kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М?сіндеу технологиялы? карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

технологиялы?  карта

Білім беру саласы: Шы?армашылы?. Таным.

Б?лімі:М?сіндеу

Та?ырыбы: «Алма   мен алм?рт»

Ма?саты:   К?зде пісетін жемістер туралы т?сінік беру;алма мен алм?ртты салыстыру ар?ылы пішініндегі айырмашылы?ты аны?тау;ермексазды домала?тау,созу т?сілдерін ?айталау.Тілдерін дамыту,сауса?ты? ?са? б?лшы? еттеріні? ?оз?алысын жетілдіру.Таби?атты аялау?а т?рбиелеу.

?олданылатын  к?рнекіліктер, ?ажетті ??рал-жабды?тар: ермексаз, та?тайшалар, сулы?тар, жемістер бейнеленген   натюрморт, к?дімгі  алма  мен  алм?рт, ?лестірмелі  материал.

Алдын  ала  орындалатын ж?мыс: жемістерді?  пайдасы, жемістерді  жинау нау?аны  туралы ??гімелеу

С?здік  ж?мыс:  сопа?ша

Билингвальді компонент: алма-яблоко, алм?рт- груша, сары-желтый,?ызыл-красный

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М?сіндеу технологиялы? карта»

технологиялық карта


Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы: «Алма мен алмұрт»

Мақсаты: Күзде пісетін жемістер туралы түсінік беру;алма мен алмұртты салыстыру арқылы пішініндегі айырмашылықты анықтау;ермексазды домалақтау,созу тәсілдерін қайталау.Тілдерін дамыту,саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: ермексаз, тақтайшалар, сулықтар, жемістер бейнеленген натюрморт, кәдімгі алма мен алмұрт, үлестірмелі материал.

Алдын ала орындалатын жұмыс: жемістердің пайдасы, жемістерді жинау науқаны туралы әңгімелеу

Сөздік жұмыс: сопақша

Билингвальді компонент: алма-яблоко, алмұрт- груша, сары-желтый,қызыл-красный


Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық


Магниттік тақтаға натюрмоттар ілінеді. («Алмалар мен жапырақтар», «Себеттегі алмалар» және т.б.)

-Суреттерде не бейнеленген?

- осы суреттер сендерге қандай көңіл күй сыйлады?


Бұл суреттер ашық түсті және көңілді бояулармен салынған, сондықтан оларға қарағанда бізде қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй пайда болады

Балалардың жауаптары:





  • суреттерде алмалар бейнеленген

  • суреттер өте әдемі нағыз алмаға ұқсайды

  • түстері ашық, көңілді

Ұйымдастырушылық ізденістік

- Суретші неге алмаларды қызыл дастарқанның үстіне бейнелеген?

-Әрине, сары және жасыл алмалар дастарқан үстінде әдемі көрініп тұруы үшін ойластырылған.

- Тағы бір суретте алмалар үстелдің үстінде жатыр, олар -қызыл және жасыл түсті жылтыр алмалар. Суретші олардың әртүрлі түсіне, көлеміне, дөңгелек пішініне,тәттілігіне қызығып бейнелеген болуы керек?

- Сендерге қандай алма керек?


-Ал енді үлкен жапырақтардың үстінде жатқан алмаларға қараңдаршы. Осы суреттерді бір-бірімен салыстырыңдар. Суретпен жұмыс аяқталғаннан кейін алма мен алмұртты қолына ұстап көрсетіп, пішінін салыстыруды сұрайды.


- Бізде алма мен алмұрттың бірнеше түрі, түсі бар. Әртүрлі жемістерді суретшілердің картинасындағыдай сауытқа әдемілеп орналастырайық.

- Бүгін біз осы алма мен алмұрттың бірнеше түрі,түсі бар. Әртүрлі жемістерді суретшілердің картинасындағыдай сауытқа әдемілеп орналастырайық.

-бүгін біз осы алма мен алмұртты ермексаздан жасап үйренеміз. Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Сурет бойынша әңгіме жүргізеді.

Қазір күз мезгілі. Бақтарда піскен жемістерді жинайды. Марат та бүгін атасына көмектесіп, бақтағы алма мен алмұртты жинап жатыр. Біз оған жәшіктерді толтыруға көмектесейік. Бір жәшікке жасаған аламаларымызды саламыз, екншісініе алмұртымызды саламыз. Біздің де жасайтын жемістеріміз ағашта өсіп тұрғандай әдемі, жылтыр болсын

Сергіту сәті

  • Саусағым, қайда болдың?

  • Балалармен не істедің?

  • Бір баламен жүгірдім

  • Бір баламен биледім

  • Бір баламен қыдырдым

  • Бір баламен ойнадым

  • Бір баламен секірдім

  • Достарымды жинаймын

Мүсіндеудің бастаймын

(Г.Бектұрова )

Мүсіндеу тәсілін көрсетеді.

- Бұрыннан білетін домалақтау тәсілімен алманы жасаймыз. Алманың сабағын орналастыратын жерді саусағымызбен шұңқырлаймыз. Сабағы мен жапырағын жасап , шұңқырға орналастырамыз. Алмұртты жасау үшін , алмадан үлкендеу дөңгелек жасап, жоғарғы жағын сопақша пішінге келтіріп жағын сопақша пішінге келтіріп созамыз. Сыртын тегістейміз. Жасаған жемістеріңде жәшікке салыңдар.

Сөздік жұмыс: сопақша

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


Билингвальді компонент: алма –яблоко, алмұрт- груша, сары-желтый,қызыл-красный


Алмалар жақсы көрінуі үшін











-ең әдемілері – қызыл, қызғылт түстілері





-Алманың пішіні дөңгелек , кішкентай сабағы бар, оған жапырақ орналасқан


Алмұртың пішіні сопақшалау болып келеді.

\










Суретке қарайды. әңгімені тыңдайды.







Ынталарын білдіреді







Балалар көрсету бойынша саусақ жаттығуларын жасайды








Ермексазды домалақтаймыз, содан кейін кішкене шұңқырлап, оған таяқшаны немесе жұқа сымтемірді тығып қоямыз.

Қажетті ермексаз түстерін таңдап алады. Оны алақанына салып жұмсартады.

Балалар көрсетумен ілесе отырып , алама мен алмұртты жасайды.


Қайталайды: сопақша. Жәшікке дайын жемістерді салып, оның ойналасына басқа да заттарды орналастырып, композиция құрастырады.

Қайталайды: алма –яблоко, алмұрт- груша, сары-желтый,қызыл-красный



Рефлексиялық түзетушілік

Балалар Марат сендерге жәшікті толтыруға көмектескендерің үшін алғысын білдіріп жатыр. Ол өзінің ауласындағы бақта пісіп тұрған жемістерінен сендерге беріп жіберіпті . Балаларға алма, алмұрт үлестіреді

Қуаныштарын білдіреді.


Маратқа беріп жіберген жемістері үшін алғыс айтады

Күтілетін нәтиже:

біледі: домалақтау, созу тәсілімен жемістер жасайды;

игереді: әртүрлі жемістерден үйлесімді натюрморт құрастыруды; күзгі жиын-терін туралы

меңгереді: домалақтау, созу дағдыларын














































технологиялық карта


Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы: «Бақшадағы қызанақ пен қияр»

Мақсаты: көкөністің адам ағзасына пайдасы туралы мағлұмат беру; көкөніс түрлері турлы білімдерін дамыту; ермексазды алақан арасына салып есу, домалақтау тәсілдерін меңгеру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Көкөністі жуып жеуге, тазалық сақтауға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: көкөніс түрлерінің суреті, үлестірмелі материал, ермексаздың қызыл, сары, жасыл және қоңыр , қара түстері , тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, сулық, тақтайша

Алдын ала орындалатын жұмыс: көкөністер туралы суретті кітапшаларды қарау

Сөздік жұмыс: көкөніс

Билингвальді компонент: бақша-огород, қызанақ-помидор, қияр-огурец


Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық


Балаларға бақшаның суретін көрсетіп, бақша туралы өлең оқиды:


Бақша біздің жаман емес

Бұршақ және сәбіз бар,

Пияз бенен қызылша

Қызанақ пен қияр бар

Балалар , бізге келіңдер.

Дәмін татып көріңдер?

(Г.Бектұрова)


Балалар суретті қарап, мұғалімді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастырушылық ізденістік

-күзде бақшада нелер піседі?

-көкөністерді не үшін өсіреді?

-Көкөністердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Қандай көкөністерді бірден жеуге болады, қайсысынан салат жасауға болады?

  • Көкөністерді көп жеу керек. Көкөністі күнделікті падаланатын адамның денсаулығы мықты болады. Иммунитеті жоғары болады.Тәттінің орнына көкөністі көбірек жеу керек.

Сөздік жұмыс: көкөністер


Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қапшық»

Қапшықтың ішіне қияр мен қызанақ салынады. Балаларға қапшықтың сыртынан ұстап, қияр мен қызанақты ажыратып, сипаттама берулерін сұрайды.

-Қызанақ пен қиярды көрмей-ақ қалай ажыраттыңдар?


-Олардың түсі қандай?


-Екеуін қосып, не жасауға болады?


-Көкөністерді қай кезде жинайды?

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Атайдың бақшасындағы көкөністердің бәрі пісіпті. Біз де атайға көкөніс жинауға көмектесейік.

-жинаған қиярымызды бір қызанақты екінші жәшікке саламыз. Қияр мен қызанақ жасау үшін қандай түсті таңдаймыз

Қызанақты қалай мүсіндейміз?

-Осы домалақтың сабағы тұратын орныны саусақ ұшын батырып, сәл шұңқырлаймыз. Шұңқырға кішкентай сабағы мен жапырағын орналастырамыз.

-Қиярды өзіміз білетін қандай тәсілмен жасаймыз?

Қиярдың кішкентай сабақшасын жасаймыз. Енді атайға жәшіктің ішін толтыруға көмектесуіміз керек. Сондықтан бірнеше қияр мен қызанақ жасаймыз.Жасаған көкөністерді жәшікке саламыз. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


Билингвальді компонент:

бақша-огород, қызанақ-помидор, қияр-огурец


-Қияр, қызанақ,сәбіз, орамжапырақ,картоп

-тамаққа қосады, салат жасайды

-көкөністің пайдасы көп, оның құрамында дәрімендер бар.

-қияр, қызанақ, сәбізден








Қайталайды: көкөністер





Ойынға кіріседі, жауап береді

-Қызанақтың пішіні, домалақ, ал қиярдың пішіні сопақша болады

-Қияр жасыл, қызанақ қызыл

Екеуін қосып, салат жасауға болады


-Күзде

Үлестірмелі материалды қарайды



Ынталарын білдіреді.





Қызыл және жасыл

Ермексаз бөлігін алақанға салып, айналдыра домалақтаймыз




Ермексаз бөлігін алақан арасыа салып есіп, сопақша пішінге келтіреміз.



Жасаған көкөністерін жәшікке салады




Қайталайды:

бақша-огород, қызанақ-помидор, қияр-огурец


Рефлексиялық түзетушілік

Балаларды мадақтайды.

-Балалар, қараңдаршы, қандай көп көкөніс жинадық. Бізге ғана емес, бүкіл балабақша балаларына жетеді. Атай да сендерге алғысын білдіріп жатыр


Қуаныштарын білдіреді

Бір-бірінің жұмыстарын қарайды

Күтілетін нәтиже:

біледі: ермексазды алақан арасына салып есу, домалақтау тәсілдерімен қызанақ пен қиярды мүсіндейді;

игереді: ұқыпты жұмыс істеуді; көккөністің адам ағзасына пайдасын

меңгереді: домалақ және сопақ пішіндер жасауды
















технологиялық карта


Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы: «Жолдағы кірпі»

Мақсаты: балаларға кірпі туралы мағлұмат беру; ермексаз бен шырша қылқандарын пайдланып, кірпі пішінін жасауды меңгерту;ермексазды алақан арасына салып домалақтай алу тәсілін үйретуді жалғастыру. Тілдерін дамыту . Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысые жетілдіру. Жануарларды қорғауға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: кірпінің суреттері, ермексаз, тақтайша, шырша қылқандары, сулық , үлестірмелі материал, ойыншықт қоян.

Алдын ала орындалатын жұмыс: кірпінің күзгі тіршілігітуралы әңгімелеу

Сөздік жұмыс: ғажайып

Билингвальді компонент: жол- дорога, кірпі-ежик


Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық


Ғажайып сәт

Балаларға орманнан ақылды ақ қоян келгендігін , ол өзінің досы туралы балаларға жұмбақ жасырғысы келіп тұрғанын айтады:

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты

Доп-домалақ, арқасы сың тікенді

Ашуланса аяғын көрсетпейді

Көресің көз салсаң бір ғажайыпты


Балалар қоянмен сәлемдеседі

Балалар де өздерінің достары жайлы әңгімелейді


Балалар жұмбақтың шешуін табады

Жауабы: кірпі


Сөздік жұмыс: ғажайып

Қоян шынымен кірпімен дос екенін айтады.

Балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып , кірпі туралы мағлұмат береді.

Кірпі - жабайы, ол орманда өмір сүреді.

Қыс бойы жерге түскен қалың жапырақ астында ұйықтап жатады. Кірпінің денесі тікенекті болады, төрт аяғы, екі көзі мен құлағы бар.Жауын көрсе , аяқ қолын жинап домалана қалады. Кірпі денесінің сипатына талдау жасалынады.



-Балалар , кірпіні мүсіндесек қайтеді?


Кірпіні мүсіндеу үшін ермексаздың қандай түсін аламыз?

Сергіту сәті
Ал, балалар , тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Жоғары –төмен қарайық

Орнымызды табайық


Қайталайды: ғажайып


Балалар кірпі суреттерін тамашалап, ол туралы өздерінің білгендерін баяндап береді.



Тыңдап, жауап беру.

-Кірпінің денесі сопақша болады. Денесінен кішкентай тұмсығы шығып тұрады. Аяқтары кішкентай . Қалың тікенінен аяқтары көрінбейді

Мүсіндеуге ынта білдіреді


-Сұр немесе қара түсті ермексазды аламыз


Баллларды мұғаліммен бірге іс-қимылды қайталайды






Ұйымдастырушылық ізденістік

- алдымен ермексазды алып, оны домалақтаймыз. Домалақ бөлшекті сопақша пішінге келтіреміз. Созу арқылы тұмсығын шығарамыз. Кішкентай дөңгелектер жасап, тұмсығының үстіне, көзінің орнына жапсырамыз.

Тікенектерін шырша қылқанынан жасаймыз. Тікенектер ермексазға оңай қадалады.

- шырша қылқандарымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?




-Кірпі көбіне қай жерлерде болады?


Балалардың назарларын қолдарына үлестіріп берген сюжетті суретке аударады.


-Суретте не бейнеленген?

-Орманның ішіндегі жолды көрдіңдер ме?

Жасаған кірпілеріңді осы жолға орналастырыңдар.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


Билингвальді компонент: жол-дорога, кірпі -ежик

Көрсеткенін қайталап, кірпіні жасау жұмысына кірісу








-Үшкір затты өзіңнің басқа да адамдардың көзіне жақындатуға болмайды. Ауызға салмайды. Жерге тастауға болмайды.


Орманда болады


Үлестірмелі материалға қарап, жауап береді



-орман көрінісі бейнеленген


Балалар жасаған кірпілерін жолдың үстіне қояды



Қайталайды: жол-дорога, кірпі -ежик

Рефлексиялық түзетушілік

  • балалар , кірпі бұл жолмен қайда

бара жатыр деп ойлайсыңдар?

  • -ормандағы кірпі туралы өздерің

шағын әңгіме құрастырып көріңдер


Қоян балаларға ризашылығын білідреді. Балалармен қоштасады

  • Кірпі орманға бара жатыр.

Балалар өздері құрастырған әңгімелерін айтады.


Қуаныштарын білдіреді

Қоянмен қоштасады


Күтілетін нәтиже:

біледі:ермексазды алақан арасына салып домалақтайды, сопақша пішінге келтіреді, созып тұмсығын шығару арқылы кірпіні мүсіндейді;

игереді: қауыпсыз жұмыс істеуді: кірпінің тіршілігі туралы мәліметті

меңгереді: домалақ және сопақ пішіндер жасауды


















технологиялық карта


Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы: «Әдемі торғай»

Мақсаты: құстың бөлшектерін дайындап, бөлшектерді бір-бірімен біріктіре алуды үйрету; құстар туралы білімдерін дамыту; саусақ икемділіктерін арттыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: құстар суреті, үлестірмелі материал, ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған кескіш, сулық

Алдын ала орындалатын жұмыс: құстар туралы әңгіме жүргізу

Сөздік жұмыс: шырылдайды, гуілдейді, қаңқылдайды, қарқылдайды, шықылықтайды

Билингвальді компонент: әдемі- красивый, торғай – воробей, қанат – крыло, ұя -гнездо.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық


Шаттық шеңбері

Біз бақшаға ризамыз,

Апайларға ризамыз.

Асыр салып ойнаймыз,

Өмірге де ризамыз!

(Г.Бектұрова)


Балалар шеңбер құрып тұрады. Өлеңді қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балаларға тақпақ оқу:

Торғай, торғай, тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап,

Бөтегесі бұлтиып,

Шық-шық етіп отырмақ.


--Балалар, құстың дене құрылысына сипаттама беріңдерші.


-Ол қалай қоректенеді?




Дидактикалық ойын:

«Не қалай дыбыстайды?»

Теледидардан әртүрлі құстардың суретін көрсетіп, дауысын тыңдату.

Сөздік жұмыс: шырылдайды, гуілдейді, қаңқылдайды, қарқылдайды, шықылықтайды.



Сергіту сәті

Кәне, қанат жазайық

Құс боп желмен ұшайық

Ұшып-ұшып алайық,

Ұямызға қонайық.





Тақпақты тыңдайды, сұрақтарға жауап береді





-басы, тұмсығы, екі қанаты, денесі, құйрығы, екі көз мен аяқтары бар

- Ол түрлі дәндерді , жәндіктерді жейді



Балалар қандай дыбыс шығаратынын айтады, қажет жерінде көмек көрсету

Қайталайды:

Торғай шырылдайды

Көгершін гуілдейді

Қаз қаңқылдайды

Қарға қарқылдайды

Қарлығаш шықылықтайды



Балалар қолдарын жазып, құс болып ұшады.


Үлестірмелі материалдарға назарларын аударады

Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін еске түсіреді. Торғай туралы мәлімет беріледі. Оның дене құрылысына талдау жасалады

Торғайды мүсіндеп, суреттегі торғай қонып отырған ағаштың бір бұтағына орналастырамыз.

-алдымен денесін жасаймыз, ол үшін екі домалақ дайындап аламыз, үлкені –денесі, кішірегі –басы болады. Үлкен домалақты сопақша пішінге келтіріп, екі саусақпен қысып құйрығын шығарып, құйрығының ұшын жалпақтаймыз. Кішкентай домалақ бөлшек құстың тұмсығы болады, екіншісінің де құйрығын солай созамыз. Енді екеуін қосамыз. Құстың аяғын жасаймыз.Дайын құсты ағаштың бір бұтағына орналастырамыз.


Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі



Билингвальді компонент: әдемі- красивый, торғай – воробей, қанат – крыло, ұя -гнездо.


Үлестірмелі материалдарды қарайды

Тыңдайды




Торғайды мүсіндеуге ынталарын білдіру



Материалдағы жұмыстың орындалу барысын қарай отырып, мүсіндеу жұмысын жасайды.мүсінделген торғайды ағаштыңбір бұтағына орналастырады







Қайталайды: әдемі- красивый, торғай – воробей, қанат – крыло, ұя -гнездо.




Рефлексиялық түзетушілік

Балалармен «Жапалақ» ойынын ойнау.


«Күн» дегенде балалар «ұшады», жапалақ ұйықтайды, «түн» дегенде құстар ұйықтайды, жапалақ ұшады. Ұйықтамаған құсты ұясына алып кетеді.


Ойынға кіріседі, нұсқау бойынша қимылдар жасайды.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: бөлшектерді дайындап алып, оны біріктіре отырып құстың бейнесін мүсіндейді.

Түсінеді: құстардың пайдасын, оларды қорғау қажеттігін.

Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.




















Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.

Күні:

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы: «Балық»

Мақсаты: балық туралы мағлұмат беру; балықтың дене құрылыс туралы білімдерін кеңейту; ермексаз кесектерінен үзу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып балықты мүсіндей алуға үйрету. Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті ермексаз, ермексаз кесуге арналған құрал, сулық, мүсіндеуге арналған тақтайша, үлестірмелі материалдар, жұмыстың дайын үлгісі

Алдын ала орындалатын жұмыс: балық туралы әңгіме жүргізу

Сөздік жұмыс: қалып жатқан ізі жоқ

Билингвальді компонент: балық-рыба, су -вода

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық


Шаттық шеңбері

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз

Бірге балық аулаймыз

Міне, біздер қандаймыз

Орман, көлге, шыңға біз

Саяхатқа шығамыз

Бөлінбейді іргеміз

әрқашанда біргеміз!

әрқашанда тілектес

досыңа көмектес

Балалар шеңбер құрып тұрады. Өлеңді қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Тәрбиеші Балаларға жұмбақ жасырады.


Шаңқ –шұңқ еткен үні жоқ

Сусыз оның күні жоқ

Жүріп кетсе соңында

Қалып жатқан ізі жоқ

-Бұл не, балалар?


Сөздік жұмыс: шырылдайды, гуілдейді, қаңқылдайды, қарқылдайды, шықылықтайды.

Дидактикалық ойын:

«Балық қайда өмір сүреді?»

Мына сөздерді айтады: суда, үйде , көлде, жерде, теңізде, жағада, бөлмеде, өзенде , қорада, орманда, далада


Балалар , балық жануарлардан несімен ерекшеленеді?

-балық – суда тіршілік етуге бейімделген. Құрғақта өмір сүре алмайды. Балықта өкпе жоқ, олар желбезегі арқылы демалады. Балық түрі өте көп


Билингвальді компонент:

Балық-рыба, су-вода





Жұмбақты тыңдайды, ойланады, жауап береді

-балық



Қайталайды: қалып жатқан ізі жоқ

Ойынға кіріседі, дұрыс болса, қолдарын шапалақтайды, дұрыс болмаса, аяқтарын топылдатады



Суда жүргізетін құйрықтарымен , жүзбеқанаттарымен , қоректені түрімен,

дыбыс шығара алмайтынымен ерекшеленеді


Қайталайды:

Балық-рыба, су-вода




-балықтарды үйде қалай өсіреміз?

-оған қандай жағдай жасау керек?



Балықтың суретін көрсетіп, дене құрылысына талдау жасайды. Суреттен балықтың желбезегін, жүзбеқанатын,құйрығын, қабыршақтарын көрсетеді.Олардың қандай қызмет атқаратынын сұрайды.


-Балалар , балықтарды адамдар не үшін аулайды? Оның қандай пайдасы бар?

-балықтар азайып кетпеуі үшін оған қандай жағдай жасау керек?


Үлестірмелі материалға назарларын аударады.


-Адамдардың дұрыс қарамауынан өзен түбіндегі балықтардың бәрі қашып кетіпті.


Біз осы өзен түбіне балықтарды жасап жіберіп, өз қамқорлығымызға алайық. Алдымен бойымызды сергітіп алайық.


Сергіту сәті

Балық суда жүзеді,

Жып-жылтыр боп бүйірі

Қолға түспей қашады

Ұстағым кеп шаршадым

(Г.Бектұрова)

Балықты жасау тәсілін көрсете отырып түсіндіреді.

-Жұмысты топтарға бөлініп істейміз.

Домалақтанған ермексазды созу арқылы сопақша пішінге келтіреміз (сәбізді жасау тәсілін) еске түсіру .

Үш жағы сүйірленіп келген сопақша пішінді тақтайша бетіне қойып , алақанмен жаншу арқылы жалпақтаймыз. Енді балықтың жүзбеқанатын, құйрығын жасап аламыз. Оларды денесіне біріктіреміз. Кішкентай көз жасап, басына орналастырамыз. Аузын ермексаз кескішпен белгілеп көрсетеміз. Кескішпен денесіне қабыршақтың суретін салып шығамыз. Енді әр топ өздері жасаған балықтарын судың ішіне орналастырады


Балалармен жеке жұмыс жүргізеді


Үйде аквариумда өседі

Суын тазартып, көректендіріп отыру керек. Суға оттегі жіберіледі.

-балықтың денесі сопақша пішінді,кішкентай көзі, аузы бар, желбезегімен демалады,, жүзбеқанатымен жүзеді,құйрығы рульдің қызметін атқарады

-Тамақ ретінде пайдаланады. Оның құрамында Д дәрумені бар.

-Өзен-көлдерді ластамау керек. Кейбір азайып бара жатқан балықтарды аулауға тыйым салады. Үлестірмелі материалдарды қарайды.


Балық жасауға ынталарын білдіреді








өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды







Балалар үлестірмелі материалдағы балықтың жасалу жолымен танысып, тыңдау

4-5 баладан топқа бірігеді. Әр топ мүшелері көрсетуіне ілесе отырып, балықты жасап шығады. Топта жасаған балықтарын бір-біріне көрсетіп, дұрыс емес жерлерін түзетуге көмектеседі. Әр топ жасаған балықтарын қолдарындағы көлдің суретіне орналастырады. Балықтардың дұрыс орналасуына назар аударады.

Рефлексиялық түзетушілік

-біз бүгін не істедік?

-балық несімен дем алады?

-балықтың несі жоқ?

-балықтың денесін не жауып тұрады?

-жарайсыңдар, балалар , жасаған балықтарың әдемі шығыпты!

-балық жасадық

-денесіне желбезегі болады

-балықтың өкпесі жоқ

Денесін қабыршақ жауып тұрады


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: ермексаз кесектерінен ұзу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып, балықты мүсіндейді

Түсінеді: балықтың пайдасын, оны қорғау қажеттілігін

Қолданады: балықтың ерекшеліктерінен мүсіндеу кезінде көрсете алады.















































Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.

Күні:

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы: «Тауық пен балапаны »

Мақсаты: жеке бөлшектерді біріктіре отырып, тауықтың балапанын мүсіндеуге үйрету; балалардың мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттырып, ермексаздан түрлі пішіндерді жасау дағдыларын дамыту; эстетикалық талғамдарың жоғары болуына жағдай жасау. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды үй құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үй құстарының суреті, ермексаз, тақтайша, сулық, үлестірмелі материал, ойыншық балапан

Алдын ала орындалатын жұмыс: тауық туралы әңгіме жүргізу

Сөздік жұмыс: үй құстары

Билингвальді компонент: тауық- курица, балапан- цыпленок, үй құстары –домашные птицы

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық


Үнтаспаны қояды.

-балалар , балабақшаға біреу келген тәрізді. Естисіңдер ме, ат тұяғының тақылдағанын? Біреу бізге атпен келген тәрізді.

-Есікті ашып қарайық.

О, бізге сыйлық тастап кетіпті, қасында хат бар.

Хатты тауық жазыпты.

Хатты оқиды:

«Балалар , менің балапандарым адасып кетті. Маған соларды іздеп табуға көмек бересіңдер ме? Мен сендерден көмек күтемін!» деп жазылған екен хатта

Балалар таңғалады

Қызығушылық білдіреді

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар, тауыққа балапанын табуға көмектесеміз бе?

Балапан ойыншықты көрсетіп:

-осындай әдемі балапандар жасасақ қайтеді?

-балапанның басы қандай ?

-денесі ше?


Сөздік жұмыс: үй құстары


Үй құстарын адамдар өсіріп, күтеді, үй жағдайында ұстайды. Қорада тұрады. Жем жейді

Дидактикалық ойын:

«Үй құстары»

Үй құстарының сұлбасын көрсетеді.Олардың қай құс екенін ажыратуды сұрайды

Саусақ жаттығуы

Бір,екі, үш, төрт, бес,

Шықты саусақ серуенге,

Бір саусағым билеп кетті,

Бір саусағым секіріп кетті

Тауыққа көмектесуге ынта білдіреді



Балалар келіседі

-домалақ

-сопақша


Қайталайды:

Үй құстары, тыңдайды




Ойынға кіріседі, үй құстарының сұлбасына қарап, қай құс екенін ажыратады: үйрек, тауық, қаз, күркетауық


Балалар әрбір саусағын жеке көрсете отырып, саусақ жаттығуларын жасайды


Бір саусағым сәлем берді

Бір саусағым ойнап кетті

Бес саусағым ұйықтап қалды

Шаршамаңдар саусақтар

Мүсіндеуге шығыңдар!

(Г.Бектұрова)


Билингвальді компонент: тауық- курица, балапан- цыпленок, үй құстары –домашные птицы

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Алдымен балапанның денесін жасаймыз, оның пішіні алмұртқа ұқсас. Дөңгелек пішіннің бір шетін қолмен созу арқылы балапанның құйрығын жасаймыз. Басын кішірек дөңгелектен жасаймыз және шымшу арқылы тұмсығын шығарамыз. Басы мен денесін біріктіреміз. Қанатының орнын сызып көрсетеміз. Аяқтарын жасап, оны да денесін біріктіреміз.


Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.





Қайталайды: тауық- курица, балапан- цыпленок, үй құстары –домашные птицы



Балалар балапанның жасалу тәсілімен танысады. Көрсетуіне ілесе отырып, балапан денесінің бөлшектерін жасайды. Бөлшектерді біріктіріп, балапанның толық мүсінін жасап шығады.

Дайын балапанды суретке, тауықтың қасына орналастырады.

Рефлексиялық түзетушілік

Балалардың жұмысына сипаттама береді.

-Балалар , тауық қатты қуанып қалды , сендерге ризашылығын білдіреді

Тауыққа көмек көрсете алғандарына қуанады.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: бірнеше бөлшекті біріктіріп, біртұтас пішін жасайды

Түсінеді: үй құстарының пайдасы туралы; мүсіндеу тәсілдерін

Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды .
























Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.

Күні:

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы: «шырша әні»

Мақсаты: адам бейнесін мүсіндеу дағдыларын арттыру; композиция құрастыра білуге үйрету; топта жұмыс істей білу дағдыларын дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Мерекелік көңіл күйлерінің көтеріңкі болуына ықпал жасау.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: қыс көріністері,үлестірмелі материалдар, ермексаз, тақтайша, сулық

Алдын ала орындалатын жұмыс: шырша әндерін жаттату

Сөздік жұмыс: шырша әні

Билингвальді компонент: шырша-елка, ән-песня, Жаңа жыл – Новый год

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық


Шаттық шеңбері

-Балалар, сендер қазір сәулесін шашқан мейірімді күн шуағы сияқтысыңдар. Енді біз күн шапағына қарап, өз ризашылғымызды білдірейік.

Балалар шеңбер жасап тұрады. Балалар Күнге өз ризашылықтарын білдіреді.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Ғажайып сәт

Ертегі айтады:

-ерте, ерте, ертеде, бір қыз өмір сүріпті.Өзі сондай ақылды екен, бірақ оның достары жоқ еді. Бір күні ... (осы кезде есік қағылып, бір қыз кіреді)

-сен кімсің?

-мен ертегіден келдім. Үйіме бара жатыр едім, бірақ адасып, сендердің балабақшаларыңа кіріп кеттім. Менің достарым да жоқ (мұңаяды). Менің үйіме қарай жол сілтеп жіберіңдерші

-шаршап қалыпсың, отырып демалып ал.

-Балалар, біз келген қонақты қуантып жіберейік. Біз осы қызға дос тауып берейік


Үлестірмелі материалдарға назарларын аудартады. Жұмыстың орындалу ретімен таныстырады.

-Бүгін бірнеше топқа бөлініп, әр топ өздері жасаған балалар мүсінінен қол ұтасып , шырша әнін айтып жатқан көріністі бейнелейді.

-Қәне, қонақ қыз, бізбен бірге көңілді көтер.

Сергіту сәті

Жүрісіңнен жаңылма,

Жылдамырақ адымда.

Шапалақта алақан

Тездет енді, балақан.

Балалар ертегіні тыңдайды





Қызығушылығын, қуаныштарын көрсетеді, қонақпен амандасады.







Қызға көмектесуге ынталарын білдіреді. Суретке қарап, жұмыстың орындалу ретімен танысады.

Үлестірмелі материалдарды қарайды. Жұмыстың орындалу ретімен танысады.




Балалар өлең мазмүнына сәйкес қимылдар жасайды



-сен мына жерге отыра ғой, балалардың қалай жұмыс істейтінін қарап отыр


Балалармен жеке жұмыс жүргізеді


Билингвальді компонент: шырша-елка, ән-песня, Жаңа жыл – Новый год




Балалар топқа бөлінеді.

Әр топ үлестірмелі материалға қарап, адам бейнесін мүсіндеп, шығады.

Мүсіндеу жұмысы аяқталғаннан кейін, әр топ жасаған мүсіндерінен композициялық көрініс құрастырады


Қайталайды: шырша-елка, ән-песня, Жаңа жыл – Новый год


Рефлексиялық түзетушілік

Қонақ қыз:

-Рақмет, балалар! Сендер мені қатты қуантыңдар. Бәрі мен тәрізді сұлу екен. Бірге шыршаны айнала Жаңа жыл туралы ән айтайық.

Қонақ қыз:

-Енді мен өз достарыммен үйімді де тауып аламын. Біз де шыршаны айнала ән салатын боламыз. Сау болыңдар, балалар!


Қуанады, қол ұстасып, шыршаны айнала ән айтады





Балалар қонақ қызбен қоштасады


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: бөлшектерді біріктіріп, адам денесін, адам денесін мүсіндей біледі

Түсінеді: топта жұмыс істеуді; Жаңа жыл меркесі туралы

Қолданады: композиция құрастыруды , оқу іс-әрекетінен алған дағдыларды































Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.

Күні:

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: ермексазды алақанға салып айналдырып, әртүрлі көлемдегі домалақтар жасау және оларды өзара біріктіруді үйрету; аққала жасауда әртүрлі материалдарды қолдана білуге баулу; табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балалардың тілн дамыту және сөздік қорын молайту

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: қыс көрінісі, үлестірмелі материалдар, ақ түсті ермексаз, мүсіндеуге арналған тақтайша, ермексаз кесетін құрал, сулық Аққала (қуыршақ)

Алдын ала орындалатын жұмыс: аққала туралы әңгіме жүргізу

Сөздік жұмыс: жапалақтап

Билингвальді компонент: аққала-снеговик, қыс-зима, қар-снег

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық


Ойын жағдаят

Балалар, менің жұмбағымның жауабын табыңдар.

Мені ешкім өсірген жоқ,

Қыста ғана боламын

Көздерім қара көмірден

Мұрның менің сәбізден

Суықпын, аппақпын,

Мен кім екенмін?

(Г.Бектұрова)

Жұмбақты тыңдайды, ойланып, шешуін табады

Жауабы: аққала

Ұйымдастырушылық ізденістік

  • Неге оны осылай атаймыз?

  • Оны қалай жасайды?

Дидактикалық ойын: «Аққала құрастыр»

-менде мынандай әртүрлі дөңгелектер бар, солардан аққала құрастырайық (Балаларға аққала бөлшектері таратылып беріледі)

-аққала жақсы шығыпты, бірақ бір нәрсе жетіспейтін тәрізді.Тағы да не қоссақ болады?

Балалар, сезесіңдер ме, топ бөлмесі салқындап кеткен тәрізді тықырлап біреу келе жатқан сияқты. Бізге кім келеді екен?

Ғажайып сәт

Топқа Аққала (қуыршақ) кіреді.

Аққала:

-Балалар , мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Мен қысты жақсы көремін. Қыста қар жауады. Қар ұшқындап, жапалақтап, борандатып жауады.

Сөздік жұмыс: жапалақтап


-сендер қармен ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Онда бірге ойнайық


-себебі, оны қардан жасайды


Балалар ақ қатырмаққағаздан қиылған түрлі дөңгелектерден үстел бетінде аққала құрастырады.

-қолы,аузы, мұрны , көзі жетіспейді






Аққаланы тыңдайды








Қайталайды: жапалақтап



Сергіту сәті

Біз би билейміз,

Бізге қарап қой

Тарсылдаттық аяқты

Шапалақта қол

Шеңберге тұр сен

Көңілді жүр сен!

(Г.Бектұрова)

-балалар, біздің Аққала көңілсіз тәрізді!

Аққала:

-сендерде жақсы, көңілді, бәрің бірге жүресіңдер. Мені балалар жалғыз қалдырып, үйлеріңе кетіп қалады. Содан кейін менің көңіл күйім құлазиды. Мына фотосуретте де мен жалғызбын. (мольбертке өз суретін қояды)

Тәрбиеші:

-Біз балалармен саған көмектесейік, көп дос тауып берейік.

Аққала:

-Әрине, маған дос керек.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.


-Ендеше , жұмысты бастаймыз.Жұмыстың орындалу ретімен таныстырады.

-Өзіміз білетін домалақтау тәсілімен үш түрлі дөңгелек бөлшек жасаймыз. Ол бөлшектерді қолмен жалпақтап, саусақпен тегістейміз. Аққала бөлшектерін қолымыздағы үйдің ауласына жапсырамыз. Содан соң жұмыртқа қбығын ұсақ бөлшектейміз. Осы бөлшектерді Аққаланың бөлшектеріне жапсырып шығамыз. Ұсақ бөлшектерін толықтырамыз.


Балалармен жеке жұмыс жүргізеді


Билингвальді компонент:
аққала-снеговик, қыс- зима, қар-снег

Балалар тәрбиешінің көрсеткенін қайталап түрлі қозғалыстар жасайды










әңгімені тыңдайды






Көмектесуге ынта білдіреді




Балаларға мүсіндеу үшін қажетті ермексазды таңдап алады.

Жұмыстың орындалу кезеңімен танысады және тәрбиешінің көрсетуін басшылыққа ала отырып, Аққаланы жасауға кіріседі.

Дайын пішінді үйдің ауласына жапсырады








Қайталайды: аққала-снеговик, қыс-зима, қар-снег

Рефлексиялық түзетушілік

Тәрбиеші және Аққала балалардың жасаған жұмыстарын қарап, еіектенгендері үшін балаларға рақметін айтады.

Аққала:

Балалар,сендерге үлкен рақмет!

Маған енді қорқынышты емес, қызықсыз да болмайды. Маған тез далаға шығу керек, әйтпесе мен еріп кетуім мүмкін. Балалармен қоштасады

Қуаныштарын білдіреді






Аққаламен қоштасады


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: әртүрлі материалдарды пайдаланып, Аққаланы мүсіндейді

Түсінеді: табиғатты аялау қажеттігін; ұыс мезгілі туралы

Қолданады: оқу іс-әрекетінен алған дағдыларды





Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.

Күні:

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы: «Тәрелкесімен саптыаяқ»

Мақсаты: ыдыс түрлері, оның қызметі туралы түсінік беру; мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттырып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, ермексаз кесектерінен үзу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйретуді жалғастыру. Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар:ермексаз, тақтайша, сулық, ыдыс түрлерінің суреті, үлестірмелі материалдар, Кірқожалақ (қуыршақ)

Алдын ала орындалатын жұмыс: ыдыс түрлері туралы әңгіме жүргізу, сурет қарау

Сөздік жұмыс: саптыаяқ

Билингвальді компонент: тәрелке-тарелка, саптяаяқ- чашка, ыдыс-посуда

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық


Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым

Жарқыраған Күнге!

Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиешімен бірге сөздерді қайталайды

Ұйымдастырушылық ізденістік

Ғажайып сәт

Топқа Кірқожалақ жүгіріп кіреді.

-Ойбай, менің ыдыстарым жоқ!

-Қарағым, не сәлемдесу жоқ, не рұқсат сұрап кіру жоқ, айқайлап, баса –көктеп кіргенің не?! Не болды?

-Таңертең тұрсам, жоқ?

-Не жоқ?

-Ыдысым жоқ?

-Қалайша?

-Таңертең әдеттегідей тұрдым, бірден асүйге бардым. Шай ішейін десем, кесе жоқ. Тамақ ішейін десем, тәрелке жоқ.

-Бәрі қайда кетіпті?!

-Білмеймін?

-Балалар, Кірқожалақтың ыдысы неге жоқ болып кетуі мүмкін?


-Балалар , маған жаңадан ыдыс жасап беріңдерші.

-Жасаймыз, балалар?

-Сен ыдысты енді таза ұстайсың ба? Бізге сөзіңді бер.

-Әрине , сөзімді беремін!

Сергіту сәті

Апам ыдыс жуады

Мінезі оның биязы

Ол барында тұрады


Балалар таңданады, Әңгімені тыңдайды













-ол ыдыстарын жумайды ренжіп кетіп қалған ғой.



Ынталарын білдіреді





Балалар өлең мазмұнына сай іс-қимылдар жасайды




Жайнап үйдің жиһазы.

Ыдыс түрлерінің суреті көрсетіліп, балаларының олардың аттарын атауды сұрайды. Ол ыдыстардың не үшін қолданылатынын сұрайды

-Біз бүгін тәрелкесімен саптыаяқты жасаймыз. Шай ішетін бұл ыдысты ұстайтын сабы болғандықтан , саптыаяқ деп атайды.

Сөздік жұмыс: саптыаяқ

  • Ал тәрелкені қайда қояды?

  • Алдымен саптыаяқты жасаймыз?

Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Жұмыстың орындалу ретімен таныстырады.

-Ермексаз кесегін алақанға салып домалақтаймыз. Оның ішіне саусағымызды батырып шұңқырлаймыз. Ыдыстың ернеуін шығару үшін, бесбармақ және сұқ саусақпен тегістеп бүйіріне бекітеміз.Тәрелкені жасау үшін, домалақ ермексазды екі алақанның арасына салып жаншып, жалпақтаймыз. Ортасын сәл шұңқырлап,ернеуін шығарамыз. Саптыаяқты тәрелкенің үстіне қойып, қолдарыңдағы үлестірмелі суреттегі ыдыстардың қасына орналастырыңдар.


-міне ,Кірқожалықтың ыдыстары түргенделеді.

Енді жақсылап шай үшуіне болады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді


Билингвальді компонент:
тәрелке-тарелка, саптяаяқ- чашка, ыдыс-посуда



Балалар ыдыстардың аттарын атап не үшін қолданылатынын айтады





Қайталайды: саптыпаяқ,

-саптыаяқтың астына қояды






Қарайды тәрбиешіні тыңдайды.

Балалар қолдарына үлестңріп берілген суреттің мазмұнымен танысады. Саптыаяқ пен тәрелкенің жасалу жолына назар аударады. Тәрбиешінің көрсетуіне ілесе отырып, саптыаяқ пен тәрелкені үлестірмелі материалдағы дастрқанға , ыдыстың қасына орналастырады






Қайталайды: тәрелке-тарелка, саптяаяқ- чашка, ыдыс-посуда

Рефлексиялық түзетушілік

Кірқожалақ ыдыстарды көріп,қуанып алғысын айтады.Балалардың орындаған жұмысына талдау жасайды.Кірқожалақ балалармен қоштасады.

Қуаныштарын білдіреді.





Балалар Кірқожалақпен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: ермексаз кесектерінен үзу,жаншу,созу тәсілдерін қолдана отырып,ыдыстарды мүсіндейді.

Түсінеді: ыдыс түрлерінің не үшін қолданылатынын.

Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.










Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.

Күні:

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы: «Әдемі табақ»

Мақсаты:ыдыс түрлерімен таныстыруды жалғастыруда;

тарелкені мүсіндей алуға және безендіре білуге үйрету;ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар:әдемі әшекейленген ыдыстар суреті, үлестірмелі материалдар, ермексаз, тақтайша,сулық.

Алдын ала орындалатын жұмыс: ыдыс түрлері туралы әңгіме жүргізу.

Сөздік жұмыс: табақ

Билингвальді компонент: әдемі табақ- красивое блюдо.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық


Шаттық шеңбері

Армысың, алтын күн!

Армысың, асыл жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!

Балалар шеңбер жасайды.





Балалар тәрбиешімен бірге

өлеңді қайталайды

Ұйымдастырушылық ізденістік

- Балалар үйге қонақтар келерде не істеу керек?


«Ыдыс түрлерін ата» ойыны.

Әртүрлі ыдыс суреттері көрсетіледі.

- Біз де балабақшаға қонақ шақырайық.

- Біз қазір палау пісіреміз.

- Палау пісіру үшін ет, күріш, пияз, сәбіз, май керек.



-Палауды қандай ыдысқа саламыз?

- Онда палау салу үшін әдемі безендірілген табақ жасайқ.


Сөздік жұмыс: табақ.


Үлестірмелі материалдағы табаққа назарларын аударады.


- Оның пішіні қандай ?

Жұмыстың орындалу ретімен таныстырады. Ермексазды екі алақанның арасында айналдыра отырып домалақтаймыз.Оны екі алақанның арасына салып жалпақтаймыз.Табақ ернеуін шығарамыз.

Ермексаздан жіңішке ширатпалар жасап аламыз. Олармен табақтың жиегін безендіреміз.

-Үйге жинау керек.

- Ыдыс- аяқ таза болуы керек.

- Тәтті тағамдар пісіріледі.

Ойынға кіріседі, суреттердегі ыдыс түрлерін атайды.




Тағам атауларын қайталайды: ет, күріш, пияз, сәбіз, май.Балалардың жауабы


Қайталайды: табақ


Үлестірмелі материалды қарастырады, сұрағтарға жауап бередң.

Дөңгелек


Қарайды,мұқият тыңдайды



Балалар көрсетілген үлгі бойынша табақты өз қалауынша безендіреді



-Бетіне өз қалауларың бойынша түрлі түсті өрнек салуға болады


Балалармен жеке жұмыс жүргізеді

Билингвальді компонент:
әдемі табақ- красивое блюдо






Қайталайды: әдемі табақ – красивое блюдо

Рефлексиялық түзетушілік

Балаларды мадақтау.

Ата-аналар үшін көрініс ұйымдастырады

Қуаныштарын білдіреді. Бір-біріне жұмыстарын көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: мүсіндеу тәсілдерін пайдалана отырып табақ жасайды және оны безендіреді.

Түсінеді: ыдыс түрлерін; олардың не үшін қолданылатынын.

Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М?сіндеу технологиялы? карта

Автор: С?йеуова Камшат Бисенбай?ызы

Дата: 24.12.2015

Номер свидетельства: 269833

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Дом Школьников "
    ["seo_title"] => string(15) "dom-shkol-nikov"
    ["file_id"] => string(6) "227135"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1440608625"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Жабайы жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі "
    ["seo_title"] => string(41) "zhabaiy-zhanuarlardyn-k-ysk-y-tirshilighi"
    ["file_id"] => string(6) "211109"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431540088"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Су   асты  патшалы?ына саяхат"
    ["seo_title"] => string(26) "suastypatshalygynasaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "314625"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459744970"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Конспект урока программирование"
    ["seo_title"] => string(32) "konspiekturokaproghrammirovaniie"
    ["file_id"] => string(6) "269837"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450933014"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "м?най ?нерк?сібі"
    ["seo_title"] => string(18) "mu-nai-onierk-sibi"
    ["file_id"] => string(6) "255770"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447999911"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства