kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жас зияткер (математикалы? ойын)

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жас зияткерлер» математикалы? ойыны.

Ма?саты: 

Білімділік: О?ушыларды? математика?а ?ызы?ушылы?ын, ынтасын, зейінін  арттыру, ал?ан білімдерін тере?дету

Дамытушылы?: Ой-?рісін ке?ейту, логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту, ?жымшылды? ?абілеттін дамыту.

Т?рбиелік: Окушыларды ?жымшылды??а, жолдасты??а, ал?ырлы??а, белсенділікке т?рбиелеу ж?не жеке т?л?а етіп ?алыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«жас зияткер (математикалы? ойын) »

Алғабас орта жалпы білім беретін мектебі






































Сыныбы:2а

Өткізген:Б.О.Кажкенова.









«Жас зияткерлер» математикалық ойыны.

Мақсаты: 

Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.


Көрнекілігі: Безендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. 
Түрі: топтық сайыс сағаты 
Типі: ойын түрінде 
Жоспары: 
1.Топқа бөлу 
2. Ауызша тест

3. Логикалық сұрақтар
4. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
5. Сергіту сәті (терминдер сайысы)
6. Полиглот

7. Кім тапқыр? (ребус шешу)

8.Нөмір ойыны

9. «Кім шапшаң?» есеп шығару

10.Сиқырлы сандар сыры


Қолданылған нақыл сөздер: 

1. «Логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»
Әбу Насыр Әл-Фараби

2. «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те» 
Р.Бэкон 
Сабақтың барысы: 


Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар. Айтар ойын тұспалдар.
Естігенін есте тұтып, Сіз оқытқан окушылардың,
Оқығанын миға тоқушылар. Сәті келді сыналар.

 Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,   Олай болса, тұрмайық,
Арасында ойын ойнап жарысамыз. Кешімізді біз бастайық,
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар. Әділ бағаға қалтасы толы,
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз. Әділқазыларды шақырайық.

Мұғалім: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған. 
Мұғалім:

 Шын жүйрік шабасынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда 
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

1. Топқа бөлу«Ұшқыр», «Зерде» тобы құрылады. Топ мүшелері өздерін таныстырады. Амандасу. (қатысушылар шеңбер бойымен тұрып, өз есімдерін айтып, сүйікті істерін айтады; келесі оқушы оны қайталап, өз есімі мен сүйікті ісін айтады. Осылайша жалғасады).Оқушыларға фигуралар беріліп,сол фигуралар арқылы 2 топқа бөлінеді. Топтың лидерін сайланады.

2. Ауызша тест

І топқа:

1) Ұзындық өлшем бірлігін ата ? (метр)

2) Сыйымдылық өлшем бірлігін ата ? (литр)

3) Тәуліктің жарты бөлігі? ( 12 сағат )

4)1ғасырда неше жыл бар? (100жыл)

5)Ұзындықты өлшейтін құрал (сызғыш)

6) 1 жылда неше ай бар? (12ай)

ІІ топқа:

1) Масса өлшем бірлігін ата? (килограмм)

2)Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (шаршы)

3) 1сағатта неше минут бар? (60мин.)

4) Үш төбесі,үш қабырғасы бар фигура? ( үшбұрыш)

5)Азайтуға кері амал? (қосу)

6) Сынық сызықтың неше түрі бар? (2)

3. Логикалық сұрақтар. Әр топқа кезекпен сұрақтар қойылады.
Мұғалім: Қазір сендерге логикалық сұрақтар қойылады. Кім бірінші қол көтереді, сол жауап береді..
Әр дұрыс жауабына – 1 ұпай.
1) Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (атасы, баласы, немересі).
2) 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минутта, бәрін бірге саламыз).

3) 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей).

4) Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар.Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6 бала).

5) Әтештің салмағы 2 кг болса,бір аяғын көтеріп тұрғанда оның салмағы қандай болады? (2кг).

6) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16).

7)Мысық өзенге келіп ау салып,бірнеше балық ұстады,екінші рет ау салғанда ол 4 балық ұстады.Бұл бірінші аулаған балығының жартысы.Сонда мысық барлығы қанша балық ұстады?(12балық)

8)Атасы 85 жаста.немересі одан 70жас кіші.Немересі неше жаста? (15 жаста)

4. Ойымды жалғастыр. (мақал-мәтелдер)

1 – жүргізуші: топтар кезекпен жауап береді. 
2 – жүргізуші: әр дұрыс жауабы топка 1 ұпай әкеледі.
1. Жеті жұрттын тілін біл, (жеті түрлі білім іл.) 
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар ) 
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) 
4. Досынды үш күн сынама, ( үш жыл сына) 
5. Бір елі ауызға, ( екі елі қақпақ ) 
6. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын) 
7. Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды) 
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 
5. Сергіту сәті. (терминдер сайысы) Сиқырлы әріптер

Мұғалім: Мына әріптерден неғұрлым көп математикалық терминдер жазыңдар
С, Т, Р ,Б, О,Қ , Ы, Ш,А, Ұ, Ш,Ә,Л, З,А,Н,Й Е,Д,У

Әр терминге – 1 ұпай.
6. Полиглот. Математикалық жұмбақ жарысы.
1 – жүргізуші: Егер жауабы дұрыс болып, аудармасы жоқ болса, 1 ұпай алынады. Ең көбі – 3 ұпай.
Аяғы біреу,қолы жоқ

Шиыр-шиыр жолы көп (қалам – ручка- )

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш - линейка - ruler)


Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі.

(Қарындаш,карандаш, )

Он екі ақ парақ-

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап.

(Дәптер,тетрадь, )



7. «Кім тапқыр?» ребус шешу

Би.Өзбек биі (Махаббат,Аяулым)

8. Нөмір ойыны

Оқушыларға 1-ден 20-ға дейін аралығында сандар беріледі.Қосу амалына байланысты бір сан айтылады.Сол кезде сол санның қосындыларын сандар арқылы көрсететі.Мысалы:18. Оқушылар 10 мен 8 санын көрсетуі керек.

Сандар:15,9,14,16,8,5,11,7,19,6.

9. «Кім шапшаң?»

Қиын есеп оңай-ақ шығар,

Миды егер шынықтырсаң.

Жеңімпаздар алға озар,

Математиканы болса ұғар.(Бұл турда оқушылаға есептер беріледі.Есептің жауабын шешуі керек Есептер топтағы барлық оқушыларға жеке-жеке беріледі.Топ мүшелері тапсырманы орындап болған соң,конвертке салып әділқазыларға береді.

Би: Үнді биі(Аружан,Жангүл)

10.Сиқырлы сөз

Бұл турда қосу және азайту амалдарын қолдана отырып,шыққан сандарды өсу ретімен жазу арқылы сиқырлы сөзді табу керек.

Мұғалім:
Санаңды сенің толтырар,
Есептану пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазір әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Мұғалім: Жас зияткер жан-жақты дамыған: білімді де, өнерлі де тұлға болуы тиіс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030 жылы барсқа апаратын-бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар” деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік.Бүгінгі біздің 2-сынып оқушыларының арасында өткен «Жас зияткер» сайысы осымен аяқталды. Барлығыңызға рахмет.Сау болыңыздар.
Қорытынды.
Әділқазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап, белсене қатысқан оқушыларды марапаттайды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
жас зияткер (математикалы? ойын)

Автор: Кажкенова Ботагоз Уразовна

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 196178


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства