kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Кикілжіңнің алдын алу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это разработка  разрешения конфликтных сиуаций.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Кикілжіңнің алдын алу"»



Қызылорда облысы Қармақшы ауданы

Ақай ауылы №279 орта мектебінің

І-санатты педагог-психологы

Медеуова Эльмира Құдайбергенқызы





Тақырыбы: «Кикілжіңнің алдын алу жолдары»

Мақсаты: Жасөспірімдердің мінез-құлқын бақылауға, кикілжіңнің күнделікті өмірде пайда болуы және алдын-алу мүмкіндіктерін жетілдіруге баулу, кикілжіңді шешудің жолдарымен таныстыру.

Түрі: тренинг-сабақ

Әдістер: релаксация, тренингтер, суреттер.

Барысы:

р/с

Кезеңдері

Әдістер

Уақыты

1.

Психологиялық дайындық.

Жаттығу «Өзіңіздің есіміңден басталатын ән айту»

3мин.

2.

Негізгі жұмыстар

а)Психотехника әдісі: «Түрленген дауыстар»

б) Психотехника әдісі: «Суретпен жаттығу»

в) Психотехника әдісі: Ассоцация құру «Кикілжіңнің шығу себептері»

г) Психотехника әдісі: «Балық аулау»

4мин.


5мин.


4мин.


5мин.

3.

Сергіту

а)Релаксация: «Өкпені еріту» жаттығуы

б) Жадынама: «Кикілжіңді, дау-дамайды жеңуге көмектесетін 9 ереже»

в)Суретті тест «Сиқырлы дүкен»

г) Жаттығу «Мен рахмет айтамын»

5мин.


6мин.


4мин.

4мин.

4.

Рефлексия.

Тақырыпты талдау. Ой қорыту.

2мин.

І. Кіріспе бөлім. Психологиялық дайындық.

Құрметті оқушылар, мұғалімдер! Бүгін біз сіздермен «Кикілжіңнің алдын алу жолдары» тақырыбында тренинг өткелі тұрмын. Тақырыбымыздың бұлай аталуы кездейсоқ емес. Өйткені қазіргі заманда көп нәрсені адамдар арасындағы қарым-қатынас шешеді.

Кикілжің мен дау-дамай жөнінде конфликтология деген ғылым бар.

Жасөспірімдердің өзін субъект – лидер-тұлға ретінде танытуы үшін немесе қарсылыққа бағытталған белсенділік, өзара қарым-қатынас пен өзара қарама-қайшылықтың бір мезетте тууынан болатын құбылысты кикілжің, (конфликт) дау-дамай деп айтамыз.

Балалар арасындағы аулада ойын барысында, мектепте сабақ арасында қарапайым түсінбеушіліктен басталған кикілжің, дау-дамайда жаман сөзбен бірін-бірі сыбап, былапыт сөздермен балағаттасауға дейін барады.

Ғалымдардың айтуынша, дөрекі, былапыт, балағат сөздер қай халықтың этномәдениетінде де бар екен.

Чукчалар мен эскимостар ұрысқанда айтылатын «Сен-олақсың» деген сөз, ең намысқа тиетін жаман сөз болып саналады.

Қытайлықтар әбден ашуланып, арына тигісі келсе: «Жасыл тасбақа» немесе«Қоян» дейді. Кей халықтың мәдениетінде сиыр киелі жануар саналғандықтан, оның атын мәртебе көреді. Орыстар жақтырмаған әйелді «сиыр» деп қорлайды. Ал, мұсылман халқы үшін «шошқа» деген ауыр сөз.

Қай тілде айтылса да балағат сөздер әлеуметтік қызмет атқарғанымен, еріксіз жаман әрекетке итермелейді. Мұндай сөздер қорланған адамның теріс сезіімін қоздырады, намысын таптап, жанын күйзелтеді. Сондықтан екі жақтан дау-дамау туып, дөрекі сөздер айтылады. Кейде өздерін ұстай алмай оғаш қылықтар жасап, жаға жыртылып, бас жарылып дегендей, өте жаман көріністерге ұласады.

Ғалымдардың зерттеуінше, былапыт жаман сөздер хромосомдарды өлтіреді екен де, жаман сөздің иесіне сәтсіздік, жаманшылық, ауру шақыратындығы анықталған.

Конфликтісіз адамдар да болады: 1)жас нәресте, 2) ауру, ақыл-есі кеміс адам,

3) кәрі адамдар.

1.«Өзіңіздің есіміңізден басталатын ән айту» жаттығуы.

ІІ. Негізгі бөлім.

2. Психотехника әдісі: «Түрленген дауыстар»

Шарты: белгілі бір мәтінді екі адамнан жұп құрып, әр түрлі көңіл-күйді дауыс ырғағымен байланыстыра отырып оқу.

(Қуанышты, мұңлы, бұйрық бере, жылап, жалынышты).

3. Психотехника әдісі: «Суретпен жаттығу»

Шарты: берілген суреттерге қарап отырып, әр адамның мінез-құлқы, осы сәттегі көңіл-күйін суреттеу.

4.Психотехника әдісі: Ассоцация құру. «Кикілжіңнің шығу себептері».


Кикілжің не себептен болады?

Кикілжің дегенді қалай түсінесің?






  1. Психотехника әдісі: «Балық аулау» жаттығуы.

Әрқайсысы келіп мына жерден «балық аулайды», аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.

      1. Ең үлкен қорқыныш – бұл........

      2. Мен ренжимін, егер.........

      3. Мен ұнатпаймын, егер......

      4. Маған көңілсіз, егер.......

      5. Егер маған дауыс көтерсе, мен.......

      6. Мен қарсыласқанда...........

      7. Егер мен сенімсіз болсам.............

      8. Егер мен біреумен ренжіссем...........

      9. Егер екі дос керісіп жатса, мен.........

  1. Психотехника әдісі: «Өкпені еріту» жаттығуы.

Тып-тыныш жерде денеңізді бос ұстап отырыңыз. Өзіңізді қара көлеңке театрда отырмын деп елестетіңіз. Алдыңыздағы шағын сахнаға (ең жек көретін, көргіңіз келмейтін) сіз кешілуге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол қазір ренжітсін, бұрын ренжітсін, қазір өмірде бар болсын әлде өмірден өтіп кетті мен, оған мән бермеңіз. Көз алдыыңызға елестетіп, оның жағдайы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген кейіпте болуы керек. Оны бақытты деп біліңіз. Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызға ұстап тұрыңыз, сонан соң барып ол бейнемен қоштасаңыз.

Сіз кешірген адам сахнадан кетісімен, өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты, күлкі үйірілген жүзбен тұрыыңыз. Бұл әлемде жақсылық барлығыңызға тең жететінін ұғыныңыз.

Бұл жаттығу кара бұлтша ұйысқан өкпені еріту керек. Әр түрлі адамдарды елестетумен айына бір рет осы жаттығуды жасауға болады. Әрі қарай өмір сүрудің жеңілдігіне көз жеткізесіз.

  1. Жадынама. Кикілжіңді, дау-дамайды жеңуге көмектесетін 9 ереже:

1.Егер сенің серігің сонша ашу-ызаға беріліп тұрса, оның сезім күштерін төмендетуге көмектес. Оның ашулы сәтінде өзіңді сабырлы, сенімді ұста. Бірақ өзіңді жоғары қойма. Егер адам ашуға қатты берілсе, ойы теріс пікірлер мен сезімдерге толы. Сондықтан қалайда, оның өз-өзіне келуі үшін әрекет жасау керек.

2. Ашуды күтпеген әдістермен қайтар. Оған әр түрлі әзіл-қалжыңдар айт. Ең бастысы, сенің өтініштерің, қалжыңдарың ашуын қайтаратындай болуы керек.

3. Шешілмеген мәселенің қалайда шешімін табу керек. Серігіңмен мәселені шешу керегін анықта, бірге күш салыңдар. Өзіңді сезімге, ашуға билетпе.

4. Қандай жағдай болмасын, серігіңе өз пікірін сақтауға мүмкіндік бер. Ашуға ашумен жауап беруге болмайды, оның ар-намысына тиме. Тіпті сенімен амалсыздан келіскен жағдайдың өзінде, сені еш уақытта кешірмеуі мүмкін. Сондықтан оның өзіне емес, іс-әрекетіне жауап бер.

5. Оның талап-тілектері мен айтқандарының мағынасын дұрыс қабылда. «Сіз осыны айтқыңыз келді ме, мен сізді дұрыс түсіндім бе?» деп жиі-жиі сұраңыз. Бұл әдіс дұрыс түсінбей қалудан сақтандырады және ықыласпен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді.

6. Өзіңді тең ұста. Өзіңді сенімді, сабырлы ұста. Ол серігіңді ашу-ызаға берілуден сақтап, екеуіңді де абыройсыз жағдайға қалдырмайды.

7. Кінәлі болсаң, кешірім сұрауға ұялма. Біріншіден, ашудың алдын аласың. Екіншіден, саған көзқарасы өзгереді. Өзіне сенімді, жетілдірген адам ғана кешірім сұрай алады.

8. Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға тырыс.

9. Серігіңе сыйластық сезіміңді көрсете отырып, түсініспеушіліктен болған арадағы жағдайға қиналатыныңды айт. Егер арадағы қарым-қатынасты дұрыс сақтасаң, оның сенімен алдағы уақытта да бірге жұмыс істейтіні даусыз.

8. Суретті тест «Сиқырлы дүкен».

9. «Мен рахмет айтамын» тренингі.

Шарты: екі шеңбер құрып, бір-біріне қарап тұрады, мына төмендегі сөздерді айтады:

  • Бірін-бірі бұрыннан танитын адамдарша рақмет айту;

  • Бірін-бірі ренжітіп алған адамдар, бірақ бір-біріне рақмет айту;

  • Ғалымдармен бірге қатысқан үлкен семинардан соң бір-біріне рақмет айту;

  • Бірін-бірі жақсы көретін адамдарша рақмет айту.

Рефлексия. Бүгінгі тренинг сабақтан алған әсерлерін тек бір сөйлеммен немесе бір іс - қимылмен жеткізу.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің күнделігінде өзін-өзі тәрбиелеудің бірнеше жолы жазылған:
1. Ішкі жан дүниеңнің тыныштығы.
2. Қылығын мен сөзіңдегі дұрыстық.
3. Іс-әрекетіңдегі ойлылық.
4. Батылдық.
5. Керек емес жерде өзің жайлы бір ауыз сөз айтпа.
6. Уақытыңды бос өткізбе. Кездейсоқ нәрсені емес,ойыңдағыны жаса.
7. Әр күні өзіңе, іс-әрекетіңе есеп бер.
8. Еш уақытта болған нәрсемен, болатын нәрсемен мақтанба.

Тренинг жұмысын «Кешірімді бола білген, түсінуге тырысатын адам өзін-өзі тәрбиелеуге батыл қадам жасай алады» деген сөзбен аяқтаймын.

Тренингке қатысқандарыңыз үшін рахмет!




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Кикілжіңнің алдын алу"

Автор: Медеуова Эльмира

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 392214

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "«Жанжал. Кикілжің. Дау-дамай»"
    ["seo_title"] => string(28) "zhanzhal_kikilzhin_dau_damai"
    ["file_id"] => string(6) "459176"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1519385365"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Кикілжі?ні? денсаулы??а ?сері "
    ["seo_title"] => string(34) "kikilzhin-nin-diensaulyk-k-a-sieri"
    ["file_id"] => string(6) "220088"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1434513444"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(166) "д?нгелек ?стел "К?мелетке толма?андар арасында ?зіне-?зі ?ол ж?мсаушылы?ты? алдын алу жолдары" "
    ["seo_title"] => string(107) "donghieliek-ustiel-k-mielietkie-tolmag-andar-arasynda-ozinie-ozi-k-ol-zhu-msaushylyk-tyn-aldyn-alu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "179200"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424960730"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "?зін-?зі ?олж?мсауды? алдын-алу?а ?ткізілген ?орытынды  ж?мыстар"
    ["seo_title"] => string(72) "ozin-ozi-k-olzhu-msaudyn-aldyn-alug-a-otkizilghien-k-orytyndy-zhu-mystar"
    ["file_id"] => string(6) "286518"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454346018"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "?ялша?ты?ты? алдын алу жолдары "
    ["seo_title"] => string(36) "u-ialshak-tyk-tyn-aldyn-alu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "193496"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427643121"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства