Просмотр содержимого документа
«Конспект урока казахского языка в 6 классе »
Муниципальное бюджетное образовательное учреждение
«Теленгит-Сортогойская средняя общеобразовательная школа»
с. Теленгит-Сортогой Кош-Агачского района Республики Алтай
Урок казахского языка в 6 классе по теме
«Повторение имен числительных»
(материал представлен на казахском языке)
подготовила
учитель казахского языка и литературы
Кыдырбаева Нурима Оралкановна
2014г
Тақырып: Сан есімнен өткенді қайталау.
Мақсаттары:
Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.
Адамгершілікке, ізеттілікке, достыққа, өз елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, қайталау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім. (эпиграф)
Міне, балалар, қазақ тілі сабағымызды деңгейлік тапсырмалар арқылы топпен жұмыс істеп өткізбекпіз. Қазір екі топпен танысып өтейік:
1-ші топ «Төрт жұлдыз», 2-ші топ «Алтыбақан».
Үй жұмысын тексеру: 2 топқа «4», «5» сандарының баламасын ашу, дайындаған кітапшаларын тексеру.
Топтастыру әдісі: бұл әдіс бойынша сан есімнен білетін ұғымдарыңды жазыңдар.
Тақтада мәтін жазылған:
Әміренова Әпуза апай 1937 жылы 16 сәуірде Ақтал ауылында дүниеге келген. 1953 жылы 7 жылдық мектебін бітірген. 1955 жылдың 25 тамызынан бастап 1966 жылға дейін туған ауылында кітапханашы қызметін атқарған. 1966 жылдан 1970 жылға дейін Ақтал ауылының әкімі болған. 1970 жылдан зейнеткер демалысына шыққанша дейін кітапханада жұмыс істеді.
1955 жылдан бастап өлеңдер жазады. Өлеңдерінде туған жері, елі, тілі туралы жырлайды.
Жазған шығармалары «Шүй нұры» газетінде, «Степь и звезды» журналында жарияланған. Әміренова Әпуза апай қазір Алтай өлкесіне танымал ақын.
Мәтін бойынша тапсырмалар:
«Төрт жұлдыз» тобына – мәтіндегі сан есімдерді қай мағыналық қатарда екенін анықтап, жазылуын түсіндіру, 7 санын септеу.
«Алтыбақан» тобына – мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазу, 25 санын септеу.
2-3 бала ақынның өлеңдерін оқиды.
Топпен жұмыс:
1 топ: берілген мақал-мәтелдерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қою.
-жаздың ... күні қыстың ... күнін асырар;
- ... жасар бала алыстан келсе, ... жастағы қария сәлем берер;
- ... аяқтыда бота тату, ... аяқтыда бөле тату.
2 топ: мақал-мәтелдердің сөздерін тиісті орнына қойып, мағынасын түсіндіру.
(өздеріне ұнаған бір шешімімен 1 сөйлем ойлап жазу, сөйлемнен 1 сөзге фонетикалық талдау жасау).
Терме диктант.
1 топ дара сан есімдер жазады, 2 топ күрделі сан есімдер жазады.
Үш-төрт күн қатарынан соққан құм дауылынан асқан тозақ жоқ. Мен өзі отыз бес жыл зауытта слесарь болған адаммын. Ержан мұның бетіне бірінші рет қарады. Асқар университеттің үшінші курсын бітірді.
Шығармашылық жұмыс.
2 топқа 2 сурет беріледі. Сурет бойынша сан есімдер қолданып, шағын әңгіме жазу.
Деңгейлік карточкалармен жұмыс.
Кушнир әдісі бойынша жедел сұрақ-жауап өткізу.
Қорытынды.
Нені білдім
Маған жаңалық
Білгім келеді
Оқушылар жауабы талқыланады.
Үй тапсырмасы: 1 топ- «тоғызқұмалақ» ойын тәртібін жазу, сурет салу.