Просмотр содержимого документа
«Компас туралы түсінік»
Күні:
Тақырыбы: Компас туралы түсінік
Мақсаты:
Білімділік: Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, компас туралы мәлімет беру. Оқушыларды жергілікті жерді бағдарлай білуге, байқампаздыққа тәрбиелеу. Азимут бойынша бағыттарды анықтауға үйрету. Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйіндерін сұрақ-жауап арқылы өз ойын жүйелі айта білуін, талдай отырып қорытындысын айту және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға, адалдыққа, мейіріміділікке тәрбиелеу
Түрі: жаңа сабақты игеру
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу.
Әдісі: аралас сабақ
Көрнекілігі: компас,мақал-мәтелдер
Сабақтың барысы:
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әркеті
Ұйымдастыру кезеңі
«Жүректен-жүрекке» тренинг
Оқушылар бір-біріне жүрек ұсына отырып,тілек тілейді.
Білу
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
-Оқушылар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сиқырлау әдісі бойынша тауып көрйікші. Бұл не деп ойлайсыз.
-Көз келген адамда бола бермейді.
-«Титаник» кемесінде болған.
-Көбіне саяхатшылар пайдаланады.
Коспас дегеніміз не?
Компас — жер бетін бағдарлауға арналған аспап. Кішкене деңгелек қобдишаның ортасында орнатылған тік үшкір иненің үстіне қондырылған магнитті болат тілі болады. Тілдің бір жағы үнемі Солтүстікті, екінші жағы Оңтүстікті көрсетіп тұрады. Қобдишаның сырты дөңгелегі градустарға бөлінген (360°), горизонт жақтарында Солтүстікті, Шығысты, Оңтүстікті, Батысты көрсетеді (С. В. Ю. З.)
Компасты тегіс жерге қойып, компастың стрелкасы тоқтағанша күту керек. 2. компастың стрелкасын көкжиектің солтүстік тұсымен сәйкестендіру. 3. Айналадағы заттарға компасты бағыттау. 4. азимутты анықтау немесе азимут бағытын анықтау Жер бетіндегі заттар бойынша көкжиектің тұстарын анықтауға болады.Қалай?Азимутынсалу: Мысалы: Өсіп тұрған ағаштардан 100° азимут бойынша 400 м жүру, сосын 180°азимут бойынша 600 м жүру және 120° азимут бойынша 200 м жүру керек.
Рефлекция
Бағалау
Үйге тапсырма
Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
«Бүгінгі сабақтан алған әсерім» стратегиясы
Мұғалім бағалайды.
Смайлик арқылы сабақтан алған әсерін көрсете отырып өздерінің ойларын ортаға салады