kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Дін және ұлттық тәрбие»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Дін және  ұлттық тәрбие»

  Адамзат  тарихында Адам ата мен Хауа анадан тараған  ұрпақтардың  ұлтқа, ұлысқа бөлінуі  жаратушының  әмірінен.Жер бетіндегі әрбір  ұлттың  ұлт болып  қалыптасуы  үшін  тұрақты  жері, тарихы, тілі  мен дәстүрі  болуы керек  екенін  заманымыздың өзі талап етуде. Әр ұлт  тұрған  жеріне, ауа  райына байланысты ұлттық киімдері  болады.Құдайды  бір деп мойындаушы ақыл есі  түзу  әрбір  ұлт  өкілі харамнан тиылып, жаманнан қашықтап, жақсылыққа  бет бұрып, ерге де, әйелег де ұятты жерлерін  жауып, қыз-келіншектеріміз шаш  көрсетпей  орамал тартып, тізеден  төмен  көйлек  киіп өздеріне  жарасымды  етіп  жүру керек. Қазақ ұлтының ата-бабаларымыздан  мұра болып  келе жатқан әрбір дәстүрл-елдің сыйлы, білімді, парасаты, бірлікке және  ауызбіршілікте  болып тіршілік  жасауына  бағытталған.    

Қыз  ұзат,  келін түсіру, құда шақыру  мен  өзара қарым-қатынаста  әрбір дәстүрдің  ағайының  арасының  ажырамауында  атқарар  міндеті  деп  білсек.Жаратушының  қасиеті сөзінде: «Сондай-ақ  бір-бірлеріңді  тануларың үшін сендерді  ұлттар, рулар  қылдық» - дейді.Бұл турасында  Бас муфти Әбсаттар  қажы  Дербісәлінің  арнайы берген  сұхбатында: «Ислам адамның  абыройы менар-ожданың  бәрінен де жоғары  қояды, отбасы мен қоғам  бірлігін, ынтымағын сақтайды, әлеуметтік  әділеті көздейді» - деген сөзі  де  адамгершілік қағидаларын  сақтап  дамытудың  бағыты  деп білеміз.

Біздің қазақтың ұлттық және діни дәстүрлерінің саналы әрі тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы рөлі ұшан-теңіз.  Тәрбие ана құрсағынан басталады дейді ғылыми тұжырым. Олай болса, бала дүниеге келе салысымен болатын «Сүйінші сұрау», «Азан шақырып ат қою», «Шілдехана тойы», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» – бәрі–бәрінің өзіндік тәрбиелік орны, маңызы бар екені анық. Бүгінде жарты әлемнің ғалымдары мойындаған көшпенді мәдениетінің әлемдік өркениетте ықпалы, үлесі жайлы ойласақ, қазақ халқының ұлттық ұстанымы, түсінік–танымы, салт–дәстүрі, өмір сүру қағидалары еріккеннің ермегі емес екеніне толық көзіміз жетер еді.

Қазақстан Республикасында жас ұрпақ тәрбиесі қазақ менталитетінің бағытын ұстануы тиіс. Бала тәрбиелеуде туған тіл табиғатына көңіл бөліп, халық тәжірибесіне,дәстүріне сүйене отырып тәрбиелеуіміз керек.Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын өнеге тұтпай тұрып, жастарды ұлтын сүюге, ұлтжандылыққа, ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Өз халқының табиғи мінезін бойына сіңіріп өскен әрбір жас ұрпақ ана тілінің де қадіріне жетері сөзсіз. Халық аңыз әңгімелері, ертегілер,шешендік сөздер, тарихи мәні зор батырлық, ғашықтық, эпостық жырлар жасөспірім баланың таным- талғамына жақсы әсер ететіні белгілі.Ол студенттің өнерге деген сезімін оятады, құштарлығын арттырады, жақсылыққа, ізгілікке,парасаттылыққа тәрбиелейді, сұлу сазымен, керемет сөзімен сүйсіндіреді.Жаһандану үрдісіне өзінің ұлттық менталитетін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын,тілін, дінін, ділін сақтай білген халық қана төтеп бере алады. Сондықтан ана тіліміз, ата дініміз, ұлттық тәрбие – ұлттық мүддеге, мемлекетке,халыққа қызмет ететін рухани құндылықтар. Студенттер жүрегіне жол табатын танымдық тәрбие пәрменділігін әл-Фараби бастаған Шығыс ойшылдарының мұраларымен сабақтастыру қажет. Шығыс мәдениетінің алтын дәуірінде шыққан өшпес жұлдыздары Фердоуси, Низами, Хожа Хафиз, Омар Хаям, Жәми, Науаи, Физули, Сағдилар өз заманының батагөйі, рухани әлемнің қайнар бұлағы болғаны анық. Гетенің «Шығыстың жеті ақыны бар, олардың ең нашары менен артық жазады» дегені бар. Қазақ ұлтының дүниетанымы, ой-өрісі, әдет-ғұрпы, салт-санасы шығыстың рухани әлемімен астасып тұтастық құрады.Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді.Қазақ топырағының көзі ашық, көкірегі ояу ойшыл азаматтары бүкіл шығыс мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза білді.Кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдырды. Солардың бірі – түркі әлемінің ұлы ойшылы, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл˗Фараби бабамыз. Ол ғылым мен білімдегі, адам мен әлемдегі ең терең байланыстарды, қасиеттерді, сипаттарды құндылық ретінде өрнектей білген. Аристотелден кейінгі Ұлы ұстаз мұрасында адам тәрбиесіне де қатысты құнды дүниелер жетерлік.

   «Тәрбиелеу дегеніміз – халықтың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту» - дейді ғұлама. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бері шығыс мәдениетіне шығыс ойшылдарының мұраларына деген қызығушылық жаңа серпінге ие болды.

Н.Ә.Назарбаев: «Рухы берік, санасы ояу, мәдениеті озық, әдебиеті өрен елдің болашағы да баянды болады» − деген еді. Елбасымыз атап көрсеткендей рухы берік, санасы ояу ұрпақ тәрбиесінде діннің рөлі өте зор. « Әлемдік діндер о бастан ұлттан жоғары тұратын белгілі бір ұлтқа арнайы жіберілген құндылықтар»- дейді белгілі ғалым Амангелді Айталы. Ал дін әр ұлттық психологиясымен тарихымен тығыз байланыста болады. Қазақ халқының рухани негізі ол ислам діні. Ислам – ізгілік, адамгершілік діні. Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.): «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам» – депті. Кез келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы болады десек, ол – Ұлты, Діні және Отаны. Ол адамзат құндылықтарының негізі қалыптасқан, іздеуші, сұраушысы бар, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының өкілімін деген ұғым.

  Халқымыздың салт–дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын көреміз. Дүниеге келген баланың азан шақырылып ат қойылғанынан бастап, дүниеден өткен адамның жаназасын оқып, жер қойнына бергенге дейін, яғни тал бесік пен жер бесікке дейінгі аралықта көптеген дәстүрлеріміздің Исламнан нәр алғанын білеміз. Сондықтан да Ислам мен дәстүріміздің арасындағы қарым–қатынас өте тығыз, ажырату мүмкін емес.

    Дін ерте заманнан адамзат баласымен жасасып келеді. Әртүрлі ерекшеліктерге байланысты адамдар арасында түрлі наным-сенім формаларының туындауы және олардың әр жерде әр түрлі деңгейде қалыптаса отырып, қалыптасуы өмір заңдылығы немесе рухани қажеттілігі. Тарихи дамуға байланысты діннің формалары өзгергенінен, халыққа қызмет көрсетудегі рөлін жоғалтқан жоқ. Дін кез-келген мемлекеттің пайда болып, қалыптасу кезеңдерінде, даму үрдістерінде өмір сүріп жатқан ұлттардың ұйысуына оң ықпал етеді. Кейбір жағдайларда діндер арасында немесе қандайда бір діни ағымдар әсерімен тыныштық пен бейбітшілікке әсер етуге пайдалануды ойлаған әрекеттер де болды. Негізінде әлемдегі адамзат мойындаған дәстүрлі діндер мен конфессиялар адамгершілік пен рухани құндылықтарға бастайды. Адамдардың болмысына жақсылық пен сүйіспеншілік ұялатады. Сондықтан дін кез-келген ұлттың салт-дәстүрлерін жоққа шығармайды, керісінше олармен үндесіп қоғам дамуына оң ықпалын тигізеді. Сондықтан дін қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік және рухани дамуының маңызды құралы болып табылады.Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жалғастырып, толықтырады. Бұл орайда қоғамдағы түрлі саяси - әлеуметтік құбылыстармен қатар, мәдени-рухани даму үшін де діннің атқарар қызметі өте зор.
Ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт–дәстүрінде, ұлттық өнерінде. Оларды бір–бірінен бөліп те қарай алмаймыз. Себебі, олар бірін–бірі толықтыра отырып, тұтас бір ұлттың болмысын құрайды.Салт–дәстүрлер тек қана тәлім–тәрбие ғана емес, бұлжымас тәртіпке де негізделіп отырған.  Дәстүрдің бір сипаты – тұрақтылығында.Дәстүрдің тағы бір артықшылығы -оның өміршеңдігінде, қанға сіңіп, күнделікті өмірге қалыптасқандығында.  Егер әдет–ғұрып шариғатқа қайшы келмесе, оған Ислам діні тыйым салмайды. Орта ғасырларда күллі Ислам дүниесінде қалыптасқан, қазақ халқы да шет қалмаған бір игі дәстүр бар. Қалам ұстаған кез келген сөз зергері әңгімесін Алла атымен бастап, тырнақалды туындысын дін исламның қағидаларын зерттеп-зерделеуге, талдап-түсіндіруге арнаған. Бұл білгенін білмегендермен бөлісу, өзгеге жеткізе отырып, өз білігін жетілдіру мақсаты еді. Қазақта Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылық тұтқасы», Абайдың «Қарасөздері», Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты», Мәшһүр Жүсіптің «Қара местегі» жиған – тергендері осы дәстүрдің заңды жалғасы іспетті. Аталған ғұламаларымыз бізге өз мүмкіндігі шегінде өздері таныған шындықты жеткізуге тырысты. Өз білігін жинақтау, жетілдіру барысында ой бөлісті. Мүмкін олардың еңбектерінде де кемшіліктер бар болар. Бірақ түпкілікті ақиқатты тану ажалды пенденің бәріне бұйыра бермесі белгілі. Сондықтан ұлтымыздың маңдайына бұйырған ұлылардың ұстанымдарына құрметпен қарап, туындыларын талдап-таразылап, танып, пайдаланып қана қоймай, қажет кезінде сын көзбен қарап, жетілдіріп отыру да бәрімізге парыз.  

Абай мен Шәкәрім пікірлерінің дінаралық түсіністікке негіз болғандығы бұған дәлел. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзді мәмілегер ұлттың құшағында өскен Абай ақын айтты. Сайын даланы санасына да, жүрегіне де сыйдырған ұлттың өкілі Шәкәрім «О дүние, дүние! Шындыққа сонда кім ие?»–деп діндер мәселесіне әлемдік деңгейдегі биіктен көз салуға тырысты.
      Дін мен ұлттық тәрбиені аталарымыз ешқашан бөліп қарамаған. Енді ол ұстанымды бүгін бөлудің ешбір қажеттілігі де, негізі де жоқ. Естілердің сөзін ескеріп өскен, тағдыр табыстырған ұлттар мен ұлыстарды бауырына баса білген қазақ ұлты осы ұстанымды бүгінгі күніде басшылыққа алуда.Қазіргі қазақ қоғамына әр дербес ұлттың жаны мен қаны бөлектігі Алла Тағаладан екенін түсінетін, Асан қайғыдай, Бұқардай, Абайдай, Алаш қайраткерлеріндей туған халқына жан жүрегімен құлдық ұратын, ұлтты рухы зор ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеті.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Дін және ұлттық тәрбие»»

«Дін және ұлттық тәрбие»

 

  Адамзат  тарихында Адам ата мен Хауа анадан тараған  ұрпақтардың  ұлтқа, ұлысқа бөлінуі  жаратушының  әмірінен.Жер бетіндегі әрбір  ұлттың  ұлт болып  қалыптасуы  үшін  тұрақты  жері, тарихы, тілі  мен дәстүрі  болуы керек  екенін  заманымыздың өзі талап етуде. Әр ұлт  тұрған  жеріне, ауа  райына байланысты ұлттық киімдері  болады.Құдайды  бір деп мойындаушы ақыл есі  түзу  әрбір  ұлт  өкілі харамнан тиылып, жаманнан қашықтап, жақсылыққа  бет бұрып, ерге де, әйелег де ұятты жерлерін  жауып, қыз-келіншектеріміз шаш  көрсетпей  орамал тартып, тізеден  төмен  көйлек  киіп өздеріне  жарасымды  етіп  жүру керек. Қазақ ұлтының ата-бабаларымыздан  мұра болып  келе жатқан әрбір дәстүрл-елдің сыйлы, білімді, парасаты, бірлікке және  ауызбіршілікте  болып тіршілік  жасауына бағытталған.

Қыз  ұзат,  келін түсіру, құда шақыру  мен  өзара қарым-қатынаста  әрбір дәстүрдің  ағайының  арасының  ажырамауында  атқарар  міндеті  деп  білсек.Жаратушының  қасиеті сөзінде: «Сондай-ақ  бір-бірлеріңді  тануларың үшін сендерді  ұлттар, рулар  қылдық» - дейді.Бұл турасында  Бас муфти Әбсаттар  қажы  Дербісәлінің  арнайы берген  сұхбатында: «Ислам адамның  абыройы менар-ожданың  бәрінен де жоғары  қояды, отбасы мен қоғам  бірлігін, ынтымағын сақтайды, әлеуметтік  әділеті көздейді» - деген сөзі  де  адамгершілік қағидаларын  сақтап  дамытудың  бағыты  деп білеміз.

Біздің қазақтың ұлттық және діни дәстүрлерінің саналы әрі тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы рөлі ұшан-теңіз. Тәрбие ана құрсағынан басталады дейді ғылыми тұжырым. Олай болса, бала дүниеге келе салысымен болатын «Сүйінші сұрау», «Азан шақырып ат қою», «Шілдехана тойы», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» – бәрі–бәрінің өзіндік тәрбиелік орны, маңызы бар екені анық. Бүгінде жарты әлемнің ғалымдары мойындаған көшпенді мәдениетінің әлемдік өркениетте ықпалы, үлесі жайлы ойласақ, қазақ халқының ұлттық ұстанымы, түсінік–танымы, салт–дәстүрі, өмір сүру қағидалары еріккеннің ермегі емес екеніне толық көзіміз жетер еді.

Қазақстан Республикасында жас ұрпақ тәрбиесі қазақ менталитетінің бағытын ұстануы тиіс. Бала тәрбиелеуде туған тіл табиғатына көңіл бөліп, халық тәжірибесіне,дәстүріне сүйене отырып тәрбиелеуіміз керек.Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын өнеге тұтпай тұрып, жастарды ұлтын сүюге, ұлтжандылыққа, ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Өз халқының табиғи мінезін бойына сіңіріп өскен әрбір жас ұрпақ ана тілінің де қадіріне жетері сөзсіз. Халық аңыз әңгімелері, ертегілер,шешендік сөздер, тарихи мәні зор батырлық, ғашықтық, эпостық жырлар жасөспірім баланың таным- талғамына жақсы әсер ететіні белгілі.Ол студенттің өнерге деген сезімін оятады, құштарлығын арттырады, жақсылыққа, ізгілікке,парасаттылыққа тәрбиелейді, сұлу сазымен, керемет сөзімен сүйсіндіреді.Жаһандану үрдісіне өзінің ұлттық менталитетін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын,тілін, дінін, ділін сақтай білген халық қана төтеп бере алады. Сондықтан ана тіліміз, ата дініміз, ұлттық тәрбие – ұлттық мүддеге, мемлекетке,халыққа қызмет ететін рухани құндылықтар. Студенттер жүрегіне жол табатын танымдық тәрбие пәрменділігін әл-Фараби бастаған Шығыс ойшылдарының мұраларымен сабақтастыру қажет. Шығыс мәдениетінің алтын дәуірінде шыққан өшпес жұлдыздары Фердоуси, Низами , Хожа Хафиз, Омар Хаям, Жәми, Науаи, Физули, Сағдилар өз заманының батагөйі, рухани әлемнің қайнар бұлағы болғаны анық. Гетенің «Шығыстың жеті ақыны бар, олардың ең нашары менен артық жазады» дегені бар. Қазақ ұлтының дүниетанымы, ой-өрісі, әдет-ғұрпы, салт-санасы шығыстың рухани әлемімен астасып тұтастық құрады.Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді.Қазақ топырағының көзі ашық, көкірегі ояу ойшыл азаматтары бүкіл шығыс мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза білді.Кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдырды. Солардың бірі – түркі әлемінің ұлы ойшылы, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл˗Фараби бабамыз. Ол ғылым мен білімдегі, адам мен әлемдегі ең терең байланыстарды, қасиеттерді, сипаттарды құндылық ретінде өрнектей білген. Аристотелден кейінгі Ұлы ұстаз мұрасында адам тәрбиесіне де қатысты құнды дүниелер жетерлік.

«Тәрбиелеу дегеніміз – халықтың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту» - дейді ғұлама. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бері шығыс мәдениетіне шығыс ойшылдарының мұраларына деген қызығушылық жаңа серпінге ие болды.

Н.Ә.Назарбаев: «Рухы берік, санасы ояу, мәдениеті озық, әдебиеті өрен елдің болашағы да баянды болады» − деген еді. Елбасымыз атап көрсеткендей рухы берік, санасы ояу ұрпақ тәрбиесінде діннің рөлі өте зор. « Әлемдік діндер о бастан ұлттан жоғары тұратын белгілі бір ұлтқа арнайы жіберілген құндылықтар»- дейді белгілі ғалым Амангелді Айталы . Ал дін әр ұлттық психологиясымен тарихымен тығыз байланыста болады. Қазақ халқының рухани негізі ол ислам діні. Ислам – ізгілік, адамгершілік діні. Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.): «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам» – депті. Кез келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы болады десек, ол – Ұлты, Діні және Отаны. Ол адамзат құндылықтарының негізі қалыптасқан, іздеуші, сұраушысы бар, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының өкілімін деген ұғым.

Халқымыздың салт–дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын көреміз. Дүниеге келген баланың азан шақырылып ат қойылғанынан бастап, дүниеден өткен адамның жаназасын оқып, жер қойнына бергенге дейін, яғни тал бесік пен жер бесікке дейінгі аралықта көптеген дәстүрлеріміздің Исламнан нәр алғанын білеміз. Сондықтан да Ислам мен дәстүріміздің арасындағы қарым–қатынас өте тығыз, ажырату мүмкін емес.

Дін ерте заманнан адамзат баласымен жасасып келеді. Әртүрлі ерекшеліктерге байланысты адамдар арасында түрлі наным-сенім формаларының туындауы және олардың әр жерде әр түрлі деңгейде қалыптаса отырып, қалыптасуы өмір заңдылығы немесе рухани қажеттілігі. Тарихи дамуға байланысты діннің формалары өзгергенінен, халыққа қызмет көрсетудегі рөлін жоғалтқан жоқ. Дін кез-келген мемлекеттің пайда болып, қалыптасу кезеңдерінде, даму үрдістерінде өмір сүріп жатқан ұлттардың ұйысуына оң ықпал етеді. Кейбір жағдайларда діндер арасында немесе қандайда бір діни ағымдар әсерімен тыныштық пен бейбітшілікке әсер етуге пайдалануды ойлаған әрекеттер де болды. Негізінде әлемдегі адамзат мойындаған дәстүрлі діндер мен конфессиялар адамгершілік пен рухани құндылықтарға бастайды. Адамдардың болмысына жақсылық пен сүйіспеншілік ұялатады. Сондықтан дін кез-келген ұлттың салт-дәстүрлерін жоққа шығармайды, керісінше олармен үндесіп қоғам дамуына оң ықпалын тигізеді. Сондықтан дін қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік және рухани дамуының маңызды құралы болып табылады.Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жалғастырып, толықтырады. Бұл орайда қоғамдағы түрлі саяси - әлеуметтік құбылыстармен қатар, мәдени-рухани даму үшін де діннің атқарар қызметі өте зор.
Ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт–дәстүрінде, ұлттық өнерінде. Оларды бір–бірінен бөліп те қарай алмаймыз. Себебі, олар бірін–бірі толықтыра отырып, тұтас бір ұлттың болмысын құрайды.Салт–дәстүрлер тек қана тәлім–тәрбие ғана емес, бұлжымас тәртіпке де негізделіп отырған. Дәстүрдің бір сипаты – тұрақтылығында.Дәстүрдің тағы бір артықшылығы -оның өміршеңдігінде, қанға сіңіп, күнделікті өмірге қалыптасқандығында. Егер әдет–ғұрып шариғатқа қайшы келмесе, оған Ислам діні тыйым салмайды. Орта ғасырларда күллі Ислам дүниесінде қалыптасқан, қазақ халқы да шет қалмаған бір игі дәстүр бар. Қалам ұстаған кез келген сөз зергері әңгімесін Алла атымен бастап, тырнақалды туындысын дін исламның қағидаларын зерттеп-зерделеуге, талдап-түсіндіруге арнаған. Бұл білгенін білмегендермен бөлісу, өзгеге жеткізе отырып, өз білігін жетілдіру мақсаты еді. Қазақта Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылық тұтқасы», Абайдың «Қарасөздері», Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты», Мәшһүр Жүсіптің «Қара местегі» жиған – тергендері осы дәстүрдің заңды жалғасы іспетті. Аталған ғұламаларымыз бізге өз мүмкіндігі шегінде өздері таныған шындықты жеткізуге тырысты. Өз білігін жинақтау, жетілдіру барысында ой бөлісті. Мүмкін олардың еңбектерінде де кемшіліктер бар болар. Бірақ түпкілікті ақиқатты тану ажалды пенденің бәріне бұйыра бермесі белгілі. Сондықтан ұлтымыздың маңдайына бұйырған ұлылардың ұстанымдарына құрметпен қарап, туындыларын талдап-таразылап, танып, пайдаланып қана қоймай, қажет кезінде сын көзбен қарап, жетілдіріп отыру да бәрімізге парыз.

Абай мен Шәкәрім пікірлерінің дінаралық түсіністікке негіз болғандығы бұған дәлел. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзді мәмілегер ұлттың құшағында өскен Абай ақын айтты. Сайын даланы санасына да, жүрегіне де сыйдырған ұлттың өкілі Шәкәрім «О дүние, дүние! Шындыққа сонда кім ие?»–деп діндер мәселесіне әлемдік деңгейдегі биіктен көз салуға тырысты.
Дін мен ұлттық тәрбиені аталарымыз ешқашан бөліп қарамаған. Енді ол ұстанымды бүгін бөлудің ешбір қажеттілігі де, негізі де жоқ. Естілердің сөзін ескеріп өскен, тағдыр табыстырған ұлттар мен ұлыстарды бауырына баса білген қазақ ұлты осы ұстанымды бүгінгі күніде басшылыққа алуда.Қазіргі қазақ қоғамына әр дербес ұлттың жаны мен қаны бөлектігі Алла Тағаладан екенін түсінетін, Асан қайғыдай, Бұқардай, Абайдай, Алаш қайраткерлеріндей туған халқына жан жүрегімен құлдық ұратын, ұлтты рухы зор ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеті.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Дін және ұлттық тәрбие»

Автор: Айсагалиева Арайлым Амирхановна

Дата: 17.05.2017

Номер свидетельства: 416140

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "?лтты? т?рбие "
    ["seo_title"] => string(15) "u-lttyk-t-rbiie"
    ["file_id"] => string(6) "184251"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426010458"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "«Оқушыларға ұлттық тәрбие берудің әдістемесі»"
    ["seo_title"] => string(50) "ok_ushylarg_a_u_lttyk_t_rbiie_bierudin_distiemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "366823"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481101575"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Внеурочная работа "?лтты? т?рбие-?лт болаша?ы""
    ["seo_title"] => string(43) "vnieurochnaiarabotaulttyktrbiieultbolashagy"
    ["file_id"] => string(6) "312448"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459343209"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Баяндама "?лтты? т?рбие - тал бесікті? тамыры""
    ["seo_title"] => string(39) "baiandamaulttyktrbiietalbiesiktintamyry"
    ["file_id"] => string(6) "337046"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1467829856"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?лтты? т?рбие - ата жол"
    ["seo_title"] => string(24) "u-lttyk-t-rbiie-ata-zhol"
    ["file_id"] => string(6) "261261"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449084842"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1850 руб.
2640 руб.
1620 руб.
2320 руб.
1480 руб.
2110 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства