kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жанжал. Кикілжің. Дау-дамай»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру үдерісіне қатысушылардың арасында достық қарым-қатынас, өзара түсіністік  қалыптастыру  және ортада қақтығыс пен кикілжіннің болуының  алдын алу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жанжал. Кикілжің. Дау-дамай»»

Жаркент орта мектебінің педагог-психологы

Келмухамбетова Гульзат Акимжановнаның

«Жанжал. Кикілжің. Дау-дамай» тақырыбындағы

түзету –дамыту сабағының жоспары


Мерзімі: 28.11.2017

Тақырыбы

Жанжал. Кикілжің. Дау-дамай

Жалпы мақсаты

Білім беру үдерісіне қатысушылардың арасында достық қарым-қатынас, өзара түсіністік қалыптастыру және ортада қақтығыс пен кикілжіннің болуының алдын алу

Күтілетін нәтижелері

Берілген ақпараттарды ойлана отырып талқылауға, өмірде қолдана алуға үйренеді

Өз пікірлерін ортаға салуға үйренеді

Бір-бірін құрметтеуге үйренеді

Мәселені бірлесіп шешуге үйренеді

Бір -біріне деген сенім қалыптасады.

Түйінді идеялар

Қатысушылар түзету-дамыту сабағының негізгі идеяларымен танысып, зерделейді.

Ресурстар

Презентация, бейнематериалдар, әртүрлі стикерлер, түрлі-түсті маркерлер.

Қолданылатын стратегиялар

Ойын –жаттығулар, пікірлесу, ой бөлісу,гүл жасау, кері байланыс стратегиялары

Түзету-дамыту сабағының өтілу барысы

Психологтың іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық ахуал

Жақсы көңіл-күймен сабаққа қатысушыларды қарсы алып, «Амандасу» жаттығуы жүргізіледі.

Қатысушылар жаттығуға қатысып, бір-бірімен амандасады. Көңіл күйлері көтеріліп, бір-біріне сәттілік тілейді.

3′






Түзету-дамыту сабағы туралы түсінік беру

Кіріспе сөз: Адамның өмірі адаммен, бірінің -бірінсіз күні жоқ. Өзара қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері де қызықты болады. Қарым -қатынас шын мәнінде , өте нәзік дүние. Әр адам өмір сүру барысында қақтығыстар мен кикілжіндерге кездесіп отырады. Психологиялық тұрғыда келіспеушілік ұғымы өте кең мағынада қолданылады және олар бір-біріне сәйкес келмейтін құбылыстардың әсерін сипаттауға пайдаланылады. Келіспеушілік адамдардың өзара әрекеттесуінің барысында және нәтижесінде, индивидтердің қарым-қатынас жасау кезінде туындайды. Сондықтан, бұл феномен адамзат қанша өмір сүрсе, қанша көп проблемаларды шешетін болса, соншалықты көбірек орын алады. Қазір мен Сіздерге осындай қақтығыстардың алдын алу бойынша тренинг-жаттығуларды көрсетпекпін.

Қатысушылар кикілжің, дау-дамай, қақтығыс туралы алғашқы түсініктері қалыптасады.

3′

№ 1 тапсырма Ситуациялық бейнеролик

Ситуациялық бейнеролик көрсетіледі

Қатысушылар рольге еніп, шешім табуға тырысады.

5′

№2 тапсырма

Миға шабуыл

«Ойлау шапшаңдығы» жаттығуы

Қатысушылар кикілжін, дау-дамай, қақтығыс сөздерін қандай да бір затпен, құбылыспен сипаттайды.

3′

№3 тапсырма

Қимылды ойын

«Тілсіз итеру» жаттығуы

Ойыншылар бөлме ішінде еркін қозғалып жүреді де, бір-бірін түртіп итереді, жай ұрып, соғып шымшып көреді, бірақ сөйлемейді.

Кейін қатысушылар ойыннан алған әсерлерімен бөліседі.

3′

№4 тапсырма

Қимылды ойын

«Ұрысудың орнына-татуласу» жаттығуы

Мақсаты: Топтағы шиеленіскен ахуалды жою.

Жұп-жұпқа бөлініп, бір-біріне арқаларынмен бұрылыңдар.Ұрысып қалдыңдар деп елестетіңдер.Міне, қазір төбелес басталайын деп тұр.Жұдырығынды түй, терең демал, деміңді ішіне тартып, жағыңды үрле.Жағыңды одан әрі қатты үрле.Енді тез өзінінің қарсыласына бұрыл да, саусағыңмен ақырын оның үрленген жағының желін шығар. Күлкілі, қызық. Ұрысуды енді қаламаймыз иә!

Керемет деп! Құрбыңды құшақтауыңа болады.

Күлкілі, қызық. Ұрысуды енді қаламаймыз иә!

Керемет деп! Құрбыңды құшақтауыңа болады.

Қатысушылар психологтың айтқан нұсқауымен ойынға қатысады. Кейін қатысушылар ойыннан алған әсерлерімен бөліседі.

3′


№5 тапсырма

Қимылды ойын

«Ашулы шарлар» жаттығуы

Мақсаты: Қиын балалардың агрессиядан шығу жолдары, ренжіген адамыңды кешіру.

  1. Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар?

  2. Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма?

  3. Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?

Бұлай қатты жарылған шар ол агрессияны білдіреді, ол қатерлі жол.

Енді қатысушыларға жаңа шарлар беріп үрлеу ұсынылады. Оны байламай ұстап тұрыңыздар. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді шарды жайлап аузынан жарты ауасын жіберіңіздер.

Шар кішірейеді,бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді?

1.Егер біз ашуды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

Енді қатысушыларға шардағы ауаны толығымен шығару ұсынылады.

1.Бұл нені білдіреді?

Ашудың қауіпсіз жолын табу – әр адамның өз қолында!

Ойынға қатысушылар шарларды үрлеп оларды байлап, шарлар адамның денесін, ал ішіндегі ауа- сезімін бейнелейтінін түсінеді. Қатысушылар аяқтарымен шарды жарады









Қатысушылар жаңа шарларды үрлейді. Оны байламай ұстап тұрады. Шардың жарты ауасын шығарады.









Шардағы ауаны толығымен шығарады.

3′


Сергіту жаттығуы

«Қолдар» жаттығуы


Қатысушылар қолдарын кеуде тұсына қойып, оң қол алақанымен сол қол алақанын төмен басады.

1


Рефлексия


Психолог түзету-дамыту сабағын нақыл сөзбен аяқтап,

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын қолдануды ұсынады.Сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет!

Қатысушылар сабақты бағалап, «Екі жұлдыз, бір тілек» айтып, стикерлерге өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазады.

1′

Мектеп педагог - психологы Г.Ә.Келмухамбетова




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Жанжал. Кикілжің. Дау-дамай»

Автор: Келмухамбетова Гульзат Акимжановна

Дата: 23.02.2018

Номер свидетельства: 459176


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства