Біра?, сол кездегі Ке?ес еліні? бірлігі мен досты?ыны? ар?асында, ?здері?іздей батыр да батыл аталарымыз бен апаларымызды? ерлігіні? ар?асында 1945 жылы 9 мамырда б?л с?м со?ыс ?лы же?іспен ая?талды, тарих к?ші ?р?ашан жа?аланып отырады емес пе, міне содан бері 70 жыл мерзім ?тіпті.
Д?л осынау жадыра??ы жай к?ні,
Болса - да?ы ?ай ?асырды? ?ай ?ай жылы
?лы Отаным басын иіп бір минут
Есіне алма? сол бір апат ?ай?ыны
( 1 минут ?нсіздік)
Талай тарих кезе?дерін ?ткізіп,
Сырын-жырын заманына шерткізіп,
70 жылда елім мені? жа?ар?ан,
Же?іс к?ні? да??ы? жатыр жеткізіп.
?н. « ?аза? жігіттері» 7-сынып о?ушысы Азамат
?рыс кезіндегі ?уендерден попури.
Ж?ргізуші Н?рс?лтан: Со?ысты? ал?аш?ы к?ндерінен бастап Ке?ес хал?ы жан-т?німен Отанды ?ор?ады. Бізді? республикадан 1 млн. 700 мы?дай адам ?ару асынып майдан?а аттанды. ?аншама адам е?бек армиясында, тылда ?ызмет етті десе?ізші?! ?рбір ауыл, ?рбір ?ала ?шін кескілескен ?рыс болды. ?анішер неміс бас?ыншыларымен Ке?ес азаматтары аянбай шай?асты.
Б?лт т?неріп аспаннан,
Талай к?зден жас там?ан.
Т?т?иылдан жау тиіп,
?ыр?ын со?ыс бастал?ан
Отаным, еркелеймін енді кімге
?зі?мен нені болса к?рем бірге
?алайша ?абыр?ама батпас мені?,
Басы?а ?атер б?лты т?нген кезде.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?лы Ерлікке Та?зым»
Ұлы Ерлікке Тағзым
24.04. 2015ж
Әскери әуен ойнап тұрады
Жүргізуші :Арзенов Қажымұқан: Аса құрметті, біздің батыр апаларымыз - сыйлы қонақтар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі бәрімізге құтты болсын! Әлемді дүр сілкіндірген 2 - дүниежүзілік соғыстың қасіретін ешкім ешқашан да ұмытпақ емес! Бұл оқиға бейбіт, тыныш жатқан елді 1941 жылы жаздың жайма шуақ күні маусымның 22-сінде дүр сілкіндірген .
Бірақ, сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында, өздеріңіздей батыр да батыл аталарымыз бен апаларымыздың ерлігінің арқасында 1945 жылы 9 мамырда бұл сұм соғыс Ұлы жеңіспен аяқталды, тарих көші әрқашан жаңаланып отырады емес пе, міне содан бері 70 жыл мерзім өтіпті.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса - дағы қай ғасырдың қай қай жылы
Ұлы Отаным басын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
( 1 минут үнсіздік)
Талай тарих кезеңдерін өткізіп,
Сырын-жырын заманына шерткізіп,
70 жылда елім менің жаңарған,
Жеңіс күнің даңқың жатыр жеткізіп.
Ән. « Қазақ жігіттері» 7-сынып оқушысы Азамат
Ұрыс кезіндегі әуендерден попури.
Жүргізуші Нұрсұлтан: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Кеңес халқы жан-тәнімен Отанды қорғады . Біздің республикадан 1 млн. 700 мыңдай адам қару асынып майданға аттанды. Қаншама адам еңбек армиясында, тылда қызмет етті десеңізші?! Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған
Отаным , еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болса көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген кезде.
Бейне көрініс
Көп болды-ау олар кеткелі (1941 жылы Мәскеу түбіндегі шайқаста хабарсыз кеткен менің атама арналады) Бейғұттың орындауында - Қазақстан сарбаздары-әні.
Жүргізуші : Қажымұқан: Жеңіс ... Оны, сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы миуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар осы қан майданда мерт болды. Осы ерлердің рухына, бүгінгі арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға бен апаларымызға басымызды иіп тағзым етеміз.
Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар тапталды
Қасиетті жер үшін,
Қастерлеп батыр елі үшін,
Әлия, Мәншүк, Төлеген,
Бауыржан, Қасым, Ер Нұркен,
Рақымжандай батырлар
Жаулардың көзін жойды олар.
Бауыржан Момышұлы-қара басы
Халқының болған адам садағасы
Бауыржан Момышұлы-
қазақ деген,
Ғаламат ұлы сөздің баламасы,
Халқындай ол да бағлан, ол да нақыл
Қайытпас қара емендей қайран ерді,
Халқына теңеу мәні сонда жатыр.
Ән. Катюша –орындайтын Хасенов Ербол
1-оқушы: Нұрсұлтан « Жеңіс құны»
От, саз кешіп 5жылдай толарсақтан,
Тіршіліктің шырағын солар жаққан.
Жанын қиса сан есіл алғы шепте
Қалғандары ауылға нұрын шашқан,- дей келе сол сұрапыл соғысты бастан кешкен, қан майданның қақ ортасынан елге оралған ардагерлермен таныс болыңыздар. Ендігі сөз кезегін Есболат Алтынай апамыз Ұлы Отан соғысының ардагеріне сөз береміз. Апайымыз Отан соғысы орденімен, «Ленинградты қорғағаны үшін медальдарымен марапатталған, сөз кезегі өзіңізде , қысқаша өткен өміріңізден оқушыларға баяндап берсеңіз!
Рахмет апай, бақытты ғұмыр кешіңіз.
2-оқушы - Айдос:
О, бабалар, ерлігіңе бас ұрдым,
Із баспауы мүмкін емес хас ұлдың!
Ерен ерлік жасайды, әлі күмән жоқ,
Жігіттері жиырма бірінші ғасырдың.
Ән: «Менің Қазақстаным»
Қажымұқанның сөзі:
Көрініс. « Соғыс қасіреті»
Қатысатындар: әжесі, немересі, қыздың әкесі, ауыл әйелдері.
Жаздың жайма шуақ күні. Жүрегі қуанышқа толы немере-қыз алыстан әжетайлап мектеп бітіргеніне өте қуанышты жүгіріп шығады.
Немересі: Бейғұт Әже, бүгін менен бақытты адам жоқ. Жаңа өмір баспалдағын басқалы тұрмын. Әже әке, болашақта дәрігер боламын!
Әжесі: Бақбол Асқарбас! Бұл күнге де жеттім-ау. Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет балам!
Әкесі : Дінмұханбет: Немересінің бетінен сүйіп, құшақтап қасына отырғызады.
Әкесі: Дінмұханбет: Жымиып, салмақты кейіпте пышағын қайрап отыра береді.
Кеңестік радио : Нұрсұлтан: Тыңдаңыздар ! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сөйлеп тұрған Кеңестік радио. 1941 жылдың 22 маусымында таңғы сағат 4-те ескертусіз фашистік Германияны Кеңес Одағының аймағын бұзып жарып , Брест қамалынан шапқыншылықты бастады. Ұлы Отан соғысы басталды.
Немересі- Бейғұт: Әже ,әжә, соғыс, соғыс, басталды.
Әскери әуен ойнап тұрады:
«Священная война»
Дауыс : 40-жылдардағы қазақ ауылы. Ер азаматтарды соғысқа аттандырып тұрған ауыл адамдары.
Кеңестік радио: Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!
Сөйлеп тұрған Кеңестік радио. Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық ел азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!
Немересі: Бейғұт Әке, елімізге қара бұлт төнді. Жас та болсам, мен де өз Отаныма үлесімді қосамын. Аттан, әке бізге сен, сұм жауыз фашистерді жеңіп , ауылға қайт, біз сізді жеңіспен күтеміз!
Әжесі : Бақбол: Құлыным, жалғызым, «Кебін киген өледі» дейді ғой, жарқыным , аман еліңе орал.
Мынау қалтаға кіндік тамған жердің топырағын алдым, соны тұмар қылып сақтарсың, аман оралғайсың, аман оралғайсың балам, біз сені күтеміз.
( көзінің жасын сүртеді)
Әкесі : Дінмұханбет: Асыл анашым! Айналайын, қабырғасы қатпаған алтыным менің, жауыз сұм фашистерді жеңіп, жеңіске деп сіздерді сендіремін.
Асынған бір дорба хаты бар пошташы қыз шығады, Бейғұт.
Немересі: Бейғұт: 4 жыл болды сұм соғыс басталғалы. Дәрігер боламын деген арманым орындалмады. Жеңіске өз үлесімді қосайын деп, хат тасушы болып жүрмін. Қуанышты үш-бұрышты хаттарды иесіне тапсырғанша асығамын. Ал, қаралы хаттарды... иелеріне бере алмай жұдырықтай жүрегім қан жылады емс пе?! Бүгін , міне әкемнен сондай қайғылы хабар алып тұрмын.
Қалай әжеме айтамын... ( Өксіп жылайды).
Еңбек етіп далада ауыл әйелдері жүреді . Хатшы қыз келді деп, алдынан жүгіріп шығады, «сіңілім ағаңнан хат келді» дегенде қуанған қыз бәріне шаттана хатты көрсетеді.
Әжесі: Бақбол Құлыным сол! Әкеңнен хабар жоқ па? Көп болды ғой хабарсыз кеткелі....
Немересі: Бейғұт:
Қалай сені жұбатам, аңыра ана
Рас болса мына келген « қара қағаз»
Саған ұл, әке бізге табыла ма?
Жалынған ғазиз анам, сұрап қалған
Жоғалды сол бетімен бірақ арман.
Сенбеймін, «әкең өлді» дегенге мен
Себебі ол үйден тірі аттанған.
( Жылап әжесін құшақтайды)
Әжесі : Бақбол: Не дейді , естімегім осы ма еді? Құлыным, жалғызым! Қарғыс атқыр фашистер ұлымнан айырдыңдар ма?
Ойбай жалған-ай!
Көңілім мұнша неге қоңырлайды,
Торлап бір алғаны ма өмір –қайғы.
Атасу сағындырған Аспараға,
Құлыным, неге келіп шомылмайды?
Мен қайда , сендер жүрген
қиыр қайда?
Дүниедегі шектігі жоқ шиырлайды.
Егер де мәңгілікке көзім жұмсам,
Қос уыс топрағың да бұйырмай ма?!
Ауыл әйелдері: Сұлтан, Санжар, Жарас, Айдос, Тимур, Дарын, Мирас, Ерасыл
Әже, сабыр етіңіз, қайғы - қасірет әкелген бұл соғыс қанша боздағымыздың өмірін қиды.
Кеңестік радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Кеңестік радио.
4-жылға созылған Ұлы Отан соғысы аяқталды! Кеңес Одағының бауырмал
Армиясының ерлігі дастан болды. Біз Жеңіске жеттік.
9-мамыр -Жеңіс күні!
Немересі: Бейғұт: Апа , соғыс бітті, біз жеңдік, Жеңіс!
Қаймықпаған қиындықтың жүгінен
Өздеріңе сыйлап қырдың жүгінен
Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы ЖЕҢІС күнімен!
Жүргізуші: Арзенов Қажымұқан: Ер есімі- ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер азаматтар ерлігі ешқашан ұмтылмайды.
Тыныштық! Жаса тыныштық,
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Бақытты болсын балалар,
Соғысты сүймес адамдар
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін даналар.
Жүргізуші: Нұрсұлтан:
Жеңіс деген- жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Оқушылардың орындауында: «Күй»Балбырауын
Жүргізуші : Нұрсұлтан: Құрметті қонақтар! Қадірлі біздің батыр апаларымыз, құрметті қонақтар, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі құтты болсын. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық тілейміз. Жер бетінде тыныштық болсын! Түнде ұйқымыз, күндіз күлкіміз арылмасын! Бейбіт таңдағы әрбір арайлап атқан күніміз нұрға толып, достығымыз арта берсін!
Қонақтарға мерекелік сыйлықтар берілді және естелікке суретке түсейік.
Қазақ-түрік жасөспірімдер лицей интернаты
Кітапханашы Қамытбекова Нургул Оразқызы
Аналар аман жүрсін
Ана, анам - аяулымсың, ардағымсың,
Мына өмірдің, бар әлемнің жарығысың.
Барлық бақты, денсаулықты бәрін тілейім
Бар аналар аман жүрсін, аман жүрсін.
Ана деген басыңдағы бағың сенің.
Тірегі де, жүрегі барлық елдің.
Отбасының қамын ойлап, қарайып,
Шам шырағы аналар әрбір үйдің.
Балаларын мәпелейді бағады,
Баласы үшін суға батып,отқа да күйеді.
Балаларым жақсы адам болса екен деп
Армандайды, аналардың арманы.
АВТОРЫ: Бейсенхан Бейғұт 7 «Б»сынып
оқушысы.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арнау
Сауыты алтын сақ едім,
Ауыздықтаған күреңді.
Алшайып мініп тарпанға,
Күмістеп салған жүгенді.
Бүлдіргі тағып қайыстан
Қынына кездік сайлаған.
Дуылға киіп, ақ сауыт
Қарына қалқан байлаған.
Көк бөрі, көк жал көкке ұлып.
Ата дұшпанға кектенеп.
Күлтегін бабам баһадүр
Қылышынын қаны кепеген.
Орхонның бойын жаз жайлап,
Қыратын қыста тепкен ем.
Сахарға құрып салтанат
Қашалып тасқа жеткен ем.
Арқа бұрып сан жылғы ерегестен,
Еркін кезіп Шу бойын өре көшкен.
Қазақ деген тұлпардай халықпыз ғой
Тұсауын Жәнібек пен Керей кескен.
Заман-дәуір, тұлғалар асыл шаған,
Дұшпан шауып құтынды қашыр маған.
Ақкиіз Абылайды аспанға атып ,
Көлденен көк атты кеп басынбаған.
Бұқар жырау бүкілдеп көмекейі
Шебінен жау,бастан сөз асырмаған.
Қамыр қысар мойының қылыш шапқан ,
Кенесарым расында, қырағым ең.
Сіңірін жатса дағы суырып ап,
Қайран бабам , қайтадан тұра білген .
Намысын нар атаңға жүк қып артып,
Қамын ойлап қазақтың құла мінген.
Бас жерге лайықтан түскенінше
Мөр басқан тұлпарының тұяғымен.
7 «б»сынып оқушысы Нұрмұханбет Айдос.
Ғасыр үні Мұқағали!
Мұқағали!
Келбетіне тамсанам,
Жырлап өткен талай жырды, аңсағам.
Мені талай тамсандырған тамырын
Сізді шіркін, қандай құдірет жаратқан.
Ұшып өткен, жырлай өткен құспысыз
Қанат байлай төңірегімде жүрмісіз.
Қалам, қағаз, поэзиямен ерітіп,
Тасып өткен сол заманғы теңізсіз.
Жанға жағар кереметтер көнілдің
Бірге жырлар ғажайыптар жолыққан.
Өмір өлең поэзия от жалын!
Осыны мен сізді тани ұғындым.
Жалғыздық па? Жанынызда адасқан
Әлде мүмкін сезім бе еді сырласқан.
Ғұрпы тарау тарих беті мұндайды
Ғасыр үні-Мұқағали жырлайды.
7 «б»сынып оқушысы Нұрмұханбет Айдос.
Анашым
Ерте кезде анама кеп еркелеп,
Бала жүрек арман етер бір тілек.
Ерте есейіп кетсем екен деуші едім ,
Енді міне жетіппін-ау, ертерек.
Алдында қалай өтеймін ауыр, парызым
Өтелмес мәңгі, алдында сенің жалғызың,
Алланың егер алдына келер сәт туса,
Анашым сені бергені үшін қарызбын.
7 «б»сынып оқушысы Нұрмұханбет Айдос.
Кітапхана - білім шуағын төгетін нұрлы мекен
Кітапхана –дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі.
Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп- өркендеуі кітаппен тығыз байланысты.
«Кітап - білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағлымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет.Ол үшін терең білім , ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.
Кітап –адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді , жерді сүюге талапты, кішпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Одан ақыл-кеңес, тәлім – тәрбие,үлгі-өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз.
Мектеп кітапханасының атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстар мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылды. Мысалы: «Қазақ тілі-байсалды баба тілім, Қазақ тілі-ол менің ана тілім» атты кітап көрмесі, « Адамшылдықтың шуағы сөнбесін» тәрбие сағаты, «Тәуелсіздікке 23 жыл» кеш, «Тәуелсіз Қазақстан» ауызша журнал, Фариза Оңғарсынова «ӨЛЕҢ СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМ» атты поэзия сағаты, «Ғалым, саяхатшы ,этнограф Ш.Ш. Уәлихановтың туғанына(1835-1865) - 180 жыл библографиялық шолу» , «БАР ҚАЗАҚ ҚАДІРЛЕГЕН ҚАДЫР АҚЫН» атты поэзия кеші, тағы да атаулы бір көрме ол Қазақ хандығының 550 жылдығына «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы - Қазақ хандығы» деп аталады, «Ер есімі ел есінде» кітап көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ лицей оқушыларының тарихты білуге, өткенін білуге, өткенін деген қызығушылықтары мол.
Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда.
Өмірде бар нәрсе өзгерді, кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ.Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терзесін тең ететін күш-білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ-егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан - дүниесі бай,білім мен біліктілігі жоғары,талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз.
Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамдық тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішпейілдік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік,тағы басқа қасиеттер болу керек.
Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық, рухани адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет.
Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі-мектеп кітпханасы. Кітапханалар сол оқу орындарындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері-халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет-ғұрпы мен салт –дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын, сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттаудамыз.
Елбасымыздың «Қазақстан-2030» бағдарламасында «ХХI ғасырда білімсіз мүмкін емес.
Халықты салауатты да, біліктілікке бағыттауымыз керек»-деген сөздері бүгінгі ұрпақ,ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма тәрізді. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық.
Осыған орай еліміздегі бірден - бір рухани қазына ордасы - мектеп кітапханасының алар орны зор.
Оқу процесін қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын-мектеп кітапханасы.Мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет көрсете отырып , сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін мәдени орын.
Бүгінгі таңда лицей кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, лицейдің өркендеуімен қалыптасуы, оның жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруде. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен жұмыс жасай білуге үйрету-кітапхана қызметінің міндеттерінің бірі.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы кітап шығару ісі қолға алына бастады.Соның бір айғағы кейінгі жылдары «Мектеп», «Жазушы», «Алматыкітап», баспаларынан шыққан балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапхана қорлары толықтырылып, жасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылықтары арта түсуде. Мектеп партасында отырған жасөспірімдер мен бүлдіршіндерді рухани байыту - кітапхананың төл ісі.
Мектеп кітапханасы - мектептің жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық , көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы-кітапхана. Сондықтан да, мектеп кітапханасы - білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы.