kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шортанбай - сабақ жоспары»

Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Шортанбай Қанайұлының өмірі, ақындық жолға түсуі, шығармаларының тақырыбы, халық мұңын жырлаудағы және қазақ әдебиетіндегі өшпес орны туралы білім алушылардың білімдерін кеңейту.

ә) тәрбиелік: Шортанбай шығармаларының тақырыбын аша отырып, білім алушыларды Шортанбай ақындай әділ, батыл болуға, еліне адал, жанашыр болуға, адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Ұлы ақынның шығармаларын оқыта отырып, Шортанбайдың шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыра түсу. Білім алушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру. СТО технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, білім алушыларға өз ойларын ашық, жүйелі айтуға, еркін де, терең ойлап, үздіксіз жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, СТО технологияларының әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Шортанбайдың өміріне, шығармашылығына байланысты интернет желісінен алынған деректер, Шортанбайдың суреттері, өлеңдері.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • С.ҚирабаевҰ.Асыл, «Қазақ әдебиеті 10 сынып».Алматы «Мектеп», 2006 жыл;

  • Садырбаев С. Шортанбайдың ақындығы;

  • Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері (Шортанбай ақын). Алматы,2000 жыл.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың жүру тәртібі:

І. Ұйымдастыру: Білім алушылармен амандасу,түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: С.Аронұлының өмірі мен шығармашылығы.

«Сандар сөйлейді»








  • Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматы облысы Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде дүниеге келген.

  • Сүйінбай Аронұлы 14 жасында ең алғашқы “Түс” деген өлеңін шығарған.

  • Сүйінбай Аронұлы 25 жасында ақын атағы шығып, елге танымал болған.

  • Сүйінбай Аронұлы 60 жыл бойы айтысқа қатысып, жеңіліп көрмеген аса көрнекті жырау.

  • Сүйінбай Аронұлы 83 жасында дүниеден өткен.

  • Сүйінбай Аронұлы 19 ғасырда өмір сүріп, халық мұңын жырлаған “зар заман” ақындарының бірі.

«Ойлан, тап» Семантикалық карта.


Ақындар

Туған жылдары

Жинақтары

Жырлаған тақырыптары

...

...

...

...

...

...

...

...

...

Махамбет Өтемісұлы










Дулат Бабатайұлы










Сүйінбай Аронұлы












ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Білім алушыларға Шортанбайдың суретін көрсетіп, «Ой қозғау» әдісін пайдалана отырып, сұрақтар қою:

  1. Тақтада бейнеленген ақынды танимыз ба?

  2. Ақынымыз қай ғасыр, қай заман ақыны?

  3. Бұл ақынның қандай шығармаларын білеміз?

ІҮ. Мағынаны тану.

Жаңа сабақ, жоспары:

  1. Мына заман, қай заман?”

  2. Шортанбай – халық мұңын жырлаушы ақын.

Ресейдің ел билеу жүйесін кезінде қатты сынаған ақынның бірі – Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Қаратау-Қарназ деген жерде дүниеге келген.

Шортанбайдың отбасы 1835 жылдары, оның 17 жасында, Сарыарқа жеріне қоныс аударады. Арқаға келген соң, ол өзінің сөйлер сөзге шешендігінің, ділмарлығының әрі хат тани білетін зеректігінің арқасында осы елдің ішіне сіңісіп кетеді.

Шортанбайдың өмірі туралы деректер аз. Оның өмірінің көпшілік бөлігі Сарыарқа жерінде өтеді. Өзінің білімін кеңейту мақсатында ақын Бұқар жырау, Шал ақынның мұраларын аса қызығушылықпен оқып, зерттеген. Сонымен қатар Орынбай, Шөже, Асан ақындармен айтысқа түсіп, күш сынасқан.

Шортанбай заманы – Ресей патшалығы отаршылдығының күшіне еніп, қазақ өлкесін емін-еркін билей бастаған тұсы еді. Осындай аласапыран ауыр заманда өмір сүрген Шортанбай Қанайұлы – қазақ халқының тәуелсіздігінен айыра келген отаршылдыққа наразылық білдірген ақындардың бірі. Шортанбай Арқаға көшіп келген кездері Сарыарқаны сауда-саттық жайлады, мал-мүлік базарға түсті, жәрмеңкелер жандана түсті, базар нарқын ақша билей бастады.

Мына заман, қай заман?

Азулыға – бар заман,

Азусызға – тар заман.

Тарлығының белгісі –

Жақсы жаннан түңілген,

Жаман малдан түңілген,

Мұның өзі – зар заман...

Шортанбайдың әдебиеттегі орнын анықтайтын да өз заманының сипатын ашып айта алған шыншылдығында. Ақын мұрасы қазақ қоғамы тарихындағы осы бір күрделі дәуірдің бейнесін кесек сомдаған сыншыл суреткерлігімен ерекшеленеді.

Асылық асқан заманда,

Алуан-алуан жау шықты,

Арам ораз хан шықты,

Қайырымы жоқ бай шықты.

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты...

Әлемнің әміршісіндей ақшаны, сауданы Шортанбай қабылдамайды. Капиталистік ел билеу жүйесі, отаршылдық саясат, сауда – бәрі де адам психологиясын бұзды. Ешбір би, бай елді ойламайтын болды. Заман бұзықтардың ырқында кетті... Міне, заманның азған белгісінің есебінде Шортанбай бейнелейтін шындық осы еді.

Сыншыл ақын заман аздырған баймен, қасиетсіз төремен, әділетсіз билермен бірге қожа-молданы да өткір тілмен түйрейді.

Асылық асқан заманда,

Қожа-молда көбейіп,

Өңкей арам залымдар

Зәремізді алады,

Арам берсең жымиып,

Қалтасына салады...

дейді.

Заман ауыртпалығы кедейлердің мойнына түскені де Шортанбай назарынан тыс қалмайды. Бай мен кедейдің арасы екіге бөлінгенін, ендігі жағдайда кедейлер де еңбекақы талап ете бастағанын, беруге сараң бай мұны ұната қоймағанын “Байды құдай атқаны” өлеңінде ақын ашық бейнелейді.

Шортанбайдың қалам қозғаған тақырыптары әр алуан. Әйтсе де халық мұңы, халық зары Шортанбай шығармашылығынан көрнекті орын алған. Ақынның “Зар заман” өлеңін тыңдай отырып, оның не ойлап, неден қорыққанын толықтай аңғаруымызға болады.

Бай кедейді көрмейді,

Кедей байға ермейді.

Қызметін бір күн қылмасаң,

Майлы сорпа бермейді...

(өлеңнен үзінді тыңдалады)

Шортанбайдың бір топ өлеңдері адам бойындағы оғаш мінез-құлықты суреттеуге арналған. Ересек адамдармен қатар мінез-құлықтағы өзгерістер жастарды да қамтып жатқаны Шортанбай назарынан тыс қалмайды.

Заман ақыр кезінде –

Ұл сыйламас атасын,

Қыз сыйламас енесін,

Ер жеттім деп егесіп,

Салыстырар денесін, -

деп, заман ықпалынан дари бастаған жағымсыз қылықтарды ашына шенейді. Инабат, ізет, сыйлау, адамгершілік, кішіпейілділік сияқты қазақтың ізгі мінездерін жоқтайды.

Шортанбай шығармалары сол тұстағы қазақтың қоғамдық өмірінің барлық саласында болған өзгерістердің айнасы іспетті. Ол тұрмысты да, сананы да, адам психологиясында, экологияны да қамтиды.

Қоғамдық әлеуметтік дамудың жаңа сипаттарын мойындамағанмен, Шортанбай заман қиындықтарын айтып күңіренуден әрі аса алмайды: өткен өмір қайта оралмайтынын біледі, алдағы дүниеге сенбейді. Сондықтан сөздерінің бәрін “о дүниеге” әкеліп тірейді. Елді де опасыз дүниеге алданбай, құдайға құлшылық етуге шақырады.

Ей, әлеумет қарындас,

Құлшылық қылсаң не етеді –

Ажал қуып жетеді, -

деп түйеді. Дүниеқұмарлықты, парақорлықты, адамға қиянат жасауды, жалпы адамгершіліктен ауытқуды Алла жолына қарсы деп жырлап, қиямет азабымен қорқытады.

Шортанбай Қанайұлы– қазақтың ХІХ ғасырдағы көрнекті ақындарының бірі. “Зар заман” жырауларының қатарына жататын Шортанбай шығармашылығы болашаққа берер үлгі-өнегесі мол.


Ү. Ой толғау.


Білімді бекіту:

«Ұлылар үндестігі»











(Шортанбай Қанайұлы мен Дулат Бабатайұлының өлеңдерін салыстыра отырып, ақындардың үндестігіне көз жеткізеді).

Білім алушылармен жеке жұмыс

1-тапсырма.










2-тапсырма.

«Әдеби диктант»

Шортанбай Қанайұлы – ...

Шортанбайдың шығармаларының басты тақырыбы: ...



3-тапсырма.

  • Шортанбай қай жылдар аралығында өмір сүрді?

  • Шортанбай қай заман ақынына жатады?


«Кім білімпаз?»


  1. Шортанбай Сарыарқаға көшіп барған кезде неше жаста болды?

  2. Шортанбайдың өмірінің көпшілік бөлігі қай жерде өтті?

  3. Қазақ – Шортанбай жырлаған мұңын бірі “зар заман” халқының ақындарының (сөздерді ретімен орындарына қойып, сөйлем құрастырыңыз).

  4. Шортанбайдың қандай өлеңдері бар? Атап беріңіз.

  5. Шортанбай жастардың бойындағы қандай мінездерді жоқтайды?

  6. Шортанбай кім деген атақты ақындардың шығармаларын қызығушылықпен оқып, зерттеді?










«Сәйкесін тап»



















«Топтастыру»








«Бес жол өлең» әдісі бойынша білім алушылардың қаншалықты тақырыпты меңгергендігін анықтауға болады. Білім алушылар алған ақпаратты түйіндеп айтуға, өздерінің ойларын аз сөзбен, бірақ нақты жеткізуге жұмыстанады.

«Еркін жазу» әдісі бойынша өтілген тақырыптан бар білгендерін қорытындылап, өз әсерлерін, пікірлерін дәптер бетіне түсіріп, оқиды.








Ү. Үйге тапсырма:

Эссе “Шортанбай – ХІХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілі”

Шортанбайдың бір өлеңін жатқа,мәнерлеп айту.


ҮІ. Бағалау. (Әрбір тапсырма бойынша білім алушылар бағаланып, соңына қорытынды баға қойылды).


ҮІІ. Қорытынды.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы.

Автор: Альмуханова Гаухар Куанышевна

Дата: 21.12.2016

Номер свидетельства: 372124

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Шортанбай ?анай?лыны? ?мірі ж?не шы?армашылы?ы "
    ["seo_title"] => string(55) "shortanbai-k-anaiu-lynyn-omiri-zh-nie-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "154931"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421228150"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі, шығармашылығы"
    ["seo_title"] => string(56) "mailyk_ozha_su_ltank_ozhau_lynyn_omiri_shyg_armashylyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "360203"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479483738"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Шортанбай Қанайұлы "Зар заман" өлеңі"
    ["seo_title"] => string(39) "shortanbai_k_anaiu_ly_zar_zaman_olien_i"
    ["file_id"] => string(6) "435713"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509449760"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Шортанбай ?анай?лы "Зар заман" ?ле?і"
    ["seo_title"] => string(32) "shortanbaikanaiulyzarzamanolieni"
    ["file_id"] => string(6) "326561"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463227344"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Шортанбай Қанайұлы"
    ["seo_title"] => string(21) "shortanbai_k_anaiu_ly"
    ["file_id"] => string(6) "379095"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1484366782"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства