мультфильмдер еліне саяхат жасай отырып,Жаңа жыл мерекесінің мән-маңызын кеңінен түсіндіру,оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту,әсемдікке тәрбиелеу.
Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Cабақтың тақырыбы: "Жаңа жыл"»
«Бекітемін»
Мектеп директоры: С.Имуханбетова
Тақырыбы:"Мультфильмдер еліне саяхат"
жаңа жылдық бағдарлама
Мақсаты:мультфильмдер еліне саяхат жасай отырып,Жаңа жыл мерекесінің мән-маңызын кеңінен түсіндіру,оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту,әсемдікке тәрбиелеу.
Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.
Безендірілуі:Жаңа жылдық шырша. Қабырғаларда мультфильмдерден үзінді кадрлар бейнеленген суреттер. Әр кадрдың қасында кейіпкерлер қатып қалған күйінде тұрады.
Техникалық жабдықтар:ноутбук,музыкалық орталық,микрофондар
-Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл- күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші- Изгутиева Сауле
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
/Ортаға шығыс биімен 1-А сынып қыздар тобы/
1-жүргізуші- Раева Тұрсынхан
-Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы,мектептің директоры Салтанат Жалқынқызына береміз.
2- жүргізуші- Изгутиева Сауле
- Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы ауылдық округінің әкімі Бектемиров Бақытжан Әбутәліпұлына беріледі.
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
1-жүргізуші- Раева Тұрсынхан
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде Ақшақар келеді./
Ақшақар шыршаны безендіріп жатады. /Қолында сиқырлы таяғы болады. Сол таяғын шыршаға тигізген кезде шамдар жанып шыршаға көрік береді. Осының бәрін сырттай Мыстан кемпір карап тұрады/. Мыстан кемпір Ақшақардың сиқырлы таяғына қызығып, өз айласын асырып, таяғын ұрлап алып кетеді. Осы кезде Ақшақар сиқырлы қасиетінен айрылып, күші жойылып, шыршаның түбіне әлсіреп, отырып қалады. Қолына сиқырлы таяқ тиген Мыстан кемпір әндетіп келе жатады. (Қап, бәлем қоян!) музыкасы жүреді. Алдынан Қоянды қуып келе жатырған Қасқыр кездеседі. Қасқыр Мыстан кемпірден жөн сұрайды.
Қасқыр-Назгүл: Тым көңілді көрінесіз. Себебі бар шығар?
Мыстан кемпір-Алия: Әрине, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі.
Қасқыр біраз ойланып тұрады да, Қоянды қасына шақырады. Қоян Мыстан кемпірдің артына тығылады.
Қоян-Айгүл: Қасқыр ағай, маған тиіспейсіз бе? Мен сізден қорқамын. Алдап мені жеп қоймайсыз ба?
(Қоян қорқа-қорқа қасқырдың қасына барады. Қасқыр мен Қоян ақылдасады).
Қасқыр-Назгүл: Мыстан, сен неге олай жасадың? Біз бұл Жаңа жылды асыға күтіп жүр едік. Сен бәрінің берекетін кетірдің ғой. Үшеуміз бір шешімге келейік. Біз саған жұмбақ жасырамыз. Сен осы жұмбақтың шешуін тапсаң сиқырлы таяқ өзіңде қалады, ал шеше алмасаң сиқырлы таяқты бізге бересің.
Мыстан кемпір-Алия: Жақсы, келістік. Өз сөздеріңнен айнып кетіп жүрмеңдер.
Қасқыр мен Қоян жұмбақ жасырады.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына,
Бip-ақ рет келіп кетеді.
Қызы мен ұлына,
Сыйлық алып келеді.
/Аяз Ата/
Суды елекпен қалай тасуға болады? Жауабы: мұз қылып қатырып
Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? Жауабы: Жол полициясы
Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? Жауабы: Сіріңке
Патша кімнің алдында тәжісін шешеді? Жауабы: Шаштараздың
Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? Жауабы: мен
Жеген сайын жылататын нәрсе? Жауабы: Таяқ
Теңіздің суы неліктен тұзды? Жауабы: Балықтар иістеніп кетпеуі үшін
Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? Жауабы: Ұзынағашта
Мыстан кемпір оқушыларды қорқытып, үркітіп жүріп, жұмбақтың шешімін тауып алады. Өздерінің жеңілгенін білген Қасқыр Қоянға ашуланып, өкпесі қара қазандай болып, уәдесінен айнып, Қоянды қуа жөнеледі. Қоян одан әрмен қашады.
Мыстан кемпір әндетіп, жолға шығады. Жолшыбай тамаша көңілді би билеп жүрген Арыстан мен Тасбақаға жолығады.
Үнемі ашулы, айбат шегіп, қаһарынан қан тамып жүретін Арыстанның көңілді-күйін көріп, Мыстан кемпір-Алия: Алақай, мен бәріңді қатырдым. Қоян мен Қасқыр да менен айласын асыра алмады. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, - деп қарқылдап күледі.
Арыстан мен Тасбақаның сөзі:
Тасбақа-Ләззат: Әже, осындай әурешілікті қайтесіз. Арыстан ағам сияқты жаман қасиеттеріңнен арылып, Ақшақардың таяғын қайтарғаның дұрыс болар.
Мыстан кемпір-Алия: Жоқ. Бұл не дегенің. Жыл сайын Жаңа жылды менсіз өздерің өткізесіңдер. Мені жаман кемпір деп менсінбейсіңдер. Енді қалай болар екен, бәлем!
Тасбақа-Ләззат: Біздің сізге қояр бір шартымыз бар.
Мыстан кемпір-Алия: Шарт дейсіңдер ме?! /қарқылдап күледі/ Жолда Қасқыр мен Қоянда Ақшақарға көмектеспекші болып, жұмбақ жасырып еді. Енді сендер не істемексіңдер?
Тасбақа мен Арыстан жарыса сөйлеп: Би билеп жарысайық, жеңсең, Жаңа жылдан үмітімізді үземіз. Біз жеңсек, сиқырлы таяқшаны иесіне қайтарасың.
Мыстан кемпірдің биі
/Мыстан кемпір балаларды қорқытып, әлімжеттік жасап өзін жақтауды талап етеді/.
Арыстан мен Тасбақаның биі: мектеп оқушыларымен «Балапандар» биін бірге билейді.
Мыстан кемпір әр баланың қасына барып, қорқытып өзін жақтауды талап етеді. Алайда қорыққан балалар Мыстан кемпірді жақтап шығады.
Әділ шешімін ала алмаған Арыстан мен Тасбақа ұнжырғалары түсіп, өз жөндеріне кетеді.
Мыстан кемпір өз жеңісіне қуанып келе жатып, Аю мен тентек Машаға кездеседі.
Мыстан кемпір жолында кездескендердің бәрін алдап келе жатқанын, өзінің істеген істерін мақтан етіп, ән айтып келе жатады.
Мыстан кемпір-Алия: Алақай, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, - деп қарқылдап күледі.
Өз анасындай қамқор болып жүрген аю Мыстан кемпірден тентек Машаны
қорғамақ болып, бауырына жасырады.
Аю-Абылай: Кешіріңіз, сонда асыға күткен бәріміздің Жаңа жылымыздың болу болмауы сіздің қолыңыздағы сиқырлы таяқта болып тұр ма?
Мыстан кемпір-Алия: Әрине. Шыршаларыңа жан бітіретін, жаңа жылға сән беретін Ақша қардың сиқырлы таяғы менің қолымда тұрған жоқ па?
Аю-Абылай: Енді түсіндім мән-жайды. Олай болса Маша қызым екеуміздің саған қояр талабымыз бар. Бізбен бірге ойын ойнайсыз. Ойында жеңіске жетсеңіз, онда сиқырлы таяқ сізде қалады. Ал ұтылып қалсаңыз сиқырлы таяқты Ақшақарға қайтарасыз.
Ойын: «Шырша ойыны» Мен қандай сұрақ қойсам да, сіздер «шырша» деп жауап бересіздер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және сөзіме күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар өз айыбын өтеу үшін өлең немесе тақпақ айтады, би билейді. Сонымен сұраққа көшеміз.
1. Атың кім?
2. Нешедесің?
3. Сынып жетекшің бар ма?
4. Қасыңдағы мұғалімің кім?
5. Қай мектепте оқисың?
6. Жаңа жыл мерекесі ұнай ма?
7. Досың кім?
8. Сабақта үлгерімің қандай?
9. Тұратын ауылыңның аты қандай?
10. Аяғыңа не киесің?
Ойын : Ата-аналарға арналған ойын.
1. Сізге салфеткадан қиыршық қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз.
2. Балаларға жылы сөздер арнау.
Бұл ойында да жеңіске жеткен Мыстан кемпір әндетіп келе жатып, ауылға аты белгілі болған атақты Алдар Көсе ауылына табан тірейді.
Қора-қора қойы, өрісі толы малы, матау-матау түйесі бар ауылдың атақты байы ерігіп кемпірімен дауласып отыр екен. Екеуінің дауын естіген Мыстан кемпір мен Алдар Көсе екеуінің әңгімелеріне араласады.
Мыстан кемпір-Алия: Екеуіңнің дауларыңды шешетін менің сиқырлы таяғым бар.
Алдар Көсе-Жұмабай: Елдің бәрін шулатып жүрген сенсің бе?
Мыстан кемпір-Алия:Сен Алдармын деп мақтанасың. Жолымда кездескендердің бірде-біреуі менен айласын асыра алмады. Керім болсаң, мына менің қолымдағы құдіретті күшті сиқырлы таяқты алып көр.
Ақшақарды алдаған Мыстан кемпірден айласын асырып, қайырымды халықтың қамын ойлайтын Алдар Көсе таяқты қолға түсірудің амалын жасайды.
Алдар Көсе-Жұмабай: Әлемді аузына қаратып, ел-жұрттың бәрін алдап, тыныштығын бұзып келе жатқан ең сұлу, ең ақылды жан сіз сияқтысыз, - деп мақтауын жеткізіп, Мыстанның қалтасындағы таяқты байқатпай суырып алады.
Мақтау сөз естіген Мыстан кемпір Алдардың қармағына түскенін байқамай қалады.
Алдар Көсе-Жұмабай: Кел, ендеше екеуміз бәстесейік. Мына көп таяқтардың ішінен өз таяғыңды тауып алсаң, менің Алдар деген атым құрысын, - деп миығынан күледі. Ал таба алмасаң, сенен зардап шеккендер мен Ақшақардан кешірім сұрайсың.
Мыстан кемпір әр таяқты бір ұстап, қанша іздесе де, өз таяғын таба алмай Алдар Көседен ұтылып, кешірім сұрауға бел буады.
Ал Алдар Көсе Бай мен Кемпірді татуластырып, барлығы қосылып шыршаның жанына келеді.
Мұңайып отырған Ақшақарды көріп, Мыстан кемпір кешірім сұрап, Алдар Көсе сиқырлы таяқты Ақшақарға береді. Осы кезде сағаттың дауысы естіледі. Есіктен Ескі жыл мен Жаңа жылды қасына ерткен Аяз ата келеді. Көрермен ән айтып, Аяз атаны қарсы алады. Атасын көптен күткен Ақшақар қуанып ән айтып береді.
Көздері жұмулы ойынға қатысушылар жіпке ілінген сыйлықтарды қайшымен қиып алулары керек.
1-жүргізуші- Раева Тұрсынхан
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Қой” жылы келді . Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Аяз ата-Айнаш:
- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, қой, келсін...
/қой жылы шығады./
Қой жылы-Альбина: Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата-Айнаш:
Иә, Қой, қайда тарттың?
Қой жылы-Альбина:
- Тарих қайнауына. Осы жерде мешін бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде мешін жылы келеді./
Жаңа жыл-Айнұр:
- Ассалаумағалейкум, ағайын! Ассалаумағалейкум Аяз ата! Ассалаумағалейкум, қой аға! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата-Айнаш:
- Бар бол балам.
Қой жылы-Альбина:
Уағалейкумассалам, сен бала мешінбісің?
Жаңа жыл-Айнұр:
- Дәл өзімін.
Қой жылы-Альбина:
- Айналайын , мешінжан! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың.
Мектеп жетістіктері айтылады.
Қой жылы-Альбина : Менің жылымда жеткен жетістіктердің санына жету мүмкін емес сияқты. Шәкірттеріміз биылғы жыл түрлі байқаулардын, аудандық,облыстық байқауладың жеңімпаздары атанды. Мектебіміз жас мамандармен толықты. Ұстаздарымыз Республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінен жарық көрді, т.б. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл-Айнұр:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сай болуға ант етемін.
Қой жылы-Альбина:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт, береке сыйласын!
1-жүргізуші- Раева Тұрсынхан
Қош, өткен жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Аяз ата-Айнаш:
-Амансыздар ма, Тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары, аяулы аналар, ардақты ұл-қыздарым, бүлдіршін балаларым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Жыл сайын сендердің жарқын жүздеріңді көріп, мен жасарып, бақыттан бал-бұл жанып тұрмын. Бір жыл бұрын Қойға үлкен үміт артып, сеніммен сендердің алдарыңа келген едім. Шүкір, Қой немеремнің бағындырған белесі, шыққан шыңы, алған асуы аз емес. Қойға ризамын. Елімізде соғыс болмай, тыныштық болды. Осының өзіне тәуба дейміз. Енді қасыма ілестіріп, Мешінді әкеліп тұрмын. Бұл баламнан да үлкен үміт күтемін.
Аяз атаға балалар өнерлерін көрсетеді. (Өлең, тақпақ, билерін орындайды)
Үрленген шарларды боксер қолғабымен бір ұрғаннан жару қажет.
Аяз ата-Айнаш: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де, өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді).
Балалар: Сау болыңыздар!
1-жүргізуші-Раева Тұрсынхан:
- Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!
2-жүргізуші-Изгутиева Сауле: -Жаңа жыл- Мешін жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.