kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аяласа?, таби?атты аяла

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Таби?атты ?ор?ау, са?тау ?ажеттігі туралы ой, ынта ту?ызу. Ту?ан жер таби?атына деген с?йіспеншілігін арттыру. Таби?атта?ы с?лулы?ты к?ре білу, эмоциялы? ?сер ала білуге, ?з ортасында сымбатты да шыны??ан т?л?а болу?а баулу, экологиялы? м?дениетті ?алыптастыру.
Т?рбие са?атыны? ??рылымы:

І. ?йымдастыру
ІІ. Т?рбие са?атыны? та?ырыбын айтып, ма?сатын хабарлау;
ІІІ.Таби?ат дегеніміз не?(саяхат-шолу)
 

Шатты? ше?бері: 1 слайд

Балалар кезекпен ?здеріні? Жер  ана?а деген ізгі тілектерін білдіреді.

Тілек  :

Ш?ліркемей г?л т?рсын! (сол ?олын жайып к?тереді)

Жерім жайнап ??лпырсын! (о? ?олын жайып к?тереді)

Н?рын сыйлап біздерге (екі ?олын жо?ары  к?теріп 2 рет шапала? со?ады)

К?кте м??гі г?л т?рсын! (сол  ?олын ал?а т?сіреді)

Н?р сыйла?ан к?н ысты? (о?  ?олын ал?а т?сіреді)

Ысты? бізге ке? ?лке (о? жа??а ?арайды)

Ысты? бізге тынышты?! (сол жа??а ?арайды)

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аяласа?, таби?атты аяла »


Тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла
Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тәрбие сағатының құрылымы:

І. Ұйымдастыру
ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
ІІІ.Табиғат дегеніміз не?(саяхат-шолу)

Шаттық шеңбері: 1 слайд

Балалар кезекпен өздерінің Жер анаға деген ізгі тілектерін білдіреді.

Тілек :

Шөліркемей гүл тұрсын! (сол қолын жайып көтереді)

Жерім жайнап құлпырсын! (оң қолын жайып көтереді)

Нұрын сыйлап біздерге (екі қолын жоғары көтеріп 2 рет шапалақ соғады)

Көкте мәңгі гүл тұрсын! (сол қолын алға түсіреді)

Нұр сыйлаған күн ыстық (оң қолын алға түсіреді)

Ыстық бізге кең өлке (оң жаққа қарайды)

Ыстық бізге тыныштық! (сол жаққа қарайды)



Мұғалім: Балалар жаңағы өздерің айтқан әдемі сөздер неге байланысты айтылған? – Құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! «Аяласаң, табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.
Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы.2-3слайд


Ал балалар сынып сағатымызды бастамас үшін, сіздерді әуелі топқа бөлейік: кәмпиттер арқылы

Бірдей түскен кәмпиттер арқылы оқушылар 2 топқа бөлінеді.












1. Әр топқа ортасында Табиғат деген сөзі бар ватмен беріледі, топ оқушылары ассоциация құрады, да топ өкілдері қорғайды,келесі т оп смайлик арқылы бағалайды. Өте жақсы болса- саусағын көрсетіп тұрған, жақсы болса- күліп тұрған, нашар болса- ренжіп тұрған смайликті көтересіңдер. -2 мин. 4-слайд


2. Қазақстан экологиясы видеоролигін көрсету. Ауызша талдау.5-слайд


3. «Өтінемін» ойыны. 2 топ оқушылары бір-біріне табиғатты ластамау тура сөдер айтады. Мысалы: Мирас өтінемін суды беталды төкпе,т.б.


4. Жұбыңды тап табу. Табиғатқа қатысты мақалдардың жартысын табу арқылы әр оқушы өз жұбын табады. 6-слайд

5. Сергіту сәті. Ал балалар өз жұптарыңызбен ортада би билейік.6-слайд


6. Табиғат анаға құрмет: Ендігі кезекте табиғат анаға құрмет туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек:Оқушылар өз тақпақтарын айтады.

Анель: Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!


Аяла: Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.


Айнұр: Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!


Жасмин: Қадір тұтіп табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп
Бабам айтқан орынды өсиетін.


Арман: Ашық болса менің байтақ аспаным,
Туған жерім бітпейтін мол дастаным.
Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,
Керегі не, керегі не басқаның


Сабина: Туған жерім өзіңе не жетеді,
Далам мені мәпелеп тербетеді.
Құшағыңда ең алғаш перзенттерің
Балғын жырын бұлақтай селдетеді.


Мадияр: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.


Еламан: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су.
Ойлау керек Арал жайын , ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!


Жасұлан: Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
• Қарға қарқылдаса -қар жауады.
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)


Мирас: Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік –биік шыңдарым да әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі

Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.
Сары түске боялған күзім қандай әдемі.

Осылайша табиғатқа бір қарап
Табиғатпен сырласуда әдемі.
Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!


7. Экология бұл экономика видеоролигін қарау. Ауызша талдау.7- слайд


8. Венн диаграммасы. Әр топ диаграмманы толтырады. Әр топ 2 ұқсастығын жазады да, мимикалық дыбыс шығару арқылы бағалайды, саусақпен.8-слайд



9. Әңгімелесу . 9- слайд .Мұғалім әр топқа проблемалық сұрақ беріледі. Әр топқа қағазға шығарып беру. Айтылған ойдан кейін оқушылар бір-бірін бағалайды, шапалақ арқылы, 3 шапалақ өте жақсы,2 шапалақ жақсы, 1 шапалақ ұнамайды.

  1. Табиғаттың қандай мәселелері қазіргі кезде барша адамзатты толғандырып отыр?

  2. Жер бетінде табиғи апаттардың етек алып кету себебі неде?


10. Тазалық туралы видеоролик қарау. Талдау 10 слайд


11. Рефлексия- видеоролик 11-слайд



12.Табиғатқа тілек айту.Доппен бүгін не өткендерін айтады,лақтыра отырып, .Әр бала тілек айтады, тілек ағашына түрі түсті тілшелер байлайды.


13. Ендеше балалар, Туған жерімізге ән арнап,сабағымызды қорытындылайық, Атамекен өлеңі 11 слайд


14. Үйге тапсырма: Табиғат туралы эссе 12 слайд


Қосымша: Дәптермен жұмыс. Табиғат-анаға хат немесе өлең шығару

Табиғаттың қандай мәселелері қазіргі кезде барша адамзатты толғандырып отыр?



Жер бетінде табиғи апаттардың етек алып кету себебі неде?


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Аяласа?, таби?атты аяла

Автор: Рахматулина Галия Габдоллаевна

Дата: 08.02.2015

Номер свидетельства: 169215


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства