kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата За?ым — Т?уелсіздік тірегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Ата За?ым — Т?уелсіздік тірегі» Ж?ргізуші: К?к туым к?терілді ба?ым жанып, Елта?бам т?рде ?лемге танылды аны?. Шыр?адым ?н?ранды бар дауыспен, Арманым Ата За?ым ?абылданып. Ата За?ым! Арман ?нім! Сенен бас?а барма ба?ым! Жал?ыз са?ан байланысты Елімде еркін сам?а?аным. Ата За?ым! Бар м?ратым, Жал?ыз кие жанды ??атын. Жа?са? басса? жол?а салып, Т?уба?ды еске алдыратын. Ата За?ым! Кеме?герім! – деп а?ындар жырла?андай б?гін Ата За?ымыз Конституция к?ніне 20 жыл толып отыр.«Ата За?ым-т?уелсіздік тірегі»атты мерекелік концертімізді ашы? деп жариялаймыз. Ж?ргізуші: Т?уелсіздік бастауы бар ба?ытты? Т?уелсіздік ?лты? менен ?раны? Шартарапта шатты?ындай азатты? ?асыр с?йіп т?р?андайын ?ажап к?н! К?к байра?ы,Елта?басы,бірлігі Шал?и берсін ?н?раны ?аза?ты?! ?Р Мемлекеттік ?н?раны орындалсын Ж?ргізуші : Ал?аш?ы с?зді ауылымызды? ?кімі Жакупов ?айыртай ?блайіс?лына береміз. Келесі с?зді мектебімізді? директоры Манова Салтанат Тохтар?ызына береміз. Ж?ргізуші : "Ата за?ны? е? арда?ты ар?ауы — ел м?раты мен халы? бірлігі. Мазм?нына ?рнегі жарас?ан Т?уелсіздікті? касиетті туы м??гі желбіресін, к?німіз м??гі с?нбесін". Міне, ар?а с?йер Ата За?ымыз?а да 20 жыл болды. Егеменді республикамыз 1995 жылы 30 тамызда Ата За?ымыз — Конституцияны ?абылдады. Б?л ?аза? тарихына "30 тамыз — Конституция к?ні" деп белгіленді. ?аза?стан Республикасы демократиялы мемлекет бол?анды?тан адамны? ?мірі, ???ы?ы мен бостанды?ы бірінші орында. Ж?ргізуші : Ата за?! Елдігімні? ре?і, Те?дігімні? тірегі. М?ддесінен халы?ты? Ажырамас бір елі. Шынды?ымны? шырайы, Ба?ытымны? к?н, айы. ?ам?ор болып е?бекке ?олын соз?ан ?дайы. Шатты?ымды ?ор?айды, П?ктігімді ?олдайды. Ар атынан айт?ан со?, Екі с?зі болмайды.- дей келе орта?а ?айрат орта мектебіні? ___ сынып о?ушысы ______________________ « _______________»?німен орта?а ша?ырамыз. Ж?ргізуші : ?згертпейді кесімін, ?згертпейді шешімін. К?мек к?ткен кісіге Ай?ара аш?ан есігін. ?ділетті? ?раны, А?и?атты? шыра?ы. Тынышты?ты? туы бар За? салтанат ??рады.- деп ортада (би)_____________________________________________________________________ ?арсы алы?ыздар! Ж?ргізуші : Е?сем биік, м?ртебем де болды ас?а?, Ата за?ым, келесі? сен жол бастап. Бостанды?ым, ма?сат-м?ддем, м?ратым, Сен ар?ылы асулардан ал?а аспа?.- деп ортада (би)_____________________________________________________________________ ?арсы алы?ыздар! Ж?ргізуші : Ата за?ым - арайла?ан а? та?ым, Ба?ытымны? ба? ж?лдызы — баптары?. Ата за?ым — Т?уелсіздік кепілі, Ел мен жерді? т?тасты?ын са?тады?.- деп ортада (?н)_____________________________________________________________________ ?арсы алы?ыздар! Ж?ргізуші : Ойы биік, арманы алыс Жаны жомарт ай ?аба?ым К?кірегі тол?ан намыс ?аза?ымнан айналайын-деп орта?а конституция к?ніне 20 жылды?ына орай ?ткізілген спортты? ойындар же?імпаздарын марапаттау?а __________________________________________________орта?а ша?ырамыз. Ж?ргізуші : Жа?аша дарын?ан білімім, Жараса дамы?ан ?ылымым ?аза?ты? ?ркенін ?сірген Азат к?н-ба?ытым-?лы к?н.- деп ортада би)_____________________________________________________________________ ?арсы алы?ыздар! Ж?ргізуші : ??тты ба? т?рінде той б?гін ??тты?тап,??ша?ын жайды к?н А?тарып ту?ан жер байлы?ын, Ма?тан ?ып,тойлаймыз айбынын.- деп ортада (?н)_____________________________________________________________________ ?арсы алы?ыздар! Ж?ргізуші : ?рбір бала ?аза?стан Республикасыны? Конституциясын ж?не За?дарын са?тау?а, бас?а адамдарды? ???ы?тарын, бостанды?ын, ар-ожданы мен ?адір-?асиетін, Республиканы? мемлекеттік ныша?дарын ??рметтеуге, е?бекке жарамсыз ата-анасына ?ам?орлы? жасау?а, тарихи ж?не м?дени м?раларды? са?талуына ?ам-?арекет жасау?а, тарих ж?не м?дени ескерткіштерін са?тау?а, таби?атты са?тау?а ж?не таби?и байлы?тар?а ??ыпты ?арау?а міндетті. Бізді? Конституцияны? басты ерекшелігі оны? т?ра?тылы?ы мен беріктігінде ж?не ол мемлекетімізді одан ?рі ны?айту?а тірек болма?. Осы саба?ымызды мынадай ?анатты с?здер ар?ылы ая?таймыз: Ж?ргізуші : Ата За?ды ана?дай арда?та, бала?дай м?пеле, ??дайдай ??рметте! Ата За? ?шін т??інді де, ?анынды да, жанынды да аяма! Елта?бамыз ажарлы болсын! К?к туымыз ?р?ашан желбірей берсін! ?н?ранымыз ?уенді,а

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата За?ым — Т?уелсіздік тірегі»


Тақырыбы: «Ата Заңым — Тәуелсіздік тірегі»

Жүргізуші: Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым Ата Заңым қабылданып.

Ата Заңым!

Арман әнім!

Сенен басқа барма бағым!

Жалғыз саған байланысты

Елімде еркін самғағаным.

Ата Заңым!

Бар мұратым,

Жалғыз кие жанды ұғатын.

Жаңсақ бассаң жолға салып,

Тәубаңды еске алдыратын.

Ата Заңым!

Кемеңгерім! – деп ақындар жырлағандай бүгін Ата Заңымыз Конституция күніне 20 жыл толып отыр.«Ата Заңым-тәуелсіздік тірегі»атты мерекелік концертімізді ашық деп жариялаймыз.



Жүргізуші:

Тәуелсіздік бастауы бар бақыттың

Тәуелсіздік ұлтың менен ұраның

Шартарапта шаттығындай азаттық

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

Көк байрағы,Елтаңбасы,бірлігі

Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалсын


Жүргізуші :

Алғашқы сөзді ауылымыздың әкімі Жакупов Қайыртай Әблайісұлына береміз.

Келесі сөзді мектебіміздің директоры Манова Салтанат Тохтарқызына береміз.


Жүргізуші :

"Ата заңның ең ардақты арқауы — ел мұраты мен халық бірлігі.

Мазмұнына өрнегі жарасқан Тәуелсіздіктің касиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін".

Міне, арқа сүйер Ата Заңымызға да 20 жыл болды. Егеменді республикамыз 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз — Конституцияны қабылдады. Бұл қазақ тарихына "30 тамыз — Конституция күні" деп белгіленді . Қазақстан Республикасы демократиялы мемлекет болғандықтан адамның өмірі, құқығы мен бостандығы бірінші орында.


Жүргізуші :

Ата заң!

Елдігімнің реңі,

Теңдігімнің тірегі.

Мүддесінен халықтың

Ажырамас бір елі.

Шындығымның шырайы,

Бақытымның күн, айы.

Қамқор болып еңбекке

Қолын созған ұдайы.

Шаттығымды қорғайды,

Пәктігімді қолдайды.

Ар атынан айтқан соң,

Екі сөзі болмайды.- дей келе ортаға Қайрат орта мектебінің ___ сынып оқушысы ______________________ « _______________»әнімен ортаға шақырамыз.


Жүргізуші :

Өзгертпейді кесімін,

Өзгертпейді шешімін.

Көмек күткен кісіге

Айқара ашқан есігін.

Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы бар

Заң салтанат құрады.- деп ортада (би)_____________________________________________________________________

Қарсы алыңыздар!



Жүргізуші :

Еңсем биік, мәртебем де болды асқақ,

Ата заңым, келесің сен жол бастап.

Бостандығым, мақсат-мүддем, мұратым,

Сен арқылы асулардан алға аспақ.- деп ортада (би)_____________________________________________________________________

Қарсы алыңыздар!



Жүргізуші :

Ата заңым - арайлаған ақ таңым,

Бақытымның бақ жұлдызы — баптарың.

Ата заңым — Тәуелсіздік кепілі,

Ел мен жердің тұтастығын сақтадың.- деп ортада (ән)_____________________________________________________________________

Қарсы алыңыздар!



Жүргізуші :

Ойы биік, арманы алыс

Жаны жомарт ай қабағым

Көкірегі толған намыс

Қазағымнан айналайын-деп ортаға конституция күніне 20 жылдығына орай өткізілген спорттық ойындар жеңімпаздарын марапаттауға __________________________________________________ортаға шақырамыз.


Жүргізуші :

Жаңаша дарынған білімім,

Жараса дамыған ғылымым

Қазақтың өркенін өсірген

Азат күн-бақытым-ұлы күн.- деп ортада

би)_____________________________________________________________________

Қарсы алыңыздар!


Жүргізуші :

Құтты бақ төрінде той бүгін

Құттықтап,құшағын жайды күн

Ақтарып туған жер байлығын,

Мақтан қып,тойлаймыз айбынын.- деп ортада (ән)_____________________________________________________________________

Қарсы алыңыздар!


Жүргізуші :

Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышаңдарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдени ескерткіштерін сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.

Біздің Конституцияның басты ерекшелігі оның тұрақтылығы мен беріктігінде және ол мемлекетімізді одан әрі нығайтуға тірек болмақ. Осы сабағымызды мынадай қанатты сөздер арқылы аяқтаймыз:

Жүргізуші :

Ата Заңды анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құдайдай құрметте!


Ата Заң үшін тәңінді де, қанынды да, жанынды да аяма!


Елтаңбамыз ажарлы болсын!


Көк туымыз әрқашан желбірей берсін!


Әнұранымыз әуенді,асқақ болсын!


Тәуелсіздік тұғыры берік болсын!


Мереке құтты болсын!Той тойға ұлассын Ағайын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ата За?ым — Т?уелсіздік тірегі

Автор: Аубакирова Алия Абаевна

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291257


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства