kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сенім-менің серігім"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ мақсаты:  Сенім туралы түсініктерін  кеңейте отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Сенім, жолдастық туралы түсініктерін тереңдете отырып, басқалар туралы жаман ойламау өз-өзіне сенімді болу   қасиеттерінің  мәнін ашу.
  2. Баланың бойында өз- өзіне сенімді болуын, басқалар туралы жамандық ойламауын дамыту.
  3. Сенімділікке, кешірімділікке,басқалар туралы жамандық ойламауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, оқулық, ғаламтор желісі.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

 Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)

          Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

            Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

            Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.

Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,

таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

            Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын.Нұр менің ішімде.

Мен - Нұрмын »

            Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.

            Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

            Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

            Оқушылармен тыныштық сәтінен алған әсерлері туралы пікір алмасу.

Сабақ барысын талдау:

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менім бір  күндік жоспарым» тақырыбында жазылған эссені оқыту.         (3-4 оқушы)

(Шарда «Сенім» деген сөз жазылған, сол шарды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауабын алу)

  • Сенім деген сөзді қалай түсінесің?
  • Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?
  • Қандай адам сенімге ие болады?
  • Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?
  • Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?

-Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады.

Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.

«.Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен–өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл».

3. Дәйексөз.    

Ұстамдылық - әдептің ұстазы,

Ұстамсыздық  - әлектің нұсқасы.

                                                     Халық мақылы

3.1. Дәйексөзді хормен оқыту.

3.2. Дәйексөздің сөздін мәнін ашу.

 - Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

3.3.Дәптерге жатқа жазу.

4.Әңгімелеу/Мұғалім  сыйлығы.     

Өсиет әңгіме. «Арманына нөл алған бала »

      Бүгін Арман үшін ерекше күн, үй тапсырмасы ретінде берілген «Менің арманым» атты шығарманы,Арман бар ықыласымен арманына деген толық сенімімен жазып әкеліп,мұғаліміне көрсеткенше асықты.

Арман қарапайым отбасының баласы,Арманның әкесі жылқышы,асыл тұқымды аттарды баптаумен айналысады.Анасы болса, үй шаруашылығында,Арман мен оның отбасысының тұрақты бір үйі жоқ, қай жерде жұмыс табылса, отбасы сол жерге көшіп барады.Бала кезінен әкесінің жанында көмектесіп, үйреніп қалған Арман, жалпы аттар оның ішінде асыл тұқымды аттар жайында,білгені,көргені өте көп.

Үй тапсырмасына берілген «Менің арманым» атты шығармасы да бала кезінен көріп өскен аттар жайында болатын.

Өз шығармасында Арман,болашақта үлкен шаруашылықтың қожайыны болғысы келетіндігі жайында, ол жерде көп жылқысы және асыл тұқымды аттарға арнайы орын,оларды баптап,жарыстыруға арналған арнайы жерлерді,қиялынын жетегіне ергені соншалық шығармадан тыс, шаруашылығының суретін де салған еді.

Сабақ басталды. Мұғалім оқушылардың шығармаларын жинап алып кетті.Сабақтың соңына қарай, сыныпқа кірген Арман партаның үстінде өз шығармасын көрді.Шығарманың алғашқы бетінде қып қызыл сиямен нөл деген бағаны, ал астында сабақтан кейін менің бөлмеме кіріп кет деген жазу болды.

Көңілі түсіп кеткен Арман сабақ соңында, мұғалімінің бөлмесіне келді. Бұдан бұрын да балаларға жылы шырай таныта қоймайтын мұғалімінің, қабағынан қар жауып, түнеріп тұр екен.

Арманды көре сала :

Арман, сен бұл шығарманың бағасы, жылдық қорытынды баға болатынын біле тұра, неге ойланбай жаздың? Дейді

Жоқ, мұғалім бұл шынымен менің арманым, дейді Арман ақтала сөйлеп.

Сенің әкең жылқышы, анаң үй шаруасында, сендердің бастарыңда тұрақты баспаналарың да жоқ.Сен қалайша осындай армандар армандайсың.Көрпеңе қарап көсіл деген атам қазақ,өз мүмкіндігіңе,шама шарқыңа қарай мақсат қой алдыңа.Саған тағы бір мүмкіндік берем, шығармаңды қайта жазып әкелуіңе, деп мұғалім Арманның шығармасын қайтарып береді.

Шығармасын қолына алған Арман, басы салбырап үйіне қарай бет алады.Баласын көңілсіз көрген әкесі баласынан мән жайды сұрады.

Бар жайды айтып берген Арман,әкесінен не істеу керектігін сұрады. Әкесі:

Балам арман сенің арманың, егер сен өз болашағыңа, өзіңе сенсең, онда діттеген арманыңа да жетесің деді.Әкесінің берген ынта жігерінен кейін, Арман бөлмесіне барып, шығармасының үтір,нүктесін өзгертпестен мұғаліміне апарып береді.

Арадан біраз жыл өтеді.Мұғалім оқушыларын ертіп, үлкен бір шаруақожалығын тамсана аралап жүреді. Керемет асыл тұқымды аттар,керемет қонақжайлылық осының барлығына тәнті болған мұғалім. Шаруақожалығының иесіне рахмет айтқысы келетінін айтады.Көмекшілер қожайынды шақырғанда.

Мұғалім өз көзіне өзі сенбей аң таң болады. Шаруа қожалығының иесі, өзінің баяғыда арманына, болашағына сенбеген оқушысы Арман еді.Мұғалімі Арманға қарап:

Кешір, мен өз қатемді түсіндім. Мен осы уақытқа дейін, қаншама баланың армандарын ұрладым,бетін қайтарып, армандарынан қол үзулеріне себепші болдым.Сенің өз өзіңе деген сеніміңнің арқасында өз арманыңа жете білдің.

Сұрақтар:

  1. Мұғалімнің Арманға төмен баға қоюына не себеп болды?
  2. Мұғалім нені түсінді?
  3. Өмірде қандай құндылықтарды жоғары қоясыңдар?
  4. Сендер Арманның орнында болсаңдар қандай әрекет жасар едіңдер?

     5.Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

5.Шығармашылық  іс-әрекет, топтық жұмыс.

  5.1.  Оқушыларды кәмпит арқылы топқа бөлу.

5.2.   1 топ – Сахналау. «Кімге сенім артуға болады?

         2 топ – Кластер жасау. «Бірлігі жарасқан сынып»

5,3 «Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар

С - сенімді, сыпайы,.

Е – ерен, ерекше,.

Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер,.

І - ілтипатты,.

М – мәдениетті, момын,

  5.4 Тапсырманы орындау, қорғау.

  5.5.Топтық жұмысты қорытындыла

Топпен ән айту «Сенім»

Мәдина Садуақасова

1.Сездірмей жүрген,

Тек өзім білген.

Бір сенім бар,

Жоғалмас мүлдем.

Сол сенім бар да,

Асығам алға,

Ақ тілегім, биікке самға.

               Қ-сы

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы.

Сенім – маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылды да жеңемін.

Жүрегіммен сенемін.

2. Жылуын берер,

Шапағат төгер,

Махаббатым адаспай келер.

Асқардай биік,

Армандар жиып,

Мен өтемін

Өмірді сүйіп

7.Үй тапсырмасы

  7.1. Менің арманым деген тақырыпқа эссе жазып келу

8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті 

 Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар. Мен армандарыма қол жеткіземін.Мен өз өзіме сенемін.Сенім маған серік болады  деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады.

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сенім-менің серігім"»

Өзін- өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Көбенсай орта мектебі

Мұғалім: Мухамедьярова Б.О.

Сынып: 5 Оқушылар саны: 11

Тақырып: Сенім – менің серігім Сабақ 21

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Әдепті болу; Басқалар туралы жамандық ойламау; Өз-өзіне сенімді болу.


Сабақ мақсаты: Сенім туралы түсініктерін кеңейте отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Сенім, жолдастық туралы түсініктерін тереңдете отырып, басқалар туралы жаман ойламау өз-өзіне сенімді болу қасиеттерінің мәнін ашу.

  2. Баланың бойында өз- өзіне сенімді болуын, басқалар туралы жамандық ойламауын дамыту.

  3. Сенімділікке, кешірімділікке,басқалар туралы жамандық ойламауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, оқулық, ғаламтор желісі.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.

Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,

таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...

Мен - Нұрмын »

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

Оқушылармен тыныштық сәтінен алған әсерлері туралы пікір алмасу.

Сабақ барысын талдау:

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менім бір күндік жоспарым» тақырыбында жазылған эссені оқыту. (3-4 оқушы)




(Шарда «Сенім» деген сөз жазылған, сол шарды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауабын алу)

  • Сенім деген сөзді қалай түсінесің?

  • Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

  • Қандай адам сенімге ие болады?

  • Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?

  • Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?



Мұғалім: -Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады.

Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.

«...Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен–өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл».



3. Дәйексөз.

Ұстамдылық - әдептің ұстазы,

Ұстамсыздық - әлектің нұсқасы.

Халық мақылы

3.1. Дәйексөзді хормен оқыту.

3.2. Дәйексөздің сөздін мәнін ашу.

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

3.3.Дәптерге жатқа жазу.


4.Әңгімелеу/Мұғалім сыйлығы.

Өсиет әңгіме. «Арманына нөл алған бала »

Бүгін Арман үшін ерекше күн, үй тапсырмасы ретінде берілген «Менің арманым» атты шығарманы,Арман бар ықыласымен арманына деген толық сенімімен жазып әкеліп,мұғаліміне көрсеткенше асықты.

Арман қарапайым отбасының баласы,Арманның әкесі жылқышы,асыл тұқымды аттарды баптаумен айналысады.Анасы болса, үй шаруашылығында,Арман мен оның отбасысының тұрақты бір үйі жоқ, қай жерде жұмыс табылса, отбасы сол жерге көшіп барады.Бала кезінен әкесінің жанында көмектесіп, үйреніп қалған Арман, жалпы аттар оның ішінде асыл тұқымды аттар жайында ,білгені ,көргені өте көп.

Үй тапсырмасына берілген «Менің арманым» атты шығармасы да бала кезінен көріп өскен аттар жайында болатын...

Өз шығармасында Арман,болашақта үлкен шаруашылықтың қожайыны болғысы келетіндігі жайында, ол жерде көп жылқысы және асыл тұқымды аттарға арнайы орын,оларды баптап,жарыстыруға арналған арнайы жерлерді,қиялынын жетегіне ергені соншалық шығармадан тыс , шаруашылығының суретін де салған еді.

Сабақ басталды. Мұғалім оқушылардың шығармаларын жинап алып кетті.Сабақтың соңына қарай, сыныпқа кірген Арман партаның үстінде өз шығармасын көрді .Шығарманың алғашқы бетінде қып қызыл сиямен нөл деген бағаны , ал астында сабақтан кейін менің бөлмеме кіріп кет деген жазу болды.

Көңілі түсіп кеткен Арман сабақ соңында, мұғалімінің бөлмесіне келді. Бұдан бұрын да балаларға жылы шырай таныта қоймайтын мұғалімінің , қабағынан қар жауып , түнеріп тұр екен...

Арманды көре сала :

Арман, сен бұл шығарманың бағасы , жылдық қорытынды баға болатынын біле тұра , неге ойланбай жаздың? Дейді

Жоқ, мұғалім бұл шынымен менің арманым, дейді Арман ақтала сөйлеп.

Сенің әкең жылқышы, анаң үй шаруасында, сендердің бастарыңда тұрақты баспаналарың да жоқ.Сен қалайша осындай армандар армандайсың.Көрпеңе қарап көсіл деген атам қазақ,өз мүмкіндігіңе,шама шарқыңа қарай мақсат қой алдыңа ...Саған тағы бір мүмкіндік берем , шығармаңды қайта жазып әкелуіңе, деп мұғалім Арманның шығармасын қайтарып береді.

Шығармасын қолына алған Арман , басы салбырап үйіне қарай бет алады.Баласын көңілсіз көрген әкесі баласынан мән жайды сұрады.

Бар жайды айтып берген Арман ,әкесінен не істеу керектігін сұрады. Әкесі:

Балам арман сенің арманың, егер сен өз болашағыңа, өзіңе сенсең, онда діттеген арманыңа да жетесің деді.Әкесінің берген ынта жігерінен кейін, Арман бөлмесіне барып, шығармасының үтір ,нүктесін өзгертпестен мұғаліміне апарып береді.

Арадан біраз жыл өтеді.Мұғалім оқушыларын ертіп, үлкен бір шаруақожалығын тамсана аралап жүреді. Керемет асыл тұқымды аттар,керемет қонақжайлылық осының барлығына тәнті болған мұғалім... Шаруақожалығының иесіне рахмет айтқысы келетінін айтады.Көмекшілер қожайынды шақырғанда...

Мұғалім өз көзіне өзі сенбей аң таң болады. Шаруа қожалығының иесі , өзінің баяғыда арманына, болашағына сенбеген оқушысы Арман еді.Мұғалімі Арманға қарап:

Кешір , мен өз қатемді түсіндім. Мен осы уақытқа дейін , қаншама баланың армандарын ұрладым ,бетін қайтарып, армандарынан қол үзулеріне себепші болдым.Сенің өз өзіңе деген сеніміңнің арқасында өз арманыңа жете білдің....



Сұрақтар:

  1. Мұғалімнің Арманға төмен баға қоюына не себеп болды?

  2. Мұғалім нені түсінді?

  3. Өмірде қандай құндылықтарды жоғары қоясыңдар?

  4. Сендер Арманның орнында болсаңдар қандай әрекет жасар едіңдер?

5.Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?



5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

5.1. Оқушыларды кәмпит арқылы топқа бөлу.

5.2. 1 топ – Сахналау. «Кімге сенім артуға болады?

2 топ – Кластер жасау. «Бірлігі жарасқан сынып»

5,3 «Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар

С - сенімді, сыпайы, ...

Е – ерен, ерекше,...

Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер, ...

І - ілтипатты, ...

М – мәдениетті, момын,


5.4 Тапсырманы орындау, қорғау.

5.5 .Топтық жұмысты қорытындыла










  1. Топпен ән айту

«Сенім» Мәдина Садуақасова 1.Сездірмей жүрген, Тек өзім білген. Бір сенім бар, Жоғалмас мүлдем. Сол сенім бар да, Асығам алға, Ақ тілегім, биікке самға. Қ-сы Тағдыр жолы көп торабы, Ақ пен қара жолағы. Сенім – маған серік болады. Ақ таңдарды мен көремін, Дауылды да жеңемін. Жүрегіммен сенемін. 2. Жылуын берер, Шапағат төгер, Махаббатым адаспай келер. Асқардай биік, Армандар жиып, Мен өтемін

Өмірді сүйіп













7.Үй тапсырмасы

7.1. Менің арманым деген тақырыпқа эссе жазып келу







8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

Мен армандарыма қол жеткіземін.Мен өз өзіме сенемін.Сенім маған серік болады деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады.
































































































Сенім - адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көзқарасын, қарым-қатынасын анықтайтын түсінік, білім, елес, идеялар.[1]

Сенім, наным — адамның белгілі бір мәліметтерді, құбылыстарды, ойлар мен көзқарастарды, пікірлерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында көрінетін психиканың ерекше күйі.

  1. діни илану, діншілдік наным;

  2. сену, нану.

Сенім — адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Қажеттіліктерін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен әлеумет заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды. Адамның адалдығына сеніп, оны құрметтей білу — әдептілік. Сол сияқты бүкіл әлемге жақсылық ойлау адамның тұлғалық бейнесі. Адам алдына мақсат қойып, оның нәтижелі орындалуына сенім білдіріп, іс-әрекетке кіріскен кезде ғана, ол жоғарғы нәтижелерге жете алады. Сенім — адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылататын жағымды сезім. Сенім — адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс (болашаққа сену, еңбекке сену, жақын адамдарға сену, дінге сену, т.б.). Сенім үміттен басталады. Сенім адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Бұл адамның нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты.[2]

Сенімді болу үшін не істеу керек

Жылдам ойлап, асықпай сөйле. 

шындықты айт!


6. Адамдарға күткенінен артық көмектес. Және мұны шын жүректен жаса.

8. Естігендеріңнің бәріне сене берме

10. Сүрінген сәттерден сабақ алып үйрен.
11. Барлық ісің үшін жауап бер. Өзіңді және өзгелерді құрметте.
12. Кішігірім кикілжіңге бола досыңды жоғалтпа.
13. Қателікті байқаудың орнына тезірек түзетуге тырыс.
14. Күніне бір рет жалғыз қал.

16. Кейде үнсіздік – жақсы жауап.



21. Біліміңді балалармен бөліс. Бұл - мәңгілік өмірге қол жеткізудің жо
.
27. Егер артық мөлшерде ақша тапсаң, оны өзгелерге көмектесу үшін жұмса.
28. Есіңде болсын! Кейде қалағаныңды алмау арқылы жолың болатын сәттер бар.
.
30. Табысыңды оған жету жолында нені құрбан еткендігің арқылы бағала. 
31. Сенің «менің» - саяхатыңның соңғы нүктесі. 
32. Махаббат пен тағам дайындауда ешкімнің кеңесіне құлақ аспа. Барлығын өзің шеш. Және адам баласының байлығы - отбасы екенін ұмытпа!


Ұстамдылық — адамның бойындағы жағымды қасиет; өз тәртібін қадағалай білу, қызбалығы мен үстірт әрекетін тежей aлy, оларды қолданыстағы тәртіп нормалары мен ережелеріне бағындыру. Ұстамдылық қасиеттерін тәрбиелеуде балаларды мектепте қолданыста жүрген білім беру ұйымдарының жарғысымен, оқушылар тәртібінің ережесімен таныстыру, өз әрекетін қабылданған тәртіп нормаларымен салыстырудың тұрақты жаттығулары қолданылады, олар балаға және оның ортасына кері ықпал ететін әрекеттерден сақтандырады. Ұстаным— адамның өмірлік іс-тәжірибесінен қалыптасқан, оның өзіндік дүниетанымы мен пікірін білдіретін, белгілі бір жақтайтын көзқарасы.[1]


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Сенім-менің серігім"

Автор: Мухамедьярова Баян Омаровна

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 387016

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?БТ-?а сеніммен барайы?! (Психологиялы? саба?)"
    ["seo_title"] => string(43) "ubtgasienimmienbaraiykpsikhologhiialyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "304580"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457763860"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Сенім - менің серігім Ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(35) "sienim_mienin_sierighim_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "383530"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485323816"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Психологиялык  сабак: "Сенім  менін  серігім!!!!""
    ["seo_title"] => string(42) "psikhologhiialyksabaksienimmieninsierighim"
    ["file_id"] => string(6) "262100"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449253199"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Болашаққа сеніммен қадам басамын"
    ["seo_title"] => string(38) "bolashak_k_a_sienimmien_k_adam_basamyn"
    ["file_id"] => string(6) "453840"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517396187"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "ата-аналар жиналысы "Бала-бауыр еті?""
    ["seo_title"] => string(32) "ataanalarzhinalysybalabauyrietin"
    ["file_id"] => string(6) "285223"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454119965"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства