kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Күн және Күн жүйесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күн және күн жүйесі. Жаратылыстану мен өзін -өзітану пәнінен кіріктірілген сабақ жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Күн және Күн жүйесі.»


«Өзiн-өзi тану» пәнінің интеграцияланған жаратылыстану сабағының жоспары


Мектеп: Көктөбе ЖОББМ

Мерзiм: 14.10.2016

Тақырып Күн және Күн жүйесі

Құндылық Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, жақсылық, жауапкершілік

Мұғалiм Дюсенбаева Ш.А

Класс 5 Оқушылар саны15


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Күн –жер бетіндегі жарық және энергия қуатының көзі екені жайлы түсінік беру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Күн туралы түсініктерін кеңейту; .

Дамытушылық: Оқушылардың қосымша білім көздерін пайдалана отырып, планеталар туралы білімдерін жаратылыстану тұрғыдан ойлау біліктілігін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, жақсылыққа жауапкершілікке тәрбиелеу;





Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер, қалам, күнделік

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi

Сыртқы интеграция

  1. Тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады « Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын»

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

-Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар?

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Жұлдызды аспан» оқып, мазмұның айту

Тапсырма бойынша сұрақтар.

1.Жұлдыз дегеніміз не?

2. Жұлдызды аспан деген не?

3.Жарық жыл дегенді қалай түсінеміз?

4.жеке жұлдыздардың тобын қалай атайды?

Ішкі интеграция

Сабақ барысын талдау:

5Т-ны сақтау

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сыртқы интеграция

Дәйексөз.

«Күннің шуағы жылы,ананың алақаны жылы»

Халық мақалы


1. Дәйексөзді мұғалім оқиды

2. Ұл балалар оқиды, қыз балалар жеке хормен оқиды

3.Хормен оқыту Жұмыс дәптерлеріне жаздыру

Сұрақ: Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тындап,дәйексөздің мағынасын қорытындылайды

Ішкі интеграция

Күн –жер бетіндегі жарықтың және энергияның көзі. Сондықтан да адамдар және қоршаған дүниенің барлығы күннің жарығы нәтижесінде өмір сүруде. Күн сәулесінің қуаты болмаса жануарлар мен өсімдіктер өмір сүре алмаған болар еді. Күн –табиғаттағы ерекше жаратылған сансыз көп жұлдыздардың бірі, жерге ең жақын орналасқан жұлдыз. Күн дегеніміз- балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар. Күннің тарту күші зор болғандықтан барлық планеталарды өз орбитасында ұстап тұрады. Ал, енді рухани тұрғыда Күнді риясыз сүйіспеншілік деп қарастырсақ, жылы жүзді, мейірімді, көңілді адамдар да өздеріне тарта біледі. Күн мен Жердің арақашықтығы 150 млн шақырым. Күннің бетіндегі температура –өте жоғары. Оның бетіндегі қою дақтарда температура біршама төмендеу. Оның жасы 5 млрд жыл шамасында күн бетіндегі температура +6000С градусқа жуық, ал екінші жағындағытемпература одан да көп. Табиғаттағы мұндай температура заттардың барлығы ерекше газ тәрізді күйде болады. Қатты қызғанда жанған зат жарық сәуле таратады. Күннен шыққан жарықты адамның жан дүниесімен салыстырғанда көңіл- күйі жақсы, ақкөңіл, ақжарқын адам әрқашан нұр шашып тұрады. Күннің жылуы мен жарығы адамдар, жануарлар, өсімдіктерден басқа көзге көрінбейтін микроорганизмдерге де өте қажет, онсыз олар да өмір сүре алмас еді. Өсімдіктер күзде және қыста дамуын уақытша тоқтатып, көктемде күн жылынғанда қайтадан өсе бастайды. Жылу сонымен бірге жануарларға да керек. Шынайы сүйіспеншілікке толы, жүрегі таза, ниеті түзу адам да күн сияқты өзінің нұрын қоршаған ортаға шашады, адамдармен қарым – қатынасы да жақсы болады. Егер адамдар бір –бірлеріне жылы сөздер айтпаса, көмектеспесе онда біз де өмір сүре алмас едік. Махаббат, бауырмалдық, жаңашырлық сияқты жақсы сезімдер адамның көңіл –күйін көтереді, жанын шуаққа бөлейді, жүрегіне қуат береді.Күн жүйесіне сегіз ғаламшар кіреді–Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, уран, Нептун. Бұлардан басқа бұл жүйеге ғаламшарлардың серіктері, астероидтар, кометалар және метеорлар да жатады.




  1. Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.

1- топ: «Егер сендер Марс планетасына саяхатқа барсаңдар, ондағы сендердің әрекеттерін?» Марс планетасын сипаттандар

2- топ: оқулықтың 22- беттегі суреттерге әңгіме құрастыру

3- топ: «Күнге» өлең шығару

    1. Зат есім 1 сөз

    2. Зат есім, сын есім

    3. Зат есім, сын есім, етістік


6.Топпен ән айту. Сыртқы интеграция

«Балдаурен»

Әні мен сөзі Абдығафур Кенжебаев

1.Балдәурен көктем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусым,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер.

Ән салып әсем.

Қайырмасы:


Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып, аққуын,

Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.


2 Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тоя ма көзің, балдәурен кезің,

Бақыт –ау, бақыт?

Даламдай дархан, тауымдай биік,

Өмірге сұлу.

Қайырмасы сол.


Бағалау

Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 18-23-бетіндегі «Күн және Күн жүйесі» мәтінді оқып, мазмұның айту



Сабақтың қорытынды сәті.

Сұрақтар арқылы бүгінгі сабақты қорытындылау:

1. Қандай аспан денелері Күн жүйесін құрайды?

2. Қандай ғаламшарлар Күн жүйесіне жатады?

3. Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің қандай маңызы бар?

4. Күннің жылуын қандай байлық көзіне жатқызуға болады?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Күн және Күн жүйесі.

Автор: Дюсенбаева Шынар Акановна

Дата: 13.05.2017

Номер свидетельства: 414965

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ашы? саба? "К?н ж?не к?н ж?йесі""
    ["seo_title"] => string(29) "ashyksabakkunzhniekunzhuiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "264732"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449761957"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "М?ше ж?не м?шелер ж?йесі .К?рнекі саба?"
    ["seo_title"] => string(48) "mushie-zh-nie-mushielier-zhuiiesi-kornieki-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "252232"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447345937"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Тест тапсырмасы. "Те?деулер ж?не те?деулер ж?йесі" "
    ["seo_title"] => string(60) "tiest-tapsyrmasy-tien-dieulier-zh-nie-tien-dieulier-zhuiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "213638"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1432110116"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "К?н ж?не к?н ж?йесі. ?арышты? ке?істікті? затты? таби?аты. "
    ["seo_title"] => string(65) "kun-zh-nie-kun-zhuiiesi-g-aryshtyk-kien-istiktin-zattyk-tabig-aty"
    ["file_id"] => string(6) "218399"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433774388"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "«Тригонометриялы?  те?деулерді ж?не те?деулер ж?йесін  шешу»   10 сынып"
    ["seo_title"] => string(73) "trighonomietriialyktiendieulierdizhnietiendieulierzhuiiesinshieshu10synyp"
    ["file_id"] => string(6) "301946"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457016655"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства