kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Имандылы? – т?рбие негізі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Имандылы? – т?рбие негізі

Ма?саты: О?ушылар?а адамгершілік, ізеттілік, имандылы? секілді ??ндылы?тарды бойына сі?іру. Д?ниетанымдарын молайтып, ойлау ?абілеттерін шы?дау, ?з
пікірін жеткізе білуге ?йрету. Иманды ?л, инабатты ?ыз болу?а, ?лтжандылы??а т?рбиелеу
К?рнекілігі: Интерактивті та?та, кітап к?рмесі, ?анатты с?здер.

1 Кіріспе: М??алім с?зі.
2 «Имандылы?»с?зіне ассосация ??ру.
3 М?ны білесі? бе?
4 Хадистер. М?хамед Пай?амбарды? даналы? с?здері.
5 Адамны? с?зі – а?ылыны? таразысы.
6 Жаман ?дет жа?сы ат ?пермейді.
7 Ата? болса ана?мен.
8 Са?ат сатып алса? да, уа?ыт сатып ала алмайсы?.
9 ?она?тар?а с?з беру.
10 Осы кештен ?андай пайдалы ой т?йді?із?
Т?сінгенім.

1. ??рметті ?стаздар, о?ушылар ж?не ?она?тар! Рахымды алланы? атымен бастаймын. Атам ?аза? ?ай кезде де бала т?рбиесіне жауаптылы?пен ?ара?ан. Баланы т?рбиелеудегі ма?сат – оны жан - жа?ты кемелдендіріп, ?о?ам?а пайдасы тиетін азамат етіп шы?ару. Осы орайда, Ислам дініні? кемел т?рбиеге ?осар ?лесі зор.
Т?рбие - арабты? с?зі «к?ктету, ?сіру, жетілдіру» деген ма?ынаны білдіреді. Шы?ыс халы?тарында айтылатын «Бала ?ымбат болса да, баланы? т?рбиесі одан да ?ымбат»деген на?ыл с?з бар.
2. Имандылы? – адам бойында?ы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.

Сабырлы болу
Мейірімді болу
?депті болу
?ам?оршы
Имандылы?
Т?зімділік
Шыншылды?
Отанс?йгіштік
Арлы болу

М?сылманды? д?ние таным бойынша имандылы? иманнан пайда болады. Ал иман - ж?ректегі н?р. Н?рды? сырт?ы болмысы, я?ни имандылы?. ?азіргі зайырлы, ?ркениетті ?о?амда имандылы? – аса ?астерлі, биік адамшылы? ?асиет ретінде ??ынылады. Имандылы??а ?арама - ?арсы сипат имансызды?.
3. М?ны білесі? бе?

1. Исламны? ?асиетті кітабы -- ??ран К?рім
2. ?ш арсызды ата -- ?й?ы, к?лкі, тама?.
3. ?ш байлы?ты ата -- денсаулы?, а? жаулы?, он саулы?.
4. Бес д?шпаны?ызды ата - ?сек, ?тірік, ма?танша?, еріншек, бекер мал шашпа?.
5. М?сылманны? бес парызын ата - ку?лік с?зі, намаз, ораза, зекет беру, ?ажылы??а бару.
6. Жеті ата?ды білесі? бе?

Бір ?кініштісі со??ы жылдары ?лтты? т?рбие ж?йесі ?а?ажу к?ріп, т?рбиені? ыр?а?ы б?зылып кеткені белгілі. О?ан есірткі мен анаша?а т?уелділер, ішкілік пен темекіге ?уестер. Жас?спірімдер арасында б?за?ылы?тар мен ?ылмысты? ?ршіп кетуі д?лел.
Себептер де аз емес.
К?біне іскерге ?оймада?ы ж?гі ?ымбат, саудагерге сат?ан малы ?ымбат, ?й ішіндегі к?йбе? тірліктен шешені? ?олы босамауы, ж?мысбастылы?тан ?кені? уа?ыт таппауы т. б. ?азіргі уа?ытта теледидарда?ы кино мен мультфильмдерді? к?бі атыс - шабыс, т?белес, ?ирату, ?ру - сындыру, к?ш к?рсетуге негізделген. Ал б?л себептерді? санасы ?лі ?алыптаса ?ойма?ан бала?а зиянды екені айтпаса да т?сінікті. Осы орайда ислам дініндегі бала т?рбиесі туралы айтатын болса?.
Ислам - ?айырымдылы? пен з?лымды?ты? не екенін на?ты т?сіндіре алады. ?алай д?рыс ?мір с?ру, ?алай д?рыс тама?тану, ?алай бала т?рбиелеу, ?йелді ?астерлеу, ?алай киіну, ?о?амды? ?мірдегі ?атынас та?ы бас?а ма?ызды с?ра?тар?а жауап бере алады. Хадис - М?хаммед пай?амбарды? даналы? с?здеріні? жиынты?ы. ??ран - К?рімнен кейінгі е? ?астерлі кітап. М?нда м?сылманшылы?, инабаттылы?, имандылы?, адамгершілік ережелері жина?тал?ан.
4. Хадистер
1. Кездескенде кім бірінші болып с?лем берсе сол адам т??ір алдында да иманды адам. Иманны? жа?сысы сабырлы ж?не ке?пейілді болу.
2. Т??ір ?йелдермен сыпайы с?йлеуді б?йырады, себебі: ?йел - ана?ыз, ?же?із, ?ызы?ыз.
3. Тама? салын?ан таба?ты? шетінен ?ана алып жеу керек. Ортасына ?ол ж?гіртпе, себебі береке ортада болады.
4. Біреуге зиян келтірме, біреуді? ?зі?е залал келтіруіне жол берме. М?ны? екеуі де исламда жо?.
5. Ал?ыс ал?ан алтын?а жолы?ады, ?ар?ыс ал?анны? аты жо?алады.
6. К?н?ларды? ?лкені ата - ана?а ла?нет айту. Ата - ана?а ренжіп, я?ни ата - ананы ренжітуден аула? болуымыз керек.
7. Адамдарды? к?бісі тілінен шы??ан с?здерден тоза??а кіреді. Тілді таспен, одан ?алса сыртында?ы екі ерінмен тосуымыз керек.

5. Адамны? с?зі - а?ылыны? таразысы.

Адам жас кезінен д?рыс, ?сем с?йлеуге да?дылану керек. Олда адам бойында?ы ізгі ?асиеттерді? бірі. Аузы?нан шы??ан ?рбір с?зге о д?ниеде есепке тартыласы?, сонды?тан бос с?з, б?стекі ??гімелерге салынбауы тиіс. Сондай - а? с?з арасын б?тен с?збен был?ап, тілді ш?барламай, ш?райлы тіркестер ?олдана біл.

С?з с?йлеу ?дебі

1.?лкен кісіні? с?зін б?лме. Екі адам арасында ??гіме тасыма, бір - біріне ша?ыстырма.
2.Сыр са?тай біл. ?уелі амандаспай т?рып с?з бастама.
3.Д?рекі с?йлеме, тілді бала?ат с?здерге ?йретпе. Біреуді? к??іліне жара салма.
4.Сыпайы с?йле, ?зі? жа?сы білмейтін жайтты с?з етпе.
5.Айт?ан у?де?де т?р, ?тіріктен аула? бол.

Ма?ал - м?телдер

Жа?сы - бай?ап с?йлер, жаман - шай?ап с?йлер.
Тілден бал да тамады, з?р де тамады.
Тау мен тасты су б?зады, адамзатты с?з б?зады.
?ялмас бетке – талмас жа? бітеді.
А?дамай с?йлеген ауырмай ?леді.

6. Жаман ?дет жа?сы ат ?пермейді

Жаман ?дет дегеніміз - сырт к?зге ?намсыз, моральды? этика нормаларына сай келмейтін, к?п жа?дайда зор ?кінішке ?ласатын жа?ымсыз ?ылы?тар. Айталы?, темекі, ара?, есірткіге ??мартушылы?, ?тірік айту, жамандау, ?зіні? емес ?згелерді? ?ателігін ?азбалау, ауызды бала?ат с?зге ?йрету, ?ыз?аныш, ?олын с??ана?ты?тан тимау, с?ранша?ты?, е? ая?ы т?кіріне беру. Жаман ?дет ж??палы. Нашар ?дет ?айдан ж??ады?

Жаман да?ды?а берілмеу ?шін не істеу керек?

1. ?р адам ?зіні? осал т?старын жа?сы білу керек. Я?ни, мен ?ателеспеймін деген ойдан барынша аула? болу керек.
2. Бойы?да бір жаман да?ды пайда болса, б?гінненбастап к?рес, ерте?ге ?алдырма.
3. ?зі?е сын к?збен ?арауды к?шейтіп, рухани ілімін молайтып, ж?мыссыз бос отырмау керек.
4. Жаман достардан алыс ж?ріп, жа?сылардан ?лгі алып, ?намды ?деттерге еліктеу, жа?сыдан ?йреніп, жаманнан жирену.
7. Ата? болса ана?мен

Ата - ана ?ркімні? е? ?имас асылы. Дана Абай: «?ке ?рысса бала?а ол да досты?. Бала ?рысса ?кеге жараса ма?»дегенде, перзентті? ?зін ?мірге ?келуге себепкер бол?ан ата - анасына ?арсы келуі, с?з ?айтарып тайталасуы орынсыз екенін сына?ан.
Бір к?зді ана(к?ркем о?у)

Бес уа?ыт намазы?ды жинамаса?,
Ораза ?стап жаны?ды ?инамаса?,
Алланы? кешірмейтін бір к?н?сі
Ата менен ана?ды сыйламаса?,- деген Орманбай а?ын хадистерде айтыл?ан к?н?ні? е? ?лкені ата - ананы сыйламау еккенін мегзеген.

8. Са?ат сатып алса? да, уа?ыт сатып ала алмайсы?.

Батыс?а барып, оларды? ?рбір минутпен санаса отырып, ж?мыстарын реттегеніне та??ал?ан м?сылман жігітке: Оны? несіне та?ыр?айсы?? Б?л бізді? сендерден ?йренген ?асиетіміз емес пе?- депті.
«?арыны то?ты?, ж?мысы жо?ты? аздырар адам баласын»- деп Абай атамыз айтпа?шы, адамны? бос отыруы - шайтан ?шін таптырмайтын м?мкіншілік. ??лама, дана кісілер уа?ыттарын ?немдеуді жа?сы білген. Адам баласы екі н?рсені? ?адірін білмейді: бос уа?ыт ж?не денсаулы? - деп хадисте ескертілген. Біра? Ислам ??ламалары осыншалы?ты к??іл б?лген уа?ыт м?селесіне біз б?гін самар?ау ?арайтын сия?тымыз. ?йткені б?гінде уа?ыт ?лтіретін н?рсе ?те к?п. Уа?ытты? бір а?душысы ?й?ы болса, к?п с?з к?п ?ыдыруды? да еншісінде. Уа?ыт адамзатпен санаспайды, ал уа?ытпен санас?ан адаспайды - деп т?йген халы?.

Уа?ытты? ?адірі

Бір жылды? ?адірін білем десе?, сыныпта орнында ?ал?ан о?ушыдан с?ра.
Бір айды? ?адірін білем десе?, н?рестесін сегіз айлы?ында босан?ан анадан с?ра.
Бір аптаны? ?адірін білем десе?, апталы? газет шы?аратын редактордан с?ра.
Бір минутты? ?адірін білем десе?, пойызынан ?алып ?ой?ан жолаушыдан с?ра.
Бір секундты? ?адірін білем десе?, жол апатыны? алдын алу?а ?лгермеген ж?ргізушіден с?ра.
Бір мини секундты? ?адірін білем десе?, ?лемдік жарыста к?міс ж?лде ал?ан спортсмен ж?гірушіден с?ра.

Уа?ытты? бос ?ткендігінен са?тану керек, бос отыру айтарлы?тай зардап ?келуі м?мкін. Уа?ыты?ды ізгі істерге ж?мса: білім алу?а, ата - ананы? алдында?ы міндеттерді орындау?а, жетім - жесірге к?мектес, маманды?ы?ды жа?сы игер, м?нді пайдалы іске ?мтыл.

9. ?она?тар?а с?з беру

10 Осы кештен ?андай пайдалы ой т?йді?із?
Т?сінгенім..

Т?сінгенім. ешкімді ?инап жа?сы к?ргізе алмайсы?. Жа?сылы?ы?ды аяма, ?ал?анын ?здері біледі.

Т?сінгенім. сенімге кіру ?шін жылдар керек, сенімнен шы?у бір - а? с?т.
Т?сінгенім. е? жа?ын достары? да ренжітуі м?мкін, оларды кешіре білу керек.
Т?сінгенім. кейде біреуді кешіру жеткіліксіз, ?зі?ді де кешіре білу керек.
Т?сінгенім. екі адам бір н?рсеге ?арап екі т?рлі н?рсе к?руі м?мкін.
Т?сінгенім. ж?регі? ?анша жылап сыздаса да д?ние сен ?шін то?тап ?алмайды.

Кері ?айту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Имандылы? – т?рбие негізі »

Сабақтың тақырыбы: Имандылық – тәрбие негізі

Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. Дүниетанымдарын молайтып, ойлау қабілеттерін шыңдау, өз
пікірін жеткізе білуге үйрету. Иманды ұл, инабатты қыз болуға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кітап көрмесі, қанатты сөздер.

1 Кіріспе: Мұғалім сөзі.
2 «Имандылық»сөзіне ассосация құру.
3 Мұны білесің бе?
4 Хадистер. Мұхамед Пайғамбардың даналық сөздері.
5 Адамның сөзі – ақылының таразысы.
6 Жаман әдет жақсы ат әпермейді.
7 Атаң болса анаңмен.
8 Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың.
9 Қонақтарға сөз беру.
10 Осы кештен қандай пайдалы ой түйдіңіз?
Түсінгенім...

1. Құрметті Ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Рахымды алланың атымен бастаймын. Атам қазақ қай кезде де бала тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Баланы тәрбиелеудегі мақсат – оны жан - жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп шығару. Осы орайда, Ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесі зор.
Тәрбие - арабтың сөзі «көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны білдіреді. Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз бар.
2. Имандылық – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.

Сабырлы болу
Мейірімді болу
Әдепті болу
Қамқоршы
Имандылық
Төзімділік
Шыншылдық
Отансүйгіштік
Арлы болу

Мұсылмандық дүние таным бойынша имандылық иманнан пайда болады. Ал иман - жүректегі нұр. Нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық. Қазіргі зайырлы, өркениетті қоғамда имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама - қарсы сипат имансыздық.
3. Мұны білесің бе?

1. Исламның қасиетті кітабы ----- Құран Кәрім
2. Үш арсызды ата -------- ұйқы, күлкі, тамақ.
3. Үш байлықты ата ------- денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
4. Бес дұшпаныңызды ата ------ өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
5. Мұсылманның бес парызын ата ---- куәлік сөзі, намаз, ораза, зекет беру, қажылыққа бару.
6. Жеті атаңды білесің бе?

Бір өкініштісі соңғы жылдары ұлттық тәрбие жүйесі қағажу көріп, тәрбиенің ырғағы бұзылып кеткені белгілі. Оған есірткі мен анашаға тәуелділер, ішкілік пен темекіге әуестер. Жасөспірімдер арасында бұзақылықтар мен қылмыстың өршіп кетуі дәлел.
Себептер де аз емес.
Көбіне іскерге қоймадағы жүгі қымбат, саудагерге сатқан малы қымбат, үй ішіндегі күйбең тірліктен шешенің қолы босамауы, жұмысбастылықтан әкенің уақыт таппауы т. б. Қазіргі уақытта теледидардағы кино мен мультфильмдердің көбі атыс - шабыс, төбелес, қирату, ұру - сындыру, күш көрсетуге негізделген. Ал бұл себептердің санасы әлі қалыптаса қоймаған балаға зиянды екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда ислам дініндегі бала тәрбиесі туралы айтатын болсақ...
Ислам - қайырымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады. Қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас тағы басқа маңызды сұрақтарға жауап бере алады. Хадис - Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран - Кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап. Мұнда мұсылманшылық, инабаттылық, имандылық, адамгершілік ережелері жинақталған.
4. Хадистер
1. Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе сол адам тәңір алдында да иманды адам. Иманның жақсысы сабырлы және кеңпейілді болу.
2. Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлеуді бұйырады, себебі: әйел - анаңыз, әжеңіз, қызыңыз.
3. Тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.
4. Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.
5. Алғыс алған алтынға жолығады, қарғыс алғанның аты жоғалады.
6. Күнәлардың үлкені ата - анаға лағнет айту. Ата - анаға ренжіп, яғни ата - ананы ренжітуден аулақ болуымыз керек.
7. Адамдардың көбісі тілінен шыққан сөздерден тозаққа кіреді. Тілді таспен, одан қалса сыртындағы екі ерінмен тосуымыз керек.

5. Адамның сөзі - ақылының таразысы.

Адам жас кезінен дұрыс, әсем сөйлеуге дағдылану керек. Олда адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Аузыңнан шыққан әрбір сөзге о дүниеде есепке тартыласың, сондықтан бос сөз, бөстекі әңгімелерге салынбауы тиіс. Сондай - ақ сөз арасын бөтен сөзбен былғап, тілді шұбарламай, шұрайлы тіркестер қолдана біл.

Сөз сөйлеу әдебі

1.Үлкен кісінің сөзін бөлме. Екі адам арасында әңгіме тасыма, бір - біріне шағыстырма.
2.Сыр сақтай біл. Әуелі амандаспай тұрып сөз бастама.
3.Дөрекі сөйлеме, тілді балағат сөздерге үйретпе. Біреудің көңіліне жара салма.
4.Сыпайы сөйле, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпе.
5.Айтқан уәдеңде тұр, өтіріктен аулақ бол.

Мақал - мәтелдер

Жақсы - байқап сөйлер, жаман - шайқап сөйлер.
Тілден бал да тамады, зәр де тамады.
Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады.
Ұялмас бетке – талмас жақ бітеді.
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

6. Жаман әдет жақсы ат әпермейді

Жаман әдет дегеніміз - сырт көзге ұнамсыз, моральдық этика нормаларына сай келмейтін, көп жағдайда зор өкінішке ұласатын жағымсыз қылықтар. Айталық, темекі, арақ, есірткіге құмартушылық, өтірік айту, жамандау, өзінің емес өзгелердің қателігін қазбалау, ауызды балағат сөзге үйрету, қызғаныш, қолын сұғанақтықтан тимау, сұраншақтық, ең аяғы түкіріне беру. Жаман әдет жұқпалы. Нашар әдет қайдан жұғады?

Жаман дағдыға берілмеу үшін не істеу керек?

1. Әр адам өзінің осал тұстарын жақсы білу керек. Яғни, мен қателеспеймін деген ойдан барынша аулақ болу керек.
2. Бойыңда бір жаман дағды пайда болса, бүгінненбастап күрес, ертеңге қалдырма.
3. Өзіңе сын көзбен қарауды күшейтіп, рухани ілімін молайтып, жұмыссыз бос отырмау керек.
4. Жаман достардан алыс жүріп, жақсылардан үлгі алып, ұнамды әдеттерге еліктеу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену.
7. Атаң болса анаңмен

Ата - ана әркімнің ең қимас асылы. Дана Абай: «Әке ұрысса балаға ол да достық. Бала ұрысса әкеге жараса ма?»дегенде, перзенттің өзін өмірге әкелуге себепкер болған ата - анасына қарсы келуі, сөз қайтарып тайталасуы орынсыз екенін сынаған.
Бір көзді ана(көркем оқу)

Бес уақыт намазыңды жинамасаң,
Ораза ұстап жаныңды қинамасаң,
Алланың кешірмейтін бір күнәсі
Ата менен анаңды сыйламасаң,- деген Орманбай ақын хадистерде айтылған күнәнің ең үлкені ата - ананы сыйламау еккенін мегзеген..

8. Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың.

Батысқа барып, олардың әрбір минутпен санаса отырып, жұмыстарын реттегеніне таңқалған мұсылман жігітке: Оның несіне таңырқайсың? Бұл біздің сендерден үйренген қасиетіміз емес пе?- депті.
«Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын»- деп Абай атамыз айтпақшы, адамның бос отыруы - шайтан үшін таптырмайтын мүмкіншілік. Ғұлама, дана кісілер уақыттарын үнемдеуді жақсы білген. Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық - деп хадисте ескертілген. Бірақ Ислам ғұламалары осыншалықты көңіл бөлген уақыт мәселесіне біз бүгін самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінде уақыт өлтіретін нәрсе өте көп. Уақыттың бір аңдушысы ұйқы болса, көп сөз көп қыдырудың да еншісінде. Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды - деп түйген халық.

Уақыттың қадірі

Бір жылдың қадірін білем десең, сыныпта орнында қалған оқушыдан сұра.
Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында босанған анадан сұра.
Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын редактордан сұра.
Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан қалып қойған жолаушыдан сұра.
Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының алдын алуға үлгермеген жүргізушіден сұра.
Бір мини секундтың қадірін білем десең, әлемдік жарыста күміс жүлде алған спортсмен жүгірушіден сұра.

Уақыттың бос өткендігінен сақтану керек, бос отыру айтарлықтай зардап әкелуі мүмкін. Уақытыңды ізгі істерге жұмса: білім алуға, ата - ананың алдындағы міндеттерді орындауға, жетім - жесірге көмектес, мамандығыңды жақсы игер, мәнді пайдалы іске ұмтыл.

9. Қонақтарға сөз беру

10 Осы кештен қандай пайдалы ой түйдіңіз?
Түсінгенім........

Түсінгенім.... ешкімді қинап жақсы көргізе алмайсың. Жақсылығыңды аяма, қалғанын өздері біледі.

Түсінгенім.... сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір - ақ сәт.
Түсінгенім.... ең жақын достарың да ренжітуі мүмкін, оларды кешіре білу керек.
Түсінгенім.... кейде біреуді кешіру жеткіліксіз, өзіңді де кешіре білу керек.
Түсінгенім.... екі адам бір нәрсеге қарап екі түрлі нәрсе көруі мүмкін.
Түсінгенім.... жүрегің қанша жылап сыздаса да дүние сен үшін тоқтап қалмайды.

Кері қайту




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Имандылы? – т?рбие негізі

Автор: Чильдибаева Гульнур Танатаровна

Дата: 16.03.2015

Номер свидетельства: 187593


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства