kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

  • Қазақтың  ұлттық  ойындарын дәріптеу  арқылы  балалардың  интеллектуалдық, тапқырлық, ептілік  қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
  • Балалардың  жылдамдығын жетілдіру,  жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып,  ойда сақтау  қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  • топта жұмыс  істей білуін қалыптастыру;
  • патриоттық сезімдерін және Отанға, туға  өлкеге деген  сүйіспеншіліктерін ояту.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»»

Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы

Республикалық «Ханталапай» ұлттық ойынына қатысушы

Түпқараған ауданы, Таушық селосы

МКҚК «Айгүл» балабақшасы





Қазақтың ұлттық ойыны

«Ханталапай»




Дайындаған: «Құлыншақ» ересек тобының

тәрбиешісі Жамишова Гүлжихан








Қыркүйек 2015 жыл

Мақсаты:

  • Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интеллектуалдық, тапқырлық, ептілік қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

  • Балалардың жылдамдығын жетілдіру, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін дамыту.


Міндеттері:

  • топта жұмыс істей білуін қалыптастыру;

  • патриоттық сезімдерін және Отанға, туға өлкеге деген сүйіспеншіліктерін ояту.


Қажетті заттар:

  • ойын бөлмесіне арналған ұлттық төсеніш (оюлы текемет, сырмақ, алаша)

  • қой малының асықтары

  • ұлттық нақышта өрнектелген қоржын

  • алдын ала дайындалған тапсырмалар




Ойын барысы:



Шаттық шеңбер: Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн болсын!

Тәрбиеші: Балалар, сендер қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдерме?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Балалар: Тақия тастамақ, көкпар, теңге алу, арқан тарту, білектесу, асық ату.

Тәрбиеші: Балалар, қазақтың ұлттық ойындары өте көп екен. Солардың бірі «Ханталапай». Ханталапай ойыны асықпен ойналады.

Бақтықожа: Апай, менің атамның үйінде асық көп. Атам маған достарыңды ертіп келіп, асық ойнаңдар деген.

Тәрбиеші: Бақтықожаның атасы бізді асық ойнауға шақырған екен. Балалар, сендердің барғыларың келе ме? Ендеше балалар, атаның ауылына қонаққа барайық.

Атаның ауылына мына әдемі қоржындарымызды ала барайық. (Балалар, қоржындарын асынып атаның ауылына жолға шығады).


Балалар атаның ауылына келгенде, қамшы өріп отырған атаны көріп, амандасады. Атаның немересі асық ойнау үшін достарын ертіп келгендігін айтады.


Ата: Амансыңдарма, балаларым. Мен сендерге бір қоржын асық жинап қойдым. Бұл асық қой малының асық жілігінен алынады. Соның ішінде құнан қойдың асығы ірі болады. Сондықтан оны сақа асықдеп, асықтардан ерекшелеп қызыл түспен бояп қояды. (асықпен ойнату үшін тәрбиешіге бір қоржын асықты ұсынады).


Тәрбиеші: Рахмет, ата. Балалар қараңдаршы, бізге ата мына қоржын толы асықты жинап қойған екен. Біз қазір «Ханталапай» деп аталатын қазақтың ұлттық ойынын ойнаймыз. Ол үшін бізге көп асық және бір қызыл түске боялған асық керек. Бұл қызыл асықты «хан асығы» деп атаймыз. Балалар, сендер асық атауларын білесіңдер ме?


Балалар асық атауларын бүк, шік, тәйке, алшы –деп атайды.



Тәрбиеші ойын шартымен таныстарады.

Ойын шарты: «Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай» -деп, қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып, бөліп алады. Жинаған асықтардың ішінен әр бала ойынға бес асықтан тігеді. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастайды. Сонымен бірге балалар бүк асықпен бүк асықты, шік асық пен шік асықты ату арқылы мергендік танытып, асық жинайды. Асықтарды бір-біріне тигізе алмаған жағдайда ойын жүргізушінің сұрақтарына жауап береді. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда ойын кезегі келесі балаға беріледі. Ойын осылайша жалғаса береді. Ойын соңында хан асығын ұтып алған бала жеңімпаз атанады.


Тәрбиеші балаларға ойын шартын түсіндіріп, ойын алаңына шақырады. Балалар сырмақты айналып , шеңбер құрып отырып, ойын ойнайды.


Ойыннан көріністер:




Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады. Ойын жеңімпазы анықталып, өзінің ептілігімен, тапқырлағымен, білімімен, шапшаңдығымен, мергендігімен көзге түскен балаларға «Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала» және тағы басқа да атақтар беріледі.

Тәрбиеші: Ата, біздің балаларымыздың ойынына өз төрелігіңізді көрсетіңіз.


Ата: Балалардың ойындары маған өте ұнады. Бұл ұлттық ойын ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келеді.


Ата балаларға «Епті бала», «Мерген бала», «Жеңімпаз бала», «Зерек бала», «Алғыр бала», «Шапшаң бала» деген атақтарды атай отырып, бата беріп, тіл көзден аман жүрсін деп, жасаған бойтұмарларын тағады.





Балалар, ата берген асықтары мен бойтұмарларына алғыс айтып, атамен қоштасады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»

Автор: Уразова Бизада Макатаевна

Дата: 02.11.2016

Номер свидетельства: 354503

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Ұлттық ойын "Ханталапай""
    ["seo_title"] => string(24) "u_lttyk_oiyn_khantalapai"
    ["file_id"] => string(6) "404790"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490809724"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "О?ушыларды сауаттылы??а ?йретуде ?лтты? ойынны? р?лі"
    ["seo_title"] => string(50) "okushylardysauattylykkauirietudieulttykoiynnynroli"
    ["file_id"] => string(6) "271208"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451403947"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ұлттық ойын "Хан талапай""
    ["seo_title"] => string(25) "u_lttyk_oiyn_khan_talapai"
    ["file_id"] => string(6) "392820"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487315115"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "«?аза?ты? ?лтты? киімдері» "
    ["seo_title"] => string(30) "k-azak-tyn-u-lttyk-kiimdieri-1"
    ["file_id"] => string(6) "182631"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425564944"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнін де қолдану"
    ["seo_title"] => string(66) "k_azak_tyn_u_lttyk_oiyndaryn_dienie_shynyk_tyru_p_nin_die_k_oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "400990"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489687993"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства