К?рнекілігі: арнайы к?ктем жайлы суреттер, тест материалы
Саба?ты? барысы:І.?йымдастыру кезе?і.О?ушыларды? зейінін,назарын психологиялы? жатты?улар орындау ар?ылы саба??а аудару. «Балалар, сендер саба??а зейін ?ойы?дар. Іштері?нен: «Мен жа?сы адаммын, мен ?йб?тпін!» деп бірнеше рет ?айтала?дар. Бір- бірі?е ?арап, жымиы?дар.»
ІІ. ?й тапсырмасын с?рау: О.С?лейменовты? «Т???ыш ?арышкер» ?ле?інде а?ын Гагаринні? а? жолын неліктен «ала б?тен» дейді? Неліктен а?ын ел, тарих, ?ле?, байта? даланы ж?не таби?атты ана?а те?ейді? Гагаринні? Жерге ?айтып келе жат?ан кезін а?ын ?алай суреттеген? А?ын Гагаринні? жерді с?йетіндігін, ?адірлейтінін ?алай бейнелеген? Д?ние ж?зіне ?йгілі т???ыш ?арышкер Гагарин болса, егеменді елімізді? т???ыш ?арышкері кім, ол жайында не білесі??
ІІІ. ?й тапсырмасын пысы?тау: Гагарин ?арыш?а ?ашан ?шты? То?тар ?уб?кіров ше? Болаша?та сен кім бол?ы? келеді? Сені? пікірі??
2. Абай ата «Жаз?ыт?ры» ?ле?інде жерді? ж?зіне, к?нні? к?зіне байланысты ?андай к?ркемс?з ?олдан?ан?(Масатыдай ??лпырар жерді? ж?зі.Ата–анадай елжірер к?нні? к?зі.)
3. «К?ктем с?ні» ертегісі бойынша мына жазуларды д?птері?е жазып ал, жал?астыр, т?сіндір. К?ктем с?ні-жасыл желек; к?ктем с?ні- хош иіс, ...(к?ктем с?ні-м?лдір су, жылылы?,н?сер, ашы? аспан,сал?ын самал,е?бек,шал?ы?ан к??іл,шатты?, к?лкі,жігер)
Просмотр содержимого документа
«Математика. К?бейтуді? ?асиеттерін ?олдану. Ана тілі. ?асым Аманжолов К?ктем. »
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің қасиеттерін қолдану.
Мақсаты: 1.Көбейтудің қасиеттерін қолдану, есеп шығаруға пайдалана білуін
жетілдіру,кестелік жағдайларды ұғыну,
2.логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Типі: жаңа білімді меңгерту
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: сызба, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6.
ІІІ. Пысықтау: ауызша жұмыс.
Көбейту , бөлу кестесі бойынша ауызша есептеулер.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ . 1.Ұжымдық жұмыс. № 1 Көбейтудің қасиеттерін қолданып есепте:
3 қармауышта - 9 гүлден Жауабы: әр құмыраға 5 гүлден.
8 қармауышқа бөлді -? гүлден
№ 9.
4 күн – 28 Шешуі: 28 : 4 ∙ 6 = 6 ∙ 6 = 36
6 күнде - ? Жауабы: Мүйізтұмсық 36 дөңгелек нан жейді.
№ 10. Ауызша.
Өздік жұмыс. № 11. Қалдықпен бөлу дұрыс орындалған ба, тексер:
834 : 40 = 20(қалд.34) 808 : 10 = 80(қалд.8)
834 : 20 = 41(қалд.14) 808 : 80 = 10(қалд.8)
Жұптық жұмыс: № 12. (ауызша)
ҮІІ. Бекіту: бүгінгі сабақта не істедік, неге үйрендік?
Шығармашылықжұмыс. № 13. Күрделі теңдеу шешу.
(164 : х – 164) ∙ 300 = 0
(164 : х – 164) = 0 : 300
164 : х – 164 = 0
164 : (х – 1)= 0
Х – 1 = 0 ∙ 164
Х – 1 = 0
Х = 1
(164 : 1 – 164) ∙ 300 = 0
ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 3, 14. 167 - 168 бет.
IX.бағалау.
Тақырыбы: Көктем. Қасым Аманжолов
Мақсаты: Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңін оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінік беру; «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау, сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту; еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа және табиғатты қорғау, бақылау, зерттей білуге тәрбиелеу.
Түрі: қайталау Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену, өзіндік жүмыс.
Көрнекілігі: арнайы көктем жайлы суреттер, тест материалы
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың зейінін,назарынпсихологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: О.Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңінде ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді? Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді? Гагариннің Жерге қайтып келе жатқан кезін ақын қалай суреттеген? Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтінін қалай бейнелеген? Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім, ол жайында не білесің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Гагарин ғарышқа қашан ұшты? Тоқтар Әубәкіров ше? Болашақта сен кім болғың келеді? Сенің пікірің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Ерте көктемде жаппай көктеп, гүлдейтін шөптерді білесің бе? (жауқазын, бәйшешек, қазжуа, өгейшөп, ...)
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу, іштей, тізбектей оқу. Көктем келбеті ақын тілімен қалай суреттелгеніне мән бер:
а) Бұлақ туралы не делінген?
ә) Өзен туралы ше?
б) Көктемгі жаңбырды сипатта.
в) Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады? Ол туралы ақын не дейді?
Асқар таудың басына.» деген өлең шумақтарын қалай түсінесің? Өз ойыңды айт. Өлең бойынша сурет салып көр.
2.Өздігінен тапсырмаларды орындау:
1.С.Сейфуллиннің«Орман» өлеңіндегі ақынның қайыңға, терекке, желге қатысты қолданған көркемсөздерді тауып дәптеріңе жаз.
2. Абай ата «Жазғытұры» өлеңінде жердің жүзіне, күннің көзіне байланысты қандай көркемсөз қолданған?(Масатыдай құлпырар жердің жүзі.Ата–анадай елжірер күннің көзі.)
3. «Көктем сәні» ертегісі бойынша мына жазуларды дәптеріңе жазып ал, жалғастыр, түсіндір. Көктем сәні-жасыл желек; көктем сәні- хош иіс, ...(көктем сәні-мөлдір су, жылылық,нөсер, ашық аспан,салқын самал,еңбек,шалқыған көңіл,шаттық, күлкі,жігер)
4. Қ Аманжоловтың «Көктем» өлеңін оқып шық. Ақынның табиғат құбылысына «жан бітіріп», адамға тән қимыл бере суреттеген жолдарындағы көркемсөздерді тап. (нәзік үн, мейірленіп, алақанын тұр жайып, жас дауыспен жамырап, еңбек ата).
ҮІІ. Білімін тексеру: «Көктем» тақырыбына әңгіме құрастыр:
а) Көктемгі табиғат: жылғалардан су ақты, мейірленіп жерге күн, көк майса, жасыл барқыт жамылып.
ә) Көктемгі тіршілік: қой қоздап, түйе боздап, ұйқыдан оянып, жыл басы. Наурыз, егінжайда ту ұстап, т.б.
Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы? Не сұңқылдады, арқыраған не, күркіреген ше? Еңбек ата не істеп жүр? Трактормен не істеді? Көктем өз өнерін қалай көрсете бастады?