kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарий праздника на тему "?ыздар?а ?семдік жарасады"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Г?л мереке, к?н мереке – 8 наурыз.

Ма?саты: 8 – наурыз Халы?аралы? ?йелдер мерекесін атап ?ту. Ана?а деген мейірімді, с?йіспеншілікті арттыру, ?лкенге ізет, кішіге ?лгі бола білуге ?йрету.О?ушы бойында ізгілік, инабатгылы?,биязылы? сия?ты ?аза? ?ызына т?н жа?сы ?асиеттерді ?алыптастыру?а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Зал мерекеге сай ?сем безендірілген. Шарлар, слайд.

Саба?ты? барысы:

І ?йымдастыру.

М??алім: Кеш жары?, ?ымбатты ?стаз-аналар, арулар! К??ілдері?ізге к?ктем шуа?ындай сезім мен н?р ??йып,та?ы да 8-наурыз халы?аралы? ?йелдер к?ні келді.Осынау к?ркем мерекені? ?ай кезде де орны б?лек.Олай болатыны, аналар?а деген ысты? сезім, ал?ыс пен ??рмет еш?ашан с?нбек емес.Олар-?мірді? г?лі, к??ілді? жыры, ?р отбасыны? алтын ді?гегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен ке? д?ниені? ?зі тек аналармен ажарлы. Б?гінгі арайлап ат?ан н?рлы та?мен бірге ?рбір с?би ж?регі ?зі? деп со?са, б?гінгі мерекелік кешіміз де аналар?а арналады.
Біз ?ана емес, ?адір т?т?ан бабалар.
Аналардан ту?ан небір даналар.
Ана деген тіршілікті? тірегі,
Армысыздар, ?асиетті аналар!
Б?гінгі 2-сыныпты? ?йымдастыруымен ?ткелі отыр?ан «Г?л мереке, к?н мереке – 8 наурыз» ааты ерте?гілігімізге хош келіпсіздер. Ендеше ерте?гілігімізді бастайы?.
Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі ж?ні б?ртеде, к?дені? к?герген жасыл кезінде, жерден ?ар кетіп, жерді? т?рі т?рленіп т?р?ан уа?ытта, к?нні? с?улесі к?ктен ?ыздырып, жер – ананы? денесі бусан?ан ша?та, к??ілді «К?ктем» атты патшалы? болыпты.
Б?л патшалы??а да жадырап «Наурыз» айы келді. Д?ние жа?арды. К?к жетіліп, ?лем ??лпырды.
Осы ??лпыр?ан, к??ілді патшалы?ты еліне сыйлы, а?ылды хан бас?арыпты. Ол ханны? ?айсар да ?айратты 6 ?лы, ай десе аузы, к?н десе к?зі бар 2 ?ызы болыпты.
«К?ктем» патшалы?ы ?андай ?лкен болса, сол з?улім ?имаратты? іші мейірім мен шапа?ат?а толы ?лкен махаббаттан т?рады екен.
Сол патшалы?ты бас?ар?ан хан ?з ?лдары мен ?ыздарыны?  ішінен м?рагерін іздейді. С?йтіп оларды сынама??а бел буды.
Хан: ?лдарым мен ?ыздарым! Мен ?артайдым, сендерге ?ояр ж?мба?ым бар. Соны орында?андары? мені? м?рагерім боласы?дар. Кімні? ?нері мен а?ылы к?ркіне сай болса, сол мені? м?рагерім болып, осы патшалы?ты бас?арады.

Сендерді? б?рі?ді 9 ай аба?ты?а жапса, одан шы??ан со? ауызы?а ?кпе ты?са, ар?анды а?аш?а та?са, сол адам?а не істер еді?дер?
Т???ыш ?л: Мен оны? басын балтамен шабар едім.
Екінші ?л: Мен оны мылты?пен атып тастар едім.
?шінші ?л: Оны? м?рнын б?зар едім.
1-?ызы: Жо?, мына ?шеуіні? жасайтындары а?ыма?ты? ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, ?лгенше ала?аныма салып ба?ар едім. Ол мені жары? д?ние ?келуші адам. Ол – асыл ана. Анамыз бізді 9 ай к?теріп, бізге жары? д?ние сыйлаушы. ?ыр?ынан шы?арып, а?аш бесікке б?леді.  Міне ж?мба?ты? шешуі осы.
Хан: ?й, ?ыздарым! К?ркі?е а?ылы? сай болып ?сіпсі?дер. ?лдарым таба алма?ан ж?мба?ты? шешуін сендер тапты?дар. Ана? екеуімізді? к??іліміз толды. «К?ктем» атты патшалы?ты  енді ?ыздарыма сеніп тапсырамын.
Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ?л - ?ыздарым! Бауырлары?ды ты?да?дар, бірлік пен татулы?ты серік еті?дер! Ана сыйла?анды Алла жарыл?айды, аналары?ды сыйла?дар!

2-?ызы: Бауырларым! ?кемізді? ж?мба?ын шеше алмады?дар, енді бізге «Ана – ?мір шуа?ы» деп жадыра?ан, жайдары бір к?ндері?ді асыл аналарымыз?а арнаса?дар  екен дейміз. ?ане салы?дар ?нерлері?ді орта?а. Ал біз сендерді? ?нерлері?ді ба?алап, тамашалаймыз.
Автор: Сонымен, хан жарлы?ы екі болмайды.  Ханны? ?ыздары  та??а отырып, к??ілді «К?ктем» патшалы?ын бас?арыпты. К??ілді патшалы? адамдар?а н?рын шашыпты.

?н: «Анашым алыста ж?рсем»

Орындайтындар: М?рат Тілек, Сейдолла Сынтас

«?ыздар?а ?семдік жарасады» демекші ?ыз балалар т?рбиесін, ?ыз баланы ?демілікті?, ?дептілікті?, жан – жа?ты с?лулы?ты? жаршысы екенін с?з етпекпіз. Ендігі кезекте бізді? ?лдарымыз «?аза?ты? ?ыздары – ай» деп ?з ойларын жеткізеді.
Бекн?р: Бізді? хал?ымызда ?ыз деген с?зді? ?зі ?демілікті?, жан – жа?ты с?лулы?ты? символы ретінде ?олданылады.
?ыз емес, ?ызды? аты – ?ызыл алтын, 
К?рінер тол?ан айдай ж?зі жар?ын
?лкенні? алдын орап, с?з с?йлемес, 
Хал?ыны? са?тай білген ізгі салтын.
Бекболат:Хал?ымыз ?ыз баланы арда?тап ?стайды, о?ан ?атты с?з айтпай, м?пелеп ?сіреді.

Медет: ?аза? хал?ы  ?ызды ерекше ?астерлеген, т???ыш болып ?мірге келсе, «ырыс» деп ба?ала?ан. « Елді? к?ркі» деп оларды? ж?регін жылылы??а б?леп жандарын жаманшылы?тан алыстап ?сірген.

Тілек: ?ыз баланы т?рбиелеуге хал?ымыз ерте заманнан бері ерекше м?н беріп келеді.?ыз баланы ??рметтеп, оларды? алдында д?рекі с?йлемей ізетті болуды, ер – т?рманы ?шекейленген с?лу жор?аларды ?ыздарына, ?арындастарына мінгізуді, киімні? с?ндісін, алтын б?йымдарды? жа?сысын ?ыздарына тарту етуді д?ст?рге айналдырды. Жиын – тойларда ?ыз баланы ?р уа?ытта сыйлы орын?а отыр?ыз?ан.
Сынтас: ?ыз бала ?шін ?тірік айту, ?рлы? істеу ж?не ?атыгездік ?улы? – с?мды? деген жат ?асиет. Сонды?тан, жас ?ыз баланы « Біреуді? ала жібін аттама», « ?тірік ?рге бастырмайды», «Ешкімге ?иянат жасама» деп адалды??а т?рбиелеген.

Алтынбек: Хал?ымызды? атадан м?ра болып келе жат?ан д?ст?рлі ?асиеті – ?ыз баланы сыйлап, ?астерледі. ?ыз бала отыр?ан орында ?деп, ізет, са?та?ан, ?лкен болсын, кіші болсын о?ыс мінез к?рсетіп, ?рескел, бейбасты? с?зге ?сте барма?ан.
М??алім: ?ыз бала ж?не оны? т?рбиесі ж?ніндегі ма?ал – м?телдер бізді? ?мірімізде елеулі орны бар. Енді сол ма?ал – м?телдерге ??ла? т?рейік

Тілек: «?ыз ?ссе, елді? к?ркі, г?л ?ссе, жерді? к?ркі»

« ?ыз - ?мірді? ?ыз?алда?ы»

« ?ызды асырай алма?ан к?? етеді, ?лды асырай алма?ан ??л етеді.»

Сынтас: « ?ыз ?уырша?, ?л – ??лынша?»

      «?лы? ?ссе, ?лы жа?сымен ауылдас бол, 
       ?ызы? ?ссе, ?ызы жа?сымен ауылдас бол.»

Алтынбек: «?ыз бала?а ?ыры? ?йден тыйым»

                   « ?ызым - ?йде, ?ылы?ы – т?зде»

                   «?ыз ?ылы?ымен ?демі»

Бекн?р: «?арындасын сыйлама?анны? ?ары сынсын.»

         «А?ылды ?ыз білімге ж?гірер,

          А?ылсыз ?ыз с?зге ілігер»

Медет: Бір жа?сы ?ыз,

             Екі жаман ?л?а татиды.

Бекболат:  ?ыз бала – ?ріс

М??алім:

Болар к?нде ала?,

Жанашыр кім са?ан?

Б?рі: анам!

Болса? егер жаман,

Кейитін кім са?ан?

Б?рі: анам

Та? тал?андай ?алам,

Кім е? с?лу адам?

Б?рі: анам!

Ендеше осындай аналарымыз?а арналады жыр-?н.

Сынтас:
Ана десем ал?ыс алам хал?ымнан,
Ана десем те?із болам шал?ы?ан.
Ана десем ашылады ?аба?ым,
Ана десем ?ділдікті ??амын.

Бекболат:
Анам мені? панам ?ой,
Содан ?ор?ан табам ?ой
Асы?па, ана, ерте? – а?
Оты? болып жанам ?ой.
Балдана:
??рметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді ?мірге ?келген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ?ой,
Ойлауменен істейтін ?р ?адамды.
Алтынбек:
Аналар – ау мені? шал?ар к?лдерім,
К?лдерім мен ас?ар – ас?ар белдерім.
Мына ?мірде ?уанышты ж?ргенім,
Сені? ар?а? б?л ?мірге келгенім.
Бекн?р:
Бастадым с?зімді «Ана» деп мен,
Себебі анам ?ой мені адам еткен.
?мірді? бар асылын бойына жи?ан,
Д?ниені? арда?тысы анам екен.
Медет:
Сенен ?скен балалар,
Сенен ?скен даналар.
??тты?таймыз мейраммен,
??рметті асыл аналар.

Дильназ:

Ана деген, ана деген – б?л ?мірді? тірегі,

Аналарды? м?п-м?лдір ?ой, м?п-м?лдір ?ой тілегі,

??лыным деп шырылда?ын, ешбір тынып таппа?ан,

Ауырмасын, ауырмасын аналарды? ж?регі.

Тілек:

?жем мені? жасымнан аяла?ан,

Мен ?шін игілікті аяма?ан.

Саба?тан шаршап ?йге келгенімде,

Бал с?зі – жаным деген сая ма?ан.

Ендеше кезекті тамаша ?нге берейік.

Балдана мен Дильназды? орндауында «Анашым ?артаймашы» ?німен ?абыл алы?ыздар.

?ыздар?а арнал?ан ?лдарды? назы бар со?ан ??ла? т?рейік.

?ыздар !
Алтынбек, Медет:  ?демі болы?дар, ?сем болы?дар, сонымен бірге а?ылды болы?дар !

Тілек, Бекболат: С?лу болы?дар, сымбатты болы?дар, сонымен бірге саналы болы?дар !

Сынтас, Бекн?р: Инабатты болы?дар, ілтипатты болы?дар, сонымен бірге ?йымшыл болы?дар !
Б?рі: ?й?ышыл болма?дар, ?мытша? болма?дар ?рыс?а? болма?дар !

М??алім: ??рметті, балалар! ?азір «?з ана?ды тауып ал!» ойынын ойнаймыз. Залда отыр?ан сегіз баланы? мамасымен орта?а шы?уын с?раймыз.

Шарты: Балалар ішкі ше?бер, мамалары сырт?ы ше?бер жасайды. Музыка ойна?анда балалар аналарына ?арап ж?реді, музыка а?ырында?анда к?здерін ж?мады. Осы кезде аналар орындарын ауыстырып ?лгерулері керек. Ауыса сала музыка ?атты ойнайды. Сол кезде балалар к?здерін ашып, ?з аналарын тез табулары керек.

Келесі ойынымыз «С?з тап?ан?а ?ол?а жо?» деп аталады.

?рт?рлі с?ра?тар жасырылады, аналар «А» ?рпінен басталатын с?збен жауап берулері керек.

  1. Сізді? есімі?із?
  2. Бала?ызды ?алай еркелетесіз?
  3. Сіз ж?мыс жасап отырсыз, ал бала?ыз маза бермей жатыр, не деп ай?айлайсыз?
  4. Жа?сы к?ретін мереке?із?
  5. С?йіп ішетін та?амы?ыз?
  6. ?андай санды ?натасыз?
  7. Жа?сы к?ретін ?ні?із ?андай?

Енді д?л осындай с?ра? екінші анамыз?а ?ойылады. Ол ана Ж ?рпінен басталатын с?збен жауап беруі керек.

Ал, енді аналар сайысы. Екі ана орта?а шы?ып, екі бала ыдыста?ы картопты ?асы?пен стол?а апарады. Сол ?келінген картопты аналарымыз 10 секундта ашып болуы керек. 10 секундта картопты ашып ?лгерген анамыз же?іске жетеді.

Ана –барлы? ?иынды?ты же?етін сар?ылмайтын к?ш,тіршілікті? ?айнар б?ла?ы.?аза? ?йеліні? дастарханы то?,?она?ы ырза,д?ниесі т?гел.Олар ?шін бірінші орында отбасыны? берекесі т?рады.Б?бегін бесікке б?леп,?лдилеп аяла?ан ана ба?ыт ??ша?ында емес пе?!
Бір ?зі?нен бастап ?мір жолдарын,
Ж?регі?е,ж?регімді жал?адым.
?зі? мына сый?а берген ?мірде
А? с?ті?ді а?тап ?ту-арманым.
Барша ана,??тты болсын мереке?із
?р?ашанда ана сізбен берекеміз.
А?таса? а? с?ті?ді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке те?есеміз.
??рметті ?она?тар,бізді? «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді к??іл ?ойып тамашала?андары?ыз?а к?п-к?п рахмет.
Деме?із біз ?нерді аяп ?алды,
Мезгіл де біраз жерге таяп ?алды.
?ош болып т?ры?ыздар к?ріскенше,
Осымен концертіміз ая?талды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценарий праздника на тему "?ыздар?а ?семдік жарасады" »

Тақырыбы: Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз.

Мақсаты: 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.

Сабақтың барысы:

І ұйымдастыру.

Мұғалім: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Бүгінгі 2-сыныптың ұйымдастыруымен өткелі отырған «Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз» ааты ертеңгілігімізге хош келіпсіздер. Ендеше ертеңгілігімізді бастайық.
Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.
Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды.
Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 6 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 2 қызы болыпты.
«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен.
Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдары мен қыздарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.
Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр жұмбағым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.

Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңдер?
Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.
1-қызы: Жоқ, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. Ол – асыл ана. Анамыз бізді 9 ай көтеріп, бізге жарық дүние сыйлаушы. Қырқынан шығарып, ағаш бесікке бөледі. Міне жұмбақтың шешуі осы.
Хан: Әй, қыздарым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсіңдер. Ұлдарым таба алмаған жұмбақтың шешуін сендер таптыңдар. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты енді қыздарыма сеніп тапсырамын.
Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер! Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!

2-қызы: Бауырларым! Әкеміздің жұмбағын шеше алмадыңдар, енді бізге «Ана – өмір шуағы» деп жадыраған, жайдары бір күндеріңді асыл аналарымызға арнасаңдар екен дейміз. Қане салыңдар өнерлеріңді ортаға. Ал біз сендердің өнерлеріңді бағалап, тамашалаймыз.
Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Ханның қыздары таққа отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашыпты.

Ән: «Анашым алыста жүрсем»

Орындайтындар: Мұрат Тілек, Сейдолла Сынтас

«Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан – жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз. Ендігі кезекте біздің ұлдарымыз «Қазақтың қыздары – ай» деп өз ойларын жеткізеді.
Бекнұр: Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын, 
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес, 
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Бекболат:Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.

Медет: Қазақ халқы қызды ерекше қастерлеген, тұңғыш болып өмірге келсе, «ырыс» деп бағалаған. « Елдің көркі» деп олардың жүрегін жылылыққа бөлеп жандарын жаманшылықтан алыстап өсірген.

Тілек: Қыз баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді.Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей ізетті болуды, ер – тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін, алтын бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды. Жиын – тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған.
Сынтас: Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік қулық – сұмдық деген жат қасиет. Сондықтан, жас қыз баланы « Біреудің ала жібін аттама», « Өтірік өрге бастырмайды», «Ешкімге қиянат жасама» деп адалдыққа тәрбиелеген.

Алтынбек: Халқымыздың атадан мұра болып келе жатқан дәстүрлі қасиеті – қыз баланы сыйлап, қастерледі. Қыз бала отырған орында әдеп, ізет, сақтаған, үлкен болсын, кіші болсын оқыс мінез көрсетіп, өрескел, бейбастық сөзге әсте бармаған.
Мұғалім: Қыз бала және оның тәрбиесі жөніндегі мақал – мәтелдер біздің өмірімізде елеулі орны бар. Енді сол мақал – мәтелдерге құлақ түрейік

Тілек: «Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі»

« Қыз - өмірдің қызғалдағы»

« Қызды асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді.»

Сынтас: « Қыз қуыршақ, ұл – құлыншақ»

«Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, 
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.»

Алтынбек: «Қыз балаға қырық үйден тыйым»

« Қызым - үйде , қылығы – түзде»

«Қыз қылығымен әдемі»

Бекнұр: «Қарындасын сыйламағанның қары сынсын.»

«Ақылды қыз білімге жүгірер,

Ақылсыз қыз сөзге ілігер»

Медет: Бір жақсы қыз,

Екі жаман ұлға татиды.

Бекболат: Қыз бала – өріс

Мұғалім:

Болар күнде алаң,

Жанашыр кім саған?

Бәрі: анам!

Болсаң егер жаман,

Кейитін кім саған?

Бәрі: анам

Таң талғандай ғалам,

Кім ең сұлу адам?

Бәрі: анам!

Ендеше осындай аналарымызға арналады жыр-ән.

Сынтас:
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.

Бекболат:
Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Отың болып жанам ғой.
Балдана:
Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
Алтынбек:
Аналар – ау менің шалқар көлдерім,
Көлдерім мен асқар – асқар белдерім.
Мына өмірде қуанышты жүргенім,
Сенің арқаң бұл өмірге келгенім.
Бекнұр:
Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,
Себебі анам ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиған,
Дүниенің ардақтысы анам екен.
Медет:
Сенен өскен балалар,
Сенен өскен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті асыл аналар.

Дильназ:

Ана деген, ана деген – бұл өмірдің тірегі,

Аналардың мөп-мөлдір ғой, мөп-мөлдір ғой тілегі,

Құлыным деп шырылдағын, ешбір тынып таппаған,

Ауырмасын, ауырмасын аналардың жүрегі.

Тілек:

Әжем менің жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

Бал сөзі – жаным деген сая маған.

Ендеше кезекті тамаша әнге берейік.

Балдана мен Дильназдың орндауында «Анашым қартаймашы» әнімен қабыл алыңыздар.



Қыздарға арналған ұлдардың назы бар соған құлақ түрейік.

Қыздар !
Алтынбек, Медет: Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болыңдар !

Тілек, Бекболат: Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар !


Сынтас, Бекнұр: Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, сонымен бірге ұйымшыл болыңдар !
Бәрі: Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар ұрысқақ болмаңдар !



Мұғалім: Құрметті, балалар! Қазір «Өз анаңды тауып ал!» ойынын ойнаймыз. Залда отырған сегіз баланың мамасымен ортаға шығуын сұраймыз.

Шарты: Балалар ішкі шеңбер, мамалары сыртқы шеңбер жасайды. Музыка ойнағанда балалар аналарына қарап жүреді, музыка ақырындағанда көздерін жұмады. Осы кезде аналар орындарын ауыстырып үлгерулері керек. Ауыса сала музыка қатты ойнайды. Сол кезде балалар көздерін ашып, өз аналарын тез табулары керек.

Келесі ойынымыз «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады.

Әртүрлі сұрақтар жасырылады, аналар «А» әрпінен басталатын сөзбен жауап берулері керек.

  1. Сіздің есіміңіз?

  2. Балаңызды қалай еркелетесіз?

  3. Сіз жұмыс жасап отырсыз, ал балаңыз маза бермей жатыр, не деп айқайлайсыз?

  4. Жақсы көретін мерекеңіз?

  5. Сүйіп ішетін тағамыңыз?

  6. Қандай санды ұнатасыз?

  7. Жақсы көретін әніңіз қандай?

Енді дәл осындай сұрақ екінші анамызға қойылады. Ол ана Ж әрпінен басталатын сөзбен жауап беруі керек.



Ал, енді аналар сайысы. Екі ана ортаға шығып, екі бала ыдыстағы картопты қасықпен столға апарады. Сол әкелінген картопты аналарымыз 10 секундта ашып болуы керек. 10 секундта картопты ашып үлгерген анамыз жеңіске жетеді.

Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар ,біздің «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Сценарий праздника на тему "?ыздар?а ?семдік жарасады"

Автор: Шомбалова Н?ржамал Ж?мам?рат?ызы

Дата: 30.03.2015

Номер свидетельства: 193745


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства