kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сынып сағаты ұлт тәрбиесі туралы.Жасөспірімдерді ұлт тәрбиесіне тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы»

Тақырыбы:  Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы
Мақсаты:   Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, қолөнер бұйымдары, слайд, шарлар.
Түрі:  танымдық кеш
Барысы:
1. Ұйымдастыру
Тренинг « Шуақты күн»

Тәрбиешінің кіріспе сөзі
Ой толғаныс
.
-Құндылық дегеніміз не?

-Ұлттық тәрбие құндылығы неде ?
Оқушылар өз ойларын айтады.

Бейнеролик көрсету «Қазақ отбасындағы бала тәрбиесі»

Тәрбиеші :- Қайырлы күн, құрметті тәрбиешілер!Бүгін біз сіздермен «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Менің елім — Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі.

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев.


Тәрбиеші:— «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деп Мағжан Жұмабаев атамыз жазғандай, бүгінгі оқушы – егеменді еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерсек, «осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті, ұлтжанды азаматтар шыға қояр ма екен? » деген ой көпшілігімізді толғандырады.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі — ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп, өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады.
Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры – ел тағдыры. Себебі, еліміз бен тіліміз болашақ үшін бірнеше тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей, ақыры мақсатына жетті деп жатамыз.Сіздердің тілге деген көзқарастарыңыз қандай?

Қайымхан:          

Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін

Қайта тудым, өмірге қайта келдім

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

Нұрасыл:       

 Көк байрағым, ар-намысым жігерім,

Әнұраным қайрат күшім тірегім.

Елтаңба бүкіл елдің тарихы,

Тұрмыс салтым, тағы сонда білемін

Алмас:              

 Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар ,ата – жолысалтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.

Тәрбиеші:   Қазақ халқы -3,5,7 сандарын киелі санаған.

Ендеше, осы сандар туралы не білеміз екен?  Қане, айтып көрейік.

              Үш көз:
Су анасы-бұлақ
Жол анасы- тұяқ
Сөз анасы –құлақ

Үш арсыз:       Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.

Үш қуаныш: 1.Алғыс алу.  2. Өзіңді көптің іздеуі    3.  Ісіңнің өшпеуі

Бес қару:   Айбалта,найза, қылыш, садақ, мылтық.

Атақты қазақтың ақыны Абай Құнанбайұлы жастарды білімге , тәрбиелі болуға шақырған өлеңі «Ғылым таппай мақтанба»

Ақжол:               

  Бес ақыл, бес дұшпан

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге қашық бол,

Адам болам десеңіз…

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз

Талап,еңбек,терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.

Тәрбиеші:                   

Жеті жетекші:

  1. Адамның басшысы-ақыл

  2. Жетекшісі- талап

  3. Жолаушысы-ой

  4. Жолдасы-кәсіп

  5. Қорғаны-сабыр

  6. Қорғаушысы-мінез

  7. Сынаушысы-халық

Нұржол өзінің жеті атасын айтады:             

   Жеті ата:

1.Нұрғазы 2.Атабай 3.Өмірбай     4.Қарабала   5.Тышқан 6.Бабатай       7.Байтемір

Тәрбиеші:      

Жеті қазына:

  1. Ер жігіт

  2. Сұлу әйел

  3. Ақыл, білім.

  4. Жүйрік ат

  5. Қыран бүркіт

  6. Берен мылтық

  7. Құмай тазы(ит)

Жеті жетім

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса сол жетім.

Тәрбиеші: — Біз ұлттық киімдерімізді тек мереке уақытында ғана кимей, басқа уақытта да ұлттық нақыштағы киімдерді киіп жүруді  неге дәстүрге айналдырмасқа?!
— Барлығы жастардың қолында.

Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті — әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы.«Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұңған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз. Думанымыздың келесі айдары «Ән думан».

Серік :Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Мұндай тұжырымның астарында қазақтың осынау киелі аспабын құрметтемеген, домбыра үніне елтімеген адамда қазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Мұндай жайтты өмірден көріп-біліп, ұшырастырып та жүрміз. Домбыраны қастерлеп әр үйдің төріне іліп қойған.
Домбырамен орындалатын күй – арқаны қоздырып, рух беретін, бірде сайын даланы шарлатса, енді бірде сағыныш лебі ескен самалдай болады.
Кері байланыс:

Балалар сендерге тәрбие сағаты ұнады ма?

Қорытынды

Мұғалім: Міне, балалар біз тәрбие алатын  ұлтымыздың ата-бабамыздан қалған  шешендік сөздері, салт-дәстүрі,ырым, тиым сөздері   өте көп. Олардың барлығын   бір тәрбие сағатында айтып бітіру мүмкін емес.  Әлі де  оқып білмегенімізді толықтырамыз!  ХХІ  ғасыр азаматының бойында  өркениетті  өмірге талпынатын,  ата-баба дәстүрін жалғастыратын,  кіндік қамы тамған туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін,  үлкен-кішіге мейірімді, ізетті, текті,  дені сау  азамат және азаматша болып өсулеріне  тілектеспін!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы

Автор: Боранбаева Гулнар Жумабековна

Дата: 17.12.2020

Номер свидетельства: 567454

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Внеурочная работа "?лтты? т?рбие-?лт болаша?ы""
    ["seo_title"] => string(43) "vnieurochnaiarabotaulttyktrbiieultbolashagy"
    ["file_id"] => string(6) "312448"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459343209"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Ұлттық тәрбие -ұлт келешегі""
    ["seo_title"] => string(34) "u_lttyk_t_rbiie_u_lt_kielieshieghi"
    ["file_id"] => string(6) "453807"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517387667"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "?лтты? т?рбие "
    ["seo_title"] => string(15) "u-lttyk-t-rbiie"
    ["file_id"] => string(6) "184251"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426010458"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Отбасы т?рбиесі-?лт болаша?ы» "
    ["seo_title"] => string(32) "otbasy-t-rbiiesi-u-lt-bolashag-y"
    ["file_id"] => string(6) "157065"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421521690"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "«Дін және ұлттық тәрбие»"
    ["seo_title"] => string(26) "din_zh_nie_u_lttyk_t_rbiie"
    ["file_id"] => string(6) "416140"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1494998387"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства