kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қасым Аманжоловтың туғанына 105жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қасым Аманжоловтың туғанына 105жыл                

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қасым Аманжоловтың туғанына 105жыл»

Жалпы білім беретін Талдыбұлақ орта мектеп – балабақша кешені











Қасым Аманжоловтың туғанына 105жыл толуына арналған ашық тәрбие сағаты








Өткізген: мектеп кітапханашысы

Утарбаева Гулжанат Гусмановна



2016-2017 оқу жылы



«Сен, неткен бақытты едің, келер ұрпақ!»

атты ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 105жыл толуына

арналған ашық тәрбие сағаты


Мақсаты: қазақтың көрнекті ақыны Қ.Аманжоловтың қазақ халқының рухани дамуында алар орны зор екенін, өртке тиген дауылдай өлеңін бөбегіндей әлдилеп өткен ақын артына өшпес мұра қалдырғанын әр баланың бойына сіңіру.



Кітапханашы: Армысыздар, сөз өнерін құрметтеуші, жыр сүйер қауым!

Қасым Аманжолов – соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан 20-ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті қайраткерлерінің бірі,Ақын ,журналист,драматург,сазгер,аудармашы ел тәуелсіздігінің 25-жылдық торқалы тойы қарсаңында 105-жасқа толып отыр. Ақынның шығармашылық жолы қысқа ,өзі ұзақ өмір сүрмесе де, өзегінен жарып шыққан өлеңдеріне ұзақ өмір сыйлады. Ақын шығармаларын еліміз өзі дербес ел болып, тәуелсіздігімізге 25-жыл толып отырған шақта бүгінгі егеменді ел тұрғысында қайта оқысыңда осы тәуелсіздікті аңсап өткенін ,бірақ уақыт өте еліміз өз бостандығына жететінін оның шығармаларын оқи отырып көзіміз айқын жетеді. Дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың туғанына 105жыл толу кешіне арналған «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ» атты кітапхана,мәдениет қызметкерлері бірлесе дайындаған поэзиялық кешке хош келдіңіздер!

1-ші жүргізуші:

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,

Өкінем ұқсата алмай келемін деп .

Күніне жүз ойланып ,мың толғанам.

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп....-ақын өзі жырлағандай ақындығымен, азаматтығымен,қайсарлығымен талайды тәнті еткен ақын 2016жылдың қараша айында 105жасқа толды.

2-жүргізуші: Қасым Аманжолов 1911ж казіргі Қарағанды обл. Қаркаралы ауд. Қызыл Көшен қыстауында дүниеге келген. 1923ж Қасымды ағасы Ахметжан Семейдегі бастауыш мектеп-интернатқа түсіреді. Мектептен кейін Қасым Семей мал-дәрігерлік тех. оқиды.Оны тәмәмдаған соң Орал педагогикалық институтқа түседі. 1930ж Алматыдағы «Лениншіл жас» газетінің редакциясына қызметке тұрады. 1931ж Ленинградтағы Орман шаруашылығы институтына түседі, бірақ аяқтай алмай,Оралға келіп, «Екпінді құрылыс»газетіне қызметке тұрады. 1933ж міндетті әскери қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.

1-жүргізуші:Қасым алғашқы өлеңдерін Семейде жазған. 1930ж дейінгі жазылған өлеңдері сақталмаған. Қ.Аманжоловтың ақын,азамат болып қалыптасуына Орал қ үлкен әсер етті.Осы қалада ол махаббат,жастық жырларын жазды. 1935ж әскер қызметінен босасымен Оралдың театр группасын ұйымдастырып,,өзі көркемдік жетекшісі болды. Қасымның ақындық, әншілік,артистік талантыжұртшылыққа танылды.

2-жүргізуші:Қазақтың ұлы ақындарының бірі Қ.Аманжолов шығармаларын дәл бүгінгі егемен ел мүддесі тұрғысынан қайта оқысаң, оның сол тәуелсіздікті аңсап өткен арманын, заманына оза шапқан қиялының биіктігі мен көрегендігін айқын көресің. Ақынның әр сөзі тәуелсіздіктің жырындай естіледі.

Оқырман «Қазақстан» дейтін менің бар елім» оқиды.

1-Жүргізуші: Назар салып тыңдасаңыздар, неткен сөздер десеңші. Қазақстанның тәуелсіздігіне арнап жазғандай. Бір сөзінде өзгертуге келмейді. Қаншалықты биік патриоттық жыр екендігі көрініп тұр. Қазақтың республика болуының өзінен ақын егемендіктің нышанын іздеді, алыс арманды қиялмен жақындатып бейнеледі. Қасым Аманжолов өзі ұзақ ғұмыр сүрмесе де өзегін жарып шыққан өлеңдеріне ұзақ өмір сыйлады.

2жүргізуші: Қ.Аманжоловтың қысқа өмірі 44 жас қана жасаған күрделі де ауыр жағдайда өтті. Ол 20-шы ғасырдың күрделі тұсында өмір сүрді. Ақын өз тұсының күрделі әлеуметтік шындығының алдында күмілжіп, күлбілтелеп сөйлеген жоқ. Заманың ең ұлы шындығын от пен оқтың ортасында қан төгіп жүріп қорғап қалған жауынгер ұрпақтың өкілі өз буынының рухани өмірбаянынан жалпақ әлемге, жалғасар ұрпаққа қымсынбай айтар көп сыр, көп жыр тапты.

1-жүргізуші: Түссем де отқа, суға тозар емен,

Солдаттың етігіндей жаны сірі, - демекші ақын таланты Ұлы Отан соғысы майданында толысты. Ол қазақ әдебиетіндегі әскери лириканы туғызып,қалыптастырып,жетілдіру жолында үлкен мектептен өтті. Сығыс кезінде ұранға,шақыруға ,мадақтауға құрылған көп жырларға қарама –қарсы Қ.Аманжолов майдан өмірінің өткір де қатыгез қатыгез шындығын өз өлеңдеріне арқау етті. Оның өлеңдерінің лирикалық кейіпкерлері –қан кешіп,қыршын жастарды асап жатқан соғыс –аждаһаның аузында жүрген солдат. Солдат жүрегіндегі әр діріл Қасым қаламынан жеңіс туралы шежіреге айналды.

2-жүргізуші:

Қ.Аманжоловтың соғыс кезінде жазылған шығармалары оның поэзиясының шырқау биігі болды. Ақын Н.Тихонов оның «Ақын өлімі туралы аңыз» шығармасына «Поэзияның биіктігін көрсеткен поэма»деген баға берді. Ондағы:

Күллі әлемнің ашу кегі

Орна менің кеудеме кеп.

Жау жолына атам сені ,

Бомба бол да жарыл. жүрек! деген бір шумақ ойдың өзі Қасым поэзиясының қаншалықты биік екендігін көрсетеді. Сондықтан біз Қасымды ұлы ақын деп айта аламыз.

1-жүргізуші: Қазақ жауынгерлерінің ерлік жолы «Жылқыайдар» өлеңінде шеберлікпен көрсетілген. Солдат Жылқыайдар Берлинннің көшесінде қолға түскен немістерді жөнге салып жүргенін ол мақтан тұтады, тарих сабағына үңіледі. Соғыстан соң жазған «Балдақты жігіт» өлеңі оқылады.

Оқырман «Балдақты жігіт» .

2-жүргізуші: Қ.Аманжоловтың «Дариғасы», «өлмес өмір өлеңін» айтып келген ақынның жан сезімі, өмірге құштарлығы. Дариға өмірге деген ынтықтығын бұзып кеткен соғыс лаңын кешіп қайтқан солдат сол ғашығын шарқ ұрып іздеуде. Шағын өлеңінде соғыстың алапат суреттері де, адам қажырының күші де, өмірге деген шексіз сезім де тапқырлықпен бейнеленген.

Оқырман: «Қайда екен, қайда, Дариға, сол қыз?!» атты өлеңін оқиды.

Өңімде ме еді, түсімде ме еді,

Көріп ем ғой бір армандай қызды.......

Бір нәзік сәуле күлімдеп еді,

Сұрапыл соғыс соқты да,бұзды.

«Қайда екен, қайда, Дариға, сол қыз?!

1-жүргізуші: Ақынның шығармашылық мұрасының маңызды бір бөлігі – поэмалары. Поэмаларының ішіндегі ең шыңы «Ақын өлімі туралы аңыз». Бұл – соғыстың қызу кезінде, майдан даласында туған шығарма. Оған Қ.Аманжоловтың ақын жолдасы Абдолла Жұмағалиевтың ерлік өлімі оқиғалары себеп болған. Бір селода болған ұрыста жауды беттетпей бір үйде паналап атысқан Абдолла жау қоршауында қалады да, оны атысып ала алмаған жау ызаланып үйді өртейді. Оның өлімінің өзінде ерлік бар.Ол от ұстаған Прометейді елестетіп, өр тұрып құлайды.

2-жүргізуші: Қасым 1941-1945ж соғысқа қатысып, қолындағы қарумен де, қаламмен де жауға қарсы белсене күресті. Соғысқа аттанар алдында ақын «Мазасыз муза», «Қоштасу», «Бейсекештің бес ұлы» атты патриоттық өлеңдерін жазды. Соғыс майданында жүріп, «Үстімде сұр шинелім», «Жеңіс даусы», «Ертіс» т.б.өлеңдері туған елді, дос-жаранды, ағайын-туыстарын сағынған солодаттың сезім дүниесін жырлайды.

1-жүргізуші: 1947ж бастап Қасым сырқаттанып жүрсе де өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездері Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел –оның «Өзім туралы»атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кеттті. 1955ж 18-қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.

Оқырман: Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңін оқиды.

Өзге емес,өзім айтам өз жайымда ,

Жүрегім,жалын атқан сөз дайында .

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді

Тербетіп тулатып бір қозғайын да ....

Аманжол-Рақымжанның Қасымымын ,

Мен қалған бір атаның ғасырымын.

Біреуге жұртта қалған жасығымын,

Біреуге аспандағы асылымын.

2-жүргізуші: Өмірден ерте кеткенімен Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өшірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ.Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа халықтардың тілдеріне аударылған. Қарағандыда Қасымның құрметіне көше аталған. Қарқаралы ауданындағы Фрунзе совхозына Қасым Аманжоловтың есімі берілді.



Көрмеге шолу жасалды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Қасым Аманжоловтың туғанына 105жыл

Автор: Утарбаева Гулжанат Гусмановна

Дата: 15.03.2017

Номер свидетельства: 400415

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "?асым Аманжолов «?зім туралы» ?ле?і"
    ["seo_title"] => string(31) "kasymamanzholovozimturalyolieni"
    ["file_id"] => string(6) "304043"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457634539"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?асым Аманжолов "К?ктем""
    ["seo_title"] => string(22) "kasymamanzholovkoktiem"
    ["file_id"] => string(6) "297169"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456151510"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(137) "Математика. К?бейтуді? ?асиеттерін ?олдану. Ана тілі. ?асым Аманжолов К?ктем. "
    ["seo_title"] => string(82) "matiematika-kobieitudin-k-asiiettierin-k-oldanu-ana-tili-k-asym-amanzholov-koktiem"
    ["file_id"] => string(6) "131439"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416152569"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Урок ?асым Аманжолов «?зім туралы» ?ле?і "
    ["seo_title"] => string(42) "urok-k-asym-amanzholov-ozim-turaly-olien-i"
    ["file_id"] => string(6) "220864"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1434945541"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Урок  "Ту?ан жер" "
    ["seo_title"] => string(17) "urok-tug-an-zhier"
    ["file_id"] => string(6) "177798"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424708787"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства