Білім саласында?ы онды жа?алы?тар м??алімдермен бірге студенттерге де к?п шы?армашылы? талапшылды?ты міндеттейді. Соны? біоі студенттерді? ?з бетімен ізденісін жетілдіру жолдары болып табылады. Ал?ан теориялы? білімдерін практикамен ?штастыра отырып н?тижеге жету студент пен м??алімні? арасында?ы бірізділік пен бірлескен о?ыту нітижелеріні? жемісі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Білім сапасын арттыру жолдары ізденіске жетелейді »
Мамебетова Алмагул Ермұратқызы
Ақтөбе қаласы
ЖКжТЖ колледжі
Білім сапасын арттыру жолдары ізденіске.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған жолдауында “XXІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық” дей келе, кадрлар қорын жасақтай отырып, білім сапасын арттыру қажеттілігін айтты.Сонымен қатар бұл мәселенің мектептен басталатының айқын көрсетті.
Қазақстан Республикасының қазіргі білім беруді жүйесін дамыту тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу болып табылады.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.
Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр. Өйткені, ұстаз - болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ бойына білімді, әдепті, дүниетанымдылықты, өмірге деген өмірлік мақсатын қалыптастырушы басты тұлға.
Білім берудің әрбір сатысы жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан да баланың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, дамып жатқан оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану ең маңызды іс болып отыр.
Білім берудің ең төменгі сатысы – интеллектінің даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі, бірақ бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, затты қабылдауы нашар болып келгенмен, білуге құштар, барлығын көзбен көруді ұнатады. Сондықтан да оқу ойын түрінде, модульдік оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиялары ретінде қолданылып отырады.
Қазіргі заман талаптарына сай мұғалімдердің алдына да жаңа мақсат-міндеттер қойылып отыр. Яғни, мұғалімнің кәсіби білімі мен біліктілігі жоғары деңгейде болып, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту проблемаларын шешуге бағытталған шығармашылық қабілеттері болуға тиісті.
“Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зияның тигізеді. Сондықтан әсіресе, бастауыш сыныптарды оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек’ – дейді К.Д. Ушинский.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін пайдалану ерекше. К.Д.Ушинский тағы бір сөзінде “Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білу, белсенділігін оята білу – мұғалімнің көрсеткіші” – дейді. Сондықтан да кез келген сабақ барысында ойын элементтерін қолдану арқылы балалар үйренеді, білім алады және жеке тұлғаның мүмкіндіктерін тәрбиелеуге, ерекшелеуге көмектеседі.
Ойын арқылы:
Бірлесе оқу, жеке ерекшеліктерді мойындау;
Басқаның үлесін бақылау;
Барлық жеңімпаз;
Басқалар алдындағы жауапкершілік;
Қалыптан тыс ойлар;
Шешім қабылдау дағдысы;
Көзқарастарды бөлісу дағдысы;
Түсіну мен практика арқылы есте сақтауды жетілдіру;
Ұжымның құрылуы, сезімдердің дамуы;
Өзінің бағасын көтеру;
Өзін өзі, басқаларды сыйлауы сияқты әрекеттер жүзеге асады.
Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен қажет материалдарды алдын-ала дайындаймын.
Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіремін.
Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуге тырысамын.
Ойынның жүру барысында баланың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың дұрыс шешім қабылдай білуіне, ойлануына, өз ойын еркін ортаға салуына, дәлелдер келтіре сөйлеуіне қолайлы жағдайлар жасап отырамын.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың ісерлілік танымдылығын күшейтеді, оқушының сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Өз сабақтарымда ойын түрлерін жиі пайдалану барысында жетістіктерге жетіп отырдым.
Ойын технологиясымен бірге басқа да жаңа технологияларды, яғни даралап оқыту, дамыта оқыту, деңгейлік тапсырмалар, эссе жазу, триз технологияларын қолдана білу де мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Аталған технологиялар бірін бірі жоққа шығармайды. Өзара ұқсастықтары, ортақ әрекеттері бар. Ортақ мақсатқа қол жеткізу де бірін бірі толықтырып отырады. Мысалы,ТРИЗ технологиясына тоқталатын болсам, бұл технологияның мақсаты: Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлауға үйрету.Бұл технологияның негізін қалаған Генрих Саулович Альтшуллер . Егер инженер ТРИЗ-ді меңгерсе, техникалық системаны тиімді жетілдіре алады. Бизнесмен ТРИЗ-ді меңгерсе, өз конкурентін басып озып, қолындағы бар затын тиімді пайдаланып, кірісін көбейтеді. Осы техниканы пайдаланған мұғалімінң оқушысы қызығушылықпен, қиындықсыз еңбек етеді. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу сол арқылы жетітіктерге қол жеткізу деп түсіну керек. Шығармашылық қабілеттер – шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады.Ал шығармашылық ойлау деп – ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады. Осы технологиямен жұмыс жасау барысында тез ойлап,жылдам шешім қабылдауға шорқақ балалар жыл аяғында шапшаң жауап беруге үйреніп, тапқыр, қызықты шешімдер құруда жетістіктерге жете бастайды.Бұл технологияның айырмашылығы – оны кез келген сабақта, сабақтан тыс уақытта қолдана беруге болады. Бастауышта оқытылатын кез келегн пәннің мазмұнына сәйкес шығармашылыққа, интеллектіні дамытуға берілетін тапсырмаларды тиімді қолдану, қандай тапсырманы сабақтың қай сәтінде еңгізу керектігін мұғалімнің өзі шешеді.
І. Лезде шешуге берілетін тапсырмалар үлгілері:
1. 100 кесек сабыннан не жасауға, қалай пайдалануға болады?
2. “Достық” тортын жаса, ол 8 конпонеттен тұрсын.
3. Көшедегі бір үйді қара да, оның интерьерін суретте (бөлмелері нешеу, жиһазы т.б.)
4.Құрамында саны бар сөздерді ата (Екібастұз, Бесбай т.б.)
“Ол не?” (Сипаттама беруге үйрету) оқушы өз қолындағы затына ауызша сипаттама береді. Мысалы: Менің затым дөңгелек. Ол секіреді, резеңкеден жасалған. Үлкені, кішісі болады. Оны балалар жақсы көреді
Дүниетану “Құстар” тақырыбын өткенде: тұмсығым үшкір, құйрығым ұзын, түсім қара, қоқыс төгілген жерден тамағымды тауып жеймін, кейде жұмыртқа ұрлап та жеймін, өзім қыстап қаламын , мен қай құспын?
ІІІ. Қиялдауға, фантазиялауға берілген тапсырмалар
Ішінде желімі біткен ыдысты тастай салмай тағы қалай пайдалануға болады?
Кілтті құлыпты ашудан басқа тағы қандай мақсатта пайдалануға болады?
Енді 10 жылдан кейін тақта қандай болады деп ойлайсың?
ІV. Қарама – қарсылықты шешу:
Бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың “пайдалы ” жағын көруге тырысу. Мысалы: “төбелес”
Жақсы жақтары:
Өзімді қорғадым;
Әлсіз досымды қорғадым;
Күшті екендігімді дәлелдедім;
Шындық үшін күрестім;
Жаман жақтары:
Киімді жырттым;
Бетім көгерді;
Ата-анам ұрысты;
Жыладым
Досыммен араздастым.
V. Ой шабуылы (дүниетануда)
1. Жаңбыр, қар, кемпірқосақ – бұлар шын табиғи құбылыстар. Енді фантастикалық табиғи құбылыс ойла.
2. Үлкендерге арналған бақты қалай елестетесіңдер?
3. Еңбекке баулу: киімді жіпсіз, желімсіз қалай құрастырар едің?
4. Дүниетану:
а) әріптерді емін-еркін пайдаланып сөздер құра
ә) қай құстың тұмсығы?
5. Ана тілі: буыннан сөз құра. “Қоян қай сәбізді жей алады?” бұл сияқты ойын тапсырмалар оқушыларды еркін қиялдауға шығармашылықпен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал етеді.
Жоғарыда аталғандай жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды өз сабақтарымда падалану барысында жақсы жетістіктерге қол жеткізіп келемін.Сондай сәтті сабақтарымның бірі “Қызғалдақ пен қарасора” (Әдебиеттік оқу – 2класс).
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың көрнекті балалар жазушысы С.Сарғасқаевтың өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру, негізгі ойды табу;
Дамытушылық: Дамыта оқуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін. Өзіндік талдау, іскерлік дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Мысал арқылы жат қылықтарды сынап, мейірімділікке баулу, адамгершілік қасиеттерді дәріптеуге үйрету.
Сабақтың көрнектілігі: С.Сарғасқаевтың портреті, үлестірмелі парақшалар, сабаққа қатысты сызбалар, диаграмма.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысына ойлау технологиясы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
А) Амандасу, оқушыларды, сабаққа қажет құралдарды түгендеу.
ә) Психологиялық дайындық
- Бүгінгі сабағымызды бір бірімізге тілек айтудан бастайық.
2. Үй тапсырмасын пысықтау
1. – топ. Сурет бойынша мазмұндау.
2 – топ. Өлеңді рөлге бөліп оқу.
3 – топ. Түлкіге мінездеме беру.
Сергіту сәті:
Жаңа тақырып. Ой қозғау.
Мәтінімен таныстырмас бұрын оқушылардың жалпы өсімдік туралы ойларын біліп, ана тілі сабағын дүниетанумен сабақтастыру.
А) Табиғат деген үлкен ұғымды қалай түсінесіңдер?
Өлі табиғат пен тірі табиғаттың айырмашылығы неде?
Олардың арасында қандай байланыс бар?
Өсімдік қандай табиғатқа жатады?
Табиғат
Өлі
Тірі
Тау, тас, топырақ, су
Адам, жануар, өсімдік
О
С.Сарғасқаев
лай болса, 29.04.1925 ж.
Балалар жазушысы “Көңілді балалар”,
“Тәмпіш қара”
Көркем туындылары 1949 жылдан
Бұрынға Жамбыл облысы бастап жарияланған
Шарбақты ауылында дүниеге келген.
Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту мақсатында Қарасора мен Қызғалдақтың өсімдік екенін дәлелдеген соң қосымша деректер беріледі. Қарасора – алабота тұқымдасына жататын арам шөп. Ол – сор, өзен жағалауы, жол жиегі мен егіс алқабында өседі.
Ал қызғалдақтың Қазақстанда 57 түрі бар. Шаруашылық пен медицина үшін маңызы зор. Қызыл кітапқа тіркеліп, ерекше қорғауға алынған.
1-топ. Мәтіннен Қарасораның Қызғалдаққа мақтана айтқан сөздерін тауып оқы.
2-топ. Қызғалдақтың Қарасораға берген жауабын тауып оқы.
3- топ. Әркімді келемеждеп, мұқатпа тыйым сөздерінің мағынасын ашып бер.
4-топ. Қарасора мен Қызғалдаққа мінездеме бер.
Қарасора – Мен осы мысалдағы Қарасораның өр кеуде, күншілдігіне қатты ренжідім. Ол ешкімгежақсылық жасамайды. Өз басының амандығын ойлайды екен. Әркімді бір келемеждеп, мұқату арқылы ол өзін мықты сезінеді. Оның ақылы аз. Қарасораның бақытсыздығына менің жаным ашиды.
Қызғалдақ – ақкөңіл, мейірімді. Ол барлық адамдарға қуаныш әкеледі. Әркімді шатыққа бөлейді.Оны біз әке-шешемізге, ұстазымызға, достарымызға сыйлаймыз. Сондай – ақ ол ақылды. Мен оның орынсыз ашу шақырмай, сабыр сақтай алатындығына таң қалдым.
Мәтінді рөлге бөліп оқу, мазмұндау, мақал-мәтел дайындау. Мәтінге байланысты сурет салу.
Ұстаз – үйрену барысында ғана ұстаз, ал үйрену тоқтаған күні ұзтаздық та тоқтайды – дегендей, үнемі шеберлікті шыңдау жолында жаңа әдіс-тәсілдерді үйренуге және оларды сәтті қолдана білуге ұмтыламыз. Ұстаздың биігі ойлана қарасаң – биіктей береді, үніле қарасаң – тереңдей түседі, қол созсақ – қарсы алдында, айналсаң – артында тұрғандай, - деп Сократ айтқандай, тынымсыз еңбек етіп, жаңа және озық атулыны бойына сіңіріп, кімнің болсын көздеген мақсатына жетуіне жол , рухани көмек көрсетіп, қашан да жақсылықтың жаршысы болып жүруге тырысып, еңбегімізді шыңдай берейік, қадірлі ұстаздар қауымы!