Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Үштөбе ауылы
«Өкпеті» орта мектебі
Жұмаділова Айгүл Тоқтасынқызы
Сабақтың тақырыбы: «Жыл мезгілдері».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды «Жыл мезгілдері» өлеңімен таныстыру; Жыл мезгілдері жайлы түсініктерін кеңейте отырып, әр жыл мезгілінің маусымдық өзгерісрері жайлы еркін әңгімелей білуге үйрету; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; өз ойын еркін жеткізіп, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Жыл мезгілдері туралы әңгімелей отырып, оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту. Әр жыл мезгілінің ерекшелігін біліп, ұғынуға шақыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ –жауап, талдау, сөйлесу іздендіру, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кроссворд «Жыл мезгілдері»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Амандасу.
В) Сынып тазалығын тексеру.
-Сыныпта кезекшіні тексеріп, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
С) Оқушыларды түгендеу.
-Бүгін сыныпта кім жоқ?
Д) Назарын сабаққа аудару.
-Балалар оқулықтарынды алып, 196-бетті ашамыз.
II.Үй тапсырмасын тексеру:-Қане балалар үй тапсырмасына не берді? Кім айтады?
(3-4 оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын)
III.Жаңа сабақ:-Балалар, бүгін біз сіздермен жаңа сабақ өтеміз.
Сабақты бастамас бұрын сөзжұмбақ шешсек қайтеді?!
І ________13.Ілбіс
-Сонымен, балалар, белгіленген торкөзден қандай сөз шықты? /Жыл мезгілдері/
Ендеше, біз бүгін болгар ақыны Калина Малинаның «Жыл мезгілдері» өлеңімен танысамыз
Балалар, қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
/Көктем, қыс, жаз, күз/
Жыл мезгілдері
Қозы- лақтар маңырап,
Жататұғын жамырап,
Білесің бе, қай мезгіл?
Күн сарғайтып көгіңді,
Оратын кез егінді
Білесің бе, қай мезгіл?
Жап- жалаңаш қырқылар
Кетеді ұшып тырналар
Білесің бе, қай мезгіл?
Ағарып жер қап- қара,
Ұлып тұрар ақ боран,
Білесің бе, қай мезгіл?
1)Мұғалімнің оқуы;
2)Оқушылардың тізбектей оқуы;
-Өлеңнің бірінші шумағында қай жыл мезгілі суреттелген? /көктем/-Егінді қай кезде орады? «Егінді жазда орады» деген пікірмен келісесің бе?-Өлеңнің үшінші шумағында қай жыл мезгілі суреттелген? /күз/-Өлеңнің төртінші шумағында қай жыл мезгілі суреттелген? /қыс/
Сергіту сәті
Мен жапырақпын жайқалған
Көктем келсе жасарған.
Жел тұрғанда шайқалып,
Күз келген де құлаған.
Жерден раушан гүлін оң қолыма аламын
Сол қолыма саламын.
Екеуін біріктіріп,
Жоғарыға шашамын.
-Қанекей, балалар, мына суреттегі заттарды қай жыл мезгілінде қолданылатынына байланысты топтастырайык
Жылдың төрт мезгілі бір- біріне ұқсамайды. Әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Жыл мезгілдері ауысқанда бізді қоршаған табиғат әлемі де сан құбылып өзгереді.Мына суретке қараңдаршы.
Ауа райы құбылыстарына қарап қай мезгіл екенін ажыратуға бола ма?
-Бірінші суретте қай жыл мезгілі берілген? /көктем/-Оны қайдан білдік? /аспан- ашық, жаңбырлы, ағаштар бүр жарып, жасыл шөп шығып жатыр/
-Екінші суретте қай жыл мезгілі берілген? /жаз/ -Оны қайдан білдік? /күншуақты, айнала жап- жасыл, гүлдерге толы /
-Үшінші суретте қай жыл мезгілі берілген? /күз/ -Оны қайдан білдік? /ағаштар жапырағынан айырылып, айнала сұрғылттанған, жел соғып тұр /
-Төртінші суретте қай жыл мезгілі берілген? /қыс/ -Оны қайдан білдік? /күн- суық, жапалақтап қар жауып тұр, айнала ақ көрпе жамылғандай /
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Сонымен, балалар, жыл мезгілдері жайлы талай мағлұмат алдық. Енді, оқулықтың 197-ші бетіндегі төрт жыл мезгілінің суретіне назар салыңдаршы. Осы жыл мезгілдерінің біреуін суреттеп жазыңдар
V. Үйге тапсырма беру Өлеңді жаттап ал. Өлең мазмұнына қарай сурет сал
VI. Қорытындылау
-Жақсы, балалар, бүгінгі сабақ не жайлы болды?
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа белсене қатысқандарына қарай бағалау.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар!
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт