kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты? т?рбие

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халы? та?ылымы-т?рбиені? негізгі ?зегі

     «?рбір ?лтты? баласы ?з ?лтыны? арасында

 ?з ?лты ?шін ?ызмет ?ылатын бол?анды?тан,

т?рбиелі баланы сол ?лт т?рбиесімен

                                             т?рбие ?ылу?а міндетті»

                                                                                                             М. Ж?мабаев

            Б?гінгі о?ушы – Егеменді елімізді? болаша?ы екенін ескерсек, «осы балалардан ?о?амны? т?л?асы болар білімді, т?рбиелі, м?дениетті азаматтар шы?а ?ояр ма екен? » деген ой к?пшілігімізді, ?сіресе т?рбие негізі ?аланатын мектептегі ?стаздар ?ауымын тол?андырады. Себебі, Т?уелсіз мемлекетімізді? ерте?і - ?рпа?ты? рухани байлы?ы, м?дениеті, саналы ?лтты? ойлау ?абілеті мен біліміне байланысты. ?йткені ?рбір халы? ?рпа?ымен к?ктеп, ?ркен жаяды. ?рбір мемлекет рухы таза, санасы биік білімді де, білікті ?рпа?ынан ?уат алады. Ол ?зіні? ?рбір жа?а буын жас ?рпа?ы жетілген сайын дамуды? жа?а биіктеріне к?теріледі. Ал б?гінгі ?о?ам алдында т?р?ан е? жауапты міндет – е?селі елімізді? кірпіші боп ?аланатын ?рбір ?о?ам м?шелерін, я?ни жас ?рпа?ты адамгершілік ?асиетке т?рбиелеу, тияна?ты білім беру. Адам бойында адамгершілік ??ндылы?тар болмаса, оларды? орнын еш?андай тере? білім толтыра алмайтынын ?мірді? ?зі д?лелдеуде. Елбасымыз Н. ?. Назарбаев: «Болаша? ?рпа?ымызды т?рбиелегенде, олар?а жастайынан имандылы? пен ?лтты? ?асиеттерді сі?іре білсек, сонда ?ана біз ?лтты? рухы дамы?ан, Отаныны? г?лденуіне ?з ?лесін ?оса алатын азамат ?сіре аламыз» деген болатын. Ол ?шін е? ?уелі ?рпа?ымызды бала кезінен ?лтты? т?лім-т?рбиеге баулып, хал?ыны? салт-д?ст?рін жа?сы білетін саналы азамат т?рбиесіне к??іл б?луіміз керек.
Сонды?тан ?атарда?ы пендені на?ыз толы??анды т?л?а?а айналдыру ?шін ?лтты? ??ндылы?тар ар?ылы т?рбие беруді? ма?ызы зор.
     ??ндылы? дегеніміз не?  ??ндылы? – т?рбие мен о?ытуда?ы адамгершілікке ба?ыттал?ан м?раттар. Олар?а: меймандосты?, кісілік, сыйласты?, имандылы?, кішіпейілділік, салауаттылы?, ?айырымдылы?, ізгілік, еркіндік, ?нерпазды?, шешендік, а?ынжандылы?, сыпайылы?, м?дениеттілік, шы?армашылды?, рухани байлы?, махаббат сынды ?асиеттер жатады. Десек те, елде болып жат?ан ма?ызды ?леуметтік-экономикалы? ?згерістер, жа?андану процесі балалар мен о?ушы жастарды т?рбиелеу саласында бас?а проблемаларды шиеленістірді. Атап айтса?: балалар мен о?ушы жастарда рухани-адамгершілік ж?не м?дени ??ндылы?тарды? бірт?тас ж?йесіні? болмауы; ?скеле? ?рпа?та ?зі туралы ?аза?станды? ?о?амны? бір субъектісі деген т?сінігіні? ?алыптаспауы; бір?атар ?лтты? ж?не м?дени д?ст?рлерді? ?мыт болуы; денсаулы? м?дениеті ж?не салауатты ?мір салтын ?алыптастыру бойынша ж?мысты? жеткіліксіздігі. Осы?ан социум б?лігіні? рухани ж?не адамгершілік ж?та?дануын; отбасыны? т?рбиелік ы?палыны? т?мендеуін; ?леуметтік жетімдік, бей?леуметтік мінез-??лы? ж?не идеологиялы? экстремизм, о?ушы жастар арасында наша?орлы?ты? ке? таралу проблемаларын ?осу ?ажет. Балалар мен жастар зорлы?, ?ылмыс, жез?кшелік, наша?орлы? ж?не т.б. насихатталатын жа?ымсыз а?параттарды жетілген б??аралы? а?парат ??ралдарынан, ?аламтордан толассыз ?абылдауда. Т?рбие ж?мысында этникалы? факторды?, ?азіргі діни ахуалды? ж?не т.б. ?сіп келе жат?ан р?лі ?немі ескеріле бермейді. Сонымен ?атар, т?рбие ба?дарламалары мен технологияларын жа?а т?р?ыдан іске асыруда енгізу механизмдеріні? толы? ??делмегендігі, педагогикалы? ж?не жетекші кадрларды? жа?а жа?дайда?ы т?рбие ж?мысына жеткілікті даяр еместігі ж?не де т?рбие саласына ?лі де болса нем??райлылы?ты мойындауымыз керек. ?аза?стан Республикасыны? білім беру ж?йесіні? 2013-2015 жылдар?а арнал?ан кешенді ба?дарламасында к?рсетілген 12 ба?ытты? біріне ?лтты? т?рбие берілген. ?лтты? т?рбие адам т?л?асын ?з ?лтыны?, хал?ыны? лайы?ты ?кілі, ?з тілін, тарихын, адамгершілік, рухани, отбасылы?, е?бек д?ст?рлерін тасымалдаушы ретінде ?алыптастырады, ?зге халы?тарды? м?дениетін білетін ж?не ??рметтейтін, бас?а ?лт ?кілдерімен диалог ж?ргізуге ж?не ?зара ?рекет етуге даяр адамды, ?скеле? ?рпа?ты ту?ан жеріне с?йіспеншілік рухында, ?лкендерді сыйлау?а, таби?ат?а ??нттылы?пен ?арау?а т?рбиелеуге ы?пал етеді делінген. Б?л ба?ытта ал?а ?ой?ан ма?саттарыны? ау?ымдылы?ын ескерсек, аптасына бір рет берілген т?рбие са?атыны? жеткіліксіз екенін ескергеніміз ж?н. Жас ?рпа?ты патриотизмге т?рбиелеуде, ?з ?йіне, ту?ан ?лкесіне ??рметін ?алыптастыруда, т?рбиеленушілерді ?аза? хал?ыны? д?ст?рлеріне, ?лтты?-м?дени ж?не педагогикалы? ??ндылы?тарына ?атыстыруды білдіретін ?лтты? т?рбие ж?йесін дамыту ж?не жа??ырту – б?гінгі к?нні? ?зекті м?селесі болып табылады.  ?лтты? ??ндылы?тарды? адам ?міріндегі орны-?лтты? т?рбиеде басты нысанда болуы керек. ?лтты? болмыс?а елдік рух, ?лтты? сана, тарих, шежіре,т.б. ?лтты? та?ылым?а салт, д?ст?р, ?дет, ??рып,т.б. ?лтты? экономика?а атак?сіп, шаруашылы?, т?л?алы? іскерлік,т.б. ?лтты? ?нерге айтыс, ?н-к?й, а?ынды?, шешендік,т.б. ?лтты? спорт?а атбегілік, ??сбегілік, к?кпар, к?рес кіретінін  ескере отырып, ?лтты? рухты к?теру керек. Ол ?шін мектепке дейінгі мекемелер мен білім беру ?йымдарыны? т?рбие ж?йесіне этнопедагогика идеяларын енгізу м?селелері бойынша ?дістемелік кешен ж?йесін ?зірлеу; тірек мектептерінде халы?ты? педагогика идеяларын жа?арту бойынша эксперименттік ала?дар ашу; этнопедагогика идеяларыны? іске асырылу т?жірибесі н?тижесін аны?тау ?шін республикада?ы білім беру ?йымдарыны? т?рбие ба?дарламалары мен т?рбие ж?йесіні? бай?ауын ?ткізу; этнопедагогикалы? т?рбиеде саба?тасты? жолдарын ?зірлеу; «?Р білім беру ?йымдарында ?лтты? т?рбие ?дістемесі» ?дістемелік н?с?ауларын ?зірлеу ж?мыстары ж?ргізілсе. С?зімді а?ын М.Ж?мабаевты?: Жаратылысты? ??ша?ында, меруерт себілген к?к шатырды? астында, хош иісті жасыл кілем ?стінде, к?нмен бірге к?ліп, т?нмен бірге т?неріп, желмен бірге ж?гіріп, алдында?ы малымен бірге ?ріп, сары сайран далада т?рып ?сетін ?аза? баласыны? ?иялы ж?йрік, ?ткір, тере? болу?а тиісті,-деген с?зімен ая?та?ым келеді.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты? т?рбие »

Халық тағылымы-тәрбиенің негізгі өзегі

«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында

өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,

тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен

тәрбие қылуға міндетті»

М. Жұмабаев

Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, «осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шыға қояр ма екен? » деген ой көпшілігімізді, әсіресе тәрбие негізі қаланатын мектептегі ұстаздар қауымын толғандырады. Себебі, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі - ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп, өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза, санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады. Ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа биіктеріне көтеріледі. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – еңселі еліміздің кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.
Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
Құндылық дегеніміз не?  Құндылық – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға: меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Десек те, елде болып жатқан маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жаһандану процесі балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеу саласында басқа проблемаларды шиеленістірді. Атап айтсақ: балалар мен оқушы жастарда рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтардың біртұтас жүйесінің болмауы; өскелең ұрпақта өзі туралы қазақстандық қоғамның бір субъектісі деген түсінігінің қалыптаспауы; бірқатар ұлттық және мәдени дәстүрлердің ұмыт болуы; денсаулық мәдениеті және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі. Осыған социум бөлігінің рухани және адамгершілік жұтаңдануын; отбасының тәрбиелік ықпалының төмендеуін; әлеуметтік жетімдік, бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм, оқушы жастар арасында нашақорлықтың кең таралу проблемаларын қосу қажет. Балалар мен жастар зорлық, қылмыс, жезөкшелік, нашақорлық және т.б. насихатталатын жағымсыз ақпараттарды жетілген бұқаралық ақпарат құралдарынан, ғаламтордан толассыз қабылдауда. Тәрбие жұмысында этникалық фактордың, қазіргі діни ахуалдың және т.б. өсіп келе жатқан рөлі үнемі ескеріле бермейді. Сонымен қатар, тәрбие бағдарламалары мен технологияларын жаңа тұрғыдан іске асыруда енгізу механизмдерінің толық өңделмегендігі, педагогикалық және жетекші кадрлардың жаңа жағдайдағы тәрбие жұмысына жеткілікті даяр еместігі және де тәрбие саласына әлі де болса немқұрайлылықты мойындауымыз керек. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің 2013-2015 жылдарға арналған кешенді бағдарламасында көрсетілген 12 бағыттың біріне ұлттық тәрбие берілген. Ұлттық тәрбие адам тұлғасын өз ұлтының, халқының лайықты өкілі, өз тілін, тарихын, адамгершілік, рухани, отбасылық, еңбек дәстүрлерін тасымалдаушы ретінде қалыптастырады, өзге халықтардың мәдениетін білетін және құрметтейтін, басқа ұлт өкілдерімен диалог жүргізуге және өзара әрекет етуге даяр адамды, өскелең ұрпақты туған жеріне сүйіспеншілік рухында, үлкендерді сыйлауға, табиғатқа құнттылықпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді делінген. Бұл бағытта алға қойған мақсаттарының ауқымдылығын ескерсек, аптасына бір рет берілген тәрбие сағатының жеткіліксіз екенін ескергеніміз жөн. Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуде, өз үйіне, туған өлкесіне құрметін қалыптастыруда, тәрбиеленушілерді қазақ халқының дәстүрлеріне, ұлттық-мәдени және педагогикалық құндылықтарына қатыстыруды білдіретін ұлттық тәрбие жүйесін дамыту және жаңғырту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Ұлттық құндылықтардың адам өміріндегі орны-ұлттық тәрбиеде басты нысанда болуы керек. Ұлттық болмысқа елдік рух, ұлттық сана, тарих, шежіре,т.б. Ұлттық тағылымға салт, дәстүр, әдет, ғұрып,т.б. Ұлттық экономикаға атакәсіп, шаруашылық, тұлғалық іскерлік,т.б. Ұлттық өнерге айтыс, ән-күй, ақындық, шешендік,т.б. Ұлттық спортқа атбегілік, құсбегілік, көкпар, күрес кіретінін ескере отырып, ұлттық рухты көтеру керек. Ол үшін мектепке дейінгі мекемелер мен білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесіне этнопедагогика идеяларын енгізу мәселелері бойынша әдістемелік кешен жүйесін әзірлеу; тірек мектептерінде халықтық педагогика идеяларын жаңарту бойынша эксперименттік алаңдар ашу; этнопедагогика идеяларының іске асырылу тәжірибесі нәтижесін анықтау үшін республикадағы білім беру ұйымдарының тәрбие бағдарламалары мен тәрбие жүйесінің байқауын өткізу; этнопедагогикалық тәрбиеде сабақтастық жолдарын әзірлеу; «ҚР білім беру ұйымдарында ұлттық тәрбие әдістемесі» әдістемелік нұсқауларын әзірлеу жұмыстары жүргізілсе. Сөзімді ақын М.Жұмабаевтың: Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті,-деген сөзімен аяқтағым келеді.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?лтты? т?рбие

Автор: Жаксылыкова Айкын

Дата: 10.03.2015

Номер свидетельства: 184251


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства