Просмотр содержимого документа
«" Тіл дамыту технологиялы? карта жина?ы 3+ " »
Тіл дамыту технологиялық карта жинағы 3+
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Менің отбасым Мақсаты: Отбасы туралы түсінік беру. Өзі жанұясы туралы әңгімелесуге үйрету; үйдегі қауіпсіздік режелерінің негіздерімен таныстыру. Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу. Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Қызығушылығын ояту және ынталандыру кезеңі «Еркелету» Жылулық шеңбері Педагог балаларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады. Балалар отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естеріне түсіріп, бір-біріне жылы сөздер сыйлайды.
Жылулық шеңберін жасайды Ұйымдастырушылық кезеңі 1. «Менің отбасым» тақырыбына әңгімелесу
Балалар, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы –дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана ана және олардың балалары. Отбасының болуы – үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық. Отбасы – ол бақыт, Отбасы – ол ата-ана, Отбасы – туыстарымыз, Отбасы – ол шаңырақ. -Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады. Олар ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т.б. Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу. «Менің жанұям» саусақ жаттығу (балалар саусақтарын бүге отырып орындайды) Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым- әкем, балаң үйрек - апам, ортан терек- ағам, шылдыр шүмек –мен, титтей бөбек сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз! Ойын Кім тез табады? Шарты: текшеде отбасы мүшелерінің суреттері көрсетілген. Қауіпсіздік ережесі Педагог қабырғадағы «Қарлығаштың ұясына» қолын салып, одан кітапша алып шығады. Онда жазылған үйде сақтауға қажетті қауіпсіздік ережелермен таныстырады. • Қолыңа сіріңке алма, өрт шығуы мүмкін. • Газдан абай бол! Ол тез тұтанып, жарылуы мүмкін. Сергіту сәті Балалар жауап беруге тырысады.
Балалар бірге қайталайды.
Мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар бірге қайталайды.
Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін жылдам атайды. Рефлексивті қорытындылау кезеңі Қорытындылау
Әдіскер: ________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Самат нені үрлей алады? Мақсаты: балалардың тауықтың қауырсынымен таныстыру, сұраққа қысқаша жауап беруге дағдыландыру. Тыныс алу дағдысын қалыптастыру. Көрнекіліктер: тауық пен қауырсынның суреті, қауырсын, түрлі түсті шарлар (үрленген). Сөздік жұмыс: қауырсын, үлпілдек. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық қозғаушылық Балаларды шеңберге тұрғызып:
Бала-бала балақан, Қане қайсы алақан, Саусақтарың әйбәт, Былай-былай ойнат, - деп сәйкес қимыл-қозғалыстар жасатылады. Тауықтың суретіне балалардың көңілін аударып, тауық туралы түсінік береді. -Тауық әдемі, үлкен, түсі аппақ, тауықтың жұмыртқасын, етін жейміз. Тауықтың үлпілдек жүндерін жастыққа салады. Тауық - үй құсы. Тауық дәнді жақсы көреді. Мынау қанаты, қанатының астында қауырсындары болады. Балалар шаттана, қуана қимыл-қозғалыспен өлеңді қайталайды.
Балалар суретке қызығушылық танытып, тыңдайды, тауық туралы білуге тырысады.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Ғажайып сәт: жіпке байланған қауырсынды қарауды ұсына отырып, қауырсын туралы түсіндіріледі. «Қауырсын үлпілдек, жеңіл» Қауырсын үлпілдек сөздеріне сөздік жұмысы жүргізіледі. Дыбыстық жаттығуы. Қа-қа қауырсын. Ү-ү-үлпілдек. Қауырсынмен ойнауға ұсыныс жасайды. Қауырсынға үрлесек ұшады деп үрлеуді өтінеді. Қауырсын кімнің үстіне қонса, қонған жерден тағы да қонған қауырсынды үрлеуді үйретеді. Үрлеу арқылы тыныс алу жаттығуын жасатады. Қауырсынды ұқыпты ұстауға, онымен жұмыс істегенде ұқыпты болуға үйретеді. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамы, Алақанды соғамыз. Жоғары – төмен қараймыз Топылдатып басамыз.
Тауық, қауырсын туралы сұрақтар беріп, қайталатады. 1. «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Үрленген әртүрлі шарларды кім қатты үрлеп, алысқа ұшырса сол бала жылдам болады. 2. «Нені үрлеуге болады, нені болмайды?» дидактикалық ойыны Балалар қауырсынға қызығушылық танытады. Тәрбиешімен бірге сөздік жұмыс жасайды. Дыбыстарды, сөздерді қайталайды. Қауырсынмен ойнауға, оны үрлеуге талпынады. Барлығы үрлеуге асығады.
Балалар қуана қимыл-қозғалыстар жасайды.
Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап береді. Дидактикалық ойынды қуанышпен көңілдене ойнайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетінде алған білмдерін бекітеді, тілдерін дамытуға көмектеседі. Сұрақтарға жауап береді. Үрлеу арқылы тыныс алу жаттығуын жасап үйренеді. Күтілетін нәтиже: Біледі: қауырсын туралы білімін толықтырады; Игереді: тауық туралы түсінікті; Меңгереді: қауырсынға үрлеуді. Әдіскер: ________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Бізідің балалар қайда екен? Мақсаты: топпен таныстыру, бөлмелердің аттарын үйрету. Ұрақтарға жауап беруге үйрету. Ұқыптылыққа баулу. Көрнекіліктер: балабақшаның суреті, орамал. Сөздік жұмыс: жиһаз. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық қозғаушылық Балалармен сәлемдесіп: «Балалар біз таңертең балабақшаға келеміз»,-дей отырып, балабақшаны суреттен таныстырады. -Балабақшамыз үлкен, әдемі ауласы кең. Балалар, біз қазір топ бөлмесінде тұрмыз деп, балалардың көңілін топ бөлмесінің ішіне аударады. Топтағы заттармен таныстырады: мынау орындық, мынау-терезе, үстел, мынау-ойыншықтар тұратын жиһаз, онда ойыншықты жинайсыңдар, топта тағы да бөлмелер бар. Мынау шешінетін бөлме, онда шешінесіңдер, мұнда шешінетін шкафтар тұрады. Ас бөлмесінде ыдыстар тұрады. Ол ыдыстармен тамақ ішесіңдер. Тобымыз үлкен, әрі жарық. Балалар топқа қызыға қарайды.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Балалардың көңілін орамалға аударады. «Орамал кімді жасырады екен»,-деп бір баланың бетіне бір сәтке жабады. Орамалды қайта ашып: «Бұл кім болды екен?» деген сұрақ қояды. Осылай әр баламен ойнайды. Әрқайсысына өз аттарын айтқызады. Тәрбиеші тағы да сұрақтар беріп, балаларды көңілдендіріп, сұрақтарға жауап беруге, сөйлетуге үйретеді. Мысалы: -Сен қайда тұрсың? Сен атыңды айтшы? -Кімнің қасында тұрсың? Ол баланың атын білесің бе?т.б. «Біздің балалар қайда екен?» дидактикалық ойыны. Үлестірмелі материалда берілген сурет бойынша балалардың қайда тығылып отырғанын тапқызу. Орамалға күлімдей қарайды. Сұрақтарға жауап беруге талпынады. Орамалмен беті жабылған бала өзінің атын айтады. Қасында тұрған баланың атын айтады. -Асқар үстелдің астында тығылып жатыр. -Марат үлкен ойыншық қонжықтың артында отыр. Рефлексиялық - түзетушілік Тәрбиеші балалардың көңіл-күйлеріне қарап мақтап, мадақтайды. Балаларды сөйлетуге үйретеді. Балалар қуаныш сезімін танытады. Күтілетін нәтиже: Біледі: өздерінің, көршілерінің аттарын айтуды; Игереді: топ туралы түсінікті; Меңгереді: сұрақтарға жауап беруді. Әдіскер: ________ Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым Мақсаты: ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету. Қандай? Сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу. Көрнекіліктер: ойыншықтар, үлестірмелі суреттер (ат, ботақан, мысық). Сөздік жұмыс: ботақан, құлыншақ. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық қозғаушылық М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру:
Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Айтқаныңнан шықпайды.
Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, өлең жолдарын жаттауға ұсыныс жасайды. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ойыншықтармен танысатындарын айтып, балалардан топқа, үйлерінде қандай ойыншықтар барын сұрайды. -Сенің қандай ойыншығың бар? -Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе? -Қандай? (үлкен, кішкентай). -Сен онымен ойнап болған соң, орнына жинайсың ба? -Ойыншықтардың тұратын жерін білесің бе? Ойыншықтарды лақтырмай, сындырмай, ұқыпты ойнау керектігін айтады. Балалар өлеңді қызығушылықпен тыңдайды. Жаттауға талпынады.
Сұрақтарға жауап береді.
Ойыншықпен ұқыпты ойнауды түсінеді. Ұйымдастырушылық -ізденістік Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық». -Қане, сандықта не бар екен? Деп балалардың көңілін аударады. -Ботақан, мысық, құлыншақ бар екен. -Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық. Әңгіме құрастыруға көмектеседі. Ботақан, құлыншақ туралы түсіндіреді.
Сергіту сәті: Тікірейіп құлағы, Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті-қолын жуады.
Үлестірмелі суреттермен «Тез көрсет!» ойынын ойнатады. Ойыншықтардың аттары бар өлең оқыған кезде өлеңде айтылған жануарлардың суреттерін жылдам көрсету керек. Мысалы: Құлыншағым құндызым Құлдырайды, шабады. Жылтылдаған жұлдызым, Құстай қанат қағады.
Тікірейіп құлағы, Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті-қолын жуады.
Тәй, тәй тұрған ботақан, Аяқты қалт-құлт басасың.
Осы тақпақтардың біреуін жаттауды ұсынады.
«Не артық?» дидактикалық ойыны. Суреттен не артық екенін табады. Балалар сандыққа қызығушылық танытады. Ойыншықтарды балалар қуана қабылдайды. -Менің ойыншық мысығым бар.
Мысықтың екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар. Мысығым аппақ. Ол сүтті өте жақсы көреді.
-Менде құлыншақ бар. -Құлыншақ кішкентай, әдемі. Мен құлыншақты жақсы көремін. -Менде ойыншық ботақан бар. Ботақанның құлағы, төрт аяғы бар. Балалар қимыл-қозғалыс жасайды. Ойынды түсініп ойнауға талпынады. Тез көрсетуге тырысады. Балалар жылқыны көрсетеді. Балалар мысықты көрсетеді. Ботақанды көрсетеді. Өлең жолдарын бірнеше рет қайталап жаттайды. -Суретте гүл артық, өйткені ол ойыншық емес. Рефлексиялық - түзетушілік Балаларға сұрақтар беріп қайталатады. Балалардың түсінгендерін, қимыл-қозғалыстарын, жақсы ойнаған балаларды бағалайды, мадақтайды. Балалар қайталайды. Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. Күтілетін нәтиже: Біледі: ойыншықты сипаттауды; Игереді: ойыншық туралы түсінікті; Меңгереді: өлең жолдарын жаттауды. Әдіскер: ________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Ғажайып қалта Мақсаты: көкөністер, жемістер туралы түсінік беру. оларды сипаттап айтуға үйрету. Сөздік қорын молайту, сөз тіркестерін үйрету. Ұйымшылдыққа баулу. Көрнекіліктер: көкөністер, жемістердің мүсіндері. Сөздік жұмыс: тәтті.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңберіне тұрғызу. Дөңгеленіп тұрып: Арайлап атқан таңымыз аппақ, Арайлап атқан таңымыз ашық, Арайлап атқан таңымыз жарқын, Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсын! Балалар шеңберге тұрады. Балалар көңілдене қимыл-қозғалыс жасайды.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Сиқырлы сәт: «Ғажайып қалта». Тәрбиеші балаларға «Ғаайып қалта» ойнын ойнауды ұсынады. Ойынның шартын түсіндіреді. Қалтада көкөністер мен жемістер болады. Балаларға көкөністер мен жемістерді бір-бірлеп алғызады. Аттарын айтқызып көкөніс не жеміс екенін ажыратып беруді сұрайды. «Қандай?» деген сұраққа жауап берулерін күтеді. Олардың үлкен – кішкентай, тәтті – ащы екенін, түстерін және қайда өсетінін айтады, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйретеді. Дыбыстық жаттығу жасату. Ті-ті- тәтті. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Қолымызды көтеріп , Алма ағашындай жайқалып , Әдемі болып өсеміз. 1. «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шашылып жатқан көкөністер мен жемістерді жинайды. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйретеді. Кім көп, тез жинаса сол жеңеді. 2. «Дұрыс сал!» дидактикалық ойыны. Балалар сиқырлы сәтке таң қалады. Ойын ойнауды қуана қабылдайды. Көкөністер мен жемістерді ажыратады. Көк, қызыл деп жауап береді. Балалар қимыл-қозғалыс пен өлең сөздерін бірге қайталайды.
Балалар қуана жинайды. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Жемістердің суреттерін тарелкеге, көкөністердікін себетке жапсырады. Рефлексиялық - түзетушілік Балалардың не үйренгендерін сұрайды, тілдерін дамытуға көмектеседі. Сұрақтарға жауап беруге, тілдерін дамытуға талпынады.
Күтілетін нәтиже: Біледі: көкөністер мен жемістердің атауларын; Игереді: көкөніс, жемістер туралы түсінікті; Меңгереді: сөз тіркестерін дұрыс айтуды. Әдіскер: ________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Не қалай дауыстайды? Мақсаты: Құстардың сайраған дыбыстарын тыңдату арқылы әр құстың дыбысын ажырата білуге үйрету. Дидактикалық ойын арқылы сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Көрнекіліктер: құстың суреттері, ойыншық құстар, құстардың дауысы жазылған үнтаспа. Сөздік жұмыс: торғай, әтеш. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық қозғаушылық Балаларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне қарап күлімдеуді өтінеді.
Бала, бала баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.
Балалардың көңілін суретке аударып, балалардан сұрайды: -Мынау не? -Ол қандай құс? -Түсі қандай? -Торғай үй құсы ма, дала құсы ма? -Қайда ұшады? Балалар күлімдеп, қуана тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.
Балалар суретке қызыңға қарап, тәрбиешіні тыңдап, сұрақтарға жауап беруге тырысады. Ұйымдастырушылық -ізденістік Сиқырлы сәт. Құстардың дауыстары дискіден тыңдалады. Балаларды тыңдауға шақырады. Дискіні тыңдап болған соң, қораптан ойыншық қаз, торғай, тауық, әтешті алады. Енді осыларды жаңағы тыңдағандарымыз бойынша ажыратып, дауыстарын айтып жаттығамыз дейді. -қаз «қаңқ-қаңқ» деп қаңқылдайды, қайталатады. -Торғай «шық-шық-шық» деп, шықылдайды. -Әтеш «ку-ка-ре-ку» дейді. -Тауық «қыт-қыт» деп, айтқыздырып қайталатады, үйретеді. Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық, Қане қанат жазайық. Торғайларға ұқсайық, Ұшып-ұшып алайық
Дидактикалық ойын: 1. «Дауысын сал!» Құстардың суреттерін таратып береді. Кімде қандай құстың суреті, оның дауысын салады. Қимылды ойын : 2. «Түлкі мен құстар». Бір бала түлкі, қалғаны құстар. Түлкі ұйықтап отырады. Құстар ұшып жүреді. Түлкі оянып кетіп, құстарды қуады. Құстардың дауысына таңғалып қуанышпен, қызыға тыңдайды. Ойыншықтарға қызыушылық танытады. Балалар дауыстарын салып қайталайды. Қимыл-қозғалыстар жасайды. Ойынды қуана ойнайды. Дауыстарын салуға құлшынады.
Түлкіге ұсталмауға тырысады.
Рефлексиялық - түзетушілік Балаларды ойынға деген қызығушылықтарын бағалайды.
Ғай-ғай – торғай, Ә-ә- теш. Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. Құстардың дауыстарын салып үйренеді. Сөздерді айтып үйренеді. Күтілетін нәтиже: Біледі: құстарды ажырата алуды; Игереді: құстар туралы жалпы түсініктері болады; Меңгереді: құстардың дауысын салуды біледі. Әдіскер: ________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Ұшады - ұшпайды Мақсаты: заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың аттарын атай білуге үйрету. Табиғатта ненің ұшатыны, ненің ұшпайтыны туралы түсіндіру арқылы зейіндері мен ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа баулу. Көрнекіліктер: үй құстарының суреттері, дорбаға салынған ойыншықтар. Сөздік жұмыс: қаз, үйрек. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық қозғаушылық Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып: Орнымыздан тұрамыз, Алақанды соғамыз, Жоғары-төмен қараймыз, Топылдатып басамыз- дей отырып, қимыл-қозғалыстар жасату. Үй құстарының суретін көрсетіп, олардың аттарын айтады, қайталатқызады. -Бұлар- үй құстары. Себебі оларды адамдар күтеді, бағады. Олардың жұмыртқасы, еті- тағам, жүнін жастыққа салады. -Әтеш қандай? -Тауықтың түсі қандай? -Қаздың түсі қандай?
Қаз туралы өлең оқиды.
-Қазым, қазым қаңқылда, Суда жүзіп салқында! Жем шашайын жейсің бе? Кәмпит берші дейсің бе? -Жоқ, жоқ! Кәмпит тәтті болмайды, ас Арпа менен бидай шаш! Балалар шаттана, қуана қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін құрады.
Балалар суретке қызыға қарап, тәрбиешіні тыңдап, қайталайды.
Балалар сұрақтарға жарыса жауап береді.
Балалар қызығып тыңдайды.
Ұйымдастырушылық -ізденістік «Ұшады- ұшпайды» дидактикалық ойыны: Шарты: педагог дорбаға салынған ойыншықтарды үстел үстіне шашып қояды. Ішінен біреуін алып: -Ұшады- ұшпайды?- дейді.
Қаз, үйрек сөздерін айтқыздырып, үйретеді. 1. «Топтастыр» дидактикалық ойыны. 2. «Не ұшпайды?» тапсырмасын орындау. Суреттен ұшатын, ұшпайтын заттарды ажыратып, аттарын ататқызу. -Қуыршақ ұшпайды,- деп қолдарын көтермейді. – Торғай ұшады, деп қолдарын көтереді. Қимыл-қозғалыстар жасайды. Ойыншықтарды бөлек, құстарды бір бөлек топтастырады. -Үй ұшпайды.
Рефлексиялық - түзетушілік Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетінде алған білмдерін бекітеді.
Сұрақтарға жауап береді. Күтілетін нәтиже: Біледі: табиғатта ұшатын, ұшпайтынын; Игереді: ұшатын, ұшпайтын заттарды топтастыруды; Меңгереді: үй құстарының аттарын. Әдіскер: ________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Қоян, қонжық Мақсаты: аю мен қоянның балаларымен, олардың сыртқы түрлерімен таныстыру. Суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Көрнекіліктер: қоян көжегімен, аю қонжығымен бейнеленген суреттер, ойыншықтар. Сөздік жұмыс: жұмсақ, қатты. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңберіне тұрғызады. -Бір-бірімізге қарап, жақсы сөздер айтайық. Күніміз жарқын, әдемі ашық, қуанышты, көңілді болсын! Топта қандай ойыншықтар бар екен деп, ойыншықтарды қарауға ұсыныс жасайды. Балалар ойыншықтарды қарап, аттарын атайды. Қандай ойыншықтар жұмсақ, қандай ойыншықтар қатты екенін ажыратады. Жұмсақ ойыншықтарды бір бөлек, қатты ойыншықтарды бір бөлек қояды. Балалар қуана шаттық шеңберін жасайды. Тілекті тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ойыншықтардың аттарын атайды, жұмсақ, қатты екенін ажыратады. Ұйымдастырушылық - ізденушілік Ғажайып сәт. -Бізге көжек пен қонжық қонаққа келді. Қоянның құлағы, аяқтары, денесі қандай? Бұл жануар қалай жүреді? көрсетіңдерші. Қоянның баласын көжек дейміз (суретін көрсетеді). Көжек сәбіз жегенді жақсы көреді. Мынау қонжық (суретін көрсетеді). Ол – аюдың баласы, аю балды жақсы көреді. Қонжықтың түсі қандай? Қонжық қалай жүреді?
Сергіту сәті
Қоянша секіріп, қонжықша қорбаңдап жүреді.
Дидактикалық ойыны: «Не жоқ?» Шарты: ойыншықтарды қатар-қатар қойып, балалардың назарын ойыншықтарға аударады. Осыдан кейін балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде педагог ойыншықтардың біреуін алып қояды. Балалар көздерін ашып, қай ойыншықтың жоқ екенін табады. «Ненің баласы екенін тап?» дидактикалық ойыны: Үлестірмелі материалда берілген суреттен қоянмен аюды олардың балаларымен сәйкестендіреді. Қоян мен қонжыққа таңғалып қуанады. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Рефлексиялық түзетушілік Оқу іс-әрекетінде алған білімдері пысықталады. Сұрақтарға жауап береді. -Қоянның баласы көжек. -Аюдың баласы –қонжық. Күтілетін нәтиже: Біледі: аю мен қояннң балаларын ажыратуды; Игереді: суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрауды; Меңгереді: аю мен қоянның тіршілігі туралы мәліметтерді. Әдіскер: ________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Қуыршақты шомылдырып ұйықтатамыз Мақсаты: балаларға дұрыс жуыну ережелерін үйрету, киімдерді ретімен шешуді, киімдердің атын атай білуге үйрету. Қимыл-әрекеттібілдіретін сөздерді меңгерту. Еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу. Көрнекіліктер: шомылдыруға арналған заттар: су, сабын, сүлгі. Сөздік жұмыс: сүлгі. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Қызығушылығын ояту және ынталандыру кезеңі Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды. -Топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық! Жаса, жаса алтын күн! Жаса, жаса жарқын күн!
Тазалық туралы сөйлеседі. Балалар, сендер таза жүргенді ұнатасыңдар ғой. Әр уақытта таза, ұқыпты жүретін балалардың достары нелер, білесіңдер ме? Балалар білмесе көмектеседі. -Сабын, су, сүлгі, айна, тарақ. «Сү-сү-сүлгі» деген буын-сөздің айтылуын қайталатып айтқызып үйретеді. Балалар қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.
Балалар тыңдайды, білуге талпыгады.
Қайталайды. Ұйымдастырушылық кезеңі Ғажайып сәт. Балалар, бізге қуыршақ Айгүл қонаққа келді. (Қуыршақ Айгүлдің үстінің кір болып кеткенін айтып, менен өзін шомылдыруды өтінеді). -Қане, балалар, Айгүлді бірге шомылдырайық. Киімін шешіп, таза суға шомылдырайық. Алдымен баскиімін, сонан соң аяқкиімін шешейік. Киім шешу ретін крсетеді. Шешіп отырып, киімдерінің аттарын айтып отырады: баскиім, аяқкиім, көйлек. Шешіп болған соң шомылдырады. Ыдысқа су құйып, сабынмен денесін сабындап, одан соң таза суменжуындырамыз, болған соң сүлгімен сүртіп, денесін құрғатып, таза киімдерін кигіземіз. Киіндірерде- киіну ретін көрсетеді. Айгүл рахмет айтады. Оның ұйқысы келді, әлдилеп ұйықтатайық. «Бесік жырын» айтып, Айгүлді ұйықтатады. Қуыршақ балалардың әлдиіне ұйықтап қалады. Сергіту сәті Ақ қоян-ау, ақ қоян Ұйқыңнан тұрсаңшы, Бетіңді жусаңшы, Әй-әй көйлек кисеңші! 1. «Не жоқ?» дидактикалық ойыны (киімдердің суреттерімен). Киімдерді тізіп қояды, жоқ киімді табады. Көздерін жұмдырады, біреуін алып қояды. Көру, есте сақтау қабілеттерін дамытады. 2. «Айгүлге қуыршағын жуындыру үшін не керек?» дидактикалық ойыны. Жуындыру үшін құандай заттаркерегін суретке қарап айтып, артық затты сызады. Қуыршақ Айгүлге таңғалады. Айгүлдің кір болғанына аяушылық танытады.
Киімін шешуге, шомылдыруға көмектеседі. Қамқорлық көрсетуге ұмтылады.киімінің шешу ретін, киімнің аттарын білуге, үйренуге талпынады.
Тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды. Ойынды қуана ойнайды. Балалардың көңілдері көтеріледі. Жоқ киімді табуға асығады.
Жуындыруға қажетті заттарды айтуға тырысады.
Рефлексивті қорытындылау кезеңі Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды. -Шешінерде, бірінші неден бастап шешінеміз? -Киінерде, бірінші неден бастапкиінеміз? -Жуыну үшін қандай заттар керек? -Қандай киімдерді білесіңдер? Т.б. балалардың қамқорлығын бағалайды. Қорытындылау Сұрақтарға жауап беріп үйренеді. Киімдердің аттарын атап үйренеді. Жуынуға қажетті заттарды біледі. Күтілетін нәтиже: Біледі: киімдердің аттарын; Игереді: тазалық туралы түсініктерді; Меңгереді: киінудің, шешінудің ретін. Әдіскер: ________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Киім дүкені Мақсаты: балаларды киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету. Үш-төрт сөздермен сөйлем құратып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Ұқыптылыққа баулу. Көрнекіліктер: ұл бала және қыз бала бейнеленген сурет, қуыршақтың киімдері. Сөздік жұмыс: киім. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық-қызығушылығ Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, бір-біріне жақсы сөздер айтуды ұсынады. -Әдемі бол, жақсы бол, үлкен бол, ақылды бол! Суретке көңіл аударып, ұл баланың киімдерін және қыз баланың киімдерін атайды. Ұл балада қандай, қыз балада қандай киім болатынын ажыратады. -Балалар, қане, бәріміз үстіміздегі киімдердің аттарын айтайықшы. -Айдана сенің үстіңде қандай киімдер бар? -Дулат, сенің үстіңде қандай киімдер бар? Балалар тәрбиешінің көмегімен жақсы сөздер айтады.
Суретке қызығушылық танытады. Балалар үстеріндегі киімдерді қуанышпен жарыса айтуға тырысады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Балаларға қуыршақтар таратып беріп, бүгін киімдер дүкеніне баратынын айтады. «Киімдер дүкенінен» қуыршақтарына киім сатып алып берулерін өтінеді. Балалар дүкенге келіп: -Мен мына киімді аламын, -деп сатып алады. Қандай киім сатып алғанын, оны не себепті алғанын, (ұл баланың, қыз баланың киімін) және түстері туралы әңгімелейді. Балаларды сұраққа жауап беруге, әңгімелесуге тартады.
Сергіту сәті Бір, екі, үш деп, Алақанда соғамыз. Жоғары-төмен қараймыз, Орнымызды табамыз. 1. «Бұл не?» дидактикалық ойыны. Шарты: киімдердің суреттерін көрсетеді. 2. «Ажырат!» дидактикалық ойыны. Шарты: қысқы киімді көк, жазғы киімді сары сөмкеге сызып көрсету. Балалар қуыршақтарға және дүкенге баратындарына қуаныш танытады. -Мен көйлек кигіземін, себебі қуыршағым қыз бала. Көйлектің түсі қызыл. Көйлегі әдемі. -Мен шалбар кигіземін, өйткені қуыршағым ұл бала. Осылайша қандай киім алғанын, қандай киім кигізгенін, аттарын, түстерін әңгімелеуге тырысады. Қимыл-қозғалыстармен орындайды.
Суреттегі киімнің атын атайды. Мысалы: көйлек, жейде т.б. Қысқы, жазғы киімдерді ажыратуға тырысады. Рефлексивті қорытындылау кезеңі Балаларға сөйлеуге, тіл байлықтарын дамытуға көмектеседі. Әңгімелеуге талпынғандарын бағалайды. Балалар сөйлеп үйренеді. Күтілетін нәтиже: Біледі: киімдерді сипаттай алуды; Игереді: жазғы және қысқы киімдерді ажыратуды; Меңгереді: 2-3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруды. Әдіскер: ________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Тазалық - таза баланың досы. Мақсаты: тазалық бұйымдарымен таныстыру. Сүлгі, сабын сөздерін қатыстырып, 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастыра білуге үйрету. Балаларды таза жүруге үйрету. Көрнекіліктер: қуыршақ, үлестірмелі суреттер, тазалық заттары: сабын, сүлгі, тарақ, айна. Сөздік жұмыс: сүлгі. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық-қызығушылығ Балаларды жартылай шеңберге тырғызып, С.Қалиұлының «Үлгі» өлеңін оқып береді: -Кім жеккөрер пысықты, «Ылғи бетін жуады», - Деп тәтеміз мысықты Бізге үлгі қылады. Үлгі сөзіне сөздік жұмыс жасайды. Ү –ү – үлгі. -Балалар, мысық ылғи бетін жуады, тазалықты сақтайды. Ал, сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме? -Таңертең жуынасыңдар ма? Немен жуынасыңдар? -Сосын немен сүртінесіңдер? -Тістеріңді жуасыңдар ма? Шаштарыңды тарап, айнаға қарайсыңдар ма? -Таза болғыларың келеді ме? -Дұрыс, таза болуымыз, тазалықты сүюіміз керек. Таза жүрсек ауырмаймыз. Өлеңді қызыға тыңдайды.
Сұрақтарға жауап беруге талпынады. Ұйымдастырушылық-ізденістік Ғажайып сәт. Қолында сөмкесі бар қуыршақ қонаққа келеді. Қуыршақ өзін Әйгерім деп таныстырады. Қуыршақтың сөмкесінде не бар екен деп қызықтырады. Тазалық заттары: сабын, сүлгі тарақ, айна бар екен деп олардың аттарын, түсін, құрылысын, не үшін керек екенін сипаттауды тапсырады. Сабынмен жуынамыз, тарақпен шашымызды тараймыз, сүлгімен сүртінеміз т.б. айтып түсіндіреді. Сергіту сәті: Таңертең тұрамын, Бетімді жуамын, Тісімді тазалаймын, Шашымды тараймын, Тап-таза боламын. «Не артық?» дидактикалық ойыны. Шарты: артық затты табады. Не себепті артық екенін айтады. Балалар қуыршаққа, оның сөмкесіне қызығушылық танытады. Тазалық заттарымен танысады. Оларды сипаттауға ұмтылады.
Тәрбиешінің көрсетуімен қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар ойнауға қызығушылық танытады. Рефлексивті қорытындылау кезеңі Балаларға тазалық туралы сұрақтар беріп, қорытындылайды., сипаттағандарын бағалайды. Балалар сипаттауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Біледі: тазалық заттарын; Игереді: тазалық туралы түсінікті; Меңгереді: таза жүруді. Әдіскер: ________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Көрсет және қайтала! Мақсаты: өткен оқу іс-әрекетінде алған білімдерін бекіту. Өлеңнің мазмұнын түсіне білуге үйрету. Тазалыққа баулу. Көрнекіліктер: тазалық заттарының үлестірмелі суреттері (сабын, тарақ, сүлгі, айна, су). Сөздік жұмыс: тарақ,сүлгі. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық-қызығушылығ Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін құрады. Күнге қарап күлімдеп , Бойымыздағы жылуды күнге қарай шашамыз деп, қимыл-қозғалыстар жасатады. -Балалар бүгінгі бізідің іс-әрекетіміз ерекше ойын түрінде өтеді деп , балаларды ойнауға шақырады. «Көрсет және қайтала!» деген ойынды ойнаймыз. Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне тілектер айтады. Ұйымдастырушылық-ізденістік Балаларға үлестірмелі суреттер таратып береді. -Балалар, енді сендер мені мұқият тыңдаңдар. Мен сендерге өлең, жұмбақтар оқимын, қолдарыңдағы суреттердің қайсысы неге ұқсаса сол суретті көтересіңдер және сол затты бәріміз қайталаймыз.
-Дымқылдап күнде сен Қолыңа сүйкесең, Кетіп кір ласың Тап-таза боласың. Бұл не?
-Шомылған баланы Аймалап алады, Сүртеді қолын да, Сүртеді жонын да. Бұл не?
--Аузы жоқ, көзі жоқ, Тілі жоқ, сөзі жоқ, Бірақ тісі бар – Шашыңмен ісі бар. Ол не?
-Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп, Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не?
-Су, бетіңді жу! Бұл не?
Сергіту сәті: Балық болшып жүземіз, Шынығамыз суда біз. Шынықсақ біз бәріміз, Шымыр болып өсеміз.
«Қайсысы тазалық заты емес?» дидактикалық ойыны. Суреттен артық затты табады, себебін айтады. Балалар суреттерге қуана қарап, өлең –жұмбақтарды қызығып, мұқият тыңдайды. Шешуге талпынады. Суреттерді көрсетіп, атын қайталайды.
- Сабын.
- Сүлгі.
- Тарақ.
- Айна.
- Су.
Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
Сұрақтарға жауап беріп қайталайды. Ойынды қызыға ойнайды. Рефлексивті қорытындылау кезеңі Балалардың өлеңді тыңдап, түсініп суретті дұрыс көтеруге талпынғандарына баға береді, және дұрыс түсінуге көмектеседі. Тарақ, сүлгі сөздерін дұрыс айтқызып қайталатады. Балалар өлеңді мұқият тыңдауға, түсінуге үйренеді. Сөздерді дұрыс айтуға үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Біледі: тазалық заттарының аттарын; Игереді: тазалық туралы түсінікті; Меңгереді: өлеңнің мазмұнын түсініп, оны қысқаша әңгімелеуді. Әдіскер: ________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Үй жануарлары қалай дыбыстайды? Мақсаты: үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы «Жануарлар қалай дыбыстайды?» сұрағына жауап беруге үйрету. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру. Көрнекіліктер: үй жануарлары бейнеленген сурет, ойыншықтар (сиыр, ат, қой, ботақан) үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа. Сөздік жұмыс: мөңірейді, маңырайды. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық-қызығушылығ Балаларды шеңберге тұрғызып, «Угәй-ай» әнімен: -Угәй, угәй әніміз, Арпа –бидай дәніміз, Ашық болып аспанымыз, Сәтті болсын күніміз! – деп, балаларға бүгінгі күнге сәттілік тілейді. Балалардың көңілін суретке аударады. -Мынау – сиыр, мынау – ат, мынау – қой. Бұлар үй жануарлары, себебі оларды адамдар бағады, күтеді. Олардың сүті, еті – тамақ, жүні, терісі – киім. Суреттен көрсетіп, аттың, сиырдың, қойдың түстерін сұрайды. Үй жануарларын қайдан көргендері туралы сұрайды. -Топта ойыншық үй жануарлары бар ма екен?(көрсетеді, оларды сипаттауды сұрайды). Балалар өлеңге қуанушылық танытады. Өлеңді тыңдайды.
Балалар суретке көңіл аударады. Түсінуге тырысады.
Сұрақтарға жауап беруге талпынады.
Ойыншықтарды әкеледі. Сипаттауға ұмтылады.
-Мынау – сиыр, түсі қара, үлкен т.б. Ұйымдастырушылық-ізденістік Әкелген, ат, ботақан, қой, сиыр ойыншықтарын алып, осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды. -Қой «мә-мә» деп маңырайды; -Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді; -Ботақан «бө-бө» деп боздайды; -Ат «иһо-иһо» деп кісінейді. Балаларға дауыстарын айтқызып айтқызып қайталатады. Сергіту сәті. Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып аламыз. 1. «Даусынан таны» дидактикалық ойыны. Үнтаспадаға жануарлардың дауысынан не екенін табады. 2. «Төлдерін тап!» суреттен үй жануарларын төлдерімен сәйкестендіреді. Ойыншықтарға қуанады.
Бірге қайталайды. Дауыстарын салады.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Жануарлардың аттарын айтады.
Төлдерін табады.
Рефлексивті қорытындылау кезеңі Маңырайды, мөңірейді сөздерін айтқызып үйретеді. Балалар түрлі дауыстар салып, жаттығып үйренеді. Сөздерді айтып үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Біледі: үй жануарларының аттарын; Игереді: сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын; Меңгереді: үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті. Әдіскер: ________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: ________ Білім беру саласы: «Қатынас» Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі Мақсаты: ертегі мазмұнымен таныстыру. Ертегі кейіпкерлерінің бір-біріне айтқан сөздерін айтқызу арқылы оны сахналауға талпындыру. Еңбекқорлыққа баулу. Көрнекіліктер: ертегінің суреттері, кейіпкерлердің жылжымалы суреттері. Сөздік жұмыс: шалқан, бірінің артынан бірі. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық-қызығушылық Балаларды жартылай шеңберге отырғызады да, оларға ертегі айтыпберетінін, ертегіні мұқият тыңдау керектігін айтады. Ертегінің мазмұнын сюжетті суреттерді ретімен көрсете отырып мазмұндайды.
Қимыл-қозғалыстар жасайды. Ұйымдастыру шылық-ізденістік Балаларға сұрақтар бере отырып, жылжымалы суреттермен ертегңнң қайталатады.
Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындатады. Балалар тәрбиешінің көмегімен ертегіні қайталайды, сұрақтарға жауап береді. Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін жапсырма арқылы жапсырады. Рефлексиялық түзетушілік Ертегі мазмұнын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрайды. Сұрақтарға жауап береді. Күтілетін нәтиже: Біледі: ертегінің мазмұнын; Игереді: ертегі мазмұнын ретімен айту дағдысын; Меңгереді: ертегі туралы түсінікті.