kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

огшгггггггггггггггггггггг

шшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшш

шшшшшшшшшшшшшшшшшш

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту»



Жоспар:


1. Баланың және жас өспірімнің балалық кіші мәдениеті және әлеуметтік мәдени әлемі

2. Жастық кезеңдердегі әлеуметтендірудің  міндеттері

3. Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендірудің жағдайы

4. Балаларды әлеуметтендірудің ерекшеліктері

5. Жасөспірімдердің дамуының психологиялық ерекшеліктеріне ғылыми көзқарас

Баланың дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат) табиғат жағдайлары әсер етеді. Сонымен, тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие боланың дамуы мен қалыптасуы мен негізгі обективті факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқымқуалаушылыққа жалпы адамзаттықпен қатар жеке адамға тән қасиеттер жатады. Іс- әрекеттер кез келген түріне деген анотомикалық – физиологиялық бейімділіктер баланың дамуы мен қалыптасуына ерекше орын алады.(мысалы,есту мүшелерінің құрылысы,ойлау қабілетіндегі ерешеліктер,т.б).Олар баланың қабілеттілігі,дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл бейімділіктер өте ерте(сәби кезінде және мектепке дейінгі жасында)кейбір жағдайларда кішірек ал енді бірде,ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.  Биологиялық бейімділіктер мен қасиеттердің дамуы адамның функционалды жетілу мен қалыптасу поцесі арқылы сипатталады,содан кейін оның сүйектері,бұлшық еттері,сонымен қатар,ішкі мүшелері мен жүйкелері дамиды.

Тәрбие- кез-келген қоғамның аса маңызды қызметі, бұл әлеуметтік процесс болып табыла отырып, адамның мінез-құлқы мен қызметіне қоғамдағы барлық институттар, қоршаған орта және осы процесстің субьектісі ретінде жеке тұлғаның өзінің белсенділігі арқылы мақсатты түрде әсер етуі.

Әлеуметтік микроорта бір жағынан, жеке тұлғаның өзін-өзі тарату процесін жеделдететін немесе баяулататын аса маңызды факторлардың бірі, екінші жағынан, осы процестің табысты дамуына қажетті жағдай болып табылады.

Әлеуметтендіру – қоғамдық қатынастар  жүйесіне қосылуды ұсынатын жеке тұлғаның әлеуметтік  тәжірибесін жетілдіру процесі .

Әлеуметтендіру әр түрлі әлеуметтік, әлеуметтік психологиялық, психологиялық-педагогикалық және психологиялық факторлармен шарттасады. Олардың  арасынан қоғамның мақсатты бағытталған күштері мен жеке тұлғаны қалыптастыратын әр түрлі әлеуметтік институттарды ажырата білген жөн.

Әлеуметтік даму мен жеке тұлға ретіндегі адамның жекеше құрылу кезеңі үшін жас ерекшілік спецификасы тән.

Әлеуметтік тәрбие жүйесі үздіксіз, педагогикалық тәрбие процесінің мақсатты ұйымын көрсетеді, бұл орайда жеке тұлға дамуының әлеуметтік ситуациясы мен адамның әр түрлі жастағы кезеңдеріндегі психологиялық ұстанымы (балалық шақтағы, мектепке дейінгі, кіші топ жасындағы мектеп оқушысы, жасөспірім кезіндегі),  әртүрлі микрорта саласындағы (жанұя, балабақша, сынып, мектеп, үй, квартал, клуб, әуесқой бірлестік, биресми топ т.б) ұстанымы ескеріледі.

Әлеуметтік тәрбие үшін ерекше жағдайлар мен мүмкіндіктер балаларды ресми, мемлекеттік тәрбие институтарынан тыс қоршаған ортада жасалған, әсіресе, оларға жақын  жанұялы- тұрмыстық микроортада тұрақты жасалған. Бұл мүмкіндіктер жасалған орталарда қатаң құрылымдар болмайды, онда керісінше, қарым-қатынастардың, араласу жүйелерінің, ата-аналар мен әр түрлі жастағы балалармен қатынастардың еркіндігі қалыптасқан.

Әлеуметтену кезеңдері адамның өмірінің жасына байланысты кезеңдеріне қатысты. А.В. Мудрик ұсынған кезең шартты түрде, бірақ әлеуметтік-педагогикалық көзқараспен алғанда ыңғайлы: нәрестелік-туылғаннан 1 жасқа дейін; ерте балалық (сәбилік) 1-3 жас; мектепке дейінгі 3-6 жас; кіші  оқушылық кезең 6-10 жас; кіші жеткіншектік 10-12 жас; ерте жасөспірімдік 15-17 жас; бозбалалық жастық шақ 23-30 жас; ерте есею 30-40 жас; кемелдену 40-55 жас; қартая бастау 55-65 жас; кәрілік 65-75 жас; ұзақ өмір сүру кезеңі 75 жастан асқан жас.

Әлеуметтендіру балалардың, жасөспірімдердің, жастардың дамуына әсер ететін шарттардың өзара әрекетінің көптеген санына қарай өрбиді. Бұларды факторлар деп атауға болады, факторларға төмендегілерді жатқызуға болады: мегафакторлар- космос, планета, әлем; макрофакторлар –ел, этнос, қоғам, мемлекет; мезофакторлар –аймақ, тұрғындық тип, бұқаралық коммуникация құралдары, субмәдениет; микрофакторлар жанұя, құрдастық топтар, тәрбиелеу ұйымдары, конфессиялар, микросоциум.

Жастық кезеңдердегі әлеуметтендірудің  міндеттері.

Әлеуметтендендіру кезеңдерінде және әрбір жастық кезеңдерде адам шеше алатын міндеттердің үш тобын шартты түрде бөліп көрсетуге болады.

Жаратылыстық-мәдени міндеттер-физикалық және сексуалды дамудың белгілі бір деңгейіне қол жеткізу.

Әрбір жастық кезеңде адамға қажет болатындар: адам өмір сүріп отырған немесе бастан өткізіп отырған мәдениетке тән дене құрылыстық канонды танудың белгілі дәрежесіне қол жеткізу; этикеттің, символиканың (рәміздің) кинестік тілдің (сермеудің, құрылымның, мимиканың, пантомимиканың) элементтерін жетілдіру; физикалық және сексуалдық міндеттерді таратуды дамыту; жыныс пен жасқа тән салауатты өмір салтын жүргізу (гигиена, режим, тамақтану, денсаулықты сақтау мен ағзаны, физикалық өзіндік дамуды сауықтыру, өзінің психофизикалық ахуалын басқару); өмірге қатынасын, жыныстық және жеке бас мүмкіндіктеріне сәйкес өмірдегі стилін қайта құру.

Әлеуметтік мәдени міндеттер- танымдық моральды – адамгершілікті, құнды-мәнді- бұлар әрбір жастық кезең үшін нақты социумдағы белгілі бір кезеңде ерекше болмақ.

Бұл міндеттерді қоғам бүтіндей объектті түрде айқындайды, сондай-ақ адамды жақын қоршаған ортаның этноаймақтық ерекшеліктері анықтайды.

Ерекше әлеуметтік – мәдени міндеттер қоғам өміріндегі процестердің әрбір кезеңінде адамзат алдында тұрады.

Әрбір жастық кезеңде адам алдында олардың жанұялық, өндірістік, экономикалық қызметтерге қатысуына байланысты міндеттер тұрады.

Әлеуметтік-мәдени қатардағы міндеттер екі  қатпарға ие. Бір жағынан, бұл міндеттерді адам баласына қоғам мен мемлекет институттарды вербальды түрде ұсынады. Екінші жағынан, қоғаммен қабылданатын тәжірибелік, ғұрыптық, адамгершілік, психологиялық стереотиптер алдындағы міндеттер. Негізінен бұл екі қатпар бір-бірімен үндеспейді, керісінше кейде қарама-қайшыланады.

Әлеуметтік – психологиялық міндеттер – бұл жеке тұлғаның өзіндік санасының құрылуы, оның өмірде және болашақта өзін-өзі айқындауы, өзін-өзі таратуы мен бекітуі, бұлар әрбір жасқа байланысты кезеңде ерекше мазмұнға және оларды шешу тәсілдеріне ие болады.

Жеке тұлғаның өзіндік санасын оның әрбір жасындағы өзін тануының белгілі ірі жетістігі ретінде және Мен-ге қатысты тұжырымының, өзін-өзі сыйлауы мен қабылдау мөлшерінің жетістігі ретінде қарастыруға болады. Сонымен, жас жеткіншектің алдында өзінің «Мен»-дігінің компоненттерін танып-білу міндеті тұрады, олардың «мен»-і басқа адамдармен байланысты, ал бозбаланың алдында өзінің дүниедегі, әлемдегі алатын орнына, көзқарасына байланысты. «Мен»-ді анықтау міндеті тұрады.

Жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауы, оның өмірдегі әртүрлі салада белгілі бір ұстанымды табуын болжайды. Кіші мектеп жасында бала жаңа әлеуметтік ситуацияны- яғни мектепке бару ситауциясын  табуы қажет.  Ол ересектермен, өз құрдастарымен қатынасты анықтауы қажет. Жеткіншектік жаста өз жынысындағы құрдастарының арасында өз ұстанымын іздеу ерекше орын алады.

Жеке тұлғаның өзін-өзі таратуы өмірдегі қызметтердің әртүрлі саласында өзіне маңызда белсенділікті адамның қанағаттана таратуы болып табылады. Бұл орайда тарату болуы үшін оның белсенділігін басқалар қолдап отыруы тиіс. Өзін-өзі тарату әртүрлі болып келуі мүмкін. Олар әлеуметтік тұрғыдан құнды, пайдалы, қолданбалы, сондай-ақ асоциалды және антисоциалды болады.

Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендірудің жағдайы

Әлеуметтену – индивидтің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән қүндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі. Әлеуметтену бастапқы (балалық шақ, бозбалалық кезең, жастық шақ) және екінші (егде жас) болып бөлінеді. Социология ғылымы «ұрының баласы қашанда ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туылады» деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені адам анасынан бірден мәдениетті болып туылмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процесінде ғана қалыптасады. Әлеуметтену – мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше биологиялық емес әдіспен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеуметтік жолмен жүзеге асады; әрбір индивид, әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан айнымай жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда «индивидтің әлеуметтенуі» деп атайды. Әлеуметтену – тура мәнінде, жарық дүниеге келген адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық – психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттақ, әлеуметтік маңызды қасиетерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы тлғаға айналдыру жолы. Сондықтан әлеуметтену дегеніміз, индивидтің әлеуметтік орамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, осының барысында бір жағынан – адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан – қоғам тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді.

А.В.Мудрик әлеуметтендіруді адамның бүкіл ғұмырында қоғам мәдениетін ұдайы өндіру мен меңгеру үрдісіндегі өз орнын алуы мен дамуы ретінде түсіндіреді.

А.И.Ковалеваның пікірінше, әлеуметтендірілген норма индивидтің қоғамға кірігуінің қалыптасқан әрі реттелген әлеуметтік механизмін көрсетеді, адамның жас мөлшері мен жеке даралық психологиялық мінезін ескерген тұлғалық дамудың бағыт алуы.

Әлеуметтену адамды жеке-дара қайталанбайтын ерекшеліктерден гөрі, типтік, топтық қалыптастыруды мақсат етеді. Типтік – бұл әлеуметтік өзара әрекеттің әралуан түрлерімен біріккен, адамдық тұлғаға қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Тұлғаның типтік мазмұны топта және тұтастай социумда бейімделуді қамтиды, белгілі бір мәдениетке жататын адамдардың өзара әрекет қалыпты өлшемдері мен өзара түсіністіктің кейбір деңгейін жалғастырады.

Әлеуметтендірудің үздіксіз үдеріс екендігі жоғарыда атап көрсетілді, әлеуметтік деңгейі жаңа әлеуметтік тәжірибені адамның меңгеру мөлшеріне қарай өзгеретіндігі айтылды. Сондықтан әлеуметтену сатыларын анықтауда зерттеушілер балалық шақ жылдармен шектелмейді, еңбекке дейінгі, еңбектегі және еңбектен кейінгі әлеуметтенуді сипаттайды.

Баланың әлеуметтену үрдісінің психологиялық мәнін сипаттай отырып, бұл үрдістің мазмұны, бір жағынан, баланың әлеуметтік тәжірибесі, тағы бір қырынан, қоғамның мәдениеті мен психологиясын анықтайтынын атап өту қажет. Тұлғаның қалыптасуын анықтай келе, әлеуметтену екі түрлі жолмен іске асады.

* жеткілікті ұйымдастырылмаған әрі бақылауға алынбаған жан-жақты әлеуметтік ықпал (отбасы, мектеп, аймық ықпалы, БАҚ әсерлері);

* әлеуметтік қалыптасудағы нәтижелері арқылы ғана байқалатын кездейсоқ туындау (өзгермелі қатынастар, көзқарастар, бағалаулар, құндылықтар).

Балаларды әлеуметтендірудің ерекшеліктері

Баланы әлеуметтендіруге бағытталған және баланың нақты жеке проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін іс-әрекет әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет болып табылады. Балалардың әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет дигностикалық жұмыстардың ерекше мәні мен баланың проблемаларына кешенді тұрғыда қараумен, оған педагогикалық қолдау көрсетуге, бала мен ересетер арасындағы ынтымақтастықпен, әлеуметтік ортамен өзара әрекет етумен сипатталады.

Әлеуметтену дегеніміз – үздіксіз жүретін әлеуметтік үрдіс адам туылғаннан бастап, өмірден өткенге дейін жүреді. Қоғамға қалыпты бейімделген, қалыптасқан немес жаңа әлеуметтік нормаларды игерген адам. Қоғамда тұлғалық дамуға жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді. Әлеуметтену алғашқы реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Алғашқы реттік әлеуметтену отбасыда жүреді. Одан кейінгі әлеуметтену балабақша, мектеп әлеуметтік ортада т.б. жалғасын табады. Негізінен әлеуметтену үдерісінің негізгі агенттеріне отбасы, білім, неке сияқты әлеуметтік институттардың әсері мол. Отбасыда алған – тәрбие білім берумекемелерінде алған – білімі және т.б. институттардан алған түрлі оң құндылықтар адамның өмір бойы дұрыс, сапалы өмір сүруінің кепілі болады.

Қоғамның тұрақтылығы балансының негізгі талаптарының бірі – әлеуметтік жүйені құрайтын адамдық әлеуетті қалыптастыру. Адамдық әлеует дегеніміз – тек қана халықтың демографиялық әлеуметтік жағдайы ғана емес, сапалы әлеуметтік каптиталдың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жастардың әлеуетін арттыру және оны елдің дамуы бағытында қолдану – мемлекеттің негізгі міндеті. Ал адамдық әлеует дұрыс әлеуметтену үдерісінен өткен индивидтерде көрініс табады.

Ковалева А.И. әлеуметтену нормасы үш түрлі типін көрсетеді: идиальді, нормативті, шынайы жағдай.

Әлеуметтену нормасының идеальді типі тұлғалық дамуға бағытталған қоғамдық идельдармен анықталады. Бұл – шынайы жағдайдан алыс бірақ соған жақындастырылған тип. Көбіне манфест саяси бағдарламалар т.б. құжаттарда идеологиялық немес тәрбиелеу мақсаттарында идельді тип әлеуметтенуі қолданылады.

Нормативті әлеуметтену индивидтің қандай болу керек, оған сәйкесінше әлеуметтік инститтуар индивидтің қоғамға интеграциялануын қамтамасыз ету шараларын көрсетеді.

Шынайы әлеуметтену – қоғамдағы адамдардың нақты жағдайда әлеуметтенуінің жиынтығы. Шынайы әлеуметтену нормативті типке ұқсас, кейде қарама-қарсы болып та кездесе береді. Әлеуметтенудің бұл түрі түрлі бағытта болуы м үмкін. Ол адамның қоғамдағы орны әлеуметтік мәртебесі құндылығы т.б. сияқты обьективті немес субьективті себептердің әсері болады.

Жасөспірімдердің дамуының психологиялық ерекшеліктеріне ғылыми көзқарас

Адам алғаш дүние eciгiн ашып туғанда, «өздігімнен еш нәрсеге дәрменім жоқ, мені күні-түні бағыңдар, қарандар, сақтаңдар» деп зар қаға жетсе, ал екинши рет жаңғыра түлегенде кісіліктің келбетін шарқ ұра іздеп, «маған үйретпеңдер, артымнан бағып бақыламаңдар, мен бәрін де өзім шешемін, өз бейнетімді өзімкөремін» деуге дейін барып, айналасына зар салуға дайын тұрады. Кез-келген жасөспірімдердің ішкі ойлары осындай тайталас пікірлерге толы болады.

Жасөспірімдер - 11 жас пен 15 жас аралығындағы балалар. Жасөспірімдік шаққа жеткен жастардың көңіл күйлері мен ой-толғаныстарына, үлкен-кішісімен сыйластық қарым-қатынастарына, әcipece құрбы-құрдастарымен байланыстарына, әлеуметтік ортаның жақсы әсер ететіндігін жақсы білген жөн. Осы шақта жасөспірімдердің айналасындағы барлық құбылыстар: көрген кинолары да, оқыған кітаптары да ішкі болмыстарына, ішкі жан дүниелеріне соқпай кете алмайды. Оны әлдеқалай нәзік ceзімдергe түсіріп тебірентеді, алақұйын күйгекелтіріп толғантады. Осындай әсерлерден психологиялық танымдары қалыптаса бастайды. Жасөспірімдердің дұрыс қалыптасып ер жетуіне ең қажетті жағдайдың6ipi - оның салыстырмалы тәрбие алар ортасының маңызы өте зор. Егер де, жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеуә мен сырттай алатын тәлімдері ундесіп жатса, бұдан артық жаксылық та, жарастық та болуы мүмкін емес. Мұндай үндестіктер барлық игілік атаулының бастауы болмақ.

Танымдық, әлеуметтік-психологиялық қажеттілікті мектептен табады. Жасөспірімдер қоршаған ортаның жағымсыз кepi әсерінен аулақ болғысы келеді, заң алдында жауапкершілігі пайда болады да ересектердің ықпалында қалып қояды. Жасөспірім кезеңінде адамда жан қуатының сапалық және құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, caнa-ceзімінің артуы, айналасындағы қарым-қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс-әрекетінің күрделене түcyi,моральдік этикалық түсініктер т.б.) қалыптасады. Бұл кезде жасөспірімдер әсіресе, берілгіштікке салынып, қимыл-қозғалысқа құштар келеді. «Өзім білемге» салыну ер жеттім деп ойлау кейде жаңсақ тepic қылықтарға соқтыруы да ықтимал. Осы кезеңде олардың психикалық

ерекшеліктерімен санасып, тиісті жерінде талап-тілектерін қолдап, түрлі қоғамдық пайдалы істерге (оқу, еңбек, спорт) белсенді түрде қатыстырып отыру керек. Жастардың мектеп қабырғасындағы кезеңдері олардың нағыз кісіліккe ұмтылатын шақтары. Бала балиғат жасына жеткеннен кейін, бейне дүниеге екінші рет келгендей, яғни жаңғырып қайыра келгендей уәж кешеді. Осы кезеңдерде олардың ішкі сезімдері мен жан дүниелері ғана өзгеріске ұшырап қоймайды, сонымен қоса, олардың дене бітімдері де алуан түрлі өзгерістерге ауысады. Кейбіреулерінің денелері өте жылдам сұңғақтаны, тіпті өзіне-өзі ұнамай олпы-солпы сияқтанып та көрінедi. Мұндай үндессіздіктерге риза болмай, іштей уайымдап қапаланумен де күндер кешеді. Сондықтан да, олардың психикасы ұстараның жүзіндей лыпылдап, кейде дұрыс айтылған сөздің өзі шаншудай қадалып, қарама-қайшылығы мол пікірлерге қалай барып қалғандарын, тіпті өздері де аңғармай қалатындықтары жиі ұшырайды. Осының салдарынан ішкі қуаттарын босқа шығындап, мезгілсіз ұйықтап қалатындықтары да жиі болады. өзін-өзі ұстай алмайтын ашуланшақ балалардың қан қысымдары да (140-150/90) жиі көтеріліп кететін сәттері мол. Мұндай құбылыстар ата-ана мен баланың да көңілдеріне кірбің түсіргенімен, жайлы жағдайларға ауысса-ақ болды, қан қысымы қалыпты мөлшеріне келіп іс-түссіз жоғалып кетеді. Көптеген авторлардың пікірінше, жасөспірімдік кезеңде тұлға өзін-өзі іс-әрекет және қарым-қатынас субьектісі ретінде тани отырып, олар өздерінің өмірдегі орнын да таниды. Осыған орай, И.С.Кон былай деп жазады: «жасөспірімдер өзі туралы мен кіммін?» деген сұрақты қоя отырып, ол тек өзінің жеке қасиеттерімен қоғамдағы орнын сипаттап беруді ғана талап етпейді, ол сонымен қатар мен кім бола аламын, менің мүмкіндіктерім мен перспективаларым қандай, осы өмірде мен не істедім және не істеуім керек? Деген сұрақтарға жауап іздейді. Ал бұл сұрақтарға адамның іс-әрекетіне қатыссыз объективті түрде жауап беру мүмкін емес».

Жасөспірімдік шақта баланың ересектермен өзара қарым-қатынасының өзара күрделене түсуіне байланысты, өзін-өзі тану жаңа қасиеттерге ие болады және сапалы өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірімдік кезеңде бұл өзгерістерді С.Л.Рубенштейн былай деп түсіндіреді: «Жасөспірімдік кезеңге қарай өзін-өзі танудың дамуы бірнеше сатылардан өтеді, аңғырт хабарсыздықтан тереңірек өзін-өзі тануға қарай өзгере бастайды». Өзін-өзі танудың сапалық өзгерістері жасөспірімдік кезеңде соншалықты үлкен және мәнді, сондықтан жасөспірімдік шақтың ерекшеліктерін суретей отырып, осы кезеңнің басты өзгерісі ретінде өзін-өзі танудың дамуын есептейді.

Жасөспірімдік шақтағы өзін-өзі танудың қалыптасу мәселесі осы кезеңде мұндай көп факторлы, көп жоспарлы процестің жаңа деңгей мен жаңа сипатқа ие болуына байланысты ерекше маңызды. Ол жасөспірімдердің қабілеттері мен индивидуалдық ерекшеліктеріне ғана емес сонымен қатар олардың бүкіл тіршілік әрекетін жүйелі түрде мақсатқа бағыттап, ұйымдастыруға да байланысты анықталады.

Осы аталған себептердің қатарында әсіресе баланың әлеуметтік-психологиялық қараусыздығы оларға қоршаған ортаның немқұрайлы қатынасы басты орын алады. Нәтижесінде шет қалу, өзінің қажет еместігі, қорғансыздығы туралы сияқты сезімдер туындайды. Сондықтан өскелең ұрпақ тәрбиесіне әрқашан жауапкершілікпен қарау керек.




















Пайдаланылған әдебиеттер




  1. М.Ж.Қозыбақов Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері // Арнайы курстың модульдік бағдарламасы. – Шымкент: Жебе, 2007. -27б.

  2. Мудрик А.В. Социализация и воспитание. – М.: Сентябрь, 1997.- 96 б

  3. Ковалева А.И. Социализация личности : норма и откланение. – М.: Голос, 1996. – 222б.

  4. Битянова М.Р. Социальная психология. –М.:ЭКСМО-пресс, 2001.-576 б.

  5. Андреенкова Н.В. Проблемы социализации личности // Социальное исследования. –Вып.3. – М.: МГУ, 1970. – 17-24 б.

  6. Голованова Н.Ф. Социализация и воспитание ребенка. СПБ.: Речь, 2004. -272 б.

  7. Ковалева А.И. Социализация личности : норма и откланение. – М.: Голос, 1996. – 222б

  8. Психология // Е.Ж.Рысбаев – Алматы. 2013ж.

  9. «Өзін-өзі тану» республикалық ғылыми-әдістемелік журналдары. 2010ж

  10. Леонтьев А.А. Психология общения. – М., 1974 .

  11. Фрейд.З. Введение в психоанализ. Лекции. – М., Наука, 1989. -450б

  12. Никулина О.М., Смортова Л.Н., «Социальная педагогика» курс лекции, -М.: «Высшее образование», 2007ж



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту

Автор: Базарбекова Гулдана Берікханқызы

Дата: 03.11.2016

Номер свидетельства: 355020

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) "М?мкіндігі шектеулі балалармен ж?ргізілетін психологиялы? ж?мыс т?рлері. "
    ["seo_title"] => string(85) "mumkindighi-shiektieuli-balalarmien-zhurghizilietin-psikhologhiialyk-zhu-mys-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "144580"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418748021"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "М?мкіндігі шектеулі балаларды? ерекшеліктері"
    ["seo_title"] => string(53) "mumkindighi-shiektieuli-balalardyn-ieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "292482"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455283063"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(151) "Мектепте м?мкіндігі шектеулі балалар?а инклюзивті білім беруде дефектологты? ролі"
    ["seo_title"] => string(95) "miektieptie-mumkindighi-shiektieuli-balalarg-a-inkliuzivti-bilim-bierudie-diefiektologhtyn-roli"
    ["file_id"] => string(6) "333507"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1465399667"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(151) "Мектепте м?мкіндігі шектеулі балалар?а инклюзивті білім беруде дефектологты? ролі"
    ["seo_title"] => string(87) "miektieptiemumkindighishiektieulibalalargainkliuzivtibilimbierudiediefiektologhtynroli1"
    ["file_id"] => string(6) "333606"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1465438898"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(192) "Интегративті балаба?ша: мектепке дейінгі білім беру ?йымдарында м?мкіндігі шектеулі балалар?а к?мек беру "
    ["seo_title"] => string(121) "intieghrativti-balabak-sha-miektiepkie-dieiinghi-bilim-bieru-u-iymdarynda-mumkindighi-shiektieuli-balalarg-a-komiek-bieru"
    ["file_id"] => string(6) "206198"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430129061"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства