Просмотр содержимого документа
«Иманды ұл, инабатты қыз- өмір көркі»
Тақырыбы: Дін- тәрбие діңгегі
Мақсаты: оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету; адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу, адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.
Барысы
І. Шаттық шеңбері
Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін!
Балалар бір- біріне тілек айтады.
Сабағыңды жақсы оқы!
Адал бол!
Қайырымды бол!
Жүрегің жақсылыққа толы болсын!
Алланың нұры жаусын!
Рахмет балалар осы тілектер бүгінгі шарамсыздың жақсы өтуіне септігін тигізеді деген ойдамын.
Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу керек.
«Білектей арқасында өрген бұрым
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшәт бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!» деген өлең жолдары қыздарымызға арналса,
«Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады» деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып бүгінгі «дін- тәрбие діңгегі» атты тәрбиелік шарамызды бастаймыз.
Енді жұмысымызды ары қарай жалғастыру үшін мына түстерді таңдауларыңызды сұраймын. (оқушылар түстерді таңдап орындарына отырады)
Алдарыңдағы параққа өздеріңнің бойларыңдағы жаман қасиеттерді жазыңыз. Болғасын жазған қағазды алдарыңызға бүктеп қойыңыз. Ал енді жақсы қасиеттерді жазыңыз.
ІІ. Тренинг . Адамның асыл қасиеттері
І топ (адамгершілік, имандылық, адалдық, әдептілік, әділдік)
ІІ топ (әдептілік, ізеттілік, қайырымдылық, инабаттылық)
ІІІ топ (қамқорлық, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу, ұяттылық, шыншылдық)
Балалар, қазақта мынадай тілек бар екен. Қыздарға ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгаршілігі мол болсын, қайырымды болсын! Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Енді осы жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін манағы жазған жаман қасиеттерді жазған парақтарды жыртып тастайық. Бүгінгі тәрбие сағатымызда тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық қағидаларына тоқталамыз. Осы өз пікірлерімізді ортаға салайық. Балалар пікірі тыңдалады. ІІІ. Жаңа ақпарат 1- топ Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды. Абай атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды. Адам болам десеңіз... Бес нәрседен қашық бол...,— Бес нәрсеге асық бол, - деп Абай атамыз айтқандай, адамның ішкі рухани казынасының молығуы өз қолында. ІІ топ Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан. ІІІ топ Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған» Имандылық қасиеттер ● қарапайымдылық ● сыпайылық ● мейірімділік ● кішіпейілділік ● ізеттілік ● адалдық ІҮ. Ойланайық пікірлесейік. Ұлдарға сұрақ: 1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті) 2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.) 3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны) 4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер) 5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса, сыпайы, биязы болса ) Қыздарға сұрақ: 1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны) 2. Ұлдарға арнап мақал айт (Атадан жақсы ұл туса, Қар үстінде от жанар, Атадан жаман ұл туса, Ат үстінде ит қабар Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік) 3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл, адамгершілігі мол), 4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің? ( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп ойлаймын) 5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау) Ү. Дін, хиджаб, мектеп формасы туралы
Балалар бүгін сендер бар жақсы қасиеттерді айтып жатырсыңдар. Бұның бәрі дұрыс. Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б. Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке - шеше жоқ.»- деп мұңайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Өйткені қазір басқа дінді ұстанып, басқа ағымдарға еріп, өз болашағына балта шауып жүргендер аз емес. Ақтөбе облысы бойынша діндар көзқарастағы 650 оқушы болса, 548 оқушы намаз оқиды, ал 391 оқушы қыздар мектепке хиджабпен икеледі.
Сонымен қатар, жекелеген мектеп оқушылары діни себептерді алға тартып, ҚР-ның мемлекеттік әнұранын орындаудан бас тарту, бейнелеу өнері пәнінде сурет салудан бас тарту, дене шынықтыру пәніне қатыспау фактілері де орын алуда. .
Міне, осы мәселе төңірегінде бүгін біздің қонағымыз аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жоламанов Бағжан Жиенбайұлына сөз кезегін береміз.
Балалар, ұстаздар манадан бері бала бойында жақсы- жаман қасиеттерін, имандылық, инабаттылық турасында әңгіме етіп жатырмыз. Енді осы орайда бала тәрбиесіне ата-ананың тікелей қатысы бар екені анық. Енді біздің балаларымыз ешкімнен, ата-анадан, қоғамнан, ұстаздардан зорлық көріп жатқан жоқ па? Енді осыған тоқталып өтсек. 15-30 қараша аралығынада «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» атты акция жүріп жатыр. Осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбітсек.
Слайд
Бүгін бізде қонақта аудандық білім бөлімінің әдіскері Есбосынов Сәбит келіп отыр.
ҮІ. Жүректен жүрекке.
Қоғамның бір мүшесі ретінде мен былай дегім келеді.
Өзіме, жанымдағыларға Күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын. Қараңғыны нұрландырамын, Суықты жылытамын. Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын, Әр күні өзімнің жан дүниемді Тазартуға тырысамын. Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа, Мейірімге бөленеді. Келер күннің шұғылалы боларына сенемін, «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын».
–Балалар, енді бір –біріңе тілек жазып, қалаған адамдарыңа ұсына қойыңыздар. Аң жортар аяғымен, жер еркесі, Құс ұшар қанатымен, көк еркесі. Халқыңа қалаулы ұл боламын десең, Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.
«№6 орта мектебі» ММ
Иманды ұл, инабатты қыз- өмір көркі
(5-7 сыныптар арасында өткізілген шара)
Өткізген: С.Ж.Шуйншалина
Ж.С.Егізбаева
Қараша, 2016 жыл
Анықтама
2016 жылдың 22 қараша айында мектебімізде «Дін- тәрбие діңгегі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында шара өткізілді. Шара барысында балалар имандылық, инабаттылық тақырыбында әңгіме қозғады. Шара: «адамның асыл қасиеттері», «ойланайық, пікірлесейік», «дін, хиджаб, мектеп формасы туралы», «балалар арасындағы зорлық- зомбылық» сияқты кезеңдерден тұрды.
Шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жоламанов Бағжан Жиенбайұлы және аудандық білім бөлімінің әдіскері Есбосынов Сәбит Зұлқашұлы қатысты.
Анықтама жазған С.Ж.Шуйншалина
Адамның асыл қасиеттері
Дін- иманжүзділікті, қайырымдылықты, тазалықты уағыздайды. Осы бағытта өз ой-пікіріңізді ортаға салсаңыз? 1-сұрақ: Үлкен әжелеріміз-аталарымыз «Өмірдің өзі- сынақ»- дейді.Балалардың көпшілігі осы сөздің мағынасын түсіне бермейді ,соны түсіндірсеңіз.
2-сұрақ:Үйдегі ата-анамыз мектепте болып жатқан қиындықтарды ақыл мен сабырмен шешу керек деп айтып жатады. Сабырлық тұрғысынан бір мысал келтірсеңіз.
3-сұрақ:Баланың ,ата-анаға,ата-ананың балаға деген құқығы жайлы құран –хадистерден толық түсіндіріп өтсеңіз.
4-сұрақ:Қазір жастардың дін туралы түсініктерін қалай бағалайсыз? Ол туралы өз пікіріңіз? 5-сұрақ:Дін мен мемлекеттің саясаты бір ме? 6-сұрақ: Өткен дәуірдегі ата-ана тәрбиесі мен қазіргі отбасылар тәрбиесі арасында қандай алшақтық бар, болмаса оны қалай тенестіруге болады?
Бір Аллаға табынар ,
Ата –анаға бағынар.
Ибалы да иманды
Балалардың бағы бар.
Бір Аллаға табынар ,
Ата –анаға бағынар.
Ибалы да иманды
Балалардың бағы бар.
Құрметті ___________________________________
Сізді 5-7 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Иманды ұл, инабатты қыз- өмір көркі» атты сыныптан тыс шараға шақырамыз
Өтетін күні: 22 қараша, 2016 жыл. Сағат 15.00 де
Құрметті _____________________________________
Сізді 5-7 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Иманды ұл, инабатты қыз- өмір көркі» атты сыныптан тыс шараға шақырамыз