Сабақтың тақырыбы: «Бағдаршам» Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға үйрете отырып жауапкершілік сезімдерін дамыту.Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ - жауап. Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
-Қабылдағышты ки.
-Сен қалай естисің?
ІІ.Тіл жаттығулары.
-Бүгін аптаның қай күні?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
ІІІ. Психологиялық сәт. Қуан шаттан, Қуан шаттан, Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, Қайырлы күн, Күліп шықты, күн бүгін. ІV. Жаңа сабақ.
Тәрбиеші: жұмбақ жасыру Жасыл көзі «жүр» дейді. Қызыл көзі «тұр» дейді Сары көзі «дайын бол» дейді. Бұл не? оқушылар - «бағдаршам». Тәрбиеші - дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін айналамен таныстыру сабағында «Бағдаршам» атты тақырыпты өтеміз, яғни жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз.(балалардың назарын суретке аудару)
Тәрбиеші:- суретте не көріп тұрсыңдар? Оқушылар - үш түсті дөңгелек бар. Тәрбиеші - үш түсті кім атап береді? - Қызыл түс. - Сары түс. - Жасыл түс. Тәрбиеші - өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар.(жол қиылысында тұрған бағдаршам бейнеленген суреттерді ілу ) Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді.- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды. V. Сергіту сәті. Қызыл көзі жанғанда, Сынық сүйем бас па алға, Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға, Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқан ба? VІ. Жаңа сабақты бекіту. - Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын ойнаймыз. - Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту. - Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді. VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау. - Балалар бүгінгі сабағымызда не туралы өттік? - Бағдаршам туралы. - Бағдаршамның неше көзі бар? - Үш көзі бар. - Қандай? - Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер? - Ақ жолақтар. Жол тәртібін білейік. Аман - есен жүрейік. VІІІ. МАДАҚТАУ: - Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін. Сабағымыз аяқталды.
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар