5 – сынып
Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: балаларға табиғат құбылыстары жайлы, жыл мезгілдері туралы түсінік, мағлұмат беру.
Дамытушылығы: балалардың сөздік қорын байыту, есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, өз бетімен жұмыс істеу, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: балаларды табиғатты аялауға, қорғауға, сүюге тәрбиелеу, еңбекқорлыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ой-толғау әдістері, тестпен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: презентациялық слайдтар, интерактивті тақта, суреттер, үлестірме парақшалар.
Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі, табиғаттану, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) амандасу
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін сендермен сабақ өткізетін жалпы білім беретін №85 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нуспекова Назгүл Мұратбекқызы.
ә) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
а) «Қоғамдық жұмыстар» бөлімін еске түсіру.
- Қане, балалар, айтыңдаршы, біз қандай сөздер өттік?
- Сен кімнің қолғанатыcың?
- Анаңа сен қалай көмектесесің?
ә) Грамматикалық тапсырмалар бойынша тәуелдік, жіктік жалғауын пысықтау. Жіктік, тәуелдік жалғауларына байланысты үлестірме парақшалар тарату (1-2 бала ауызша, 1-2 бала тақтаға жазады).
№1 – тапсырма. «Қолғанат» сөзін жікте.
№2 – тапсырма. «Кезекші» сөзін жікте.
№3 – тапсырма. «Көмектесу» сөзін жікте.
№4 – тапсырма. «Ана» сөзін тәуелде.
№5 – тапсырма. «Әже» сөзін тәуелде.
№6 – тапсырма. «Мұғалім» сөзін тәуелде.
ІІІ. Жаңа сабақ:
а) кіріспе бөлімі:
Балаларға жылдың әр мезгілі жайлы жұмбақ өлең жасырылады (бар өлең жолдары интерактивті тақтадан шығып отырады).
- Қар еріп, су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып, жылиды.
Бұл қай кезде болады?
- Балалар, айтыңдаршы, бұл өлең шумағында қай мезгіл туралы айтылып тұр?
- Көктем мезгілі.
- Көктемде ауа райы қандай болады?
- Көктемде қар ериді, сай-салаға су толады, ағаштар бүршік жарады.
- Балалар, көктемде қандай мерекелер бар?
- Наурыз мерекесі, Аналар мерекесі.
- Жақсы, жарайсыңдар.
2. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай Құнанбаев)
- Ал, бұл өлеңде қай жыл мезгілі жайлы айтылып тұр?
- Қыс туралы.
- Балалар, яғни қыста ауа райы қандай болады екен?
- Қыста ауа райы суық, қар жауады, боран соғады.
- Бәрекелді, жарайсыңдар.
3. Кестелі жібек көрпедей,
Жас балаша шаттанып,
Құлай кеттім еркелей.
«Кетпе» деп тағы көк шалғын,
Аяғыма оралды.
Жібермей бөгеп алдымды,
Майысып гүлдер бұралды. (Сәкен Сейфуллин)
- Қалай ойлайсыңдар, бұл қай кезде болады?
- Жазда.
- Жазда ауа райы қандай болады екен?
- Жазда күн ыстық, түн салқын болады.
- Жаз біз үшін тағы несімен ерекше?
- Жазда біз демалысқа шығамыз.
4. Көк базарда бұл мезгілде бәрі бар,
Барып, бәрін, бәрін, бәрін ал.
- Қай мезгілде жемістер, көкөністер піседі екен?
- Күз мезгілінде.
- Күзде ауа райы қандай болады?
- Күн суыта бастайды, ағаштардың жапырақтары сарғаяды.
- Дұрыс, рахмет.
(толықтай әр жыл мезгілінің аты мен суреттері интерактивті тақтада тұрады).
- Сонымен балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады екен?
- Жыл мезгілдері.
- Дұрыс, ал қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі (осы кезде тақтада бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбы жазылады).
ә) Дәптермен жұмыс:
- Балалар, енді дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар.
- Ендеше, ойымызды тиянақтап, сөйлемдер құрайық (балалар әр түрлі сөйлемдер құрайды, тақтаға шығып жазады).
Бір жылда төрт мезгіл бар. Олар: көктем, жаз, күз, қыс.
- Жақсы, балалар, енді келесі екі сөйлемді «Адасқан сөз» ойыны арқылы құраймыз (интерактивті тақтадан орын тәртібінсіз орналасқан сөйлемдер шығады, балалар сол сөйлемдерді тақтаға шығып, қаламмен дұрыс құрауы керек).
1. қай мезгіл болса да, табиғаттың, әдемі.
Табиғаттың қай мезгілі болса да әдемі.
2. сүйемін, мен табиғатты,
Мен табиғатты сүйемін.
- Бұл сөйлемдерді де дәптерімізге жазамыз.
б) Кітаппен жұмыс: (124-125 беттер)
1. Сөздік жұмысы
- Балалар, мәтінді оқымастан бұрын, жаңа сөздермен танысып алайық. Бірінші мен оқып берейін, содан кейін сендер хормен оқисыңдар әрі жеке-жеке оқисыңдар (сөздік дәптерлеріне жазғызу).
2. Мәтінмен жұмыс
- Міне, кітаптағы мәтінді көріп тұрсыңдар, сол мәтінді жақсылап, мәнерлеп оқимыз. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап іздеп үйренеміз.
1. Бір жылда неше мезгіл бар?
2. Қыста ауа райы қандай болады?
3. Көктемде не ериді?
4. Жеміс-жидек қашан піседі?
ІҮ. Ой толғау.
- Балалар, сендер бірінші сыныптан бастап қазақ тілін оқисыңдар, осы жылдан бастап сендерге әдебиет пәні қосылды, кім қандай жыл мезгілдері туралы өлеңдер біледі екен? (балалар білетін өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтады).
Ү. Қорытынды бөлім.
- Балалар, енді біз бүгінгі өткен сабағымызды қорытайық. Қандай сөздер өттік? Не туралы білдік?
ҮІ. Тақтамен жұмыс. Қорытынды бөлімін тақтада тұрған «Сөзжұмбақ» арқылы бекіту.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
- праздник
- красивый
- название месяца, праздник
- цветок
- почки
- ветер
- тает
- урожай
- дождь.
ҮІІ. Компьютермен жұмыс.
Әр бала өзінің алдындағы компьютерден тест жұмысын тыңдай отырып толтырады, өзін-өзі тексереді.
1. Бір жылда неше мезгіл бар?
а) 4; ә) 5;
б) 3; в) 2.
2. Наурыз мерекесі қай мезгілде?
а) қыста; ә) жазда;
б) көктемде; в) күзде.
3. Біз қашан ұзақ демалысқа шығамыз?
а) күзде; ә) қыста;
б) жазда; в) көктемде.
4. Көктемде қандай мереке бар?
а) Республика күні; ә) Тілдер күні;
б) Балалар күні; в) Аналар мерекесі.
5. Күн де ысып, шөп пісіп,
Ел пішенін орады.
Бұл қай кезде болады?
а) жазда; ә) күзде;
б) көктемде; в) қыста.
6. Бір жылда неше ай бар?
а) 11; ә) 12;
б) 25; в) 16.
7. Даланың бәрі аппақ.
а) күз; ә) қыс;
б) жаз; в) көктем.
8. Әр мезгілде қанша айдан?
а) 3; ә) 4;
б) 5; в) 6.
9. «Мезгілім» деген сөзде –ім жалғауы қай жалғау?
а) тәуелдік жалғау; ә) көптік жалғау;
б) жіктік жалғау; в) септік жалғау.
10. Наурыз мерекесі әдемі. Ол әдемі. Жіктік жалғауының нешінші жағы?
а) І жақ; ә) ІІ жақ сыпайы түрі;
б) ІІІ жақ; в) ІІ жақ жай түрі.
- Балалар, қараңдар, мына жерде 4 ыдыс бар. Бұлардың әрқайсысында сендерге тосынсый бар. Мен қазір бетіндегі қағазда не жазылып тұрғанын алып, сендерге оқып берейін.
- Мына жасыл түс сендерге нені елестетеді? (көктем).
- Көктемдей жаңарып, өсіп-өне беріңдер.
- Әр түрлі түсті не деп ойлайсыңдар? (жаз).
- Әрқашан жаздай жадырап, көңілдерің көтеріңкі болсын.
- Сары түс сендердің көздеріңе нені елестетеді? (күз).
- Күз мезгілі тоқшылық мезгілі, қарнымыз тоқ, қайғымыз жоқ болсын.
- Ал, мына ақ түс сендерге қай мезгілді көздеріңе елестетеді? (қыс).
- Көңілдерің қыстай аппақ болсын, денсаулықтарың қыстай мықты болсын.
- Міне, балалар, қазақ халқы әрқашан көңілді, той-думанды жақсы көретін халық, сондықтан мен сендерге осы тосынсыйды шашу ретінде алып келдім.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
- Жаңа сөздерді жаттау;
- Мәтінді әңгімелеу;
- Кітаптан 125-бет, 4-тапсырма.
ІХ. Бағалау.