жүргізуші: Бойларында от бар екен, байқадым.

Жүректерде шоқ бар екен, байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Достарым, түсініңдер сөздің парқын,

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарын,

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.

- Осымен, құрметті қонақтар, бүгінгі сайысымызды аяқтай отырып, қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша, бір әсем әнді қабыл алыңыздар!


1- жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дегендей, қатысушы

командаларды бағалау үшін әділ қазыларға сөз берейік.

(Командалар мақтау қағаздармен марапатталады)

2- жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық ?!

Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік ! – дей отырып, бүгінгі

сайысымызды аяқтаймыз.











Жалпы білім беретін № 85 мектеп









Сыныптан тыс ойын – сайыс




Тақырыбы: «Сен қазақтың салт – дәстүрлерін білесің бе?»






Өткізген: Тоғанбаева А.М.

Нуспекова Н.М.

















Алматы








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сен ?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рін білесі? бе?

Автор: Нуспекова Назгул Муратбековна

Дата: 17.03.2015

Номер свидетельства: 187889


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства