kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аяласа? - таби?атты аяла!

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Б?л экологиялы? т?рбиеге арнал?ан «Аяласа?- таби?атты аяла»  атты саба?тан тыс іс-шара.

-Ей адамзат сен алдымен досы?ды ??,

Сені? досы? таза ауа, ?сімдік.

Таби?аттан ала беріп барлы?ын

Ал оны ?орлау деген не с?мды?,-

деп а?ын жырла?андай ата-бабаларымыз к?зіні? ?арашы?ындай  ?ор?ап, бізге м?ра?а ?алдыр?ан ?аза? жеріні? асты-?сті т?н?ан байлы?. Біра? оны

??ыпсыз пайдалану т?зілуіне мы?да?ан жылдар кететін осы ?сем таби?атты? тепе-те?дігін б?зу?а ?келіп со?тыруда. Б?гінде тек т?уелсіз ?аза?станда ?ана емес, б?кіл ?лем алдында экологиялы? апат т?р.

Ал сол ?сем таби?атты? ажары мен тепе-те?дігін са?тау, байыптау бізді? ?з ?олымызда.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аяласа? - таби?атты аяла!»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Сүйінбай атындағы орта мектеп Мерзімі:02.12. 2015ж №12

Тақырып: Қанағат, рахым ойлап қой»

Құндылық: дұрыс іс- әрекет

Қасиеттер: қанағат, шынайылық, әділеттілік

Мұғалім: Монтаева М. А Сынып: 10А Оқушылар саны:24

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-Қанағат қасиетін өз бойында дамытуға үйрету;

-Өмірде шынайы болу дағдысын дамыту;

-Оқушыларды әдеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. (сәлемдесу, түгендеу, 5 құрал-жабдықты талап ету)

Тыныштық сәті.

Орманға саяхат

Арқаңызды тік ұстап, отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ене түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтадың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келген ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады)

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш, бақытты сезіну қандай? Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді және қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінесіз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырт тыныштық, қанағат сезімін өзіңізге сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз.


Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Фото, слайд, мақал-мәтелдер

Үй тапсырмасын тексеру

67-69 беттегі М. Құлкеновтың әңгімесін талдау.

  1. Алмастың шындығын айтуының себебі неде?

  2. Алмастың әрекетін қалай бағалар едіңіз?

  3. Әңгімеден қандай ой түйдіңіз?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Өмірдегі барлық тамаша заттар күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен нәр алады.

М Горький

  1. Ананың сүті деген қандай мағына білдіреді?

  2. Сен анаңды қалай жақсы көресің?



Оқиға айту. Мұғалім сыйы

Фильмді талдау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріледі?

  1. Анасының баласына деген махаббаты қалай бейнеленген?

  2. Баласы қателігін қай жерде түсініп мойындады?

«Ата-анамен бала» фильмінен үзінді

Шығармашылық жұмыс

«Бақыт байлықпен өлшене ма?» тақырыбында ой-пікір алмасу, оқушылар жарыссөзге шығады.


Топпен ән айту

«Ризамын» әні


« Ризамын» әні


Үй тапсырмасы.

Үлкендерден және құрбыларыңнан «Ерлік деген не?» тақырыбында сұхбат жүргізіңізер де, ортақ белгілерін табыңдар


Қорытынды:Баяу музыка ырғағымен мұғалім сөзі:

Сабақтан алған әсерің қандай?




Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Сүйінбай атындағы орта мектеп Мерзімі: 25.11.2015ж

Тақырып: Салауатты өмір салты

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Оймен, сөзбен іспен тірі жанға зиян келтірмеу, жақсы азамат болу. Тазалық, қанағатшылық, сабырлық.

Мұғалім: Монтаева М. А Сынып 10 Оқушылар саны:24

Сабақтың мақсаты: өзіне өзі қиянат жасамаудың мәнін ашу

Міндеттері:

-Ойы, сөзі, ісі таза болуда жан-жақты білім беру;

-Қоршаған ортаға деген жағымды іс-әрекеттерді дамыту;

-Ұлт жанды нағыз патриот тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. (сәлемдесу, түгендеу, 5 құрал-жабдықты талап ету)

Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзулеп ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз. Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеуеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолыңызға түсіріңіз. Сіздің қоларыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен

жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттыңыз. Ойша айтыңыз: « Мен Нұр ішіндемін... Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын...

Осындай Нұр, Махаббат, және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

В. Ягодинскийдің мәтінін оқуға ұсынылады.

1. Мәтіннен қандай ой түйдіңіздер?

2. Зиянды әрекеттердің адамға тигізетін әсері қандай?

Сабақ барысын талқылау:

сұрақ-жауап

  1. Дәйексөз

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде!

(мақал)

  1. Ауырудың алдын алу деген не?

  2. Мақалдың тәрбиелік мәні неде?

  3. Ауырудың алдын алу бірінші кімге байланысты?


Журналистпен жүздесу

Журналист: Сәлеметсіздерме құрметті көрермендер!

Бәрімізге аян, қазіргі таңда жастар арасында әртүрлі жат әдеттер белең алып барады. Бұған бәріміз алаңдаудамыз. Осы сұрақ төңіреңінде жастардың ой-пікірлерін білу мақсатында еркін микрафонды көпшілікке ұсынғым келіп отыр.

  1. Адам өміріндегі зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз?

  2. Адамдар неліктен темекі шегеді деп ойлайсыңдар?

  3. Осындай жаман әдеттерге жастарды не итермелейді?

  4. Салауатты өмір сүруге жастарымыз бейімделген бе? Қалай ойлайсыз?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1,2,3 топқа бөлініп, «Салауатты өмір салты» тақырыбында өз ойларыңызды қағаз бетіне түсіріңіздер.


  1. Топпен ән айту.

Армандастар

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда?
Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?
Қайдасыңдар – құрдастар

Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Бәрің достар, әр тарапқа кеттіңдер ме?
Әлде, биік асулардан өттіңдер ме?
Әлде, игі армандарға жеттіңдер ме?
Қайдасыңдар, құрдастар?

Қайырмасы
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Қайырмасы


«Армандастар» әні орындалады.

  1. Үй тапсырмасы:

Жасөспірімдер неліктен темекі шегеді деп ойлайсыңдар?

Осы сұраққа өз пікірлеріңді жазып келіңдер


Қорытынды: Баяу музыка ырғағымен мұғалім сөзі:

Сабақтан алған әсерің қандай?




«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған «Биология» сабағының жоспары

Мектеп: Сүйінбай атындағы орта мектеп ҮБМКММ

Мерзімі: 27.11. 2015ж Мұғалім: Монтаева М.А; Байболекова Л.К

Сынып: 7 «Ә» Оқушылар саны: 24

Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы. Типтің, кластың жалпы сипаттамасы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Жанашырлық, кешірімді болу, шынайылық

Сабақтың мақсаты: Буынаяқтылар типі және оның кластарын жөнінде оқушыларға жан-жақты мағлұматтар беру

Сабақтың міндеттері:

-Оқушыларға типтің жалпы сипаттамасы жөнінде, шаянтәрізділерге үлкен сүйіспеншілікпен қарап, олар туралы толық мағлұмат беру;

-Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дұрыс әрекет ете отырып, жануарларға қиянат жасамау арқылы ой-өрістерін дамыту;

-Оқушыларды туған елінің, жерінің табиғатын аялап, қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Флипчарт, , мақал-мәтелдер

Сабақ барысы:

Сыртқы интеграция (Тыныштық сәті, дәйексөз, топпен ән айту)

  1. Ұйымдастыру кезеңі. (сәлемдесу, түгендеу, 5 құрал-жабдықты талап ету)

Тыныштық сәті.

Орманға саяхат

Арқаңызды тік ұстап, отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ене түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтадың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келген ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады)

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш, бақытты сезіну қандай? Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді және қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінесіз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырт тыныштық, қанағат сезімін өзіңізге сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз.


Ескерту

Үй тапсырмасын тексеру

  1. Жануарларға деген сүйіспеншілікті қалай түсінеміз?

  2. Тіршілік иелеріне қиянат жасауға бола ма?

Сұрақ-жауап

Дәйексөз

« Адам табиғатқа тәуелді болса,

Табиғат та оған тәуелді»

А.Франс

  1. Адам табиғатқанеге тәуелді?

  2. Ал табиғат адамға қалай тәуелді?


Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Сабырлы тұлғаны дамыту біздің басты мақсатымыз. Адам неғұрлым қарапайым, сабырлы болса соғұрлым рухани-адамгершілік қасиеттері жоғары болады.

Адамның бойындағы сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббат, ар-ұжданы тікелей жүрекке байланысты. Біздің өміріміз ашық жүйе, біз одан үнемі қуат пен ақпарат алып отырамыз. Сондықтан да біз қоршап отырған табиғатты аса бір сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен қарап, өз уақытымызды тиімді пайдалануға бар күш- жігерімізді салуымыз керек.

Өмірдің қиыншылықтарына төтеп бере алатындай шыдамдылық, байсалдылық, өзіңді таныта алатын, үнемі қадағалай алатын қасиеттерді ұстануға бағыттау заманауи құндылық болып отыр.

Мұғалім: Балалар, жоғарыда өздерің айтып өткендей адам табиғатқа тәуелді, табиғат адамға тәуелді. Яғни, бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды. Осындай әдемі табиғатта бүгінгі сабақ тақырыбымыз да сай келіп отыр. Осыған орай мен сіздерге жұмбақ дайындап келдім. Жұмбақты шешу арқылы бүгінгі тақырыбымызды жалғастырамыз.

Жұмбақ

Бір мақұлық мойны жуан, тірсегі ұзын,

Тікпесе өзі етік, сақтар бізін.

Тағы да іске ыңғайлы қайшысы бар,

Іс тігіп көрген де емес еш қызығын.

Жауабы. Шаян

Сонымен бүгінгі отетін тақырыбымыз: Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы. Типтің, кластың жалпы сипаттамасы.

Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктер жалпы сипаттамасы:

Құршаян

Буынаяқты жәндіктердің арғы тегі көпқылтанды буылтық құрттар деп есептеледі. Буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы - денесі хитинді затпен қапталған. Хитин дегеніміз - жасуныққа ұқсас ағзалық зат. Шаян- тәріздестерде хитинге әктенген заттар сіңеді. Ал өрмекшітәріздестердің, бунақденелілердің хитинінде нәруыз көбірек болады. Жабынның ішкі жағынан жеке будаланған тері-бұлшықет қапшығының бұлшықеттері бекінеді. Соның нәтижесінде дене бөліктері біріне-бірі тәуелсіз, дәлме-дәл, өте шапшаң және тиімді қозғалыс жасай алады.

Буынаяқтылардың сыртқы хитинді жабыны өте жеңіл. Сондықтан буынаяқтылар салмағы ауыр бақалшақты ұлулардан әлдеқайда оңтайлы қимылдайды. Хитин берік болғандықтан, созылмайды. Буынаяқтылар денесі өскенде хитинді жабын мезгіл-мезгіл денеден сыпырылып, түлейді. Хитинді жабынның қалың-жұқалығы барлық жәндіктерде біркелкі емес. Өзеншаяны, таңқышаян жабыны, қоңыздың қатты қанаты және жабыны өте қалың. Ал маса,шыбын тағы басқа жәндіктердің жабындары жұқа болады. Мұндай жабындар буылтық құрттардың жабынынан беріктігімен, ылғал өткізбейтіндігімен ерекшеленеді. Буынаяқтылар бастапқы даму кезінде жиі-жиі түлейді. Ересек жәндіктер өте сирек немесе мүлде түлемейді.



  • Тіршілік ортасы: тұщы суларда, өзендерде,

көлдерде мекендейді.

  • Күндіз өзен шаяндары тастардың астында,

немесе су түбінде қазылған індерде жасырынып

жатады.

  • Олар жасырынған жерінен түнде шығып, жемін

аулайды.

  • Олар өсімдіктермен де, жәндіктермен де

қоректенеді.(өлі,тірі)

  • Өзен шаянының қатты жамылғысы қоңырқай

жасыл түсті болып келеді.(қорғаныш рең)

  • Шаянды пісірген кезде жамылғыдағы бояу заты

жойылып кетеді де, шаян түсін өзгертіп қызарады.25 000 жуық түрлері бар.


Бекіту:

«Егер де?» стратегиясы

«Рафт» стратегиялары.


Топпен ән айту

«Жан досым»

Iздегенде табылатын қасымнан,

Көңiлi бар кызғалдактай ашылған.

Көріспесек, сағыныштан жүдейтiн

Кiм бар жақын бала күнгi досымнан.

Қайырмасы:

Жан досым үстем болсын мерейiң

Әрқашан жеңiсiңдi көрейiн.

Сырымыз да бiтпесiн,

Жырымыз да бiтпесiн,

Жырымыз да бiтпесiн.


Қос бұтағы секілденiп ағаштын -

Қатар тұрып гүлiмiздi сан аштык.

Жол тапсақта - бiрге жүрiп жол таптық,

Адассақ та бiрге жүрiп адастық.

Қайырмасы:

«Жан досым» Жігіттер квартеті

Үй тапсырмасы: «Табиғатты қорғау және ондағы тіршілік иелеріне қамқорлық таныту» эссе жазу


Сабақтың қорытынды сәті: Баяу музыка ырғағымен мұғалім сөзі:

Сабақтан алған әсерің қандай?























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Аяласа? - таби?атты аяла!

Автор: Байболекова Ляйля Какимхановна

Дата: 23.01.2016

Номер свидетельства: 281670


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства