kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұлттық тәрбие -ұлт келешегі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама "Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұлттық тәрбие -ұлт келешегі"»






Баяндама



ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ­­– ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ


Бейсенбина Жұмагүл Айтбаевна



























ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ­­– ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ

Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы әрбір Қазақстан азаматының емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды – ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы – қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тәрбие деп білеміз. Сондықтан мұнда алдымен мемлекет жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемлекеттің мүддесі қатар тұруға тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде бүкіл адамзат баласы жасаған өркениеттермен қатар дамуға тиіс мәдениеттің (қазақ мәдениетінің) мүшесі болып саналамыз. Ендеше, адамзат баласының осы уақытқа дейін жасаған озық тәжірибелері мен жетістіктерін қолдан келгенше түгел игеріп, қажетімізге пайдалануымыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да ұлттық тәрбиедегі негізгі қағиданың біріне айналуға тиіс Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол тұлға етіп тәрбиелеу - өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазіргі қоғамда елдің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден-бір құндылық – ол жасөспірімдерді отаншылдық рухта тәрбиелеу. Қай кезде де тәрбие барысындағы өзекті мәселе – жас ұрпақты білімді және сол білімді ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір де, білікті етіп өсірумен қатар оның адамгершілік болмысын, ішкі жан дүниесін, азаматтық тұлғасын, халықтық қасиеттерін дұрыс және орнықты түрде қалыптастыру болмақ. Білімнің басты ұстанымы адамға білім беру ғана емес, сол білімді және біліммен қарулануды «руханияттандыру», «адамгершіліктендіру» болғаны аса маңызды. Қазір еліміздегі жасөспірімдер арасындағы тәрбие мәселесіне тікелей қатысты басты-басты ойлануға тұрарлық мына проблемаларды атап өтуге болады:

  • прагматикалық құндылықтарға негізделген батыстық өркениетке, батыстық мәдениет үлгілеріне талғамсыз еліктеу;

  • идеологиялық, ақпараттық экспансияның зардаптарын алдын ала ескермеу және оларға қарсы тұрудағы құлықсыздық пен шарасыздық;

  • ұлттық идеяға негізделген сындарлы идеологиямыздың болмауы, жастар арасында саяси-идеологиялық тәрбие жұмыстарының әлсіздігі;

  • мектептің тәрбие жүйесінде стратегиялық көзқарастың болмауы, оған тиісті көңіл бөлінбей, қосымша міндет деп қарау;

  • тәрбие жүйесінің ғылыми-әдіснамалық, педагогикалық-психологиялық және рухани-әлеуметтік негіздерінің осалдығы;

  • тәрбие мәселесіндегі отбасының, социумның, қоғамның рөлінің төмендеуі;

  • өзімізде барды бағаламай, өзгенің жасығына еліктеу.

Осы және басқа да толып жатқан қоғамдық әлеуметтік құбылыстардың нәтижесінде біз жасөспірімдер мен жастардың бойында келеңсіздіктер етек алуда. Сондықтан жаңа ашық білім кеңістігін жасау аясында бүкіл қоғамды жұмылдыра отырып рухани, интеллектуалдық және экономикалық тәуелсіз мемлекет орнату болашағына бағдарланған, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға үйлестірілген қазақстандық төл тәрбие тұжырымдамасын жасау және білім беру көлеңкесінде қалып қоймайтын, керсінше тәрбие мәселесін төрге қоятын тәрбие-білім жүйесін іске қосу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін басты мәселелерінің бірі деп есептейміз.

Қай заманда болмасын сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» екендігі атап көрсетілген.

Қазіргі таңда болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру ісінде осы заманғы қоғамдық және әлемдік дамудың өмірлік таңдауында жеке тұлғаны қалыптастыру басты мақсат болып отырғаны белгілі. Қазақстанда жүзеге асырылып отырған саяси идеологиялық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта құрулар, елді басқарудың демократиялық үлгісі мен нарықтық қатынастарға өту барысында мектеп оқушылары ғана емес, тұтас алғанда, қоғамның барлық мүшелері, соның ішінде ұстаздардың, ата-аналардың мақсат-міндеттері де өзгеріп отыр.

Қазіргі қоғамдағы азаматтық ұстанымның, патриоттық сезімнің, құқықтық және саяси мәдениеттің қалыптасу басымдықтары, ұлттық көзқарасты дамыту, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің, толеранттылықтың, жастар ортасындағы құқық бұзушылыққа қарсы тұруға дайындық басымдықтары жастарды тәрбиелеудегі маңызды құрам бөлігін анықтайды. Азаматтылық – тұлғаның қоғам және мемлекет алдында парыздығын сезіп және орындауда сана-сезімі жетіліп, патриоттық іргелі қасиеті дамиды. Адамның еліне деген баға жетпес махаббаты негізінде оның ойлары мен бағамы ғана емес, сонымен қатар тағдыры және өмірінің мағынасы анықталады. Тәрбиенің негізгі көзін адам мәдени-тарихи және жанұялық қалыптасқан дәстүрден алады. Осы кезеңде отбасы, халық, Отан деген құндылықтарға бағытталған тұлғаның ерекше бір «түпкілікті жүйесі» қалыптасады. Осы кезде көп жылдық тәжірибеге сүйенсек тәрбие халықтан, еліміздің мәдени-тарихи, салт-дәстүрлерінен, төл әдебиетінен және үлгі аларлық отандастарымыздан қалыптасқан.

Тамыры тереңде жатқан төл әдебиетіміз арқылы ұрпаққа ұлттық тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы. Олай дейтініміз, жас өркенге ұлттық болмысын, тарихы мен мәдениетін танытуда қазақ әдебиетінің тәлімі зор. Рухани құндылықтар мен халықтық тәрбиенің тізгінін тел ұстайтын осынау әдеби мұраларымыз баға жетпес аса құнды тәрбие көзі болып табылады. Әр заманның сырға толы тарихын, тарихымызда ойып тұрып орын алар ұлы тұлғаларды, әр заман өкілдерін көркем сөзбен көмкеріп, зерделі ұрпаққа жеткізуші де осы - ұлттық әдебиетіміз. Сондықтан да мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жас жеткіншектерді өз дәстүрі мен дінін сүйіп өсер, өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп өсер елжанды азамат етіп тәрбиелеу үшін мектеп оқушылары арасында әр түрлі байқаулар мен оқулар өткізіліп отырады. Әр байқаулардың өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары болғанымен, көздеген мақсаттары бір. Ол – оқушылар арасынан талабы зор, шығармашылық қабілеті бар дарынды балаларды айқындау. Сонымен қатар әдебиет пен өнерді бір-бірімен ұштастыра білген талапкерлердің шығармашылық қабілетін дамыту, көркем сөз шеберлерінің сөйлеу мәдениеті мен мәнерлеп оқи білу қабілеттерін қалыптастыру, көркем сөз «сұлулығының» қадірін біліп, қастерлей білуге тәрбиелеу. Тұла бойында өнер тұнған әр оқушының талабын ашып, өнер жолына бағыт берер байқаулардың ұстаздар үшін де маңызы зор. Талап пен таланты бірдей талап етер бұл байқаулардың қай-қайсысы болсын ұстаз бен шәкірт үшін берері мол.

Ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы – әдеби мұрамызды елге, ұрпаққа насихаттау мақсатында Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқулар мен байқауларды өткізіп отыру дәстүрге айналған. Жылдар өткен сайын шығармашылық сайыстардың қатарының саны артып келеді. Бұдан біздің ұтарымыз көп. Сайыстарды атап айтар болсақ, дәстүрлі түрде өтетін қазақтың бас ақыны, ғұлама Абай шығармашылығына арналған Абай оқулары, қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі атанған ақын Мұқағали Мақатаев т.б осындай оқулар аса құнды тарихи жәдігеріміз.

Өз тарихы мен әдебиетін туған тілінде оқып-білген азаматтың рухы биік боларынан ешкімнің таласы жоқ. Еліміздің әр аймағы өздерінің ірі тұлғалары мен от ауызды ақын, аузы дуалы шешен-билерін қастерлеу арқылы біріге келіп, қазақ деген іргелі елдің ұлыларын ұлықтап, мерейін биіктетпек. Барын қадірлей білер ұрпақ барда ғана ел қадір-қасиетін артырмақ. Сөз басында айтып өткеніміздей, ұлттық рухпен тәлім-тәрбие алған азаматтың пайым-парасаты терең болмақ. Осындай тәрбиенің бізде қайнар көзі бар. Тек сол қайнарды жоғалтпасақ болғаны.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ең алдымен “адами қазынамызды” молайтуды міндет етіп, балалар мен жастар тәрбиесіне қатысты үлкен жауапкершілік жүктеді. Қазіргі тәрбиенің кілті отаншылдық рухқа бағытталуы тиіс

Еліміздің білім жүйесін жетілдіру – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Соңғы жылдары Отанымыздағы білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту министрліктің, білім беру мекемелерінің барлық түрлерінің басты бағыттарының бірі болып отыр.

Білімді, адамгершілікті, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеумет сұранысына жыл сайын Президенттің тапсырмасымен мемлекет тарапынан қабылданып, жүзеге асып жатқан этномәдени, оқушыларға құқықтық және гуманитарлық білім беру тұжырымдамалары білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты, оларға патриоттық тәрбиені кешенді жүргізу бағдарламасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы, т.б. аса маңызды құжаттар жұмыс істеуде. Ал еліміздегі білім беру жүйесінде тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, баланың тәрбиеленуі, білім алуы және жан-жақты қалыптасуы, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауы, ақпарат алуы, денсаулығын нығайтуы сияқты құқықтарын іске асыруға зор мән беріліп келеді. Оны білім алушылардың бойында қалыптастыру бүгінгі күні білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылып отыр.

Осыған орай республика білім беру ұйымдарында қазіргі замандағы тәрбиенің негізгі міндеті, әрбір білім алушының сауаттылығын қамтамасыз етумен қатар, балалар мен жастарды өмір сүруге дайындау болып табылады. Осындай өзекті мәселелердің негізгі түйіні ең алдымен білім мазмұны болып табылады. Иә, білім мазмұнына қойылатын талаптар да аз емес. Сондықтан қоғам сұранысы мен талабын алдын ала қанағаттандыратын, ол үшін мектеп қабырғасындағы білім алушы оқушыға қажетті рухани-адамгершілік, азаматтық қасиеттерімен бірге, қоғамдық ортаға бейімделіп қана қоймай, осы өзгермелі заман ерекшеліктеріне сай өзінің бар мүмкіндігін пайдалы мүддеге жұмсауға дайын болатын тұлға қалыптасатындай тәрбие жүйесі қажет.

Өмір тәжірибесі көрсеткендей, тәрбие білім берумен қатар жүретін үрдіс және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет ретінде қарастырылады.Педагогика тілімен қарайтын болсақ, педагогика ұғымдағы тәрбие ұғымы:

- тәрбие, білім беру, оқыту, даму, қалыптасу, педагогикалық процесс.

- тәрбие - нақты педагогикалық мақсатты, есепті міндетті шешуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсат бағыттылы, жүйелі өзара ықпал қызмет ету процесі.

- қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлау барысында қажетті әлеуметтік іс-тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі, жас ұрпақтың оны меңгеруі.

- жеке адамның бойында белгілі бір қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру үшін мақсатты, бағытты, жоспарлы, жүйелі жүргізілетін процесс.

- ғылыми дүниетанымын, көзқарасымен сенімін, іс-әрекетін табиғи үйлестіре алатын, жан-жақты үйлесімді дамыған адамды мақсатты, жүйелі, жоспарлы қалыптастыру процессі.

- жаңа ұрпақты қоғамдық өмірге, өндіргіш еңбекке даярлау мақсатын көздеп, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені ауыстыру процесі.

Егер оқыту тәрбие үшін “ақпараттық қорек” қызметін атқарса, тәрбие оның адам игілігіне жұмсалуына кепілдік береді. Осыған қарай білім беру үрдісінде тәрбие рөлінің басымдылығы жоғары екенін көруге болады. Мұның бәрі “Білім туралы” Заңда анық көрсетілген.

Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – қоғам, ұстаздар мен ата-аналар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.

Ұлы ақын Абай айтқандай адамның алған тәрбиесі үш ортаға байланысты болатындығы бәрімізге белгілі. Ең алғашқысы ата-анасы, екіншісі ұстазы болса,соңғысы өскен ортасы. Осы үш ортада баланың негізі мықты қаланса, есейгенде ұлағатты ұрпақ шығады.

Тәрбиенің кілті – отбасына, өмір-тіршілігіне тікелей байланысты. Отбасы – адам баласының өсіп-өнетін, қаз тұрып, қанат қағатын ұясы, отаншылдық рухтың алтын бесігі.

«Ана – балаға жастық, әке – көрпе». Бұл - ұрпақтың тәрбиесіндегі бар ауыртпалық ата-ананың ғұмыр бойы мойнында деген сөз. «Отбасына қарап бала өсер, қарағайға қарап тал өсер». Мұны мойындамаған адам жас буынды жақсылыққа жетелей алмайды. Біз баланы өзіміздің мұрагеріміз үшін ғана емес, қоғамның қамын ойлайтын азамат ету жолына баулимыз. Содан да халық «Балаң өзіңе тартса – жұбан, қоғамға тартса – қуан» демей ме?! Қауымның қабырғалы азаматы, қамқор қайраткері болсын деп, түн ұйқыңды төрт бөліп, тынымсыз іздену, ұсынған тәрбиенің дұрыс-бұрыстығын үздіксіз тексеріп отыру – міне, үлкендер парызы осы. Ұрпақ тәрбиесінде кешігу дегеніміз мертігумен бірдей. Тәрбие – бала тумай тұрып, дүниеге әлі келмей тұрып басталуы тиіс, халық сондықтан да: «Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан» дейді. «Бар ғұмыры алдында, бәріне де үлгереміз әлі» деп бейғам жүретін ата-аналардың опығы аз болмайды. «Тұлпар тайдан өседі». Ендеше ел азаматын баулу ерте басталсын. «Ертең де күн бар ғой, тәйрі, бәріне үлгереміз» деп салдыр-салақ күн кешетіндердің өкініші удан да ащы боларын сезелік.

Қоғамның рухани өсуі мен дамуы, баюы сөзсіз бүгінгі мектептің қызметіне, ондағы тәрбие үрдісінің сапасы мен отбасының моральдық-этикалық мүмкіндігіне тікелей байланысты. Ал тәуелсіз қазақ халқына өз ұрпағын саналы азамат етіп тәрбиелеуде отбасының атқаратын рөлі өте зор.

Кезінде Бауыржан Момышұлына: “Осы сіз неден қорқасыз?” – дегенде батыр: “Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Біріншіден, бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам: екіншіден, немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқамын; үшіншіден, дәмді, дәстүрді сыйламайтын ұрпақ өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсең, кімді болса да шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, ата жоқ” деп қасірет болар қауіпін бүгіп қала алмапты. Айтса айтқандай, ана әлдиіне бөленіп, әже ертегісіне құлағын түріп өскен баланың қашан да тілі жатық, ойы анық, ұлттық рухы қашанда биік болады.

Ертеректе бір ғұлама: “Егер артыңда мейірімді, қайырымды, ізгілікті, бауырмал бала қалдырғың келсе, қартайғанда ол баладан қайыр күтем десең, онда тәрбие арқауын шират”, – деген екен. Олай болса, ата-анасының қадір-қасиетін бойына сіңіріп өскен баланың қашанда санасы жоғары.

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы отбасынан кейінгі әлеуметтік институт, мектеп екені бәрімізге де белгілі. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктердің жемісі осы екі институттың бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесі. Отбасы мен мектеп – бір-бірінен бөлінбейтін одақтас, тәрбиенің екі алып күші. Білім алу – бала үшін де, ата-ана үшін де күрделі сын. Баланың өнегелі, тәрбиелі, денсаулығы мықты болуының негізі отбасына байланысты десек те, мектеп ең үлкен отбасы болып саналады, себебі, балалардың балалық шағының көп бөлігі мектеп қабырғасында өтеді. Егеменді елімізде ұлттық тәрбиені жандандырып, салт-дәстүрімізді сақтап, өмірдің озығын пайдаланып, жастарымызды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, салауатты өмірге, табиғатымызды аялауға тәрбиелеуіміз қажет. Бұл іске өз үлестерін қосу барша мектеп ұстаздарымен бірге, ата-аналардың да міндеті деп білеміз. Мектеп қоғам мен отбасының өзара тәрбиелік іс-қимылын үйлестіруші қоғамдық институт болып табылады.

Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. Ол «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек», - деген екен.

Оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бір көзі – мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Сондықтан ұстаздар қауымының көтере жүгі ауыр.

Егер біз жас жеткіншектерімізді парасатты да білімді, мәдениетті де саналы етіп тәрбиелеп, дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ тәрбиелеп өсіреміз десек, барлық күш-жігерімізді мектептегі оқу-тәрбие жұмысымызды “Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы” негізінде көрсетілген бағытта тек мұғалімдер ғана емес, қалың жұртшылық болып бірлесе жұмыс жүргізілуі керек.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Ұлттық тәрбие -ұлт келешегі"

Автор: Бейсенбина Жұмагүл Айтбаевна

Дата: 31.01.2018

Номер свидетельства: 453807

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "?лт руханияты-?рпа? аманаты.?зін-?зі тану саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(60) "u-lt-rukhaniiaty-u-rpak-amanaty-ozin-ozi-tanu-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "294013"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455591853"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "«ОТБАСЫ – Т?РБИЕ БАСТАУЫ»"
    ["seo_title"] => string(24) "otbasy-t-rbiie-bastauy-4"
    ["file_id"] => string(6) "259689"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1448809677"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Баяндама «Отбасы-тәрбие бастауы»"
    ["seo_title"] => string(32) "baiandama_otbasy_t_rbiie_bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "354461"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1478071683"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Баяндама «Отбасы-тәрбие бастауы»"
    ["seo_title"] => string(34) "baiandama_otbasy_t_rbiie_bastauy_1"
    ["file_id"] => string(6) "354462"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1478071685"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "«Отбасы-тәрбие бастауы»"
    ["seo_title"] => string(22) "otbasy_t_rbiie_bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "354464"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1478071796"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства