М??алім: Б?гінгі сынып са?атымызды бізді білімді, ?нерлі болу?а т?рбиелеп, талай ?ажайып істерді? ??пиясын ашу?а к?мектескен а?ылды? кені - кітап?а арналады. Балалар, кітап туралы с?ра?тар?а жауап беріп к?рейік:
Кітап ?айдан шы??ан?
Кітапты кімдер шы?арды?
Кітапты неден шы?арады?
?ытай шебері Цой Лунь ?а?азды бізді? заманымызды? нешінші ?асырында ойлап шы?ар?ан. 1800 жылы патша ?кіметі Россия халы?тарыны? тілдерінде кітап шы?ару?а р?хсат етті. Осы?ан орай ?аза?станны? Ташкент, Семей, Орынбор ?алаларында кітап шы?а бастады.
М??алім:
О?улы?ы? – ??ралы?
Жа?ар білім шыра?ы?
Баса алмайсы? еш?ашан
Онсыз ал?а бір адым. – дегендей, білім негізі, білімні? кілті – кітапта. О?улы? – адамны? досы. Кітап о?ымай ?мірді білу де, білім алу да м?мкін емес. Б?гінгі саба?ымыз сайыс т?рінде ?тпек. Сайысымызды? та?ырыбы: «Тап?ыр достар»
М??алім: О?ушылар, б?л кезе?де бір топ «Кітапты? ?сері», ал екінші топ «Компьютерді? ?сері» туралы жазады. Топ басшылары о?иды.
Бесінші кезе?: Ой ?оз?ау «Топтастыру»
М??алім: Балалар, б?л кезе?де «Кітапты? адам ?міріндегі ма?ызы ?андай?» та?ырыбына байланысты с?здер топтастырамыз.
Алтыншы кезе?: «И? немесе жо? ойыны»
М??алім: Балалар, б?л ойында біз экранда?ы с?ра?тар?а и? немесе жо? деп ?ана жауап береміз.
Жетінші кезе?: “О?ушыны ізденіске баулу” кезе?і.
М??алім: О?ушылар, б?л кезе?де біз кітап туралы эссе жазамыз. Мына пара?тар?а кітап туралы ойлары?ды жазы?дар. Жа?сы к?ретін кітаптары?, кейіпкерлері? туралы жазы?дар.
?орытынды:
М??алім: Кейбіреулер ерігіп, бос ж?руден зерігіп,
Бетімді мені? ашады, ??гімеге басады.
Жолдарымды сызады, шыр?ымды да б?зады.
Онымен іс бітпейді, беттерімді б?ктейді.
К?п жерімді жазады, ?айшыменен ?ияды.
М??алім: И?, балалар! Білімні? кілті осы о?улы?та. О?улы? – бізді? ?міріміз. О?улы?ты жыртпай таза ?стайы?. Таза, ??ыпты ?стау ?шін ?андай ережелер бар? Не істеуіміз керек?
1. Кітапты ??ыпты, таза ?стау керек. ?здері?нен кейін оны к?птеген балалар о?итынын есі?нен шы?арма
2. Кітапты т?секте жатып, ас ішіп отырып о?ыма, кітап о?уды ?лкен ой е?бегімен о?у керек
3. Кітапты ?алай болса солай о?ыма.
4. Кітапты жырту?а, сызу?а болмайды.
5. Кітапханада шулау?а болмайды, ?йткені бас?алар?а кедергі келтіресі?.
6. Кітап бетіне сурет салма!
Ба?алау:
М??алім: Балалар осы кезе?дер бойынша жина?ан ж?лдыздары?ды сана?дар, ?ызыл ж?лдыз-30 ?пай,к?к ж?лдыз-20?пай, жасыл ж?лдыз-10?пай. ?ай топ к?п жинаса, сол топ же?іске жетеді.
Просмотр содержимого документа
««Кітап - білім б?ла?ы».»
Күні: 26.02.14.
Сыныбы:3 «А» сынып
Өтетін орны: Нұрорда халықаралық мектебі
Уақыты: 15.30 – 16.10
Тақырыбы: «Кітап - білім бұлағы».
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кітаптың шығу тарихымен таныстыра отырып, олардың кітапты жүйелі әрі тиімді оқуға үйрету.
Дамытушылық: Түрлі тәсілдер арқылы оқушының байқағыштық, тапқырлық, өз ойын жүйелі айту қабілетін дамыту, ,сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік:Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға баулу, кітаптан танымдық ойларды ала отырып адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Түрі: ойын элементі бар дәстүрлі емес сабақ.
Типі:сайыс сабақ
Әдіс - тәсілдері: ой-қозғау, сұрақ-жауап әдісі, «Миға шабуыл»,әңгімелесу, салыстыру, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: кітап туралы қанатты сөздер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар,слайд, үлестірмелі қағаздар.
Өткізу жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Ақпараттық кезең (әңгімелесу).
III. Негізгі кезең.
1.Топты таныстыру.
2. Мақал – мәтелдерді жалғастыр және жұмбақтарды шеш.
3. Сен білесің бе?
4. «Ой қорыту» кезеңі.
5. Ой қозғау: «Топтастыру»
6. Иә немесе жоқ ойыны.
7. “Оқушыны ізденіске баулу” кезеңі.
IV. Қорытынды
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Мұғалім: Сәлеметсіздерме оқушылар. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбың білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн. (Кiтап)
Мұғалім: Дұрыс айтасындар бұл жұмбақтың жауабы «кітап», ендеше біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Кітап - білім бұлағы».
Мұғалім: Бүгінгі сынып сағатымызды бізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектескен ақылдың кені - кітапқа арналады. Балалар, кітап туралы сұрақтарға жауап беріп көрейік:
Кітап қайдан шыққан?
Кітапты кімдер шығарды?
Кітапты неден шығарады?
Қытай шебері Цой Лунь қағазды біздің заманымыздың нешінші ғасырында ойлап шығарған. 1800 жылы патша үкіметі Россия халықтарының тілдерінде кітап шығаруға рұхсат етті. Осыған орай Қазақстанның Ташкент, Семей, Орынбор қалаларында кітап шыға бастады.
Мұғалім:
Оқулығың – құралың
Жағар білім шырағың
Баса алмайсың ешқашан
Онсыз алға бір адым. – дегендей, білім негізі, білімнің кілті – кітапта. Оқулық – адамның досы. Кітап оқымай өмірді білу де, білім алу да мүмкін емес. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтпек. Сайысымыздың тақырыбы: «Тапқыр достар»
«Тапқыр достар» сайысының кезеңдері:
1.Топты таныстыру.
2. Мақал – мәтелдерді жалғастыр және жұмбақтарды шеш.
3. Сен білесің бе?
4. «Ой қорыту» кезеңі.
5. Ой қозғау: «Топтастыру»
6. Иә немесе жоқ ойыны.
7. “Оқушыны ізденіске баулу” кезеңі.
Бірінші кезең:Топты таныстыру.
Мұғалім: Балалар, қазір әр топ өз топтарыңа басшы сайлаңдар және топтың атын қойыңдар.
Оқушылар өздерін таныстырады.
Екінші кезең: «Мақал – мәтелдерді жалғастыр және жұмбақтарды шеш»
1.Күш білімде, білім – кітапта.
Күш білімде, білім – ...............
2. Кітап – білім бұлағы,
білім өмір шырағы.
Кітап – білім бұлағы,
.............өмір шырағы.
3. Бар бiлiмнiң бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кiтап тiл ашқан? (Әлiппе)
4. Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулiм көктей шынары.
Биiгiне бойлаған,
Қанбайды адам құмары. (Кітап)
5. Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің. (Білім)
6. Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалім)
Үшінші кезең: Сен білесің бе?
1. “Бостандық таңы атты” деп жырлаған қай ақын? (Шәккәрім Құдайбердиев)
2. “Менің атым Қожа” кітабының авторы кім?(Бердібек Соқпақбаев)
3. «Абай жолы» кітабының авторы кім? (Мұхтар Әуезов)
4. Балаларға арнап өлең жазатын ақындарды ата. (Ә.Кекілбаев)
5. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мукагали Макатаев)
6. Сәкен Сейфуллиннің қандай өлеңдері бар? (Туған ел)
7. Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін ата.
8.Мемлекеттік туымызда не бейнеленген?
9.Елтаңбада не бейнеленген?
Төртінші кезең: «Ой қорыту»
Мұғалім: Оқушылар, бұл кезеңде бір топ «Кітаптың әсері», ал екінші топ «Компьютердің әсері» туралы жазады. Топ басшылары оқиды.
Бесінші кезең: Ой қозғау «Топтастыру»
Мұғалім: Балалар, бұл кезеңде «Кітаптың адам өміріндегі маңызы қандай?» тақырыбына байланысты сөздер топтастырамыз.
Алтыншы кезең: «Иә немесе жоқ ойыны»
Мұғалім: Балалар, бұл ойында біз экрандағы сұрақтарға иә немесе жоқ деп қана жауап береміз.
Жетінші кезең: “Оқушыны ізденіске баулу” кезеңі.
Мұғалім: Оқушылар, бұл кезеңде біз кітап туралы эссе жазамыз. Мына парақтарға кітап туралы ойларыңды жазыңдар. Жақсы көретін кітаптарың, кейіпкерлерің туралы жазыңдар.
Қорытынды:
Мұғалім: Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,
Бетімді менің ашады, әңгімеге басады.
Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.
Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді.
Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды.
Мұғалім: Иә, балалар! Білімнің кілті осы оқулықта. Оқулық – біздің өміріміз. Оқулықты жыртпай таза ұстайық. Таза, ұқыпты ұстау үшін қандай ережелер бар? Не істеуіміз керек?
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!
Бағалау:
Мұғалім: Балалар осы кезеңдер бойынша жинаған жұлдыздарыңды санаңдар, қызыл жұлдыз-30 ұпай,көк жұлдыз-20ұпай, жасыл жұлдыз-10ұпай. Қай топ көп жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Мұғалім:Осымен біздің сынып сағатымыз аяқталды. Кездескенше аман-сау болыңыздар!!!