мен Тулеубаева Шынар Базар?ызы ?останай облысы Аманкелді ауданы Б.?олдасбаев атында?ы жалпы білім беретін орта мектебінде жантанушы болып ?ызмет ат?арамын. Педагогикалы? е?бек ?тілімі 24 жыл,1 санатты. Білімім жо?ары, Бос уа?ытымда кітап о?ы?анды, жа?а н?рсені ?йренуді ?натамын. Б??аралы? а?парат ??ралдарында?ы басылымдарында 2013- 2014 о?у жылында К?йзелісті? алдын- алу жолдары та?ырыбында. Жеке басымны? ?асиеттері аналитикалы? ойлау ?абілетім жо?ары, сабырлы, е?бек?ор,кішіпейілмін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тренинг по психологии»
Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Сынып жетекшілер бірлестігіне
Тақырыбы: Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауын болдырмаудың алдын-алу әдістері.
Дайындаған: жантанушы Ш.Б.Төлеубаева
2015-2016 оқу жылы.
Мақсаты: әдістемелік кеңестер, алдын- алу жолдары мен таныстыру.
«Суицид» латын тілінде- өзін өлтіру, суицидтік әрекет жасаған немесе суицидтік мінез- құлық байқатқан адам. Жеткіншектердің арасындағы өз-өзіне қол жұмсау 14-17 жастағылар арасында жиі кездеседі.
Суицидтік іс- әрекетке итермелейтін не?
1 Дау- дамай, жақын адамның қазасы, түсініспеген махаббат, жауапсыз махаббат.
2 Үмітсіздік- өмір мәнсіз, болашаққа үміт артуға болмайды, өмірді жақсартуға өзгерістер енгізуге еш үміттің жоқтығы.
3Проблеманың көптігі барлық пробламалар шешілмейтіндей көрінеді,оларды бір- бірлеп шешуге ойын шоғырландыра алмайды.
4 Басқа адамның жанын ауыртуға әрекет жасау, кек алу.
5Проблеманы шешу жолы кейде адам өз- өзіне қол жұмсау арқылы проблемаларын өзімен бірге алып кетіп, отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.
6Батылдығы мен күшін көрсету, батыл және күшті ғана өз- өзіне қол жұмсауға қабілетті деген ұғым қалыптасқан.
Суицидтік әрекетке жеткізетін факторлар
1Дене зорлық- зомбылығы дене жарақаты, ұрып- соғу, тістелеу, күйдіру, әдейі тұншықтыру, суға батыру, балаға у немесе дәрі- дәрмек беру адамгершілікке жат әрекеттер.
2 Жыныстық зорлық ересектер балаларды өздерінің жыныстық нәпсісін қанағаттандыру үшін пайдалану, жыныстық іс-әрекетке апару үшін қорқыту, күш көрсету, айла- шарғы қолдану, порнографиялық өнімдерді жасау мақсатында балаларды пайдалану.
3 Эмоциялық психикалық зорлық – өзіне деген сенімділікті жоғалтуға және намысына тиетін, кекету сөздер,үнемі қорқытуы, баланың жас ерекшеліктеріне келмейтін талаптардың қойылуы.
4 Немқұрайлық қарым- қатынас киім, тамақ, емделу, баланың өмірлік тұтынушылығының нашарлығы.
5 Суицидтік әрекет көбінесе жасөспірімнің сабақ үлгірмеушілігі ынтасының төмендеуі.
6Ересектермен қарым- қатынасының шектелуі, сезім тұрақсыздығы.
7 Тұқым қуалау, жүре пайда болған психикалық аурулар қояншық, шизофрения, мінездің психопаттық сипаты.
8Мұндай оқушы әрекеттерімен де, сөздерімен де « мұндай өмір жалықтырды, ұйықтап кетіп, оянбай қалсам ғой» суицидтік ойы бар екенін сездіруі мүмкін.
Мұғалімдерге сұрақ; суицидтің достары кім?
Күйзеліс, депрессия.
Суицид жазықсыз жастарды қалай тұзағына түсіреді?
1Өмірінде қиыншылығы бар, ата- анасы ажырасқан, махаббатта жолы болмаған, түрлі сектаға кіріп шығу жолын таппаған, араққа салынған. Қандай да бір субмәдениетке бос- қуыс мәдениет ағымдарға еріп сектаға кіріп кетеді. Секталардың ең қауіптісі1 жын- шайтандар секталар оған қабылданғандардың көбісі дұрыс өмірге оралмайды, гипноздайды.
2Хиппи- нәпсілік төңкеріске итермелейді, психоделикалық есірткілерді қолданады.
3 Гламур- бұлардың мақсаты журналдың жылтыр бетіндегі идеалдарға еліктейді.
4Аниме- бұл анимациялық суреттердің аталуы.
5Сұмырайлар- бұл ғаламтор қауымдастығы.
6Натуристер- қоғамдық және жеке орындарында тыр жалаңаш күйде тұру құқығын талап етеді, табиғатқа бір табан жақындығын білдіру деген философияны ұстанады.
9 Эмо- бұл «эмоциялы» сөзінің қысқаруынан пайда болған. Олар жан жарасын жеңілдету үшін өз денесіне жарақат келтіреді,жақын адамдар үшін жанын қиюға әзір.
Өзіне қол жұмсауға дайындық белгілері:1Өз істерін реттеу,құнды заттарын тарату, бұрын күнделікті тіршілікте тазалыққа мән бермейтін адам кенеттен барлығын ретке келтіре бастайды.
2Қоштасу өмірінің әр кезеңінде көмектескен адамдарға алғыс айтуы.
3 Сырттай қанағаттанушылық күш қуаттың пайда болуы, өзіне қол жұмсау туралы жоспары толық жасалса, ол туралы ойланбайды, сондықтан шамадан тыс күш- қуат пайда болады.
4 Жазбаша түрде өз ниетін хатта, күнделікке жазып кетеді.
5Ұйқысыздық.
Алдын –алу шаралары
1Баламен әңгімелесу,
Жалпы ата-аналар жиналысы 10,11 сыныптарының ата-аналарына арналған тренинг.
Тақырыбы «Білімді ұрпақ- болашақтың тірегі»
Мақсаты Бала тәрбиесі мәселесінде ата- ананың жауапкершілігі мол, баланың мінез-құлқын, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастырып білімге деген қызығушылықтарын арттыру, заман талабына сай азамат етіп өсіру міндеті тұр екенін түсіндіру.
Өтілу барысы сергіту сәтінен басталады, «менің есімім» деп аталады менің есімім Шынар- ақылды, сабырлы, шыдамды,мейірімді. Осылай барлық қатысып отырған ата- аналар өздерінің есімдерін әрі қасиеттерін айтып өтеді.
Екі топқа бөлінеді, флип- чарт қорғайды, бірінші топқа Ата- ана ретінде балаңызға қандай көмек бересіз.
Екінші топқа Балаңызды білімге қалай қызықтырасыз?
Алдын ала жазылған сауалнаманы толтырады.
1Сіздің балаңыз қай сабақтарға қызығушылық білдіреді?
2Қай пәннің үй тапсырмасын жақсы орындайды?
3 Сіз үй тапсырмасын тексеріп, сабағын қадағалайсыз ба?
4 Балаңыздың оқу барысында сізді не уайымдатады?
Флип- чарт қорғалып, сауалнама толтырылып болған соң қорытынды сөз білім- білік жағынан жағдайымыз мәз емес, оқушыларымыз білімнен гөрі бағаны жоғары санайды. Жаттандылықтары басым, логикалық ойлаулары орташа, зейіндері тұрақсыз, әдеби шығармаларды өте аз оқиды, кітап оқулары төмен, өз ойларын, пікірлерін, дұрыс жеткізе алмайды осы кемшіліктермен күресу жолдарын іздестіріп көрейік, неліктен осындай нәтижелер шықты деп ойлайсыздар.
1Нашар, орташа оқитын оқушының жеке басының жауапкершілігінің болмауы.
2Ата- ананың баласының болашағына деген алаңдаушылығының төмендігі.
3Баланың білімі мен тәртібін қадағалап отыратын ата-ананың жауапкершілігі жоқ.
4Оқушы- ұстаз- ата-ана- осы үшбұрыш тығыз байланыста болған кезде білім сапасының жақсы болатыны анық. Қазіргі таңда мектеп жасындағы балалардың ата-анасының көпшілігінің жасы елуге жетпейді, жас, демек сауатты, десек те сол жас ата-ана не үшін өз баласының болашақ тағдырына аса көңіл бөлмей, немқұрайлы қарайтынына ойланбасқа шара жоқ. Осы орайда әрбір ата-ана бір сәт бала біліміне алаңдас екен, бұқаралық ақпарат құралдарын үздіксіз оқып, мектептегі ұстаздармен үнемі байланыста болып, өз баласының білімін тексеріп тұрса, білім саласында оң нәтижеге қол жеткізген болар едік. Баланы қадағаламағандықтан бала еркінситіні белгілі, соның нәтижесінде бала мұғалімге де, ата-анаға да өтірік айтуды үйренеді, сабаққа қатысқысы келмейді, кешігіп келіп, ерте қайтады,ол баланың білімі қайдан жақсарсын, білімнен бұрын тәртібі нашарлайды. Дәл осындай жайттар бір осы ғана болса бір сәрі,»әттең-ай» дейтіні жиілеп бара жатыр. Бала – балқытылған алтын қалыпқа қалай құйсаңыз, солай қалыптасады. Қалыпқа құюшы алдымен ата-ана, мектеп қабырғасындағы ұстаздар. Кез келген бала күнделікті ұяда ата-анадан не көріп, не естісе, соны санасына қабылдайды. Барына қуанып, отбасыңды қуанышқа бөлеу ата-ананың үлкен бір маңызды міндеті. Жадынаманы оқып, ата-аналарға тарату. Ата –ананың құқы, міндеттері.
Ата –ананың құқығы
1Білім беру әдісімен келіспеушілік салдарынан,баласын басқа мектепке басқа сыныпқа ауыстыруына немесе таңдауына құқылы.
2Мектептің қоғамдық құрылуын сайлауға және сайлануға құқылы.
3Кез- келген мектеп отырысының ұсынысын талңылауға, қабылдаған шешімдерді бақылауға құқылы.
4Мектептің және сыныптың қоғамдық өміріне қатысуға ұсыныс, пікір айтуына құқылы. Баласының мектеп бітіру, сыныптан сыныпқа көшу, емтихан жұмысының қорытындысын білуге құқылы.
Міндеттері
1Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті.
2 Білім алуына көмектесуіне
3Жүйелі білім алуына жағдай жасауға
4 Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баланың мектептегі өмірімен танысуға
5Баласына ұлттық патриоттық, имандылық,ұлтжандылық тәрбие беруге міндетті
6 Өз мәдениетті болып үлгі көрсетуге міндетті
7Баланың өміріне,денсаулығына зиян келетін темекі, арақ тағы улы заттарды қолданбауға, балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті.
Сауалнама
1Сіздің балаңыз қай сабақтарға қызығушылық білдіреді?...........................................................................................................................................................................................................................................................
2Қай пәннің үй тапсырмасын жақсы орындайды? ..........................................................................................................................................................................................................................................................................
3Сіз үй тапсырмасын тексеріп, сабағын қадағалайсыз ба?