kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жас зияткерлер 2012

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? логикалы? ой - ?рісін дамыту, ?жымдасып ж?мыс істеуге да?дыландыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жас зияткерлер 2012»

«Жас зияткерлер-2012» математикалық сайысы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі: Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. «Жас зияткер – 2012» деген лента, оқушылардың сыныбы, аты жазылған алдарына қоятын қағаздар.

Түрі: топтық сайыс сағаты
Типі: сайыс түрінде

Жоспары:

1.Топ мүшелерін таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі;
2. «Сергіту сәті» (әр командага 5 сұрақтан)

3. «Артық сөзді тап» ( тақтада әріптер тұрады. Сол әріптерден сөз құрап, ішінде артығын алып тастайды да, сол артық сөздің орысша, ағылшынша аудармасын айтады).

4. Кім тапқыр?
5. «Оқушылардың көз мөлшерін тексеру».
6. «Бәрін білгім келеді!»

7. «Сандар мен әріптер»

8. «Логикалық сұрақтар»

9. «Топ басшылар сайысы»
Қолданылған нақыл сөздер:
1. “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Н.Ә.Назарбаев

2. «Логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»

Әбу Насыр Әл-Фараби

3. «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те» Р.Бэкон

Барысы:

Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі сайысымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайын: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады.

Алдарыңызда үш команда сайысқа түседі.

1 – команда _________________________________________________________

2 – команда _________________________________________________________

3 – команда _________________________________________________________

Біліміңді саралап,

Төрелігін айтатын

Әділ баға беретін,

Әділқазы алқасын

Сайлап біз алайық.

Келген ұстаздардан әділқазы алқасын сайлау.

1.______________________________________________________________

2. ______________________________________________________________

3. ______________________________________________________________

4. ______________________________________________________________

Әділқазылар алқасын сайлап алдық. Енді сайысымызды бастасақ.

Сайысыт 5 «А» сынып оқушысы Мейлибеков Нурисламның орындауындағы әнмен бастасық.

І бөлім. .

Топ мүшелерін таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі. Ең жоғары ұпай 5 балл.

ІІ бөлім. .

«Сергіту сәті» (әр командага 5 сұрақтан, 1 сұрақ 1 балл).

1 – команда.

  1. Жұп сан деген не?

  2. Жай сан деген не?

  3. Бұрыс бөлшек деген не?

  4. Қысқартылмайтын бөлшектер деген не?

  5. Қандай сандар 15 – ке бөлінеді?

  1. команда.

  1. Тақ сан деген не?

  2. Жай бөлшек деген не?

  3. Аралас сан деген не?

  4. Егіз сан деген не?

  5. Қандай сандар 45 – ке бөлінеді?

  1. команда.

  1. Құрама сан деген не?

  2. Өзара жай сандар деген не?

  3. Дұрыс бөлшек деген не?

  4. Кемел сан деген не?

  5. Қандай сандар 6 – ға бөлінеді?

ІІІ бөлім. .

«Артық сөзді тап». ( тақтада әріптер тұрады. Сол әріптерден сөз құрап, ішінде артығын алып тастайды да, сол артық сөздің орысша, ағылшынша аудармасын айтады). Интерактивті тақтада сөздер жазылған.

  1. Қалам ( )

  2. Үй ( )

  3. Тақта ( )

  4. Кітап ( )

  5. Доп ( )

  6. Мектеп ( )

  7. Айна ( )

  8. Дәптер ( )

  9. Есік ( )

ІV бөлім.

«Кім тапқыр». Есептер беріледі. Тиісті жеріне қажетті таңбаны қойып, теңдікті туралау керек.

  1. 2 – ні 5 рет пайдаланып 3 санына теңестіру керек 2 2 2 2 2

  2. 2 – ні 5 рет пайдаланып 5 санына теңестіру керек 2 2 2 2 2

  3. 2 – ні 5 рет пайдаланып 0 санына теңестіру керек 2 2 2 2 2

  4. Жұлдызшаның орнына қажетті сандарды қойыңдар.

  5. Жұлдызшаның орнына қажетті сандарды қойыңдар.

  6. Жұлдызшаның орнына қажетті сандарды қойыңдар.

V бөлім.

Көз мөлшерін тексеру. Оқушылардың алдына 2 қағаз қойылады

  1. . Сол қағаздың біреуінен ені 5 см, ұзындығы 20 см болатын тік төртбұрыш кесіп алыңдар.

  2. Екінші қағазға циркульмен радиусы 6 см болатын шеңбер сызады.

Қай команданыкі жауапқа сай болса сол команда 15 ұпай, екінші команда 10 ұпай, 3 команда 5 ұпай иеленеді.

VІ бөлім.

«Бәрін білгім келеді» интерактивті тақтада балдардың артында сөз жасырынған. Дұрыс жауап берсе сол балды иеленеді, дұрыс жауап бермесе 0 ұпай алады.

Барлығы 25 сұрақ.

1. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды. а) 1996 жыл б) 1991 жыл в) 2008 жыл

2. Қазан айында тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

а) 1992 жыл б) 1991 жыл в) 1993 жыл

3. Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді.

А) 2001 жыл Б) 1993 жыл в) 1996 жыл

4. Қосуды орындаңдар:  а)  б)  в) 

5. Сандарды салыстыр  а)  б)  В) 

6. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

А) 1996 жыл б) 1995 жыл в) 2009 жыл

7. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының шығуы. Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы. а) 2001 жыл б) 1997 жыл в) 2003 жыл

8. Азайтуды орындаңдар  А)  б)  в) 

9. ЕКОЕ(7,14,21) А) 70 Б) 42 В) 21

10. ЕҮОБ(45, 90, 120) а) 9 . б) 20 в) 15

11. . Қосуды орындаңдар : . а)  б)  в) 

12. Азайтуды орындаңдар  а)  б)  в) 

13. Сандарды ең кіші ортақ бөлімге келтір 

. а)  б)  в) 

14. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.

А)2006 жыл Б) 2008 жыл В) 2010 жыл

15. Қазақ тілін қолдау жылы. А) 2001 жыл Б) 2009 жыл В) 2007 жыл

16. Астанаға 10 жыл а) 2007 жыл б) 2008 жыл в) 2010 жыл

17. Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспан денесі қалай аталады?

а) ай б) жұлдыз в) бұлт

18. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар А) меркурий б) марс в) жер

19. 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады. а) 1991 жыл б) 2001 жыл в) 1998 жыл

20. Маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. А) 1992 жылыБ) 1995 жылыВ) 1996 жыл

21. Адам денесінің неше пайызы су? А) 62 Б) 65 В) 75

22. 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды. а) 2011 жыл б) 2010 жыл в) 2009 жыл

23. Мұхит, теңіз суларының құрлыққа сүйірлене немесе тереңірек ішке қарай енген бөлігі қалай аталады? . а) Арал Б) Бұғаз В) Шығанақ

24. Амалды орындаңдар:  а) 20 б) 21 в) 27

25. Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлардың жолы . а) планета б) орбита в) күн

VІІ бөлім.

«Сандар мен әріптер» 1 минут ішінде төмендегі алмастырылған әріптер мен сандарды есте сақтау керек.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 0

А л м е с і и ш к з

Ал енді мына сөздерді сандармен алмастыр.

Есік, кілем, алма, киім, шаш, ешкі, ши, алмас, ілмек, ас, ес, шам

VІІІ бөлім.

Логикалық сұрақтар. Жанкүйерлерге арналған сұрақтар.

  1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?

  2. Мектепке келе жатқан бес балаға тағы да 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды?

  3. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнады?

  4. Жанұяда екі ұл және екі ұлдың 2 әпкесі, 1 әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам?

  5. Қандай жолмен адам еш уақытта жүрмейді?

  6. Ұшақ Алматыдан Семейге қарай 1 сағ 20 мин ұшады, қайтарда 80 мин ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады?

ІХ бөлім.

Топ басшылар сайысы. Әр топ басшыға бір – бір ситуациялық сұрақ қойылады. Сол сұрақтарға толық, мағыналы жауап берсе 15 ұпайдан бастап қойылады.

  1. Сен сыныпқа кірсең екі бала төбелесіп, мұғалімнің орындығын сындырып тастады. Сосын олар жүгіріп сыртқа қашып кетті, сол сәтте мұғалім кіріп келді. Мұғалім сеннен көретін болды. Сол кезде сен не істейсің?

  2. Сенің бір сыныптасың ойнап сенің сумкаңа парталас сыныптасыңның ручкасын салып қойды. Парталасың ручкасын іздеп жатыр. Бір кезде сен сумкаңды ашсаң ішінде парталасыңның ручкасы тұр. Сен не істейсің?

  3. Сен математика дәптеріңе байқамай басқа сабақты орындап қойдың. Математика сабағында дәптеріңді ашсаң басқа пән тұр. Сол кезде не істейсің?

Осымен біздің «Жас зияткерлер – 2012» атты сайысымыз аяқталды. Әділқазылар алқасы өз бағаларын шығарғанша 5 «Ә» сынып оқушысы Әділхан Ерасылдың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.

Сөз кезегін құрметті қонақтарымызға береміз.

  1. ____________________________________________________________

  2. ______________________________________________________________

  3. _________________________________________________________________

  4. ___________________________________________________________________-

Жеңген команда анықталып, грамота тапсырылады.

Келгендеріңізге көп рахмет.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Жас зияткерлер 2012

Автор: Жумадилова Айгерим Муратовна

Дата: 19.08.2016

Номер свидетельства: 340017

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Жас зияткерлер "
    ["seo_title"] => string(18) "zhas-ziiatkierlier"
    ["file_id"] => string(6) "166714"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422982514"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "жас зияткер (математикалы? ойын) "
    ["seo_title"] => string(34) "zhas-ziiatkier-matiematikalyk-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "196178"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428002890"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Кішкентай Зияткерлер"
    ["seo_title"] => string(25) "kishkientai-ziiatkierlier"
    ["file_id"] => string(6) "288127"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454587616"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Внеклассный урок, конспект урока математики"
    ["seo_title"] => string(41) "vnieklassnyiurokkonspiekturokamatiematiki"
    ["file_id"] => string(6) "283881"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453897385"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "?зімізді? ойын "
    ["seo_title"] => string(14) "ozimizdin-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "160280"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422023189"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства