kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?СТАЗЫМ – ?ЛА?АТЫМ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:о?ушыларды м??алімдерді ??рметтеуге, адамгершілікке, ?дептілікке баулу ,?стаз е?бегін  ба?алай білуге т?рбиелеу. Артистік ,шы?армашылы? ?абілеттерін шы?дау,бастамашыл,шы?армашыл  болу?а ы?пал ету                                                                                                      Ісшара т?рі:мерекелік сазды ба?дарлама                                                                                    
К?рнекілігі: шарлар,плакаттар

Ісшара барысы

(музыка ?уенімен ала?сыз ойнап ж?рген балалар. ?о?ырау ?ні .)

11сын о?ушылары

-Балалар, мектепке бармайсы?дар ма?

Балдыр?ан

-Мектеп?Мектеп деген ол не ?зі?

Оны? бар ма м?рны,аузы,к?зі?

11сын. -Мектеп –ол ?лкен орда,

О?имын дегені? б?рі сонда

Балдыр?ан. Мектепте ?йренді? сен нені ?

К?п пе оны? сендерге бергені?

11сын о?ушылары. 1.Мектепте б?ріміз білім аламыз,

Жан-жа?ты дамып санамыз.

Біз секілді а?ылшын тілін ме?гересі?.

Мектепте домбыра ?а?уды да ?йренесі?.

?йірмеде билегенде бір ?ажап к?йге енесі?,

?н саба?ына ?атысып ?н айтасы?.

Интерактивті та?тадан жа?алы?пен ?айтасы?.

2.Спортты? неше т?рімен шыны?асы?,

?арны? ашса асханадан сусын ішіп тыны?асы?..

Мектебім мінеки,а? ордам тым ас?а?

Достарым,?стазым т?р ?не ?ол б?л?ап

Балдыр?ан .?стаз кім?

11сын

3.?стаз ба?Ол-ана,

?мірде сені де,мені де

?а??ызбай ?сірген ешкімге

-?стаз кім?

4.М??алім ол дана

Жас?а да ,?арт?а да

?ам?оршы сол ?ана.

Балдыр?ан.?стаз кім?

5.?стаз ол дихан,

Шы?да?ан ерлікке ,дарыт?ан мол білім, мол сана

Балдыр?андар.  М??алім-ол басты? па?

(Хормен) 6. ?стаз деген – жары? к?ні ?аламны?,
?стаз деген – анасы ол адамны?.
Б?кіл ?лем мойындайды е?бегін,
Сен де одан адам болып жаралды?.
?стаз с?зін айтып ж?рдік ?н ?ылып,
Одан бас?а ж?рген кім бар жанды ??ып.
?стаз деген – ?лыларды? ?лысы,
?асиеті бас иелік м??гілік!

1.Ж?рі?дер ,??іліп мектепті? сырына

Шы?айы? білімні? шы?ына

(11сын о?ушылары балдыр?андарды жетелеп кетеді.)

1- ж?рг. Армысыздар, бармысыздар,   ?ош келді?іздер,  ??рметті де аяулы  ?стаздар! Б?гін бізде ?лкен мереке. Б?гін ?стаздар ?ауымыны? т?л мерекесі. Олай болса, б?гінгі к?н ?стаздар?а арналма?. ?стаз -?ла?атты есім. К?н с?улесі ?мірге ?андай жары? берсе, ?стаз есімі де ш?кірттерге к?ндей жары? береді

.А?ырын ж?ріп аны? бас

.Е?бегі? кетпес дала?а

?стазды? еткен жалы?пас,

?йретуден бала?а, – деп Абай атамыз айт?андай, ш?кірттеріні? ?зінен оз?анын кала?ан ?стаздар ?ауымы, мерекелері?із ??тты болсын!

 Ал?аш?ы с?з кезегін мектеп директоры Т.Абзалбековке  береміз  (??тты?тау с?з)

2-ж?рг.Ата?-да??ы а?ыз бол?ан талай?а,
А?алар?а ба?а беру о?ай ма?!
Баулы?ан темірдейін т?ртіпке,
Мы? рахмет Тілеу?абыл  а?ай?а( г?л ?сыну)

1- ж?рг. Пейілдері ?аза?ты? ке? даласындай,

?стаздар бар ортамызда осындай

Мектебіні? ?жымын бас?ар?ан,

К?зіні? а?ы мен ?арасындай.

Сіздерден бастау алар бізге ілім

Ізденіспен  ?теді ?рбір к?ні?,

Бірінші ?н сіздерге арналады.

Басшылары білім ордасыны?

?н «   Мерекем     » орындайтын: Шаймерденова А.

2-ж?ргізуші  ?стаз! Осы бір с?зге тере? ??ілсек ?аншама м?н– ма?ынасы бар, ?асиетті ??ым екеніне к?з жеткіземіз. «Жа?сы м??алім – мектепті? ж?регі» деген  Ы.Алтынсарин атамыз. Ж?рексіз ?мір болмаса, м??алімсіз білімні?, т?рбиені? іске аспайтынды?ы белгілі.  ?ылым иесі  ?алым да, ал ?ор?а?ан батыр да, тілінен бал там?ан а?ын да, мал ба?ып тер т?ккен шопан да, к?к к?мбезінен ?рі ?ткен ?арышкер де - б?рі-б?рі ?стаздан т?лім ал?ан, сонды?тан б?гінгі барлы? ??рмет ?стаздар?а арналады.

(сахна сыртынан балдыр?ан )А?а,мектепке ал?аш бар?аныз есінде ме?

11сын.  ?лі есімде мектепке ал?аш бар?аным

Сумка асынып , д?птер, ?алам ал?аным

Бір б?рышында сол сумканы? жат?аны

Кеней са?а,кендір баулы ?арма?ым

 ?лі есімде отыр?аным парта?а ,

Та?дана кеп ??ілгенім карта?а

 Жайдары ашы? м??алима жас ?ызды?

Т?зу отыр деп ?а??аны ар?а?а

Сипады да басымнан ?ліппені ?сынды

Ба?ытымны? осыдан бастал?анын т?сіндім .

1- ж?рг.Ал?аш “?ліппені?” бетін ашып, ?ріп таныт?ан, ?мірді? ?ыр-сырын білуге, сан ?илы ??былыстарды тере? т?сінуге м?рынды? болып, жан д?ние?е н?рлы шуа? т?сіріп, адамгершілікке баулы?ан м??алімні? бейнесі к??іл т?рінен орын алады ?ой.?стаз  да ба?бан  сия?ты. Ол ?р адамны? жанына білім д?нін себеді,г?л ашпа?ан ба?шадан жеміс к?теді.Осы орайда «білім негізін беретін » бастауыш сынып м??алімдеріні?  е?бегін ерлікке  балау?а болады  ??рметпен бастауыш сынып м??алімдерін орта?а ша?ырамыз.(музыка ойналып т?рады)

С?ра?тар. Райгул апай, ал?аш?ы ?стазы?ыз жайлы айтып берсе?із.

Бар??т апай,о сы уа?ыт?а дейін ?анша ал?аш?ы ?о?ырау, ?анша со??ы ?о?ырау ?тті?

Н?рг?л апай.Ал?аш ?стаз болып келгендегі ?ызы?ты о?и?аны есі?ізге т?сіріп к?рі?ізші (Жа?сы.сыйлы?тарды ?абыл алы?ыздар.келесі ?н-шашу сіздерді? ??рметтері?ізге)
 ?н. «?стазыма»1-сын.о?ушысы Темірлан

2-ж?р.Тарих п?ні жа??ыртады жады?ды

Таза ?стау?а ы?пал етер ары?ды

Болаша??а ?олын сермеп ме?зейді.

Жары? етеді та?ы?ды ,?астерлейді  бары?ды.

1-ж?рг: «?аза? тілім, ?з тілі?, ана тілі?,
М?хтар, Абай с?йлеген дана тілі?.
Таза с?йле, тере? ??, к?п-к?п ізден,
Жо?ары ?ста м??гілік тілді? пірін», - деп
Зердемізге ??ятын,
Бар ізгілік бойларына сыятын.
Ту?ан д?ст?рі, салт-сананы? тірегі,
Б?л ?стаздар, алда ж?рер ?немі.-деп ?аза? тілі ж?не ?о?амды? п?ндер м??алімдерін орта?а ша?ырайы?

2-ж?р. Мерекелерініз ??тты болсын!Саба?та сіздер ыл?и ойлары?ды халы? даналы?ымен т?йінде дегенді к?п айтасыздар.Б?гін біз сіздерге ?зіл аралас с?ра? ?ойма?шымыз.Шарты:ма?алмен жауап беру керек

?андай бастар ?азан?а сыймайды?

-Тауы? т?с к?ре ме?

?ар?ысты? е? жаманы не?

Жы?ыл?ан адам к?ле ме?

?ар?а,кірпі с?йлей ме?

Неден не жаман?

Кім к?лкіге,кім ?й?ы? а тоймайды?

Ата-ананы? ?адірін ?ашан білесі??

Ет жемесе? т?сі?ізге кіре ме?

Тонда неге от?а тастайды?

К?рмес кімді к?рмейді?

-Рахмет.( сыйлы?тарын беру)Келесі ?н –шашу сіздерге арналады.?лтжанды ?стаздарымызды? ??рметіне Жанн?р мен Жандосты? орындауында «?аза?тай ел ?айда»?нін ?абыл алы?ыздар.

1-ж?ргізуші К?ллі ?мірін жеткіншекке арна?ан

                 М??алімді арда?тайды барша жан

                  Ол мектептен шы?паса да ?ыс- жазы,

                  Жемісі оны? жерді? ж?зін шарла?ан

                   Бала десе ойламайды ?з ?амын

                   Керсем дейді к?нге де кол соз?анын            

                   Ш?кіртіні?  ?зінен де оз?анын. –десек те,  мені ?азір м??алімдер кім болуды

 армандайды екен деген с?ра?ты? ?инап т?р?аны...

1-ж?р.М??алімдер ?сте ?ртіс, жазушы, сот, басты?, сыла?шы, майлаушы немесе еден сыпырушы ,ба?бан болуды армандамайды. ?йткені:

-?р м??алімні? ж?мыс б?лмесі, отыратын ж?мыс ?стелі, ?арма?ында  15- 20 о?ушысы бар, кішігірім басты? емес пе? Ашса ала?анында, ж?мса ж?дыры?ында, – дегендей ?рыс, т?белес ж?ніндегі, бала мен ата-ана дауын да бір ?зі шешіп отырады.-

2-ж?ргізуші ?р м??алім ?з саба?ыны? шебері, яки режиссері, к?бінесе басты р?лде де ?зі ойнайды. ?ртіс демей к?р, к?не. К?пшілік к?рініске де ?зі ?атысады.Бір тыным жо?. Кабинет тазалы?ы да ?з мойнында. Демек, майлаушы да ?зі,  сылаушы да ?зі. Безендіруші де ?зі.

 1-ж?р Жазушылар?а келер болса?, тіпті кейбір жазушылары?ыз да, м??алім ??сап к?нде жазу?а отырмас.Кейде ?й аралап почташы,о?ушыны іздеп ізкесуші ...жаз болса ш?п ора?ына ?атысып шаруа да болады

2-ж?ргізуші ?стаздарымыз сан алуан ?осымша маманды?тар ме?геруде. Ендеше ?ай мекемеге ?андай маманды? иесі ?те з?ру болса, 2-3 айлы? жаз?ы демалыс кезінде бізді? ?стаздарды ша?ырулары?ыз?а болады.Айтпа?шы,со??ы кезде бухгалтер мен кассир де ?здері дегендей...

1-ж?р -Кассир демекші,«?ылымдар падишасы-математика» ,«?мірді? ?зі есеп,есеп білмегендер есек»... жжоо? ,со??ысыны? бізге еш ?атысы жо?,осы п?нге деген ?ызы?ушылы?ымызды оятып,аянбай тер т?гіп ж?рген  политехникалы? п?ндер бірлестік  м??алімдерін ?арсы алайы?!

2-ж?ргізуші Мерекелерізбен! Б?гін ?стаздар о?ушы болсын, біз м??алім болып емтихан алып к?рейік.

1-Ж?ргізуші:-ендеше тынышты? са?та?ыздар! М??алімдерге арнал?ан емтиханымызды бастаймыз. /М??алімдерге шарлар ?лестіріледі. ?р шарды? ішінде с?ра?тар бар. М??алімдер шарды жарып, с?ра?тар?а жауап беруі керек/.

С?ра?тар:1.         Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, ?обызда бесеу. Б?л не? /?ріп/

2.         Б?л санда ?анша ?ріп бар болса, сонша сан бар. Ол ?ай сан? /Ж?з/

3.      Т?йе  ,бота ма? бас?ан,

Т?рт ая?ын те? бас?ан.

Тілік ??ла? бес ешкі,

?ос-?ос ла?ты ?ос ешкі.

Т?рт ?озылы екі ?ой,б?рін бірге ойлап ?ой    (2 т?йе,11 ешкі, 6 ?ой,19 мал)

 4.         Те?ізде ?андай тас болмайды? /??р?а?/

5.         Ертісті? ортасында не бар? /Т ?ріпі/

6.         ?зі судан шы?ады, біра? судан ?ор?ады. Б?л не? /Т?з/

7.А?паратты са?тап тарат?ан

Ж?ртты ?зіне ?арат?ан (компьютер)

8.12 т?йе,10 жыл?ы

8 сиыр,5 ешкі.

Екі жарым ?оян,?ш т?лкі

Б?лар нені білдіреді? (т?лдеу мерзімін)

9. Жел со??анда тау ы? бола ма? /Ы? болады/

2-ж?ргізуші Сіздерге к?п рахмет, аяулы да мейірбан ?стаздар. ?здері?ізге арнал?ан ша?ын сыйымызды ?абыл алы?ыздар.

1-ж?ргізуші. Математика- анасы бар білімні?

Ал?ыс ж?не айтамыз сіздерге мы?

Келесі ?нді арнаймыз сіздерге.

??рметтеумен ?тсін деп ш?кірттері?

?н . «Г?лд?урен» орындайтын:С?лтанова А.

2-ж?ргізуші М??алімді жа?сы к?рем анамдай

?иналамын ?ымбат те?еу таба алмай

?з баласын тастап кетіп ?йіне,

Ел баласын о?ытады, ой Алла-ай.

М??алімді жа?сы к?рем сезімтал,

?лгі етемін ?негелі с?зін бал

М??алімні? м??алімін танимын,

К?кіректе к?рет??ын к?зім бар.

1-ж?ргізуші ?рпа? ?амын анасындай ойлайды.

Болаша??а жетелейді,тол?айды.

?ркениетті адам болам десе?із ,

Шет тілін білсе? арты? болмайды.-деп шет тілдер п?ні м??алімдеріне ??рмет к?рсетіп орта?а ша?ырайы?.

Мерекелері?із ??тты болсын!

Сіздерді?  міндеттері?із- ?зге тілді? с?з  сырын еркін ме?герту,осы?ан байланысты т?рлі с?здікпен ж?мыс жасатасыздар.Сіздерге мынандай тапсырма:атал?ан с?зге ?зілмен т?сіндірме беріп кетесіздер,т?сіндірме с?здік.ендеше ты?дайы?  .Мысалы:саба?та?ы жа?дай-тар жол,тай?а? кешу            

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?СТАЗЫМ – ?ЛА?АТЫМ »

«ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТЫМ»

Мақсаты:оқушыларды мұғалімдерді құрметтеуге, адамгершілікке, әдептілікке баулу ,ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Артистік ,шығармашылық қабілеттерін шыңдау,бастамашыл,шығармашыл болуға ықпал ету Ісшара түрі:мерекелік сазды бағдарлама
Көрнекілігі: шарлар,плакаттар

Ісшара барысы

(музыка әуенімен алаңсыз ойнап жүрген балалар. Қоңырау үні .)

11сын оқушылары

-Балалар, мектепке бармайсыңдар ма?

Балдырған

-Мектеп?Мектеп деген ол не өзі?

Оның бар ма мұрны,аузы,көзі?

11сын. -Мектеп –ол үлкен орда,

Оқимын дегенің бәрі сонда

Балдырған. Мектепте үйрендің сен нені ?

Көп пе оның сендерге бергені?

11сын оқушылары. 1.Мектепте бәріміз білім аламыз,

Жан-жақты дамып санамыз.

Біз секілді ағылшын тілін меңгересің.

Мектепте домбыра қағуды да үйренесің.

Үйірмеде билегенде бір ғажап күйге енесің,

Ән сабағына қатысып ән айтасың.

Интерактивті тақтадан жаңалықпен қайтасың.

2.Спорттың неше түрімен шынығасың,

Қарның ашса асханадан сусын ішіп тынығасың..

Мектебім мінеки,ақ ордам тым асқақ

Достарым,ұстазым тұр әне қол бұлғап

Балдырған .Ұстаз кім?

11сын

3.Ұстаз ба?Ол-ана,

Өмірде сені де,мені де

Қаққызбай өсірген ешкімге

-Ұстаз кім?

4.Мұғалім ол дана

Жасқа да ,қартқа да

Қамқоршы сол ғана.

Балдырған.Ұстаз кім?

5.Ұстаз ол дихан,

Шыңдаған ерлікке ,дарытқан мол білім, мол сана

Балдырғандар. Мұғалім-ол бастық па?

(Хормен) 6. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

1.Жүріңдер ,үңіліп мектептің сырына

Шығайық білімнің шыңына

(11сын оқушылары балдырғандарды жетелеп кетеді.)

1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар,   Қош келдіңіздер,  Құрметті де аяулы  ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді

.Ақырын жүріп анық бас

.Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Т.Абзалбековке береміз (құттықтау сөз)

2-жүрг.Атақ-даңқы аңыз болған талайға,
Ағаларға баға беру оңай ма?!
Баулыған темірдейін тәртіпке,
Мың рахмет Тілеуғабыл ағайға( гүл ұсыну)

1- жүрг. Пейілдері қазақтың кең даласындай,

Ұстаздар бар ортамызда осындай

Мектебінің ұжымын басқарған,

Көзінің ағы мен қарасындай.

Сіздерден бастау алар бізге ілім

Ізденіспен өтеді әрбір күнің,

Бірінші ән сіздерге арналады.

Басшылары білім ордасының

Ән « Мерекем » орындайтын: Шаймерденова А.

2-жүргізуші Ұстаз! Осы бір сөзге терең үңілсек қаншама мән– мағынасы бар, қасиетті ұғым екеніне көз жеткіземіз. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтындығы белгілі. Ғылым иесі ғалым да, ал қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, мал бағып тер төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де - бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан бүгінгі барлық құрмет ұстаздарға арналады.

(сахна сыртынан балдырған )Аға,мектепке алғаш барғаныз есінде ме?

11сын. Әлі есімде мектепке алғаш барғаным

Сумка асынып , дәптер, қалам алғаным

Бір бұрышында сол сумканың жатқаны

Кеней сақа,кендір баулы қармағым

Әлі есімде отырғаным партаға ,

Таңдана кеп үңілгенім картаға

Жайдары ашық мұғалима жас қыздың

Түзу отыр деп қаққаны арқаға

Сипады да басымнан әліппені ұсынды

Бақытымның осыдан басталғанын түсіндім .

1- жүрг.Алғаш “Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.Ұстаз  да бағбан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді,гүл ашпаған бақшадан жеміс күтеді.Осы орайда «білім негізін беретін » бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегін ерлікке балауға болады Құрметпен бастауыш сынып мұғалімдерін ортаға шақырамыз.(музыка ойналып тұрады)

Сұрақтар. Райгул апай, алғашқы ұстазыңыз жайлы айтып берсеңіз.

Барқұт апай,о сы уақытқа дейін қанша алғашқы қоңырау, қанша соңғы қоңырау өтті?

Нұргүл апай.Алғаш ұстаз болып келгендегі қызықты оқиғаны есіңізге түсіріп көріңізші (Жақсы.сыйлықтарды қабыл алыңыздар.келесі ән-шашу сіздердің құрметтеріңізге)
Ән. «Ұстазыма»1-сын.оқушысы Темірлан

2-жүр.Тарих пәні жаңғыртады жадыңды

Таза ұстауға ықпал етер арыңды

Болашаққа қолын сермеп меңзейді.

Жарық етеді таңыңды ,қастерлейді барыңды.

1-жүрг: «Қазақ тілім, өз тілің, ана тілің,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілің.
Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,
Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін», - деп
Зердемізге құятын,
Бар ізгілік бойларына сыятын.
Туған дәстүрі, салт-сананың тірегі,
Бұл ұстаздар, алда жүрер үнемі.-деп қазақ тілі және қоғамдық пәндер мұғалімдерін ортаға шақырайық

2-жүр. Мерекелерініз құтты болсын!Сабақта сіздер ылғи ойларыңды халық даналығымен түйінде дегенді көп айтасыздар.Бүгін біз сіздерге әзіл аралас сұрақ қоймақшымыз.Шарты:мақалмен жауап беру керек

Қандай бастар қазанға сыймайды?

-Тауық түс көре ме?

Қарғыстың ең жаманы не?

Жығылған адам күле ме?

Қарға,кірпі сөйлей ме?

Неден не жаман?

Кім күлкіге,кім ұйқығ а тоймайды?

Ата-ананың қадірін қашан білесің?

Ет жемесең түсіңізге кіре ме?

Тонда неге отқа тастайды?

Көрмес кімді көрмейді?

-Рахмет.( сыйлықтарын беру)Келесі ән –шашу сіздерге арналады.Ұлтжанды ұстаздарымыздың құрметіне Жаннұр мен Жандостың орындауында «Қазақтай ел қайда»әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

                 Мұғалімді ардақтайды барша жан

                  Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

                  Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

                   Бала десе ойламайды өз қамын

                   Керсем дейді күнге де кол созғанын            

                   Шәкіртінің өзінен де озғанын. –десек те,  мені қазір мұғалімдер кім болуды

армандайды екен деген сұрақтың қинап тұрғаны...

1-жүр.Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы немесе еден сыпырушы ,бағбан болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 15- 20 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі, бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.-

2-жүргізуші Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі,  сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

1-жүр Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.Кейде үй аралап почташы,оқушыны іздеп ізкесуші ...жаз болса шөп орағына қатысып шаруа да болады

2-жүргізуші Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.Айтпақшы,соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері дегендей...

1-жүр -Кассир демекші,«Ғылымдар падишасы-математика» ,«өмірдің өзі есеп,есеп білмегендер есек»... жжооқ ,соңғысының бізге еш қатысы жоқ,осы пәнге деген қызығушылығымызды оятып,аянбай тер төгіп жүрген политехникалық пәндер бірлестік мұғалімдерін қарсы алайық!

2-жүргізуші Мерекелерізбен! Бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

1-Жүргізуші:-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.

Сұрақтар:1.         Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2.         Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3.      Түйе  ,бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Тілік құлақ бес ешкі,

Қос-қос лақты қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой,бәрін бірге ойлап қой (2 түйе,11 ешкі, 6 қой,19 мал)

4.         Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5.         Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6.         Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

7.Ақпаратты сақтап таратқан

Жұртты өзіне қаратқан (компьютер)

8.12 түйе,10 жылқы

8 сиыр,5 ешкі.

Екі жарым қоян,үш түлкі

Бұлар нені білдіреді? (төлдеу мерзімін)

9. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

2-жүргізуші Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші. Математика- анасы бар білімнің

Алғыс және айтамыз сіздерге мың

Келесі әнді арнаймыз сіздерге.

Құрметтеумен өтсін деп шәкірттерің

Ән . «Гүлдәурен» орындайтын:Сұлтанова А.

2-жүргізуші Мұғалімді жақсы көрем анамдай

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

1-жүргізуші Ұрпақ қамын анасындай ойлайды.

Болашаққа жетелейді,толғайды.

Өркениетті адам болам десеңіз ,

Шет тілін білсең артық болмайды.-деп шет тілдер пәні мұғалімдеріне құрмет көрсетіп ортаға шақырайық.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Сіздердің міндеттеріңіз- өзге тілдің сөз сырын еркін меңгерту,осыған байланысты түрлі сөздікпен жұмыс жасатасыздар.Сіздерге мынандай тапсырма:аталған сөзге әзілмен түсіндірме беріп кетесіздер,түсіндірме сөздік.ендеше тыңдайық  .Мысалы:сабақтағы жағдай-тар жол,тайғақ кешу            

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым.

“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

2-жүргізуші:                Жақсы жандар жанымызда әрқашан

                                       Ұлағатты сөзін биік ұстаған

                                        Ардақты ұстаз асыл анаң секілді                                                   

                                        Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

1-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

2-жүрг. Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы  ұстаз-аналар,Балғабаева Аружанның орындауында қабыл алыңыздар ! 

1- жүргізуші:
Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз
Мұз боп қатып, жанартау боп сабақтарда қайнаймыз.
Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,
География, саяхатқа шығамыз деп жайнаймыз

2-жүргізуші:
Табиғат құдіретіне таң қаламыз

Бас иіп қасиетіне жар саламыз

«Жеті жұмбақ-жеті жұмақ» сіздермен

Құпияны ашқан сайын тамсанамыз – деп айналамызды танытуда ерінбей еңбектеніп жүрген жаратылыстану бірлестік пәні мұғалімдерін қарсы алайық.

  1. жүргізуші:Адамдардың табиғатсыз өмірі жоқ екені анық,өйткені өмірге қажетті бар нәрсені табиғаттан алады.Сіздерге тапсырма:ұстаздық өмірлеріңізді өз пәнініздің тілінде сөйлетіп көріңіздер.Мыс:адамның оттегісіз өмір сүре алмайтыны сияқты ,маған сүйікті мамандығымсыз өмір сүру қиын.Бірақ жұмыстың ашық күні де,жаңбырлы қиын кезі де болады,кейде торнада,цунамиларға түсетін кезің болады т.б

(Мұғалім жауаптары)

Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы ісімді мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Өнерімен шаттандырам,-дей отырып келесі орындалар « Қара жорға» биі сіздердің құрметтеріңізге

2-Жүргізуші Шынығамыз жүгіріп,ойнаймыз көп.,

Тартыламыз турникке,қуамыз доп..

Барлық бала ол пәнді жақсы көреді

«Барлығымыз спортшы боламыз»-деп.

Үйдің мықты болуы ағашынан,

Қымыздың күшті болуы сабасынан.

Өреннің өнерпаз атануы,

Үйреткен тәлім берген ұстазынан –деп сурет салып сыздырған,қолдарынан бал тамған,желден жүйрік ең өнерлі бірлестік мүшелерін ортаға шақырамыз.

1 -жүргізуші Мерекелерізбен! Сіздердің өнерлі,шығармашыл ,тапқыр ,жылдам екендіктеріңізді ескеріп «Қолтырауын » (Крокодил)ойынын ойнатқымыз кеп тұр.Қалтырауынды естіп қалтырамаңыздар .Ойын шарты:мұнда бір зат жазылған.Сіздер соны қимыл,ым-ишарамен көрсетесіздер,көпшілік тапса, жеңіс сіздікі.

*    *    *

 2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

2-жүргізуші:                Сусындап сіздер берген мол біліммен

Балаға әр кез нұсқар жолды білген.

Рахметті жаудырып ұстаздарға

Бұл кешті тамандайық соңғы әнмен.

Хор «Ұстазым»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?СТАЗЫМ – ?ЛА?АТЫМ

Автор: Кудашбаева Айн?р Зейнолла?ызы

Дата: 10.01.2015

Номер свидетельства: 152790


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства