Мотивациялы – ынталандыру кезең. | I. Кірісне бөлім. 1. Амандасу рәсімі: Шаттық шеңберге тұрғызу. Арайлап таң атты, Қайырлы таң балалар. Алтын шапақ таратты, Қайырлы таң балалар. Әлемде нұр тыныштық, Әрбір бейбіт күн ыстық. Қайырлы таң балалар. | Балалар шаттық шеңберге тұрып, бір – бірімен күлімдеп амандасады, жылы тіліктерін білдіреді. Жарты шеңберге отырып оқу іс – әрекетке бейімдеулері. Тәрбиешіні мұқият тыңдаулары. |
Ұйымдастыру ізденгіш кезең. | II.Негізгі бөлім. Балалармен жыл мезгілі, ауа – райы туралы әңгімелесу. -Қазір кайжыл мезгілі? -Ауа – райы қандай? Жаңа тақырыппен таныстыру. Жұмбақ жасыру: Бұлтты айдай желдеткен, Нөсерлеткен, селдеткен. Шаттық келіп ойнайтын, Қай мезгілдеп ойлайсын? (Көктем) -Ал, енді балалар мен сендерге қызықты ертегі оқып беремін, ал сендероны мұқият тыңдап отырындар. Ертегі оқылады: «Арыстан күшігін асыраған мысық» »Бір мысық қаңғырып жүріп, анасы өліп қалған арыстанның күшігіне кез болады. Мысық күшікті бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы жыртқыш аң болып, аз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір күні ашыққан арыстан өзін асыраған мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағашқа шығып кетеді. Сонда арыстан тұрып: -О,менің ақ сүтін емізген асыраушым. Маған сен туған анамдай ыстықсын. Бүкіл қылықтарды үйреткенде ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? – дейді. -Қысылғанда керек болар дегенім еді, депті сонда мысық» -Мысық ненің күшігін кездестірді? -Арыстан күшігі үлкен болып өскеннен кейін қандай іс – әрекетін, мінезін көрсетеді? Сергіту сәті: Қане, қане тұрайық, Қолымызды белге қояйық. Оңға, солға қарайық, Қолымызды созып. Бір отырайық, бір тұрайық. Жұмбақ жасыру: «Елдің бәрі оны сүйеді, Бірақ оған қарай алмайды» (Күн) Балалар күн шуақтарын салуға кіріседі. | Баллар тақпақты қайталайды. -Көктем. -Күн салқын. Жұмбақты шешеді. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. -Мысық арыстанның күшігін кездестіреді. - Қарны ашып кеткен арыстан күшігі өзін бағып өсірген анасы сияқты болған мысықты жемекші болады. Сергіту сәтін орындау. «Күн» деп жауап береді. Сурет әрекетіне кіріседі. |
Рефлексиялық түзету кезең. | III.Қорынды бөлім. Балалармен жеке жұмыс жүргізу. Баллардың жаңа іс – әрекеттен түсінген түсініктерін сұрақ – жуап әдісімен бекіте отырып, балалардың жауаптарын мақтау, мадақтау арқылы оқу іс – әрекетті қортындылау. | Тәрбиеші әр балалармен жеке жұмыс жүргізе отырып, балаларға сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты бекіту. |